Адам физиологиясы


Жүйке  талшыктарының  қажымауы



Pdf көрінісі
бет76/472
Дата04.04.2022
өлшемі28,52 Mb.
#29809
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   472
Жүйке  талшыктарының  қажымауы.  Жүйке  талшықтарының  қозуды 

өткізу  ерекшелігіне  жүйкенің  көпке  дейін  қажымауы  да  жатады.  Дспеден 

жекеленген  жүйкені  ұзақ уақыт тітіркендірсе ол  қажымай  қозуды  көпке дейін 

өткізеді.  Жүйкенің  бүл  қасиеті  түрлі  тэжірибелермен  дэлслденген.  Ет 

талшықтарының  тез  қажитыны  белгілі.  Сондыктан  Н.Е.  Введенский  бақаның 

ет-жүйке  препаратының  етке  жақын  жерінен  түракты  токты  өткізіп  анодтык 

блок  арқылы  оның  өткізу  қасиетін  уақытша  бұзады  (физиологиялық 

бүтіндігін)  да,  жүйкені  үздіксіз  айнымалы  тоқпен  тітіркендіреді.  Мұнда  қозу 

етке  карай  блоктан  өте  алмайтын  болады  -  ет  жиырылмайды,  ягни 

кажымайды,  ал  жүйке  козуды  өткізу  кызметін  тоқтатпастан  атқарып  тұрады. 

8-10  сагаттай  уақыт  өткен  соң  анодтык  блокты  тоқтатса  ет  жиырылып, 

үздіксіз  тітіркендірілген  жүйкенің  кажымайтынын  көрсетеді.  Бернштейн 

осындай тэжірибені  кураре уымен  мионевральдық түйіспені  блоктап,  жүйксні 

4  сағаттай  үздіксіз  тітіркеңдіру  арқылы  Н.Е.  Введенский  тәжірибесінін 

қорытындысын дәлелдеп берді.

Жүйкенің  қажымау  себебінің  бірі  оның  зат  алмасу  карқыны  етгіен 

салыстырганда  әлдеқайда төмендігі,  екіншіден  жүйке талшыгы  қозуды  өткізу 

қызметін атқару үшін  қуатты  өте аз пайдаланады, үшіншіден  ыдыраған  заттар 

етке Караганда жүйкеде  1000 есе тез қайта түзілсді (ресинтезделсді).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   472




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет