Адам құқықтары мен демократия саласында ео стратегиялық шеңберлері



Pdf көрінісі
Дата22.12.2016
өлшемі106,39 Kb.
#294



Адам

 құқықтары мен демократия саласында ЕО Стратегиялық шеңберлері 

 

I. 



ЕО

 саясатындағы адам құқықтары  

 

1. 



Еуропалық  Одақ  жалпыға  бірдей  бейбітшілікке  жəне  адам  құқықтарын, 

демократия    мен  заң  үстемділігін  сақтау  қағидаттарына  негізделген  бейбітшілік  құру 

үшін тұрақтылыққа көмектесуге жалпы бел байлауға негізденеді.  Еуропалық Одақтың 

ішкі жəне сыртқы саясатының  барлық аспектілері осы қағидаттарға негізделеді.  

 

2. 


Адам  құқықтары  –  əмбебап  қолданылатын  құқықтық  нормалар.  Демократия  – 

жалпыға  бірдей  ұмтылыс.  Дүниежүзі  бойынша  барлық  əйелдер  мен  еркектер  адам 

құқықтары  мен  заң  үстемділігіне  негізделген  ашық,  демократиялық  қоғамда  еркін, 

лайықты  жəне  қауіпсіз  өмір  сүруді  талап  етеді.  Орнықты  бейбітшілік,  тұрақты  даму 

мен өркендеу, егер олар  адам құқықтарын, демократия  мен заң үстемділігін сақтауға 

негізденетін болса ғана мүмкін. 

 

3. 


Бірақ  адам  құқықтары  мен  демократияны  сақтауды  тиісті  ретінде  қабылдауға 

болмайды.  Мəдени  айырмашылықтар  олардың  əмбебап  табиғатына  күмəн  туғызады. 

Қазіргі  ақпараттық  технологиялар  мен  коммуникациялар,  адамдар  арасында 

ақпараттың  еркін  ауысуына  ықпал  ете  отырып,  сонымен  қатар  авторитарлық 

мемлекеттердің мəжбүрлеу күштерін едəуір ұлғайтты.  

 

4. 



ЕО  барлық  проблемаларды  жете  түсінеді  жəне  барлығы  жəне  əр  қайсысы  үшін 

адам  құқықтарын  іске  асыруды  қамтамасыз  ету  бойынша  өз  күш  салуын  көбейтуге 

ниеттенеді.  ЕО  бүкіл  əлемде  бостандыққа,  демократия  мен  адам  құқықтарын  қорғауға 

шығатын белсенділерді барлық күшімен қолдауды жалғастырады.   

 

II. 

Адам

 құқықтарының əмбебаптығын жылжыту  

 

5. 



ЕО  азаматтық  жəне  саяси,  экономикалық,  əлеуметтік  жəне  мəдени  құқықтарды 

қоса,  адам  құқықтарын  жылжытуға  жəне  қорғауға  өз  бейілділігін  қайтадан  растайды. 

ЕО    барлық  Мемлекеттерді  Адам  құқықтарының  жалпыға  бірдей  декларациясының 

ережелерін  жүзеге  асыруға,  сондай-ақ  еңбекшілер  құқықтары  жөніндегі  негізгі 

конвенцияларды,  сондай-ақ  адам  құқықтары  жөніндегі  өңірлік  аспаптарды  қоса,  адам 


құқықтары  саласындағы    негізгі  халықаралық  шарттарды  ратификациялауға  жəне 

сақтауға шақырады. ЕО адам құқықтары əмбебаптығын мойындауға зиян келтірудің кез 

келген əрекеттеріне қарсы шығады.   

6.  «Адам  құқықтары  мен  демократия  ЕО  сыртқы  қызметінің  ортасында:  тиімдірек 

тəсілге  жолда»  Еуропалық  Комиссияның  жəне  ЕО  шетелдік  істер  жəне  қауіпсіздік 

саясаты жөніндегі Жоғарғы Өкілінің Бірлескен Хабарламасы, - осы мақсаттарды оның 

сыртқы  қызметі  аясында  жылжыту  үшін  адам  құқықтары  саласында  ЕО  стратегиясын 

дамытуға үміт күткен үлес.  

 

III. 

Дəйекті

 мақсаттарға жету  

 

7. 



Еуропалық  Одақ  туралы  шарттың  21-бабы  өзінің  сыртқы  қызметінің  барлық 

спектрі  арқылы  адам  құқықтары  мен  демократияның  таралуына    көмектесуге  ЕО  бел 

буғандығын  тағы  бір  рет  дəлелдеді.  ЕО  Негізгі  құқықтар  туралы  хартиясының  заң 

күшіне  енуі  жəне  Адам  құқықтары  туралы  Еуропалық  конвенцияға  қосылу  арқылы 

Еуропалық  Одақтың  Адам  құқықтары  туралы  Еуропалық  соттың  юрисдикциясын 

қабылдау  келешегі  ЕО-ның  барлық  салаларда  адам  құқықтарын  қорғау  ісіне  шынайы 

берілгендігін  көрсетеді.  Өзінің  меншікті  шекаралары  шегінде  Еуропалық  Одақ  пен 

мүше-мемлекеттер  адам  құқықтарын  сақтауды  қамтамасыз  ету  саласында  үлгі 

көрсетуге  бейілді.  Шекаралардан  тыс  жерлерде  адам  құқықтары  мен  демократияның 

таралуына  көмектесу  жəне  оларды  қорғау  –  ЕО  мен  мүше-мемлекеттердің  бірлескен 

жауапкершілігі. 

 

8. 



ЕО барлық дүниежүзінде адам құқықтарының бұзылуын болдырмауға тырысады, 

ал  олар  бұзылған  жағдайда  сот  əділдігіне  қол  жеткізуді,  зиян  шеккендерге  зиянын 

өтеуді жəне кінəлілерді жауапқа тартуды қамтамасыз етуге тырысады. Осы мақсаттарда 

Еуропалық  Одақ  адам  құқықтарын,  демократияны  жəне  өзінің  сыртқы  қызметінің 

барлық  аспектілерінде  заң  үстемдігін  жылжыту  жөніндегі  өзінің  күш  салуын 

жандандыруға  ниетті.  ЕО  адам  құқықтарын  бұзуға  əкеліп  соғуы  мүмкін 

дағдарыстардың  ертерек  алдын  алу  жəне  болдырмау  мүмкіндіктері  мен  тетіктерін 

нығайтады. ЕО əріптес-елдермен, халықаралық ұйымдармен жəне азаматтық қоғаммен 

өз ынтымақтастығын тереңдетеді, өзгеріп отыратын жағдайларға бейімделу үшін жаңа 

əріптестіктер құратын болады. ЕО барлық əлемдегі өзінің əріптестерімен демократияны 

қолдау  үшін,  атап  айтқанда  шынайы  жəне  сенім  артуға  болатын  электоралды 


үдерістерді,  сондай-ақ  азаматтарға  қызмет  ететін  репрезентативті  жəне  ашық 

демократиялық институттар əзірлеу үшін өз жұмысын күшейтеді.  

 

IV. 



ЕО

 сыртқы қызметінің барлық стратегияларындағы адам құқықтары  

 

9. 



ЕО  адам  құқықтарының  өзінің  сыртқы  қызметінің  бірі  қалмастан,  барлық 

салаларында  қолданылуына  ықпал  етеді.  Атап  айтқанда,  адам  құқықтарының 

қолданылуына 

ықпал 


ету 

ЕО 


сауда, 

инвестициялар, 

технологиялар 

мен 


телекоммуникациялар,  Интернет,  энергетика,  қоршаған  орта,  бизнес  пен  дамудың 

əлеуметтік  жауапкершілігі  саласындағы,  сондай-ақ  Жалпы  қауіпсіздік  пен  қорғаныс 

саясатына,  əлеуметтік  саясат  пен  қорғаныстың  сыртқы  өлшеміне,  терроризммен  күрес 

жөніндегі  саясатты  қоса,  бостандық,  қауіпсіздік  пен  сот  əділдігі  саясатына 

ықпалдасатын  болады.  Ынтымақтастық  аясында  дамыту  мақсатында,  адам  құқықтары 

саласында  əріптес-елдерге  олардың  халықаралық  міндеттемелерін  іске  асыруға 

көмектесуге  ЕО  айтарлықтай  күш  салуын  қамтамасыз  ету  үшін  адам  құқықтарына 

негізделген  тəсіл пайдаланылатын болады.  

 

V. 

Адам

  құқықтары саласында ЕО басымдықтарын іске асыру  

 

10. 



ЕО  Интернет  желісінде  сияқты,  сондай-ақ  одан  тыс  жерде  сөйлеу,  пікір  айту, 

жиналу жəне бірігу бостандығын қолдануға ықпал етуді жалғастырады; демократия бұл 

құқықтарсыз өмір сүре алмайды. Сонымен қатар ЕО дін жəне дін тұту бостандығының 

таралуына, балалардың, азшылық өкілдерінің, байырғы тұрғындардың, босқындардың, 

мигранттардың  жəне  мүмкіндіктері  шектеулі  адамдардың  құқықтарын  қорғауға 

көмектеседі жəне нəсіл белгісі, этникалық тиістілігі, жасы, жынысы  немесе  сексуалды 

бағдарлануы  бойынша  кез  келген  байқалған  кемсіту  түрлерімен  күресетін  болады.  ЕО 

кемсітетін  заңнамамен,  гендерлік  зорлықпен  жəне  əлеуметтік  оқшаулаумен  күресу 

арқылы  əйелдер  үшін  барлық  салаларда  құқығы  мен  мүмкіндіктерін  кеңейту 

кампаниясын  жалғастырады.  ЕО  экономикалық,  əлеуметтік  жəне  мəдени  құқықтарды 

тарату  жөніндегі  өз  күш  салуын  нығайтады;  ЕО    негізгі  қызметтерге  жалпыға  бірдей 

жəне тең құқылы қолжетімдікті қамтамасыз ету жөніндегі күш салуын, бұл ретте кедей 

жəне осал топтарға еркше назар аудара отырып, нығайтады. ЕО БҰҰ бизнес жəне адам 

құқықтары  саласындағы  жетекші  қағидаттарды  іске  асыруды  қолдайды  жəне  ықпал 

етеді.  


 

11. 



 Өлім  жазасы  мен  азаптаулар  адам  құқықтарын  қатал  бұзу  жəне  адамның 

абыройын қорлау болып табылады. Бүкіл дүниежүзі бойынша өлім жазасын жоюға өсіп 

келе  жатқан  қозғалыспен  жігерленген  ЕО  өлім  жазасына  қарсы  өзінің  ұзақ  мерзімді 

кампаниясын жалғастырады. ЕО азаптауларға жəне қатыгез, адамгершілікке жатпайтын 

əрі адамның абыройын қорлайтын əрекетерге қарсы шығуды жалғастырады. 

 

12. 



Əділ  жəне  күн  ілгері  кесіп-пішілмеген  сот  əділдігі  жүйесі  адам  құқықтарын 

қорғау үшін қажет. ЕО  соттың істі адал қарауына жəне заң алдындағы теңдік құқығын 

жылжытуға өз күшін ұлғайтады. ЕО халықаралық гуманитарлық құқықтың сақталуына 

көмектесуді жалғастырады; ЕО халықаралық бірлестіктің алаңдаушылығын туғызатын, 

қарулы қақтығыстармен байланысты сексуалдық зорлықты қоса, қатаң қылмыстардың 

жазасыздығына қарсы, Халықаралық қылмыстық сотқа өзінің бейілділігі арқылы батыл 

күреседі. 

 

13.  



Бүкіл əлем бойынша адам құқықтарына күресетін батыл адамдар,  жиі жəбірлеу 

жəне  мəжбірлеу  құрбандары  болады;  ЕО  құқық  қорғаушыларға  өзінің  саяси  жəне 

қаржылық  қолдауын  жандандыруға  жəне  кез  келген  жазалау  шараларына  қарсы 

қолданылатын  күшті  нығайтуға  ниеттенеді.  Қайратты  жəне  тəуелсіз  азаматтық  қоғам 

демократия  қызмет  істеу  жəне  адам  құқықтарын  іске  асыру  үшін  қажет;  азаматтық 

қоғаммен  тиімді  жұмыс  –  адам  құқықтары  саласындағы  табысты  саясаттың  негізгі 

идеясы.  ЕО  ішінде  сияқты,  сондай-ақ  оның  шегінен  тыс  азаматтық  қоғаммен  өзінің 

жүйелі  диалогын  ЕО  жоғары  бағалайды  жəне  кейбір  елдерде  азаматтық  қоғамның 

тəуелсіздігін  шектеу  үшін  қабылданатын  əрекеттер  оның  алаңдаушылығын  туғызады.  

Азаматтық  қоғамның  жетекші  доноры  бола  тұрып,  ЕО    құқық  қорғаушыларды 

Демократия  жəне  адам  құқықтары  саласындағы  Еуропалық  Аспап  шеңберінде 

қолдауды жалғастырады жəне қаржыландыруды икемдірек əрі қолжетімді етеді.  

 

VI 

Екі

 жақты негізде əріптестермен жұмыс жасау  

14. 


ЕО  адам  құқықтарын  өзінің  стратегиялық  əріптестерін  қоса,  үшінші  елдермен 

өзінің  қатынастарының  ортасына  орналастырады.  Адам  құқықтары  саласындағы, 

жалпыға  ортақ  нормаларға  нық  негізделген  ЕО  саясаты  əр  елдің  мəн-жайын  ескере 

отырып, 


атап 

айтқанда 

жекелеген 

елдердің 

адам 

құқықтары 



саласындағы 

стратегияларын  əзірлеу  арқылы  мұқият  əзірленетін  болады.  ЕО  үшінші  елдермен 



сындарлы  жұмысқа  əрдайым  ұмтылады;  бұл  тұрғыдан  ЕО  əріптес-елдермен  адам 

құқықтары  жөніндегі  өз  диалогы  мен  консультацияларын  тереңдетуді  жалғастырады 

жəне  осы  диалогтардың  нəтижелілігін    қамтамасыз  етуге  тырысады.  ЕО  екі  жақты 

саяси диалогтың барлық тиісті форумдар шеңберінде, оның ішінде ең жоғары деңгейде 

адам  құқықтары  мəселелерін  батыл  көтереді.  Бұдан  басқа,  ЕО  адам  құқықтары 

саласында білім беруді жəне оқытуды қолдауды қоса, адам құқықтарына көмектесетін 

жобаларды  қаржыландыру  өңірлік  бағдарламаларын  пайдалануға  болатын  салаларды 

айқындау  үшін  əріптес-елдермен  жұмыс  істейді.  Дегенмен,  адам  құқықтарын 

бұзушылықтармен  кездесіп  қалғанда,  ЕО  жазалау  шаралары  мен  айыптауды  қоса, 

өзінде  бар  аспаптардың  толық  спектрін  қолдануға  ниетті.  ЕО  үшінші  елдермен 

келісімдердің  саяси  шеңберінде  адам  құқықтары  туралы  ережені  барынша  пайдалану 

үшін  өз  күшін  нығайтады.  Еуропалық  көршілік  саясаты  қолданылатын  елдерде  ЕО 

демократия  мен  адам  құқықтары  оның  ортасында,  оның  ішінде  «көпке  көбірек» 

саясаты  арқылы  орналасқан,  жерлерде  жүргізілетін  саяси  реформалардың  толық 

ауқымды  бағдарламасын  қолдау  қатал  міндеттемесін  алды.  Адам  құқықтары  ЕО 

кеңейту саясатының ортасында қалады.  

 

VII. 



Көп

 жақты институттар шеңберінде жұмыс   

 

15. 



ЕО  адам  құқықтары  туралы  нормаларды  іске  асыру  барысын  əділ  қадағалай 

алатын  жəне  барлық  Мемлекеттерді  жаупкершілікке  шақыра  алатын  күшті  көп  жақты 

құқық  қорғау  жүйесіне  бұрынғыдай  бейілді  болады.  ЕО  адам  құқықтарын  жалпыға 

бірдей  қолданылуына  кез  келген күмəндану  əрекеттеріне  батыл  кедергі  жасайды  жəне 

БҰҰ  Бас  ассамблеясында,  БҰҰ  Адам  құқықтары  жөніндегі  кеңесінде  жəне 

Халықаралық еңбек ұйымында адам құқықтарын бұзуға қарсы шығуды жалғастырады. 

БҰҰ  Адам  құқықтары  жөніндегі  Жоғарғы  комиссар  басқармасының,  сондай-ақ  БҰҰ 

шарт мониторингі органдарының жəне арнайы рəсімдерінің тəуелсіздігі мен тиімділігі 

аса  қажет.  ЕО  БҰҰ  Адам  құқықтары  жөніндегі  кеңесінің  адам  құқықтарын  бұзудың 

кідіртпейтін жағдайларын шешу жөніндегі жетекші рөлін атап көрсетеді жəне Кеңестің 

тиімді  қызмет  етуіне  батыл  ықпал  етеді;    осы  мақсаттарда  ЕО  барлық  өңірлердің 

елдерімен  қызмет  етуге  дайын.  ЕО  Адам  құқықтары  жөніндегі  кеңестің  барлық 

мүшелерін адам құқықтары жөніндегі ең жоғары стандарттарын сақтауға жəне сайлауға 

дейін  берген  сөзін  орындауға  шақырады.  Еуропалық  Одақ  пен  мүше-мемлекеттер 

Əмбебап  мерзімді  шолу  (ƏМШ)    енгізуді  қуаттайды  жəне  ƏМШ  қабылдаған 


ұсынымдарды,  сондай-ақ  БҰҰ  шарт  мониторингі  органдарының  жəне  арнайы 

рəсімдерінің ұсынымдарын барлық үшінші елдермен екі жақты қатынастар шеңберінде 

талқылауға міндеттенеді; ЕО мүше-мемлекеттер өз аумағында осындай  ұсынымдарды 

іске  асыруды  қамтамасыз  етуге  батыл  ниеттенеді.  Алдымыздағы  шолулар  шеңберінде 

ЕО ƏМШ аясында үшінші елдер алған міндеттемелерді іске асыру деңгейіне баса назар 

аударатын болады жəне оларды іске асыруға қолдау көрсетуге тырысады.  

 

16. 



ЕО  Еуропа  Кеңесі  мен  ЕЫҚҰ  жүргізетін  адам  құқықтары  саласындағы  баға 

жетпес  жұмысқа  қатысуды  жалғастырады.  Өңірлік  құқық  қорғау  тетіктерін 

шоғырландыруға  көмектесу  мақсатында  ол  Африкалық  Одақ,  АСЕАН,  ЮААРС, 

Америка 


мемлекеттерінің 

ұйымы, 


Араб 

мемлекеттерінің 

лигасы, 

Ислам 


ынтымақтастығы ұйымы жəне Тынық мұхит аралдарының форумы сияқты өңірлік жəне 

басқа ұйымдамен əріптестікте жұмыс істейді. 

 

VIII.  ЕО ішіндегі бірлескен жұмыс 

 

17. 



Еуропалық  Парламенттің  Демократиялық  мандаты  адам  құқықтары  саласында 

оған  арнайы  өкілеттіктер  мен  құзырет  береді.  Парламент  адам  құқықтарын,  атап 

айтқанда  өз  қарарлары  арқылы  таратуға  көмектесуде  жетекші  роль  ойнайды.  

Еуропалық  Парламент,  Еуропалық  Кеңес,  мүше-мемлекеттер,  Еуропалық  Комиссия 

мен  Еуропалық  сыртқы  байланыс  қызметі,  өздерінің  бөлек  институционалды 

функцияларын есепке  ала отырып,  адам құқықтарын сақтаумен жағдайды жақсартуға 

бағытталған ортақ мақсатты іске асыру үшін одан да тығыз бірлескен жұмысқа бейілді 

болғаны маңызды.   



___________________ 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет