Адам физиологиясы


Эритроциттердің туну жылдамдыгы (ЭТЖ)



Pdf көрінісі
бет153/472
Дата04.04.2022
өлшемі28,52 Mb.
#29809
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   472
Эритроциттердің туну жылдамдыгы (ЭТЖ)

¥ю   қасиетінөн  айырылган  қанды  (лимон 

кышқылының  натрий 

ерітіндісін  қосу арқылы)  мензуркаға  құйып  бір  сағат сақтаса қанның ең жеңіл 

бөлігі  -  плазма  канның  бетіне  шыгады  да  эритроцит  мензурка  түбіне  шөге 

бастайды.  Эритроциттердің  түну  жылдамдыгына  карай  плазма  кабатының 

қалыңдыгы (биіктігі) эртүрлі болады.

Плазма  қабатының  биіктіті  мм  есебімен  елшенеді  де  эри гроциттердің 

тұну  жылдамдыгы  аныкталады.  Эритроциттердің  туну  жылдамдыгы  ер  адам 

мен  әйелде  түрліше,  ерлерде  сагатына  1-10мм,  эйелдерде  2-15  мм.  Екі  қабат 

эйелде  эритроциттер  тез тұнады  (сағатына  30-40  мм).  Жаңа  туган  нәрестеде  - 

0,3-2  мм/сағ.  Денеде  қабыну  процесі  басталса  ЭТЖ  өседі.  ЭТЖ  арқылы 

қабыну  процесінің  күшейгенін  не  бэсеңдегенін  (емдегеннен  кейін)  білуге 

болады,  сондыктан  ауруханада  науқас  адамныц  эритроциттерінін  тұну 

жылдамдыгы бірнеше рет анықталады.

Эритроциттердің  тұну  себебі  туралы  көптеген  пікірлер  бар.  Солардың 

бірі  -  эритроцигтердің  түнуы  -  физикалық  құбылыс,  сондықтан  ЭТЖ-гын 

физика 


заңымен 

түсіндіруге 

болады. 

Мэселен, 

плазмага 

Караганда 

эритроциттердің  меншікті  салмагы  жогары,  сондыктан  да  олар  тез  тұнады. 

Бірак көптеген тәжірибелер бұл пікірді растамайды.

1.  Жылқы  мен  бүка  эритроциттерінің  меншікті  салмагы  бірдей,  бірақ 

жылқы эритроциттері тез шөгеді.

2.  Эритроциттер әдетте - жүзіп жүрген  кішкене түйіршіктер.

Олар  көпке  дсйін  тұнбайды.  Тұнар  алдында  олар  бір-бірімен  жабысып, 

теңгелер  тізбегі  сияқты  бағана  кұрады.  Демек,  эритроциттер  конгломерат 

(үйінді)  күйінде  тұнады.  Сондықтан  конгломерат  қүрылуын  тек  физикалык 

зандылықтармен  не  белгілі  бір  химиялық  затқа  тэн  касиеттермен  түсіңдіру 

қиын.


Жүзіп  жүрген  бос  түйіршіктер  ретінде  эритроциттер  түнатын  болса, 

жоғарыда  айтылған  кагида  бойынша  эризроцигтердің  түну  дәрежесі 

плазманың  түткырлығына  байланысты  болар  еді,  плазма  негүрлым  түгқыр 

болса,  соғұрлым  түнуы  баяу,  керісінше  плазма  тұтқырлыгы  аз  болса, 

эритроциттер  согұрлым  тез  түнуға  тиіс.  Бірақ  тәжірибе  жүзінде  плазма 

негүрлым түтқыр  болса,  эритроциттер  согұрлым тез түнатыны байкалады.  Бүл 

тәжірибелердің мэнін физикалык-химиялык теориялар арқылы ұгуга болады.

Эритроциттердің түнуы  мен плазма қасиеттерінің өзара баиланыстылығы 

анықталды.  Бүл  қан  құрамындагы  плазма  мен  эритроциттерді  "айқастыра" 

араластыру арқылы дәлелдеқді.

Ер  адам  эритроциттерін  екіқабат  эйел  плазмасына  тогытса,  ал  екіқабат 

әйел  эритроциттерін  ер  адамның  плазмасымен  араластырса,  эритроциттер 

шөгуінің  өзгеруі  плазма  иесіне  байланысты.  Ер  адам  эритроциггері  екікабат 

эйел  плазмасында  тез  шегеді  де,  екіқабат  эйел  эритроциттерінің  тұнуы  ер 

адам  плазмасында  өте  баяулайды.  Мұның  себебі  жүкті  әйелдер  плазмасында 

тұрпайы  диспсрсиялық  белоктар  көбейіп  кетеді.  Әсіресе  фибриноген,



177


иммундық  глобулиндер  мен  гаптоглобулиндер  коп  болса,  эритроциттер  тез 

тұнады.  Мүның  себебі  неде?  Эризроциггер  плазмада  жеке дара  жүзіп  жүреді, 

яғни  суспензия  қүрады.  Эритроцит  мембранасының  сыртқы  бетінде  дене 

жасушаларына  қарағаңда  сиан  қышқылы  көбірек,  сондықтан  эр  эритроцит 

геріс  зарядталган.  Бірыщай  зарядталган  эритроциттер  бірін-бірі  теуіп,  бір- 

біріне  жақындай  алмайды,  көпке  дейін  шөкпейді.  Қан  белоктары  теріс 

зарядталган,  бірақ  олардың  заряды  өте  әлсіз.  Белок  мөлшері  кобсйсе,  ол 

эритроцит бетіне адсорбцияланып,  оның заряд күшін  гөмендетеді.  Сондықтан 

бір-бірін  жонді  тебе  алмайды.  Эритроциттер  бетінде  адсорбцияланган 

белоктар 

оның 

жабыскактыгын 



(когезиондық, 

адгезиялық 

қасиетін) 

күшейтеді, 

сөйтіп 

эритроциттердің 

бір-бірімен 

жабысуына 

жагдай 

туғызылады.  Эритроциттер жабысып  "теңгелер тізбегін"  қүрып, тез түнады.

Эритроциттердің  шөгуіне  басқа  себептер  де  эсер  етеді.  Мәселен, 

холестериннің,  эритроциттер  санының,  плазмадағы  қышқыл  калдықтардың 

көбеюі  эри гроциттерді тез  гұндырады.

Гемолиз (грекше һаіша - қан,  lysis - сру) - эритроциттіц қабыгы  жарылып 

немесе  еріп  ішіндегі  гемоглобиннің  плазмага  шыгуы.  Мұны  гемолиздснген 

қан деп  атайды. Ол әдетте  мөп-мөлдір.  Гемолизденген қан  құйылган пробирка 

арқылы  күн  сәулесі  өтеді.  Түсі  кызыл  лак  түсіндей,  сондықтан  ондай  қанды 

лак  т^різді  қан  деп  атайды.  Эсер  ететін  түрткілер  түріне'карай  гемолизді 

бірнеше түрге бөлуге болады.

1.  Физиологиязық  гемолиз  -  cay  адамда  болады.  Денедегі  ескірген 

ритроциттер  жарылып,  олардың  орнына  сүйек  кемігінен  шыккан  жас 

эритроциттер  қанға  түседі.  Эритроцит  120-130  күн  жадайды.  Ескіргсн 

эритроцитгердің  біразы  бауырда,  көпшілігі  көкбауырда  гемолизденсді. 

Сондыктан  көкбауыр эритроциттер "моласы" деп те аталады.

2.  Осмостық  гемолиз  -  эритроциттің  іші  мен  сыртындагы  осмостык 

кысым 


айырмашылығынан 

туады. 


Қанға 

осмостық 

кысымы 

аз 


(гипогониялық)  ерітінді  кұйса,  эритроциттің  ішіне  су  кіреді  де  ол  ісінеді, 

судың  кіруі  тоқтамаса  эритроциттің  қабығы  жарылып,  ішіндегі  гемоглобин 

сыртындағы  ерітіндіге  шығады.  Сөйтіп  қан  гемолизге  үшырайды.  Бір 

эритроциттің  көлемін  100%-ке  баласақ,  гипотониялык ерітіндіде  оның  көлемі 

146%-ке жетісімен  эритроцит жарылады.

Қанга ас түзының сүйықтау (гипотониялык)  ерітінділерін косса,  олардың 

сұйықтыгы  изотониялык  ерітіндіге  жакын  болса  (0,8;  0,7;  0,6;  0,5)  кан 

гемолизденбейді,  бірақ  эритроцит  ісініп  көлемі  үлғаяды.  Бұл  эритроциттің 

гипотониялык  ерітінділерге  төзімділігін  (резистенггілігін)  көрсетеді.  Жас 

эритроцит  ескі  эритроцитке  Караганда  берікгтеу  келеді,  сондықтан  оның 

төзімділігі  де  жоғарылау.  Осыған  орай  эритроциттер  төзімділігінің  жоғары 

(максимум)  жэне  ең  томен  (минимум)  резистенгтігі  (тозімділігі)  деген 

ұғымдар  бар. 

Олар 


гипотониялық  срітінді 

мөлшерімен 

белгіленеді.

178



Төзімділігі  нашар  эритроциттің  гемолизі  басталган  NaCI  ерітіндісінің 

мелиіерін  ең  томен  (минимальдық)  резистенттік  деп  атайды.  Адам  қанында 

ол  0,48-0,46%  NaCI  ерітіндісі.  Эритроциттердің  толық  гемолизі  басталған 

NaCI  ерітіндісінің  мөлшері  ең  жоғары  (максималдық)  резистенттілік  деи 

аталады (0,32-0,34% NaCI ерітіндісі).

3.  Химиялық  гемолиз  -  эритроцитгің  липоид  пен  белоктан  тұратын 

мсмбранасын  ерітетін  химиялық  заттардың  (сірке 

қышкылы, 

эфир, 


хлороформ, сілті) әсерінен болады.

4.  Биологияіық  гемолиз  -  ішек  құрттары  (гельминттер)  мен  жануарлар 

бөлін  шығарагын  не  өсімдіктерден  алынатын  (сапонин)  улы  затгар  - 

гемолизиндердің  эсерінен  болады.  Мэселен,  жылан,  қарақұрт,  шаян  улары, 

адамның  ішегінде тіршілік  ететін  құрттар (гельминттер)  бөліп  шығаратын  зат 

алмасу  өнімдері,  қан  құйганда  сиыспау  салдарынан  пайда  болатын  улар 

эритроцитгердің кабығын жидітіп, бұзады.

Кейбір  бактерияларда  сіреспе  (столбняк)  таякшасы,  стафилакоктар 

гсмолизиндер  бөліп  шыгарады.  Гемолизденген  қанның  өзі  улы.  Сондықтан 

денедегі  қанның  нобайы  гемолизге  ұпіыраса,  гемолитикалық  шок  пайда 

болып, адам өлуі  мүмкін.



5.  Термиялық гемолиз  -  канды  біресе  жылытып,  біресе  суытудан  болады, 

әсіресе  бұл  мұздаган  (тоңазытан)  қанды  еріткен  кезде  кездеседі.  Кейбір 

пікірге  карағанда  мұз  кристалдары  эритроцит  қабығын  жарақаттап  жыртады. 

Дене  температурасы  420-тан  асса  да  кан  гемолизденеді.  Ұзақ  уакыт  дене 

қызуы 'қалыпты  болғанымен,  кешке  карай  38-390-қа  дейін  кйтерілігі  отырса, 

эритроциттер гемолизденеді.



6.  Механикалық  гемолиз  -  канды  шайкап  араластыру,  сілту  салдарынан 

эритроцит  мембранасы  зақымданады  (жыртылады).  Демек,  ыдыстағы  қанды 

бір жерден екінші жерге апаргаңда оларды шайкамай, абайлап тасу керек.

7.  Электрлік гемолиз - электр тоғының әсерінен болады. Сэуле энергиясы 

мсн  ультрадыбыс  та  электр  күші  сияқты  эритроцит  қабығын,  тінін  бүзып 

жарады (строматолиз).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   472




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет