¥йқы безінің солі
Ұйқы безі 2 түрлі тіннен: а) ас қорыту сөлін бөлетін ацинус; б) қанға
гормондар бөліп шыгаратын а жэне р жасушаларынан кұрылган шашыранды
Лангсрганс аралшыктарынан тұрады. Ацинус тінінің сөлі түтікше (өзек)
арқылы 12 елі ішекке қүйылады. Бұл үйқы безінің сыртқы секрециялық
қызметі. Лангерганс аралшыктарында түтік болмайды, ол сөлін канга қүяды,
Демек ұйкы безі ішкі секрециялы без. Үйкы безі латынша панкреас деп,
осыган орай оның ас қорыту сөлі панкреас сөлі (секреті) деп аталады. Бүл аса
күрделі сөлдің ас қорытуда үлкен маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |