Адам физиологиясы



Pdf көрінісі
бет177/380
Дата15.12.2023
өлшемі28,52 Mb.
#137927
түріОқулық
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   380
Байланысты:
Адам физиологиясы

Лимфанын агысы
Лимфа тамырлармен белгілі бір бағытта ағады - ол капиплярлардан 
лимфа тамырларына, одан эрі мойын жэне кеуде өзектері аркылы қан 
тамырлар жүиесінің веналық бөліміне қарай жылжиды. Лимфаның осылайша 
жылжуына тамыр клапандары көмектеседі. Лимфа ағысы (лимфодинамика) 
мына жагдайларға байланысты.
1. Тін сұйығының үдайы лимфа капиллярларына құйылып отыруы 
нэтижесінде түрақты лимфа ағысы қалыптасады.
2. Р.С.Орловтың мәліметі бойынша, лимфа ағысын негізгі лимфа 
тармақты аймақтарына қарай жылжитын лимфангиондардың кездік, тонустык 
жэне өзіндік жиырылу белсенділігі қалыитастырады. Олар ағза сыртындағы 
лимфа тамырларында насос рөлін атқарады, минутына 8-10 кейде 20 рет 
жиырылады. Морфоәрекеттік ерекшеліктеріне қарай, лимфангиондарды бір- 
бірімен байланысқан лимфа жүрекшелері деп есептеуге болады. Оның козуы, 
кызметі әдетте жүрек етінің жұмысына ұқсас.


Лимфангиондар қызметінің жүйке, қан арқылы, сондай-ақ өздігінен 
рсттслуі ағзаларда лимфа түзілуінің взгеруіне, оган бейімделуге мүмкіндік 
береді.
3. Тынысалу кезінде кеуде қуысында пайда болатын теріс қысым 
лимфаның лимфа тамырларына сорылуын қамтамасыз етіп, кеуде озегінде 
оның жылжуын күшейтеді. Біркелкі терең демалу лимфа ағысын жеңілдетеді.
4. 
Құрсақ куысы ағзаларының қүрамындағы бірыңғай салалы еттер мен 
дененің жолақ еттерінің жиырылуы лимфаның белгілі бір бағытта ағуына 
көмектеседі. Мүны аяқ лимфа тамырларынан байқауға болады. Осыған 
байланысты қаңка еттерін "ет арасындагы лимфа жүрегі" - деп атауға болады. 
Бұл моселе бойынша ССРО ҒА-ның корреспондент мүшесі И. Аринчин 
деректерін келтіре кеткен жон. Ол адамның қанайналымы мен лимфа 
айналысын зерттеп қанқа еттері жиырылуының лимфа тузілуіне тигізетін 
эсерін тэжірибе жүзінде жэне есептеу арқылы анықтады. Ет талшықтарының 
әртүрлі бағытта жиырылуы лимфа ағысын тездетеді. Ет пен тіндерге 
механикалық жолмен эсер етсе, мэселен, массаж жасаса қан жэне лимфа 
айналысы жаксарады. Қаңка еттсрінің лимфа ағысында микронасостық 
қызмет атқаратыны спортта ескеріледі.
5. Ішек жиырылуы да (перистальтика) лимфа ағысына қатысады. Ол 
күшейсе, кеуде өзегінде лимфа ағысы күшейеді.
6. Лимфа түйіндері жиырылуы лимфа мен қанның айдалуын гездетеді.
7. Қантамырларыныц, әсіресе кұрсақ қолқасының лүпілі лимфаны негізгі
коллектор - кеуде өзегіне қарай бағыттайды. 
,
8. Диафрагма (кокет) жиырылып, жазылған сэттерде кеуде өзегі біресе 
созылып, біресе қысылып, лимфа жылжуын үдетеді.
Лимфа динамикасының негізгі параметрлері: лимфа қысымы, лимфа 
ағысының жылдамдығы жэне лимфа тамырларының тонусы (сергуі). Кеуде 
өзегі вена келіп қосылатын жерде лимфа қысымы орта есеппен су бағанасы 
бойынша 14-16 см. Тыныс күшейген сәтте оның қысымы да күшейеді - су 
бағанасы бойынша 35-40 см.
Лимфа ағысының жылдамдыгы туралы эртүрлі мәліметтер бар. Оны А.ГТ. 
Жданов кеуде өзегі жараланып емханаға түскен 18 жасар жігіттің лимфа 
тамырына бояу жіберу аркылы зерттеген. ПІаптағы лимфа түйініне 2 мл 1 % 
индигокармин жібергенде бояу 3 минут өтісімен кеуде өзегіне барып жеткен.
Эрине, лимфа ағысының жылдамдығы қан ағысы жылдамдығынан 
анағұрлым томен. Лимфа агысы - өте кұбылмалы, сондықтан оның 
абсолюттік мөлшері эр мәліметте эртүрлі. Дегенмен, бір тэулік ішінде кеуде 
өзегі аркылы канға қүйылатын лимфа мөлшері адамда шамамен 100-3000 мл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   380




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет