Интернеттегі ойды еркін білдіру
құқығы: еуропалық стандарттар
Автор:
2
КІРІСПЕ
Интернеттің пайда болуы қоғамдық қатынас пен пікірталастар үшін жаңа
мүмкіндіктерді беріп, көптеген медиа-платформалардың құрылуына септігін
тигізді. Сонымен қатар, бұл желілік журналистиканың туындауы мен тәуелсіз
БАҚ жарияланымдары үшін кеңістіктің пайда болуына әкелді.
Дегенмен, ЮНЕСКО-ның жақында жарияланған «БАҚ дамуы және сөз
бостандығының әлемдік үрдісі»
i
,
есебінде, Интернет мүмкіндіктермен қоса
көптеген мәселелерді де туындатады делінген. Олар:
•
БАҚ-тың дәстүрлі ұйымдық және экономикалық құрылымдарымен;
•
нормативтік-құқықтық базамен;
•
журналистердің тәжірибелік жұмыстарымен;
•
БАҚ-тың өндірістік және тұтынушылық дағдысымен байланысты.
Интернеттің пайда болуымен туындаған барлық мәселелердің шешімімен
азаматтық қоғам ұйымдары және бұқаралық ақпарат құралдары, компаниялар,
үкіметтің айналысулары шарт.
Бұл құралда Интернеттің дәстүрлі медиалық экожүйелерге әсері және жетекші
БАҚ, журналистер мен блоггерлердің
1
, азаматтық журналистердің
2
, интернет-
журналистердің
3
және интернет-БАҚ-тың
4
кездесуі мүмкін жаңа мәселелерін
шешу жолдары ұсынылады. Бұл барлық мәселелер адам құқығы және оны іске
асыру, соның ішінде – сөз бостандығы тұрғысы.
Автор барлық шешімдер халықаралық құқықпен кепілденген, соның ішінде,
адам құқығының Жалпылама декларациясы мен Азаматтық және саяси
1
Оксфордтық ағылшын сөздігі «жеке немесе заңды тұлға ретіндегі «блоггерлерді» (мысалы,
блоггер азаматтық қоғам ұйымы болуы мүмкін), «вебсайттарды үнемі жаңартып отыратын-
«блогтарды» қолдауды қамтамасыз ететін бейне және аудио өнімдері, фотографиялар,
сынақтама материалдары көмегімен анықтайды. Блогтар Интернетте ақпаратты қандай да
болмасын делдалдар тарапынан алдын – ала қатысуы немесе редакциялауынсыз, мысалы, газет
редакторларының өздерінің жариялауларына мүмкіндік береді.
2
Азаматтық журналистер – бұлар, жай журналистердің мұндай ақпаратқа қол жетімділігі жоқ
болған жағдайда, қоғамдық қызығушылықты тудыратын (әскери қақтығыстар немесе азаматтық
көтерілістер сияқты) мәселелер жайлы ақпараттарды жариялаушы адамдар. Олар адамдар
қақтығысы немесе стихиялық апаттар салдарынан орын алған адамдардың құқығын бұзушылық
болмаса адамдардың жапа шегушіліктері жайлы хабарлайды.
3
Интернет журналистер - онлайн БАҚ-та жұмыс атқарушы дәстүрлі журналистер. Олар және
де Интернет желісінен бөлек ресми БАҚ-та жұмыс істеуші, бұрынғы этникалық қағидаттарды
сақтаушы және бұрынғы құқықтық қағидаттардың субъектілері болып табылады.
4
Онлайн БАҚ – бұл, белгілі бір баға төлемінде болмаса ақысыз болуына қатыссыз, музыкалық
және бейне, фотоматериалдарды қоса алғандағы, Интернет арқылы таратылатын бұқаралық
ақпарат құралдары.
3
құқықтар туралы Халықаралық пактысының (АСҚХП)19-Бабындағы сенімдер
мен ойларды білдіру еркіндігі құқығын көтермелеп және қорғап, құрметтеуі тиіс
деген ұстанымға сүйенеді.
Интернеттің пайда болуы сенім мен ойды еркін білдірудің халықаралық
құқығы мәртебесін өзгерткен жоқ. Бүкіл әлем бойынша адам құқығының бар
түрін қорғау мен жылжытуға жауапты БҰҰ құрылымы болып табылатын, адам
құқығы бойынша БҰҰ кеңесі, «адамдардың оффлайн режиміндегі құқықтары,
соның ішінде, саяси және азаматтық құқық туралы Халықаралық пактыдағы
және адам құқығы Жалпылама декларациясының 19-Бабына сәйкес, кез келген
жолмен, мемлекеттік шекараларға тәуелсіз іске асырылуы тиіс сенім мен ойдың
еркіндігі құқығын растады».
ii
Халықаралық деңгейдегі сөз еркіндігі стандарттарын сақтау бейілділігіне
қарамастан, мемлекет әдеттегідей Интернеттің пайда болуынан туындаған
мәселелерді шешуді қарастыру барысында сенімділік пен ойды білдіру
еркіндігінің құқығын ұмытып кетеді. Үкімет кейбір жағдайларда сөз
еркіндігінің белгілі бір түрін қылмыстандыру және күрделі технологиялар
арқылы оның қолданылуын бақылап немесе Интернетке қол жетімділікті
шектеу үшін, өзгертілген коммуникациялық ортадан өз пайдасын көреді.
Жаһандық Интернет-компаниялардың біздің интернет-трафикті қалай қоланып
және ақпараттарды қалай пайдаланып жатқанымызды анықтай алатындықтары,
үрей тудырады. Шындығында, олар біздің нені көріп, нені оқитынымызға ықпал
етеді.
БАҚ саласындағы заңнама және саясаттарға байланысты жаңа мәселелерге
бағдар жасай отырып сенім мен ойды еркін білдіру тұрғысынан бұл құжат, осы
құқықты шектеуді төмендетіп және сөз еркіндігі құқығын іске асыру
потенциалын қалай ұлғайту керек деген ұғымды қамтамасыз етуге арналған.
Осы басылымда қаралған негізгі мәселелер: Интернеттегі сенім мен ойды
білдіру еркіндігі құқығына нелер кіреді? Журналистер мен блогерлер
арасындағы айырмашылықтар қандай? Интернетте аноним құқығы бар ма?
Блогерлер мен интернет-БАҚ-ты қалай реттеуге болады? Блогерлердің
міндеттері мен құқықтары қандай? Интернетте ой еркіндігін білдірудің шегі
қаншалықты? Балаларды қорғауды қалай қамтамасыз етуге болады? Теңдік пен
беделге, жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығы сынды міндеттер мен басқа да
тиісті құқықтар және ойды білдіру еркіндігі құқығы арасындағы теңгерім
мәнісі
неде?
Интернеттегі
материалдардың
мазмұнынан
туындаған
бұзушылықтарға жауапкершілікті кім атқарады? Блогерлер мен интернет-БАҚ
үшінші жақ тұлғаның осындай блогерлер мен БАҚ-тың веб-сайттарында жазған
пікірлеріне жауапкершілік алулары тиіс пе?
Бұл интернет-БАҚ, блогерлер және басқа да бүгінгі таңда БАҚ-тың кездесетін
дилеммаларына қызығушылық танытатындарға арналған көрнекі құрал.
Мақсатты аудиторияның оқуына ыңғайлы болуы үшін, көрнекі құралда сот
дәйексөздері және құқықтық нормаларға сілтемелер мақсатты түрде минимумға
келтіріліп, ал түсіндірмелердің орнына соңында ескертпелер кіргізілді. Негізгі
мәселелерді түсінуге жеңілірек болу үшін, көрнекі құрал мәтіні сұрақ және
жауап форматында беріліп отыр.Көрнекі құралда Интернетте ойды білдіру
еркіндігі құқығын іске асыру мәселелері сипатталып және Интернеттегі ой
4
еркіндігі құқығының шектері мен деңгейіне қатысты негізгі сұрақтарға жауап
іздеу барысында есепке алынуы тиіс саяси және құқықтық түсініктер
келтірілген. Құжатта Интернеттегі сөз еркіндігінің халықаралық стандарттары
баса айтылып және Еуропадағы бұқаралық ақпарат құралдары мен
журналистердің, БАҚ-ты реттеуші органдардың, үкіметтің Интернеттегі ойды
білдіру еркіндігі құқығын қалай қорғағандары көрсетілген.
Бірінші тарауда онлайн-мәнмәтін түріндегі құқықтың негізгі элементтері
келтірілген, ал екіншісінде интернет-БАҚ және азаматтық журналистер,
блогерлер ойларын білдіру еркіндігіне құқықты шектеуге мән берілген.
Интернетте блогерлер мен интернет-журналистердің ой еркіндіктерін реттеу
тәртібі 3-тарауда жазылған. 4-тарау Интернеттегі дыбыс-бейне және мәтіндік
контентті реттеуді қарастырады. 5-тарау Интернетте ой еркіндігін шектеу
ерекшелігін: онлайн диффармациясын, агрессияшыл пікірді, Инернетте
балаларды қорғау, құпиялықты сақтау және қарақшылықтан сақтауды
түсіндіреді. 5-тарау сенім және ой еркіндігі мен әлеуметтік медиа; блогерлер
мен интернет –БАҚ пікірлеріне жауапкершілік, контентті шектеу мен жою,
мониторинг; домендік атауды реттеу және алу, интернет-БАҚ және блогерлерді
лицензиялау; Интернетке қол жетімділік сынды блогерлер мен азаматтық
журналистер, интернет-БАҚ жұмысына қатысты басқа да мәселелерді
анықтайды.
5
1 ТАРАУ
Блогерлер, азаматтық журналистер және интернет-журналистерінің
ойларын еркін білдіру құқықтары.
Инернеттегі ой еркіндігі дегеніміз не?
Интернетте еркін пікір білдіру халықаралық құқықпен берілген. Ойларды
білдіру еркіндігі құқығын кепілдендіретін, азаматтық және саяси құқықтар
туралы Халықаралық пактысының (АСҚХП)19-Бабы, мыныны айтады:
1) Әр адам еш кедергісіз өз пікірінде қалуына құқылы.
2) Әр адам өз ойын еркін жеткізуге құқылы; бұл құқыққа әр түрлі пікірлер мен
ақпараттарды мемлекеттік шекараларға тәуелсіз, ауызша, жазбаша немесе
баспасөз арқылы болмаса көркем түрде білдіру, одан басқа да жолдармен өз
еркінде іздеу, алу және тарату кіреді.
3) Осы баптың 2-тармағында қарастырылған құқықтарды қолдану ерекше
жауапкершілік пен міндеттерді жүктейді. Ол кейбір шектеулермен түйінделіп,
сонымен қатар заңмен бекітіліп және міндетті болып табылуы мүмкін:
a) өзге тұлғалар беделі және құқығын құрметтеу үшін;
б) халық құлықтылығы немесе денсаулығын, қоғамдық тәртіпті,
мемлекеттің қауіпсіздігін қорғау үшін.
АСҚХП жасалып және қабылданған сәтке дейін Интернеттің болмағанына
қарамастан, сенім еркіндігі және оны әлем бойынша қуаттау мәселесі бойынша
есеп және кеңес беруге, мониторингке, оқып білуге БҰҰ тағайындаған тәуелсіз
сарапшы болып табылатын, сенім еркіндігі және оны білдіру мәселесі бойынша
БҰҰ Арнайы баяндамашысы, «Пакт болашақта технологиялық талдамаларды
кіргізіп, сол арқылы ойды білдірудің еркіндігі құқығын адамдар іске асыра
алатындай мүмкіндіктері болады деген болжаммен жасалған» деген, сонымен
қатар, бұл Интернет сияқты жаңа коммуникациялық технологияларға тең
дәрежеде жарамды» деп көрсеткен
iii
.
АСҚХП-ны түсіндіру өкілеттілігі бар адам құқығы бойынша БҰҰ комитеті,
аталмыш көрнекі құралдың төмендегі сілтемесіндегі № 34
iv
жалпы
ережесіндегі өзінің Ескертпелеріндегі сенімдері мен ойларын еркін білдіру
құқықтарының элементтерін баяндаған.
Ой еркіндігі құқығына кімдер ие?
АСҚХП 19 бабына сәйкес, кез келген адам өз ойында еш кедергісіз қалуына
құқылы. Ойын еркін жеткізу құқығын іске асыруына, азаматтық, кәсіби немесе
басқа да дәрежесі еш маңызды емес. Сол себепті, блогерлер, азаматтық
журналистер, интернет-журналистер және интернет-БАҚ-та ойларын еркін
жеткізуге толықтай құқылы.
6
Ой еркіндігі құқығын қалай түсінеміз
?
Құқық білдірілген зиян келтірмейтін пікірлерді ғана емес, сонымен қоса,
«мемлекетті немесе қоғамның қандай да болмасын бөлігін мазалап және ұятқа
қалдырып, қорлайтын»
v
пікірлері немесе ақпараттарымен, «қатты қорлау»
vi
деп
қаралуы мүмкін білдірілген пікірлерді де қамтиды.
АСХҚП 19-бабына сәйкес, ойды еркін жеткізу құқығына кез келген онлайн
және офлайн ақпараттары, сонымен қатар мемлекет аумағында немесе шет
елдерде жасалған күнделікті және көркем, ғылыми ақпараттар кіреді. Бұл
интернет-БАҚ немесе ТД, баспалық БАҚ болсын, кез келген БАҚ түрлеріне
қатысты.
Ой еркіндігі құқығының мақсаты неде ?
Ойды еркін жеткізу құқығы адамдарды мемлекеттен, сонымен қатар сенім мен
ойды еркін білдіруді қамтамасыз етіп және қорғайтын, құрметтеуге тиісті
Интернет-провайдерлер
5
, бұқаралық ақпарат құралдары, БАҚ реттеушілері
және т.б. сияқты жеке тұлғалардан қорғауды қамтамасыз ету үшін халықаралық
заңнамалармен танылады.
Мемлекет халықаралық құқыққа сәйкес, ойды еркін жеткізу құқығын қорғаудың
негізгі жауапкершілігін атқарады
vii
.
Ой еркіндігі құқығы қандай элементтерден тұрады?
Ойды еркін білдіру құқығы келесі элементтерден тұрады:
Сендіру еркіндігі: Сендіру еркіндігі ойды білдіру еркіндігінен өзгешелеу, себебі
нақышты қоспайды. Өз сенімділігін ұстанып қалу, ешқандай шектеусіз болуы
тиіс
viii
. Әр адам сенімін өз қалауынша қай кезде және қандай себеппен өзгертсе
де өз еркінде. Барлық діни немесе моральді,тарихи, ғылыми, саяси сенім түрлері
қорғалған.
Ақпарат еркіндігі: Бұл еркіндікке ой-пікір мен ақпаратты тарату және алу,
сонымен қатар қоғамның ақпараттануы кіреді. Интернеттің арқасында ақпарат
еркіндігі шын мәнінде жаһандық болды, олай дейтініміз, Интернетке әлем
бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының кіруімен, жаһандық желіге қол
жетімділердің бәрі оған кіре алатын болды.
Интернетте веб-сайттарды құру, ақпарат жариялау және оны алу ақпарат
еркіндігі болып табылады
ix
. Интернетке және ақпараттар легіне мемлекет
немесе жеке тұлғалар тарапынан қойылған кез келген шектеу ақпарат
еркіндігіне араласу болып табылады.
Көркем пікір құқығы: АСҚХП 19-бабына сәйкес, пікір білдіру еркіндігі
құқығына оның сапасы мен бағасына тәуелсіз, «көркем пікір формасы
түріндегі» пікір кіреді. Көркем пікір басқа да ой-пікірлер түріндегідей деңгейде
қорғалады. Бұл әсіресе Интернетте маңызды, себебі әдеттегі көркем
5
Интернет-провайдер – бұл Интернетте қатысып немесе қолдану, қол жетімділік қызметін
ұсынатын ұйым. Неғұрлым көбірек тараған интернет- қызметтер түріне Интернетке қол
жетімділік, домендік аттарды тіркеу, веб-хостингтар кіреді.
7
форумдармен салыстырғанда, әркім Интернетте өз өнерімен оның сапасы
болмаса бағасына тәуелсіз бөлісе алады.
Өз ойын мәдени түрде білдіру еркіндігі: Өз ойын мәдени түрде білдіру, пікір
білдіру еркіндігінің бір бөлігі болып табылады
x
. Интернеттегі тілдердің әр
түрлілігі, өз ойын мәдени түрде білдірудің бір формасы болып табылады.
Адамдардың әр тілде электронды поштаның мекен-жайы мен домендік
атауларын жазу үшін әр түрлі алвафиттер мен рәміздер қолдану мүмкіндіктері
болуы керек.
Ғылым еркіндігі: Пікір білдіру еркінді құқығы оқыту, зерттеу және жариялау,
сонымен қатар ғылыми және академиялық жұмыстар жайлы ойды білдіруге
таралады. Интернет ғалымдар мен зерттеушілердің пікір алмасулары мен
ғылыми ақпараттарына қол жетімділік мүмкіндігін айтарлықтай ұлғайтады.
Анонимдік құқығы: Анонимдік ойды білдірудің еркіндігі құқығының бір бөлігі
болып табылады
xi
. Интернетті қолданушы адамдарға тіркелу шартын міндеттеу,
олардың ойларын еркін білдіру құқықтарына қайшы келеді. Бүркеншік ат
маңызды, себебі көптеген блогерлер мен журналистер әр түрлі себептерге
байланысты өз цензураларын қабылдайды.
Әшкерелеу құқығы: Бизнес болмаса үкіметтің есебіндегі кемшіліктерді қөрсетіп
- әшкерелеуге тиым салу – бұл ойды еркін білдіру құқығы еркіндігіне араласу
xii
деген сөз. Көптеген адамдар Интернетте ақпаратты жариялау жолымен теріс
пайдалануды анықтайды. Олардың бұл қылықтары қорғала ма әлде жоқ па, ол
құпия ақпараттардың жарияламай, тұрғындарды қорғаудың басқа жолдары
болғанда және сондай ақпараттың құпиялығын сақтауға мүдделі ақпаратты
жариялауға қоғам қызығушылығы басым түсіуіне байланысты болады.
Интернетке қол жетімділік құқығы: Әркім де құрылғыны өз қалауынша
қолданып, қызметтер мен қосымшаларға, интернет-контентке барынша қол
жеткізу мүмкіндігі болуы тиіс. Интернеттен егер соттың соңғы шара ретіндегі
шешімінен туындаған жағдайды есептемегенде, басқа кезде ешкім де өз
қалауынсыз ажыратылмауы тиіс.
xiii
БАҚ және журналистердің қандай құқықтары халықаралық құқықпен
кепілденген?
Пікір мен оны білдіру еркіндігін, сонымен қатар адамдардың басқа да
құқықтарын қамтамасыз ету үшін, кез келген ортада еркін және сыни
көзқарастағы БАҚ өкілдері басты рөл атқарады.
xiv
Еркін бұқаралық ақпарат
құралдары демократиялық қоғамның іргетасы болып саналады.
xv
БАҚ
ақпараттарды алу мүмкіндігіне ие болып, сол арқылы мемлекеттік мәселелерді
шектеусіз және цензурасыз мәлімдеп, қоғамды ақпараттандырып және өз
міндетін орындау мүмкіндіктеріне ие болулары тиіс.
Ойды еркін білдіру құқығы бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндік кепілі.
Ол мемлекет үшін Интернетті қоса алғанда, журналистік қызметті қорғау және
құрметтеу міндеттерін белгілейді. Ол міндеттерге кіретіндер:
1.
Журналистер үшін Интернетте ойды еркін білдіру құқығын тиімді
қорғау үшін нормативті-құқықтық базаны қабылдау міндеттері:
8
Ойды еркін жеткізу еркіндігі құқығын түсіндіре отырып, Еуропалық адам
құқығы бойынша соты (ЕАҚС), қоғамдық бақылаудың өзіндік маңызды
міндетін баспасөз Интернеттен алған ақпараттарды қолдануды реттеуші
қажетті ішкі ережелерді қабылдамай, іске асыра алмайды деп қаулы етті.
xvi
2.
Журналистердің
онлайн-журналистика
контекстіндегі
жауапкершілігінің шектеулері: Ешкім де, тек ондай тұлға контентті өз
бетімен орналастырып, немесе мәтінді жою керек деген сот шешіміне
көнуден бас тартқан жағдайдағы автор болмаса, Интернеттегі
материалдардың мазмұны үшін жауапкершілік атқармайды.
xvii
3.
Журналистерді озбырлықтан қорғау: халықаралық құқыққа сәйкес
мемлекет журналистерге шабуыл жасауға жол бермеуге міндетті. Бұл
міндеттемеге мемлекеттің журналистерге жасалған шабуылды жедел
тексеріп, қылмыскерлердің ізіне түсіп және оларды жазалау, сонымен
қоса өзге тұлғалардың қылмыстық әрекеттері салдарынан өмірлері қауіп
үстінде түрған журналистерді қорғау үшін алдын-ала шара қолдану
кіреді.
xviii
4.
Журналистердің өз дереккөздерін ашпау құқықтарын қамтамасыз ету
және
қабылдау:
Дереккөздері
қорғалмаса,
БАҚ-қа
қоғамдық
қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша оларды ақпараттандыруға
көмектен бас тартулары мүмкін. Нәтижесінде баспасөз қоғамдық
бақылаудағы өзінің өмірлік маңызды рөлін атқара алмайды.
xix
5.
Журналистердің мемлекеттік органдардың мәжілістеріне қатысу
құқығын қамтамасыз ету және қабылдау: Журналистерге қоғамдық
бақылаудағы маңызды рөлін орындап, саяси оқиғалар желісін дұрыс
жеткізіп, парламент және басқа да мемлекеттік органдардың
отырыстарына қатыса алулары үшін оларға үкіметтік ғимараттарға нақты
кіру рұқсаты қамтамасыз етілуі тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдарының
мемлекеттік органдар отырысына кірулеріне қойылған кез келген
шектеулер БАҚ-тың пікірін еркін жеткізу құқығын шектеу болып
табылады. Тіркеуді беруден бас тарту орынды және әділ өлшемге
негізделіп, ал үрдіс айқын болуы шарт. Өлшем қажеттігіне және
үйлесімділігіне қарай қолданылуы тиіс.
xx
6.
Журналистердің
өз
мандықтарын
лицензиясыз
тәжірибелей
алатындықтарының, дәлелі: БАҚ-та жұмыс жасағысы келетін тұлғалар,
кәсіби ұйымдардағы жұмысы өз қызметінің басталуына дейін ресми
рұқсат алуға міндетті емес.
xxi
Блогерлер, азаматтық журналистер және Интернет-журналистер
әдеттегі журналистердің құқықтарындай құқыққа ие ме?
Блогерлер, азаматтық журналистер және Интернет-БАҚ журналистері дәстүрлі
журналистердегідей қорғауға үміткер болулары тиіс.Ұлттық заңнама олардың
қорғалу құқығына өлшем мен жағдайды анықтауы қажет.
Еуропа Кеңесі Интернет-БАҚ-тың блогерлер, азаматтық журналистер және
басқа да қатысушыларын қосқандағы, БАҚ-тың жаңа анықтауын қабылдауды
ұсынады. Соңғылары егер олардың өлшеміне сай келсе, әдеттегі
9
журналистердегідей қорғауға ие болу құқықтары бар. Бұл өлшемдерге қоғаммен
жұмыс жасау және қоғам үмітін ақтау, кәсіби стандарттар немесе редакциялық
бақылаумен, бұқаралық ақпарат құралдары мақсатымен, бұқаралық ақпарат
құралдары ретінде жұмыс жасағысы келетін, Интернет-БАҚ журналистері мен
азаматтық журналистер, блогерлердің мақсаттары кіреді.
xxii
Интернет-журналистер және азаматтық журналистер, блогерлердің басқа да
құқықтары.
Онлайн-журналистер және азаматтық журналистер, блогерлер, адам құқығы
саласындағы халықаралық құқықпен кепілденген адамдар құқығына ие:
1.
Мәжіліс, қауымдастық және оларға қатысу құқығы: бұл және басқа да
құқықтар саяси және азаматтық құқық туралы Халықаралық пактінің 21,
22, 25-баптарымен кепілденген. Әр адам отырыстар мен әлеуметтік
топтарға қатысып және мобилизациялау, қосылу, жасау мақсатында, веб-
сайт, қосымша немесе басқа да қызметтерге, сонымен қатар Интернетте
бейбіт наразылық құқығын таңдау еркіндігіне құқылы. Және де, әр адам
онлайн-петиция қолтаңбасында және заңнамалық бастамаларда,
жергілікті, ұлттық және жаһандық дебаттарда қатысу үшін Интернет-
құралдарын қолжетімді қолдану еркіндігіне құқығы бар.
xxiii
2.
Мәліметтердің құпиялығы және қорғалуы: бұл құқық саяси және
азаматтық құқық туралы Халықаралық пактінің 17- бабымен кепілденеді.
Интернеттегі отбасылық және жеке бас өмір құқығына сіздің
хабарламаларыңыздың құпиялығын құрметтеу және дербес мәліметтерді
қорғау кіреді.
xxiv
3.
Оқу мен білімділік құқығы: мәдениет және экономикалық, әлеуметтік
құқықтар туралы Халықаралық пактінің 13-бабымен кепілденген.
Интернет контекстінде бұл құқық әр адам ресми тілде онлайн-оқуға қол
жетімділігі болуы қажет дегенді білдіреді. Әр адам Интернетте өз
еркіндігі мен құқығын іске асыру үшін, оқу мен сандық білім алуға
мүмкіндіктері болуы қажет.
xxv
4.
Өздерінің еркіндіктері мен құқықтары бұзылған жағдайдағы құқық
қорғаудың тиімді құралдарына құқығы: Саяси және азаматтық құқық
туралы Халықаралық пактісінің 2-бабына сәйкес, адам құқығы бұзылған
жағдайда мемлекет құқық қорғаудың тиімді құралдарын қамтамасыз етуі
тиіс. Бұл құқық Интернет мәнмәтінінде Интернет-провайдерлары
өздерінде бар барлық мүмкіндіктер мен құқықтардың бәрінен хабардар
етіп, сонымен қатар оларды қалай алу керектігін білдіреді. Қосымша
ақпарат және ұсыныстармен адам құқығы бойынша мемлекеттік
органдар және ұлттық мекемелер қамтамасыз етулері тиіс. Жергілікті
билік Интернет желісін қолдану болмаса Интернетте жасалған
қылмыстық әрекеттердің барлығынан қорғаулары тиіс.
xxvi
Достарыңызбен бөлісу: |