Адам физиологиясы



Pdf көрінісі
бет224/472
Дата04.04.2022
өлшемі28,52 Mb.
#29809
түріОқулық
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   472
f

Сыртқы тыныс

Демалу  жоне  демшыгару  механизмі.  Сыргқы  тынысалу,  яғни  газдардың 

ауадан  өкпеге  өтуі,  өкпеден  қайта  атмосферага  шығарылуы  екі  кезеңнен; 

демалу  (инспирация)  жэне  демшыгарудан  (экспирация)  түрады.  Инспирация 

мен  экспирация  тірі  организмде  өзара  жымдасып  үйлесім  тапкан,  өмірі  бойы 

бірінен  соң бірі  кезекпен  келін алмасып отырады.  Ауаны  окпеге тартып  алып, 

ондағы  газ  алмасуына  қатысқан  ауаны  тысқа  шығару  үшін  өкпе  біресе 

ұлгайып  (кеңейіп),  біресе  тарылып  түруға  тиіс.  Бірак  альвеола  (alveola  - 

ұяшык)  кабырғасында  ет  талшыктары  болмагандықтан  өкпе  кеңейіп  не 

тарылып  көлемін  өзі  өзгерте  алмайды,  бұл  үрдіс  көкірек  қуысынын үлгайып- 

тарылуына  байланысты.  Өкпе  сыртыңдағы  ауамен  кагыспайтын  көкірек 

куысында  орналасқан.  Сыртынан  өкпе  висцеральдық  (агзалық)  жоне  парие- 

тальдық  (жақтаулық)  екі  қабықпен  қоршалған.  Висцеральдык  плевра  өкпе 

тінімен біте байланысқан.  Өкпе түбіріне жеткен жерде нариегальдық плеврага 

айналады  да  көкірек  куысын  ішкі  жағынан  астарлап  көмкереді,  ондағы 

тіндермен  біте  қиылысады.  Плевра  қабықтарының  арасында  плевралық  қуыс 

деп  аталатын  саңылау  тэрізді  өте  тар  (5-10  мкм)  кеңістік  бар.  Онда  плевра 

кабықтарының  ішкі  беттерін  майлап  өзара  үйкеліс  кедергісін  азайтатын 

аздаган  шырышты  сүйыктык  болады.  ІІлевралык  кеңістік  бітеу,  оның  ішінде 

ауа  болмайды,  сондыктан  да  плевра  қабықтары  дем  алған  сәтте  бірінен-бірі



266


айырылып  алшақтай  алмайды.  Осыған  орай  көкірек  куысы  кеңейген  кезде 

париетальдық  плевра  висцеральдық  плевраны  озіне  тартып  окиені  созады. 

Сол  кезде оның  ішіндегі  қысым  азаяды, сондықтан  қысымы  жоғары  сырттағы 

ауа  окпеге  кіріп,  оны  одан  әрі  кернеп  кеңейтеді.  Дем  шығарған  сәтте  кокірек 

қуысы  тарылады  да  өкпе  қысымы  жоғарылагандықтан  ауа  сыртқа  шығады, 

өкпе  кішірейеді.  Сонымсн  өкпенің  кеңейіи-тарылуы  көкірек  аумагының 

озгеруіне, ягни тынысалу еттерінің жиырылып босауына байланысты.

Адам  демді  ішке  іартқан  кезде  инспирация  еттері  жиырылады  да, 

көкірек  қуысын  кеңейгеді:  кокет  (диафрагма)  жиырылады,  оның  күмбезі 

жазылып  1,5  см  төмендейді.  Сөйтіп  кокірек  куысы  жогарыдан  төмен  қарай 

ксңсйеді,  сыртқы  қабыргааралық  жэне  шеміршскаралық  еттер  тартылып, 

қабырғаларды  жогары  қарай  көтереді,  осы  кезде  төс  алға  қарай  ығысады  да 

солдан  оңға,  оцнан  солга  жэне  арттан  алға  қарай  көкірек  өлшемдері  үлгаяды, 

сөйтіп  көкірек  кецейеді.  Өкпе  альвеолалары  серпімді  тіндерге  бай,  осыған 

байланысты  олар  жазылып  ұлгаяды  да,  көкірек  куысын  кернеп,  түгелдей 

жайлап  алады.  Осы  сэттс  альвеолаларда  қысым  азаяды  да  сырттан  тартылған 

ауа  окпегс  қарай  ойысады.  Одан  әрі  инспирация  еттері  босап  қабырғалар  мен 

төс  эдеттегі  орындарына  түседі,  іле-шала  көкет  күмбезі  томпайып,  жоғары 

қарай  көтеріледі  де  көкірек  куысы  тарылады,  өкпенің  аумагы  кішірейеді. 

Көкірск  куысының  тарылуы  экспирация  (демшыгару)  еттері,  яғни  ішкі 

қабырғааралық 

еттердің 

жиырылуына 

байланысты. 

Дэл 

осы 


кезде 

альвеолаларда  ауа  қысымы  күшейеді  де,  мұндағы  ауа  өкпеден  сыртка  қарай 

ығысады.  Қаттырак яғни терец‘дем  алған сэтте, қосымша (көмекші) тынысалу 

еттері  б.ұл  үрдісті  күшсйте  түседі.  Бүл  еттер  үлкен  жэне  кіші  кеуде  еттері, 

алдыңгы  тіс  тэрізді  еітер,  Ал  демді  қатты  шығару  тура,  қиғаш,  келденең 

жолакгы  құрсақ етгерінің жиырылуына байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   472




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет