Жоспар 1.Шығу тарихы 2. Гендік инженерия технологиялары 3. Гендік иженерия жетістіктері және олардың медицина үшін маңызы Әдебиетттер Шығу тарихы Гендік инженерия -белгілі қасиеттері бар генетикалық материалдарды In vitro жағдайында алдын-ала құрастырып, оларды тірі клеткаға енгізіп, көбейтіп, зат алмасу процесін жүргізу
Бұл саладағы алғашқы зерттеудің қатарына Н. П. Дубининнің (1934 ж) дрозофила шыбындарының хромосома санын өзгерту бағытында жүргізген жұмыстары жатады. Ол рентген сәулелермен әсер ету жолымен хромосома санын өзгертуге болатындығын анықтады
1970 жылы Ж.Темин және Д.Балтимор кері транскриптаза ферментінің көмегімен РНҚ матрица негізінде ,ДНҚ молекуласын синтездеу үдерісін ашты.
1972 жылы Ж.Коэн және басқалары плазмиданы вектор ретінде пайдаланып ДНҚ-ны клоундауға қол жеткізді
1972 жылы америка оқымыстысы П. Берг маймылдың онкогенді вирусының, бактерофагтің және E. Coli бактериясы геномдарының түрлі бөліктерін біріктіру арқылы рекомбинантты ДНК алды. Осы зерттеу жұмысынан кейін гендік инженерия әдісі- биотехнология ғылымындағы болашағы үлкен сала ретінде жақсы қалыптаса бастады деп айтуға болады
Гендік инженерия технологиялары
Клеткаға рекомбинанттық ДНҚ молекуласы түрінде жаңа генетикалық информация енгізіп, ақырында жаңа белгісі бар организмді алуға болады. Бұндай организмді трансгендік немесе трансформацияланған организм деп атайды, себебі организмдер өзгеріп басқа қасиетке ие болуын трансформация дейді
Гендік инженерия әдістерімен ре-комбинантты ДНК құрамына енетін жекелеген гендерді мынадай жолдармен дайындауға болады:
Гендік иженерия жетістіктері және олардың медицина үшін маңызы
Гендік инженерия әдістерін жетілдіру денсаулық сақтау мен ауылшаруашылығы үшін қажетті гормондар , ферменттер және антибиотиктерді т.б. қажетті заттарды синтездейтін микро-организмдердің жаңа шраммдарын алуға мүмкіндік туғызады
Денсаулық саласында тұқым қуалайтын ауруларды емдеу үшін ген инженериясының үлкен маңызы бар. Қазіргі кезде ауру адамдардан зат алмасудың 1000-нан аса түрлі тұқым қуалайтын өзгерістері анықталған
Жалпы генотеропия адамның денсаулығын түзеуге көмектеседі. Бұл жағдайда адам жасушасына ондағы жетіспейтін қызметті қалпына келтіретін қалыпты ген жіберіледі.
Ген инженериясы бойынша жүргізілген жұмыс-тардың негізінде, биологиялық қауіп тудыратын проблемалардың да бар екенін ескерте кеткен жөн. ДНК молекуласын оңды-солды колдану, биологиялық тұрғыдан қауіпті гибрид молекулалардың пайда болуына әкеп соғуы мүмкін.
Гендік инженерияның әдістері жаңа биологиялық қарулар жасау мақсатында да қолданылуы мүмкін. Егер бұл айтылғандар жүзеге асса, жалпы жер бетінде тіршілік атаулыға, соның ішінде ең алдымен адам баласына қауіп төнеді.