, Май алмасумнын реттелуі.
Май алмасуын реттещін арнайы орталык
гипоталамуста орналаскан. Осы оргалыктың төменгі-ішкі ядросы зақымданса,
адам (жануар) семіріп кетеді, ал төменгі-сырткы ядросы зақымданса,
3 2 6
керісінше, азады (кахексия). Гипоталамус денете вегетативтік жуйке жүйесі
мен ішкі секреция бездері арқылы эсер етеді. Симпатикалық жуйке жүйесі
денедегі май корының жұмсалу жэне тотыгу қаркынын күшейтеді. Бул үй
қоянына тәжірибе жасау арқылы дәлелденді. Оның майы эдетте жауырын
астына жиналады. Жүйке сегментініц бір жағындагы симпатикалык
жүйкелсрді кесіп тастап (десимпатазация) жануарды ашықтырса, денедегі
барлық май жүмсалғанмен, симпатикалық жүйке кесілген жердегі май копке
дейін сакталады (жумсалмайды). Парасимпатикалык жүйке жүйесі май ал-
масуына керісінше эсер етеді. Гипоталамустағы орталыққа, оның қызметіне
жоғары жүйке жүйесі жэне эмоция тудыратын лимбиялык жүйе ықпал етеді.
Ішкі секреция бездерінің гормондары да май алмасуын реттеуге қатысады.
Су және минералды заттардын алмасуы
Минералды заттар алмасуы су алмасуымен тікелей байланысты.
Кепшілік минералдар организмде судагы ерітінді түрінде кездеседі.
Қабылданған су мен электролиттер организмнен өзгермей сол күйінде
шығады. Олардың энергиялық маңызы жоқ.
Су мен минералды заттар алмасуы
деп олардың организмде
қабылданып, сіңіп, ішкі ортаға, тіндерге, жасушаларга тарап, кайтадан сыртқа
шығуын айтады.
Су алмасу.
Ересек адамның дене салмағының 60-70%-і су. Организм
неғүрлым жас болса, согұрлым онда су көбірек болады. Эмбрион салмағының
90%-і, жаңа туған нэрестеніц 75%-і, кэрі адамның 55%-і су болады. Салмагы
75 кг ересек адамның организмінде 53 литрдей су бар. Түрлі тіндердегі судың
мөлшері эртүрлі: ет, кекбауыр, өг, теріде 70-75%, бүйректе 80%, мидың сұр
затында 86%, сүйек құрамында 22%, тіс эмалінде 0,2%.
Организмдегі жалпы су мөлшері көп болғанымен оның азаюына
(гипогидратация) жэне көбеюіне (гипергидратация) адам денесі өге сезімтал
келеді. Небэрі 1% ғана судың мөлшері көбейіп, не азайса, организмде
қорганысқа дайындық өзгерістер пайда болады.
Денедегі барлык суйықтықты 2 түрге бөледі: 1. Жасуша ішіндегі
сұйықтык организм салмағының 70% (30-40 л шамасында), яғни судың көбі
жасуша протоплазмасының құрамында болады.
2.
Жасушадан тыс тамыр ішіндегі сұйықтық (қан, лимфа) тінаралық
сұйыкгык құрамына кіреді. Денедегі судың 20% (15-17 л), жасушадан тыс
сұйыктыкқа жатады. Оның 13-15%-і интерстициялық сұйықтык пен лимфа, ал
4-5%-і кан плазмасына кіреді.
Жүлынның, көз ішіндегі, плеврааралық және құрсақ қуысындағы, буын
мен жүрек қабының ішіндегі сұйықтықтар бүларга кірмейді.
Жасушадан тыс сұйықтық организмнің іпікі ортасын қүрады. Денедегі су
химиялық таза күйінде кездеспейді, көбінесе коллоидтар мен кристалл
ерітінділерінің қурамында болады. Организмдегі судың қандай жағдайда
болуына, қалпына байланысты оны 3 түрге бөледі:
3 2 7
а) бос мобилді су - бейорганикалык жэне органикалык косылыстарды
ерітуші жасуша ішіндегі жэне жасушадан гыс сүйықтыктар;
э) байланысқан су - гидратациялық коллоидтардың курамында болып
олардың ісінуіне катысады;
б) молекулалар ішіндегі - конституциялық су, белок, май көмірсулардың
құрамына кіреді де, олар тотықканда босап шығады. 100 г крахмал
тотыкканда 55 мл, белокта 41 мл, майда - 107 мл оксидациялык су пайда
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |