Адам физиологиясы



Pdf көрінісі
бет152/472
Дата04.04.2022
өлшемі28,52 Mb.
#29809
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   472
« 

« 

Гемоглобиннің газдармен әрекеттесуі

»

Гемоглобин  (Нв)  көптеген  газдармен  тез  әрекеттесіп,  жаңа  қосылыстар 

түзеді.

.Гемоглобиннің  оттегімен  эрекеттесуінен  пайда  болған  қосынды 



оксигемоглобин  деп  аталады  (ол  Н в02  белгіленеді).  Гемоглобиннің 

қышкылдык  қасиетін  көрсету  үшін  бұл  белгінің  алдына  кейде  сутегі 

жазылады  (ННв02).  Оксигемоглобин  түрақсыз  қосылыс,  тез  ыдырап  оттегін 

бөліп шығарады.

ННв02 -  ННВ + 02

Босап  шыққан  оттегі  капиллярлар  кабырғасынан  өтіп  тінге,  ал  тіннен 

эрбір  жасушага  ауысады  да  тотығу  үрдісіне  катысады.  Оксигемоглобинде 

оттегі  екі  валентті  темір  атомымен  қосылады.  Құрамында  оксигемоглобині 

көп  канның  түсі  аиіық  қызыл  келеді.  Оксигемоглобин  спектрограммасында, 

оның  саргышжасыл  жағындагы  Д,  Е  сызықтары  арасында  қос  қара  жолақ 

болады.  Оттегінен  айырылған  гемоглобинді  дезоксигемоглобин  (ННв)  не 

қалпына  келген  гемоглобин  дейді.  Оның  спектрограммасында  Д  жэне  Е 

сызықтары арасында жалпак бір қара жолақ болады.



2.  Карбогемоглобин  (НвС02).  Көмір  кышкыл  газбен  косылысы  -  

тұрақсыз,  тез  диссоциацияланады:  ННв  +  С 02  >  ННвС02.  Көмірқышқыл  газ 

гемоглобиннің 

амин 


тобымен 

қосылады. 

Карбогемоглобин 

мен 


дезоксигемоглобин  қанды  күрең қызыл түске бояйды.  Бұл вена канының түсі.

3.  Карбоксигемоглобин  (НвСО)  -  гемоглобиннің  иісті  газбен  (СО) 

қосылысы.  Гемоглобин  күрамындағы  темір  оттегімен  емес,  иісті  газбен 

жсделдеу (289 есе) эрекеттеседі.  Гсмоглобиннің бұл  газға деген тартқыштығы 

күшті:

ННв+СО —»ННвСО  .



Карбоксигемоглобин  түрақты  қосылыс,  бірақ  ауада  оттегі  көбейіп  кетсе, 

ол акырындап  ыдырай бастайды:

ННвСО —>ННв + СО

Сондықтан  иіс  тиген  адамды  тез  таза  ауага  шығарады,  өйткені  таза 

оттсгімен  дем  алганда,  қаңдагы  карбоксигемоглобин  20  есе  тезірек 

ыдырайды.  Ауада  иісті  газ  мөлшсрі  0,1%-ке  жетсе,  кандагы  гемоглобиннің 

80%-і  карбоксигемоглобинге  айналады  да,  гемоглобиннің  гыныстык  қызметі 

бүзылады.  Мүндай  жағдайда  науқастың  қаны  көбінесе  түгелдей  баска  таза 

қанмен алмастырылады.

4. 


Метгемоглобин  (НвОН).  Күшті  тотықтыргыш  заттардың (азот тотыгы, 

метилен  көгі,  калий  перманганаты,  анилин,  бертолет  тұзы,  фенацитин, 

пирамидон)  әсерінен  гемоглобин  қүрамындагы  темірдің  валентгілігі  өзгереді, 

ол  екі  валенттіден  үш  валентті  болып,  ете  түракты  (диссоциацияланбайтын) 

косылыс  құрайды.  Темір  атомы  гидроксил  тобымен  косылады.  Тіндерге 

оттегі  тасылуы  тоқтайды.  Метгемоглобин  дереу  емдеуді  қажет  ететін 

патологиялық  косылыс.  Гемоглобин  метгемоглобинге  айналса  канның  түсі 

шоколад түсіне үқсайды.

Гемоглобин  газдармен  гана  емес  тұз  қышқылымен  де  қосылады.  Тұз 

кышқылының 

эсерінен 

гемоглобиннен 

гем 

молекуласы 



бөлініп  тұз 

қышқылымен  қосылып гемин  не  түз  қышқылды  гематин  түзіледі.  Бұл  қоңыр 

түсті  кристалл.  Гемоглобиннің  бұл  қосындысы  медицинада  колданылады. 

Мэселен,  кандагы  гемоглобин  молшерін  анықтайтын  гемометрдегі  стандарт 

сұйық  -  түз  қышқылды  гематин  ерітіндісі.  Ол  -  ромба  пішіндес  қоңыр  түсті 

кристалл,  сондықтан  оның  ерітіндісі  кара  коңыр  түсті.  Сот  медицинасында 

киімде  пайда  болган  коңыр  дақта  қанның  бар-жоғын  білу  үшін  сол  дақтың 

кырындысына  НС1  қосады.  Онда  қан  болса,  тұз  қышқылды  гематин  пайда 

болады.  Оның кристалдарын  микроскоп арқылы коруге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   472




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет