АДА М ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Пальпация - сипау, ұстау әдісі. Мүнымен жүрек түрткісінің орнын және
күшіы білуге болады. Жүрек қарыншалары жиырылғаң кезде жүрек еті
қатайып, оның ені кеңейіп, үшы көтеріліп кеуденің алғы қабырғасына
соғылады, сойтіи жүрек ұшы тиген жер лүпілдеп тұрады. Сау адамның жүрек
түрткісі сол жақга бесінші және алтыншы кабыргалар аралыгында, сол
бүғананың кақ ортасынан төмен қарай өткізілген сызыктың бесінші қабырға
аралығымен түйіскен жсрінен 1 см оңза карай орналаскан. Жүрек түрткісініц
кеудеге согылу қаркынына карап, жүрек етінің. жиырылу күшін шамалауға
болады, ал түргкіштің орны жүректің сол жақ шеті әдеттегідей екенін
көрсетеді.
Перкуссия - жүрек шегін анықтау. Ол үшін кеудеге тақалған саусақты
екінші қолдың саусағымсн нс жазык металл тілікті медициналық резеңке
балғамен қаққаи кезде пайда болатын дыбыс ерекшелігін есксріп жүрек шегін
анықтауға болады.
Ксудс қуысын ауака толы өкпе тіні кернеи тұрады. Екі өкпенің
аралыгында ауасыз ағза - қанга толы жүрек орналасқан. Кеудені өкпе тұсынан
қақса, өкпеге тән ашык дыбыс, ал жүрек түсынан қақса қатқыл ( үнсіз) санды
қаққандағыдай дыбыс естіледі. Осы екі дыбыстың шекарасын анықтау
аркылы жүректің оң, сол жэне үстіңгі шектері табылады. Жүректің төменгі
шеті анықталмайды, өйткені жүрск астыңда бауырдың сол жақ бөлігі
орналасқан. Бүл бөліктен жүрек түсындағыдай сәл катаң (үнсіз) дыбыс
естіпеді. Жүректің сол жақ шегі бесінші қабырға аралығында бүғананың қақ
ортасынан томен карай тартылған сызыктаН оңға карай 0,5-1,0 см жерде, оң
жак шегі тортінші қабырға тұсында тос сүйегінін оң жак. шетінен сыртқа
карай 1,5-2 см жерде, ал үстіңгі (жогаргы) шегі сол жақтағы үшінші кабырға
аралытында төстің сол жак шетіне жакын жерде орналасқан.
Аускультация - жүрек дыбыстарын фонендоскоп не стетоскоп арқылы
тыңдау. Жүрек жиырылып - босаған сайын екі түрлі үн (топ) естіледі. Бірінші
үн (топ) карынша жиырылган кезде пайда болады. Сондыктан ол систолалық
тон деп аталады. Ол сәл қагқыл (үнсіз) созыңқы дыбыс, 0,11-0,12 секундқа
созылады. Бүл тон систола кезінде өтегін физиологиялык құбылыстарға
байланысты. Систола кезінде қарынша етінің ширығып қатаюы, жактаулы
қақпакшалар жабылып, емізікше еттер құрамындағы тарамыс жіпшелердің
тартылуы, айшык қақпақшалар ашылып, қанның қолқа мен өкпе сабауына
айдалуы нәтижесінде бірінші тонға тэн дыбыстар жиынтығы пайда болады.
Алайда бірінші тонның негізі - жүрек етінің ширығып, жиырылуынан туған
дыбыс. Расында да жүрек какпакшаларын ойып алын гастаған күнде де бүл
тон жойылмайды Бірінші тон жүрек түрткісі түсында айкын естіледі. Белгілі
бір ауру салдарынан жүрек қакпакшалары толық жабылмай ішінара саңылау
"алса, кан кақпакшалар арасындаты саңылаудан систола кезінде кері ағуы
мүмкін. Мүндай жағдайда бірінші тонға систолалық шуыл араласады.
Қакпакшалар тұсындағы тесік тарылса одан өтетін каннын көлемі азаяды да,
кан кысымы күшейеді. осыған орай тиісті систолалык шуыл пайда болады.
Жүректің екінші тоны айшық кақпакшалардың диастола кезінде
жабылуынан пайда болады. Сондықтан ол диастолалык тон не қакпакша тоны
деп те аталады. Бірінші тонга қарағанда ол ашық, жогары (шыңыл) эрі қыска
келеді. 0,07-0,08 секундка созылады. Екінші тон екінші жэне үшінші
кабырғалар аралыгында, төстің оң жэне сол жиектеріне такау жерде жаксы
естіледі. Қолқаның айшық какпақшалары жабылган сәтте пайда болган дыбыс
тостің оң жағынан, ал өкпе сабауының айшык қакпакшалары жабылган кезде
пайда болган дыбыс төстің сол жагынан естіледі.
Фонокардиография - жүрек тондарын жазып алу. Арнайы аспап-
фонокардиограф аркылы жүрсктің төрт тоны жазып алынады. Олардың ексуі,
атап айтканда бірінші жэне екінші тондар аускультация (тыңдау) кезінде
естіледі. Үшінші жэне төртінші тондар естілмейді: олар қарыншалар босаған
кезде (диастола) пайда болады. Үшінші тон диастоланың қанга толу
кезеңінде, ягни қан жүрекшеден карыншаға күйылған мезгілде, ал төртінші
тон пресистола кезеңінде, қосымша кан жүрекшеден карыншаға ойыскан
сэтте туады.
Достарыңызбен бөлісу: