Адам қҰҚЫҚтары жүйесіндегі білім алу қҰҚЫҒЫ



Pdf көрінісі
Дата12.01.2017
өлшемі325,48 Kb.
#1728

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БІЛІМ АЛУ ҚҰҚЫҒЫ 

Бекмуратова С.Н. 

Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия Ұлттық Университеті Заң факультеті 

Халықаралық құқық мамандығының 2-курс магистранты 

 

Адам  қоғамы  мыңдаған  жылдар  бойы    сонау  көне  дәуірден  қазіргі 

заманға  дейін  әлеуметтік  нормалар  арқылы  басқарылып  келді.  Сондықтан, 

жеке  адамның  құқығы  мен  бостандығы  туралы  теорияның  мыңдаған  жылға 

созылған тарихы және мол тәжірибесі бар. 

Біз  осы  тарихқа,  осы  мол  тәжірибеге  сүйене  отырып,  әлеуметтік 

нормалардың диалектикалық объективтік даму процесімен танысамыз. Адам 

қоғамының  әр  формациясында  азаматтардың  қандай  құқығы,  қандай 

бостандығы болғанын білеміз. 

Адам  құқығы  —  тарихи,  табиғи,  объективтік  құбылыс.  Сондықтан, 

әлеуметтік  норма  әр  уақытта  даму  процесінде  болады.  Әлеуметтік  норма 

адам  қоғамымен  бірге  дамып,  бірге  өзгеріп,  бірге  өмір  сүріп  келеді. 

Қоғамдағы  жүздеген,  мыңдаған  қарым-қатынасты  реттейтін,  басқаратын 

әлеуметтік  норма.  Қоғам  дамып,  нығайып,  жақсарған  сайын  әлеуметтік 

норма  да  дамып,  нығайып  жақсарады,  оның  әділеттік,  бостандық, 

демократиялық шеңбері де, кеңістігі де молаяды, күрделенеді. 

Жеке  адамның  құқығы  қоғамдағы  құқықпен  тығыз  байланысты.  Бірі 

болмаса  екіншісі  де  болмайды.  Бұл  екеуін  бір-бірінен  ажыратып  қарауға 

болмайды. 

Сонымен  адамның  құқығы,  бостандығы  олардың  мазмұндық  дәрежесі 

қоғамның даму деңгейімен байланысты. 

Мысалы: Алғашқы қоғамдағы бостандық: 

 

құл иелену қоғамдағы бостандық пен шектеулер; 



 

феодалдық қоғамдағы бостандық пен шектеулер; 



 

буржуазиялық қоғамдағы бостандық пен шектеулер; 



 

қазіргі замандағы бостандық түсінігі мен мазмұны. 



Құқық  пен  жеке  тұлғаның  өзара  байланысын  тек  құқықтық  мәртебе 

арқылы  толық  түсінуге,  білуге  болады.  Онда  олардың  санқырлы 

байланысының түсінігі, мазмұны, құрылымы, мақсаты, талаптары, мемлекет 

пен қоғамдық ұйымдармен арақатынасы көрсетіледі. 

Құқықтық  мәртебе    жеке  тұлғаның  қоғамда  заңды  түрде  қалыптасқан 

бостандығы,  табиғи  және  саяси  құқықтары,  әлеуметтік  кемеліне  келген 

жағдайы, рухани, мәдени білімі. Бұл мәртебенің мазмұны адамның қоғамның 

әлеуметтік  құрылысындағы  алатын  орны,  ал  мәртебенің  нысаны    сол 

адамның қоғамдағы алатын орнын заңды түрде сипаттауы [1]. 

Қазіргі заманда жеке тұлғаның кұкықтық мәртебесі заң ғылымының бір 

саласына айналды және жалпы теорияның жеке тақырыбы болып отыр. 

Адамдар  тек  құқықтық  жүйедегі  қоғамда  өмір  сүре  алады.  Бұл 

объективтік  тұжырымға  адамдар  мыңдаған  жылдар  өмір  тәжірибесінен 

сезініп білді. Біздің заманымыздан бұрынғы V—IV мыңжылдығынан бастап 

адам  қоғамы  әлеуметтік  нормасыз  өмір  сүре  алмайды.  Норма  объективтік 


тұрғыдан қоғамның өмір сүруінің ең қажетті құралы болды. Осы тәжірибеге 

сүйене  отырып  гректің  ойшылғалымдары  Ликофрон,  Антифон  (  V-ІV  мың 

жылдықта)  адамның  табиғи  бостандығы,  құқықтары  бар,  оны  ешкім  жоя 

алмайды    деген.  Бұл  пікірді  кейін  Аристотель,  Локк,  Монтескье,  Руссо, 

Канттар да қостаған. Сөйтіп "Табиғи кұқықтық теория" өмірге келген [2]. 

Бұл  теория  Англияның  1215 ж.  бостандық  партиясында, 1689  ж.  құқық 

петициясында;  АҚШ  1776  ж.  декларациясында,  1791  ж.  Конституциясында, 

Францияның 1789 ж. Конституциясында мемлекеттік заңға айналды. Біріккен 

Ұлттар  Ұйымының  1948  ж  —  Декларациясында  адамның  "Табиғи  құқық 

теориясы" қабылданып, әр мемлекеттің кұқығының негізі болсын деп қаулы 

қабылдады.  1966  ж.  БҰҰ  Халықаралық  пакт  атты  қаулы  қабылдап,  онда 

адамдардың  экономикалық,  әлеуметтік  жэне  мәдени  құқықтарын  әлем 

көлемінде дамытуды, жақсартуды міндеттеді. 

Казіргі  заманда  адамдардың  бостандығы  мен  құқықтары  барлық 

мемлекеттердің  Конституциясына  енгізіліп,  ең  негізгі  ресми  саясатқа 

айналды.  Қазақстан  Республикасының  1993-1995  жж.  және  2007  жылғы 

Конституцияларында адамның бостандығы мен құқықтарына арнаулы бөлім 

беріліп бұл мәселені жан-жақты дамыту, жақсарту өзінің мемлекеттік міндеті 

деп жариялады. 

Жеке  адамдардың  кұкықтарында  объективтік  және  субъективтік, 

сонымен қатар позитивтік, бұқаралық және жеке құқық деген түсініктер бар. 

Енді солардың мазмұнына тоқтайық [3]. 

Объективтік құқық – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, 

мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, 

формальды анықталған заң нормаларының жүйесі. Объективтік құқық – бұл 

нақты  бір  мемлекеттегі  белгілі  бір  кезеңдегі  заңнама,  заң  әдеттері,  заңды 

прецеденттер және нормативтік шарттар. Оның объективтілігі жеке тұлғаның 

еркі мен санасынан тәуелсіз болып, оған тиесілі болмауынан көрініс табады.  

Субъективтік құқық – бұл тұлғаның жеке мүдделерін қанағаттандыруға 

бағытталған, заңды мүмкін жүріс-тұрыстың шамасы. Субъективтік құқықтар 

ретінде  адамның  нақты  құқықтарын  (еңбек  етуге,  білім  алуға  және  т.б. 

құқық) 


атауға 

болады, 


олардың 

субъективтілігі 

тұлғамен 

байланыстылығынан,  оған  тиесілігінен  және  оның  санасы  мен  еркінен 

тәуелділігінен көрінеді.  

Заңды мағынадағы құқықпен (объективтік және субъективтік құқықтар) 

қатар  табиғи  құқық  та  болады,  ол  өмір  сүруге,  бостандыққа  және  т.б. 

құқықтарды  қамтиды.  Табиғи  құқықтың  қатарына  жататын  құқықтар  бір 

жерде бекітілген-бекітілмегеніне қарамастан өмір сүреді, олар өмірдің өзінен 

тікелей туындайды.  

Позитивтік құқықтың негізгі сипаттары:  

а)  оны  адамдар  немесе  қоғамдық  құрылымдар  –  заңшығарушылар, 

соттар, 

құқық 


субъектілер 

қалыптастырады, 

яғни, 

олардың 


шығармашылығының, мақсатты ерікті қызметінің нәтижесі болып табылады; 

ә) ол заңдар немесе басқа да қайнар көздер түрінде, яғни, жай ой, идея 

түрінде ғана емес, нақты сыртқы көрінісі бар ақиқат ретінде өмір сүреді.  


Бұқаралық  құқық  –  бұл  мемлекеттік  істер  саласы,  яғни,  билік  пен 

бағыныстылық  қатынастарына  негізделген  мемлекеттің  бұқаралық  билік 

ретіндегі және барлық бұқаралық институттардың құрылымы және қызметі.  

Жеке  құқық  –  бұл  жеке  істер  саласы,  яғни,  дербестік,  субъектілердің 

заңды теңдігі бастамаларына негізделген еркін тұлға, институттар мәртебесі. 

Азаматтардың, 

адамдардың 

негізгі 


құқықтарымен 

бостандығы 

халықаралық  актіде  және  әр  мемлекеттің  Конституциясында  толық 

көрсетіледі.  Оның  түрлері:  азаматтық,  экономикалық,  саяси,  әлеуметтік, 

мәдени, экологиялық, ақпараттык құқықтар [4]. 

Әлеуметтік,  экономикалық  және  мәдени  құқықтар  кешеніндегі 

әлеуметтік  құқықтардың  алатын  орынына  тоқтала  кетіп,  оның  негізгі 

түсінігін ашу қажет. Аталған құқықтық кешеннің негізгі белгілері:  

 

адамның  физикалық,  материалдық,  рухани  жіне  басқа  да  әлеуметтік 



маңызды қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағыттылығы;  

 



азаматтығына қарамастан әр адамға тиесілігі;  

 



басқа  тұлғаның  бостандығын  шектеумен  ғана  емес,  қоғамдық  байлық 

мөлшері  мен  эконмикалық  даму  деңгейімен  де,  және  барық  қорлардың 

шегінде қамтамасыз етілуі.  

Экономикалық,  әлеуметтік  және  мәдени  құқықтар  –  бұл  физикалық, 

материалдық, рухани және басқа да өмір қажеттіліктеріне бағытталған, әр бір 

адамға  тиесілі  құқықтар  мен  бостандықтар  жиынтығы.  Олардың  жүзеге 

асырылуы адамның азаматтық қоғамның мүшесі болуына себепші болады.  

Экономикалық,  әлеуметтік  және  мәдени  құқықтар  бір-бірімен  тығыз 

байланысты, бірақ олардың ішінен әлеуметтік құқықтарды бөліп қарастыруға 

болады.  

Әлеуметтік құқықтар – бұл физикалық, материалдық, рухани және басқа 

да өмір қажеттіліктерін қоғамының мүмкіншіліктері шегінде және қоғамдық 

байлықтың  мемлекетпен  бөлінуі,  адамның  белсенді  қызметі  арқылы 

қамтамасыз етілетін табиғи құқықтар кешені.   

Жеке  құқықтар  мен  бостандықтар  адам  мен  азаматтың  құқықтық 

мәртебесінің  түп  қазығы  болып  табылады.  Оларды  шектеуге  болмайды. 

Сондықтан  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  15-23  баптарында 

аталған  құқықтар  мен  бостандықтар  кейде  «азаматтардың  өздік  құқықтары 

мен  бостандықтары»  деп  те  аталады,  оларға  мемлекет  тарапынан  берілген 

кепілдіктің  деңгейі  өте  жоғары.  Жеке  құқықтар  мен  бостандықтарға  адам 

азаматтығына қарамай ақ ие болады. Бұл тумысынан тиесілі құқықтар, олар 

мемлекеттің не басқа  тұлғалардың  еркі  бойынша  аластатылуы  мүмкін  емес. 

Бұлар  адамның  өмірімен,  бостандықтарымен,  ар  ожданымен  және  басқа 

табиғы құқықтарымен байланысты құқықтар. 

Азаматтардың  жеке  құқықтары  мен  бостандықтары  өмір  сүру  (15-бап); 

жеке бас бостандығы (16-бап); адамның қадір қасиетіне қол сұқпау (17-бап); 

жеке  өміріне  қол  сұғылмау,  өзінің  және  отбасының  құпиясы  болуы,  ар 

намысы  мен  абыройын  қорғау  (18-бап);  өзінің  қай  ұлтқа,  қай  дінге 

жататынын анықтау және оны көрсетпеу, ана тілі мен шығармашылық тілін 


еркін таңдап алу (19-бап); заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен 

еркін ақпарат алу және тарату, т.б. құқықтар жатады.  

Соның  ішінде,  білім  алуға  құқықтылық  (30-бап).  Қазақстан 

Республикасында білім алудың бірнеше жолы бар. Біріншіден, азаматтардың 

мемлекеттік  оқу  орындарына  тегін  орта  білім  алуына  кепілдік  беріледі.  Ол 

дегеніміз  жасөспірім  балалардың  орта  білім  алуға  міндеттілігі.  Екіншіден, 

азаматтың  мемлекеттік  жоғары  оқу  орнында  конкурстық  негізде  тегін 

жоғары  білім  алуға  құқығы  бар.  Ал  жеке  меншік  оқу  орнында  ақылы  білім 

алу  заңмен  белгіленген  негіздермен  тәртіп  бойынша  жүзеге  асырылады. 

Қалай  болғанда  да  мемлекет  білім  берудің  жалпыға  міндетті  нормалырын 

белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі сол нормаларға сай болуы керек 

[5].  


Білім алу құқығын әлеуметтік және мәдени құқық ретінде қарастыруды 

жөн  көрдім.  Әлеуметтік  құқық  сияқты  білім  алу  құқығы да,  мемлекеттің  әр 

адамды  осы  құқықпен  қамтамасыз  ету  міндеті  болып  табылады.  Білім  алу 

құқығының  міндеті  әр  адамның  білім  алуының  мемлекеттік  кепілдіктер 

жүйесін  құруда.  Дегенмен,  білім  алу  құқығы  тек  мемлекетпен  берілетін 

әлеуметтік  кепілдіктермен  ғана  шектелмейді,  оның  айтарлықтай  мәдени 

маңыздылығы бар. Мәдени құқық ретінде білім алу құқығы  - әрі құқық, әрі 

бостандық  болып  саналады.  Мәдени  құқықтардың  ерекшелігі,  ол 

мемлекетпен  қамтамасыз  етілуге  тиісті  емес.  Бірақ,  мемлекет  оның  жүзеге 

асырылуына  еш  кедергі  жасамауы  қажет,  дегенмен,  мемлекет  пен 

азаматтардың мүддесінде бұл бостандыққа шектеу орнатуы тиіс. 

Әлеуметтік  тұрғыдан  қарастырғанда,  білім  алу  құқығы  –  бұл  білім 

саласындағы  адамның  заңды  міндеттері  мен бостандықтары,  сонымен қатар 

мемлекеттің әр адамның білім алу құқығын қамтамасыз ететін қарсы міндеті 

мен субъективті құқықтарын қамтитын әлеуметтік феномен.        

Қазақстан 

Республикасы 

тәуелсіздігін 

алғаннан 

бастап  білім 

қатынастарын  реттейтін  заңнамасы,  республиканың  басқа  заңнамалары 

сияқты,  даму  мен  қалыптасу  кезеңдерінен  өтті.  Білім  саласындағы 

заңнамасын  реформалаудың  бастапқы  кезеңі  Қазақстан  Республикасының 

1992  жылғы  «Білім  туралы»  және  1993  жылғы  «Жоғары  білім  туралы» 

Заңдарының  қабылдануымен  байланысты.  Бұл  кезеңде  білім  саласындағы 

кейбір  сұрақтар  бұрынғы  СССР  заңнамасымен  реттелгенін  атап  өту  қажет. 

Қоғамдық 

қатынастарының 

қарқынды 

жаңаруы 


мен 

нарықтық 

механизмдердің  енгізілуі  білім  саласындағы  қоғамдық  қатынастарды  реттеу 

жолдарының өзгеруін талап етті. Сонымен қатар, қолданыста болған заңнама 

1995  жылғы  Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  сәйкес  болуы 

қажет  еді.  Аталған  заңдарды  қолдану  тәжірибелерінің  жинақтауын  ескере 

отырып,  сонымен  қатар  Қазақстан  Республикасының  әлемдік  білім 

кеңістігіне қосылуының халықаралық міндеттерінен туындайын (1997 жылы 

Еуропалық  өңірдегі  жоғары  білімге  жататын  біліктіліктерді  тану  туралы 

Конвенциясын  ратификациялады;  ТМД  аясында  бірыңғай  білім  кеңістігін 

құру  және  оның  қызмет  етуі  туралы  келісімінен  бастау  алатын  белгілі 

міндеттер  және  т.б.)  1999  жылы  білім  қатынастары  заңнама  базасынының 



реформалау мен дамуының жаңа кезеңін ашқан, Қазақстан Республикасының 

«Білім туралы» Заңы әзірленіп, қабылданды.  

Қазақстан  Республикасы  «Бала  құқықтары  туралы»  Конвенциясын 

ратификациялаумен  байланысты  2002  жылы  «Бала  құқықтары  туралы» 

Қазақстан  Республикасының  Заңы  қабылданды.  Дүниежүзілік  бала 

құқықтарын  қорғауға  бағытталған  заңнама  базасын  дамыту  мақсатында 

Қазақстан  Республикасы  Парламентімен  «Отбасы  типтегі  ауылдар  мен 

жасөспірімдер  үйлері  туралы»,  «Мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды 

әлеуметтік және дәрігерлік-педагогикалық түзетуге жәрдем көрсету туралы» 

Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданды. 

Білім  саласындағы  қоғамдық  қатынастарды  реттейтін  жеке  нормалар 

Қазақстан  Республикасының  мынадай  заңнама  актілеріне  енгізілген:  «Білім 

туралы»,  «Неке  және  отбасы  туралы»,  «Жалпыға  бірдей  әскери  міндет  пен 

әскери  қызмет  туралы»,  «Қазақстан  Республикасындағы  мүгедектердің 

әлеуметтік қорғалуы туралы», «Қазақстан Республикасында ауыл, село және 

агроөнеркәсіп  кешенін  дамыту  артықшылықтары  туралы»,  «Дене 

шынықтыру және спорт туралы» Заңдары және басқалары. 

Қазақстан  Респуликасы  Президентінің  нормативтік  құқықтық  актілері 

білім  саласындағы  заңнама  жүйесінде  айтарлықтай  маңызды  рөл  атқарады. 

Қазақстан  Респуликасы  Президентінің  нұсқаулары  мен  өкімдермен  білім 

саласындағы  мемлекеттік  саясатын  анықтайтын  «Білім»  Мемлекеттік 

бағдарламасы;  Орта  білім  жүйесін  информатизациялау  бағдарламасы; 

Оқушы  жастарға  құқықтық  білім  беру,  этномәдени  білім  және  мемлекеттік 

жастар саясатының тұжырымдамалары сияқты құжаттар бектілді [6].  

Әлеуметтік-мәдени  даму  Комитетінің  төрайымы  Динар  Нукетаева, 

Мәжілісте өткен «Білім туралы Заңға тузетулер енгізу» атты Домалақ үстелде 

былай  деді:  ―Отандық  білім  беру  жүйесінің  алдында  тұрған  басты  міндет 

білім  беру  сапасын  халықаралық  деңгейге  көтеру,  сапасын  арттырып  отыр. 

Жас  ұрпақты  қалыптастырушы  жоғары  оқу  орындарына  талапты  заманның 

өзі  қояды.  XXІ  ғасыр  білімнің,  ақпараттың,  жаңа  технологияның  өрістеу 

ғасыры. Ендеше, мамандарға қойылатын заман талабы – кәсіби жоғары білім, 

түрлі  күрделі  жағдайлардан  шығып  кетудің  ойлы  жолын  таңдап  ала  білу. 

Осыған  байланысты  жоғары  оқу  орындары  алдындағы  міндет  тек  білім 

берумен ғана шектелмейді. Әрбір жас ұрпақ жоғарғы оқу орнының қабырға-

сынан ұлтжандылық, отансүйгіштік, тағы да басқа адами қасиеттерді бойына 

сіңіріп,  заман  талабына  сай  жұмыс  істей  білудің  әдістемесін  игеріп  шығуы 

қажет. 

Осыған орай, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 



Заңына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  мақсатында  ҚР  Үкіметі,  «Нұр 

Отан» ҰДП «Қазақстандық білімнің әлемдік стандарттарға жақындауы» атты 

бағдарламасын  іске  асыру  мақсатында  ұйымдастырылған  заң  жобасын 

қабылдады.  

Халықтың  білім  деңгейіне  мемлекеттің    мәдени,  әлеуметтік  - 

экономикалық  дамуын  ғана  емес,  сонымен  қатар  мемлекеттің  тәуелсіздігін 

сақтап қалу да тәуелді.  


2007 жылдың 7 шілде айында қабылданған Қазақстан Республикасының 

«Білім  туралы»  Заңы  білім  саласындағы  қоғамдық  қатынастарды  реттей 

отырып, 

Қазақстан 

Республикасы 

азаматтарының 

білім 

алуға 


конституциялық құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етеді. Бұл Заң ұлттық 

және  жалпы  адамдық  құндылықтар,  ғылым  мен  тәжірибедегі  жетістіктер 

негізінде  тұлғаның  кәсіби  қалыптасуы,  дамуына  қажетті  жағдайларды 

жасаудың құқықтық негізін қалады.  

Қазіргі таңда қоғамның экономикалық, саяси және мәдени бағыттардағы 

үдемелі  даму  «Білім  туралы»  Заңға  тиісті  түзетулер  енгізу  қажеттілігін 

туғызады.  Осыған  орай,  ұсынылған  заң  жобасының  оң  жақтарын  атап  өту 

қажет: «Тұңғыш Президенттің 20 интеллектуалды мектептері» атты жобасын 

жүзеге  асыру  мақсатында  құқықтық  базаны  бекіту;  білім  алушылардың 

мемлекеттік шәкіртақысы мөлшері мен оған қосылатын үстемелерді бекітетін 

сұрақтарды,  мемлекеттік  білім  беру  мекемелерінің  жұмыстағы  жоғары 

көрсеткіштері үшін ие болған гранттарын қолдану тәртіптері, сонымен қатар 

білім алу үшін әлеуметтік көмек алатын азаматтар санатының тізімін бекітуді 

реттейтін жеке нормаларын енгізу‖ [7].  

Қорыта  келгенде,  адамның  білім  алу  құқығы  табиғи  құқық  болып 

табылады.  Әр  бір  адам  азаматтығына  қарамастан  бұл  құқықтарын  еш 

кедергісіз  жүзеге  асыруға  құқылы.  Ал,  мемлекет,  өз  тарапынан  барлық 

адамдарға  бұл  құқықтарын  жүзеге  асыруға  тиісті  жағдайлар  жасауы  тиіс. 

Дегенмен,  өз  мүддесі  мен  азаматтардың  да  мүддесінде  кейбір  шекетулер 

жасауы қажет. 

Жаңа  замандағы  әлеуметтік-эконмикалық  және  техникалық  қайта 

жаңарулар  оңай  емес  міндеттерді  алға  қояды,  олардың  көбісі  білім 

институтын  қалыптастырумен  байланысты.  Осыған  орай,  қазіргі  заманғы 

қоғамдық  дамудағы  білім,  бүкіл  мемлекеттің  және  әрбір  адамның 

бәсекелесуге  қабілеттігін  арттырудың  негізгі  құралдарының  бірі  болып 

табылады.  

Ұлттық  білім  беру  жүйелері  дүниежүзілік  білім  кеңістігіне 

ықпалдаусыз дами алмайды.  

Қазақстан  білімге  негізделген  қоғамды  құрудағы  ең  тиімді  әлемдік 

тәжірибелерді өз білім жүйесінде қолдануда. 

Елбасымыз Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, білім реформасы  

«мемлекетіміздің әрбір азаматы, тиісті білім және біліктілікті алғаннан кейін, 

әлемнің  кез  келген  мемлекеттерінде  талап  етілетін  маман  бола  алатындай» 

деңгейге жетуі тиіс [8]. 

Қазақстан  Республикасын  әлемдік  қоғамдастық  нарықтық  экономикалы 

мемлекет  ретінде  таныды.  Тәуелсіздігінің  қысқа  тарихи  кезеңінде  еліміз 

әлемдік  қоғамдастыққа  ықпалдаса  отырып,  эконмикада  айтарлықтай  өсуге 

қол жеткізді. 

Осы орайда, қоғамдық даму деңгейiнiң, елдiң экономикалық қуаты  мен 

ұлттық  қауiпсiздігiнiң  өлшемдерi  ретiнде  бiлiм  беру  жүйесiнiң,  адам 

ресурстарының  рөлi  мен  маңызы  арта  түседi.  Қоғамдық  қатынастар 

жүйесiндегi өзгерiстер бiлiм беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнiң 



болмысына  барабар  әрекет  етудi  және  экономиканың  даму  қажеттiктерiне 

сай болуды талап ете отырып әсерiн тигiзедi. 



 

Пайдаланылған әдебиетер: 

1.

 



Корельский В.М.  Перевалова В.Д.  «Теория государства и права».   М.,  1998.   

2.

 



Лукашева Е.А.   «Общая  теория  прав  человека».   М.,   1996. 

3.

 



Джеферсон   Т.   «О демократии».   СПб.   1992.   

4.

 



Булгакова Д.А. «Мемлекет және құқық теориясы». Оқу құралы. – Алматы: Заң 

әдебиеті, 2004.  

5.

 

2007 жылғы Қазақстан Республикасыныңы Конституциясы.  



6.

 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  минисрлігінің  ресми  сайт 



материалдары. 

www.edu.kz

  

7.

 



Поправки  в  Закон  об  Образовании  –  круглый  стол  в  мажилисе.  Цель  – 

реализация  програмной  установки  НДП  «Нур  Отан»  -  «Приближение 

казахстанского  образования  к  мировым  стандартам». 

www.parlament.kz

  ресми 

сайтының материалдары. 

8.

 

Выступление  Министра  образования  и  науки  Республики  Казахстан 



Ж.К.Туймебаева  на  тему:  «Цели  высшего  образования  Республики Казахстана 

на  пути  к  Болонскому  процессу»  5  февраля    2009  г.,  Алматы  КазНУ  им.  Аль-



Фараби 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет