Мембраналык потенциал
Мембраналық потенциал дегеніміз - протоплазма потенциалымен
жасушаның сыртқы бетіндегі потеициалдың арасындағы айырмашылык.
Мембрананың сырткы беті эдетте оң, ал ішкі беті теріс зарядталған.
Осциллографты
пайдаланьиі
оның
микроэлектродтарының
бірін
ет
жасушасының (физиологиялық ерітіндіге малынған) ішіне енгізіп, екіншісін
сол жасуша мембранасының сыртқы бетіне жақын бекітсе, осциллографтың
сэулесі бірден ішкі электродка қарай жылжиды да протоплазманьщ теріс
зарядын, биоток мөлшерін корсетеді. Қаңқа еті және кейбір жүйке
талшықтарының мембраналык потенциал шамасы 80-90 мВ (7-сурет). Тірі
жасушаның қай қайсысының болса да мембраналық потенциалы болады.
Жасушаның тіршілігі тоқтаған сәтте мембраналық потенциал жойылады.
Тірі тінде биопотенциалдардың пайда болуы жөнінде мембраналық-
иондық, фазалық, заттар алмасу, көп электрлік теориялар бар. Бұлардың
ішінде әсіресе мембраналык-иондық теория танымал. Оны алғаш 1902 жылы
неміс галымы Ю. Бернштейн болжам (гипотеза) ретінде ұсынған. Кейін
ағылшын ғалымдары А. Хаксли мен А. Ходжкина (1940-52 жж) бұл теорияны
тәжірибе жүзінде алынған көптеген деректермен дэлелдеп берді.
Мембраналық-иондық теория бойынша мембраналык потенциалдың
пайда болуы протоплазма мен жасушааралық сүйықтыктагы иондық
елшемдестікке байланысты. Осы себепті мембрананың екі беті (ішкі, сыртқы)
эртүрлі зарядты.
Достарыңызбен бөлісу: