Түз бен суд ын сіңуі
Адам бір тэулік ішінде тамақпен бірге 2 литрдей су ішеді. Оның біразы
тагам құрамындағы су. Ішек-карын куысына 6-7 литрдей су ас қорыту
солдерімен бірге келіп қүйылады. Ал, нәжіспен бірге сыртқа небары 100-150
мл су шығады. Ас қорыту түтігінің қабырғасы аркылы канға жэне лимфаға
тэулігіне 8-9 литрдей су сіңеді. Оның 2-4 литрі тоқ ішекте сіңеді.
Мембраналардан, гипертониялык жэне гипотониялық
химустан судың канға
сіңуі градиент теңелгенше кідіреді, Сондықтан су изотониялық химустан
тезірек сіңеді. Судың сіңуі иондардың, оның ішінде Na+ мен C l- иондарының
активті тасымалдануына байланысты. Егер Na+
ионының тасымалдануын
убаин затымен, қанттың өтуін флорицинмен тоқтатса, судың сіңу дәрежесі
едэуір
гөмендейді. Сонымен, судың сіңуі басқа заттардың сіңуіне
байланысты.
Судың сіңуіне өт, аш ішек кабыргасындағы тотығу үрдістері, ішек
химусының реакциясы (pH - 6,8 үдетеді, pH - 3,0 тоқтатады) эсер етеді.
Судың сіңуі шартты рефлекс әсерінен өзгеруі мүмкін. Кезеген жүйке
судың сіңуін үдетеді. Әрбір гормон белгілі бір заттың
сіңуін өзгерту арқылы
судың сіңуіне эсер етеді. Мәселен, АКТГ натрий хлоридтерінің сіңуін үдетеді
де, судың сіңуін тездетеді, ал тироксин глюкоза мен липидтердің сіңуін
тездетеді, мұнымен бірге суды да сіңіреді. Түздар сол қалпында сіңбейді, ион
күйінде мембраналардан өтеді. Na+, К+ иондары эпителиоциттің ішіне
электрохимиялык градиентке байланысты селқос түрде
өтеді жэне аш ішектс
натрийдің өтуі кант пен амин кышқылдарының өтуіне байланысты. Ал
эпителиоциттен Na+ ионы шыққанда энергия жұмсалады. К+-дің шыгуы Na+
ионының сіңуіне байланысты. Жасушааралық саңылаулардан иондар селқос
түрде тасымалданады.
С1- анионының сіңуі Na+ нонының тасымалдануына байланысты
болады. Сонымен эпителиоциттің апикальдық бетінсн электрохимиялык
градиентке байланысты өтсе, базальдық жағынан энергия жүмсалып
белсеңді
түрде өтеді. Екі валентгі иондар өте баяу сіңеді. Са2+ ионы натрийден 50 есе
баяу өтеді. Аниондар белсеңді жэне дәрітсіз түрде сіңеді, бірақ бүлардың
сіңуі катиондардың мембранадан өтуіне тәуелді.
Түздардың сіңуі олардың организмдегі мөлшеріне байланысты. Демек,
түз бен судың сіңуін жүйке мен қандагы гормондар реттейді.
Судың ішекте сіңуін кезеген жүйке, гормондардан - АКТГ, тироксин
күшейтеді, ал гастроинтестинальдық гормондардан гастрин, секретин,
панкреозимин баяулатады.
Кальцийдің сіңуін паратгормон, натрий, калий
иондарынын қандагы деңгейін бүйрекүсті безінің альдостерон гормоны
реттейді.