Адам қҰҚЫҚтары-саяси ғылымның Өзекті мəселесі р. Б. Əбсаттаров



Pdf көрінісі
Дата22.12.2016
өлшемі324,6 Kb.
#292

33 

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ-САЯСИ ҒЫЛЫМНЫҢ 

 ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕСІ 

 

Р.Б. Əбсаттаров  

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың магистратура жəне PhD 

докторантура Институтының саясаттану  жəне  

əлеуметтік-экономикалық пəндер кафедрасының меңгерушісі, 

филос.ғыл.д., профессор 

 

Адам  құқықтары – маңызды  ұлттық  жəне  жалпы  адамзаттық 



құндылық,  ал оның жүзеге асырылу деңгейі – мемлекеттегі қоғамдық 

құрылыстың алға басуы мен жариялығының негізгі көрсеткіші.  

Бүгінгі күні адам құқығы түсінігі күнделікті өмірде де, қоғамдық-

саяси үрдістерде де кең пайдаланылуда, ол академиялық зерттеулерде 

де  үлкен  орынды  иеленуде.  Дегенмен,  ғылымда,  əсіресе  саяси 

ғылымда бұл түсініктің жалпыға ортақ, бірыңғай анықтамасы жоқ. 

Түрлі энциклопедиялардағы, сөздіктердегі, анықтамалықтардағы, 

ғалымдардың  монографиялары  мен  мақалаларындағы  осы  түсінікке 

берілген  анықтамаларға  ғылыми  саралау  жасау  адам  құқығының 

түсінік, қағидалар, нормалар мен əдет-ғұрыптар жүйесі, еркіндік шегі 

ретінде  айқындалатындығы  жөнінде  қорытынды  жасауға  мүмкіндік 

береді [1]. Осыған  байланысты  адам  құқығын  концептуалды  түрде 

түсінуге    бүгінгі  күні  осы  мəселе  бойынша  ғылыми  пікірталаста 

басымдыққа  ие  болып  жүрген  пəлсафа  мен  құқықтану  үлкен  үлес 

қосқанын  айта  кеткен  орынды  болар.  Саяси  ғылым  өзінің 

салыстырмалы  түрде  жастығына  байланысты  бұл  мəселеге  кешірек 

бет бұрды. 

Бүгінгі  күні  көпшілік  үшін  адам  құқықтары  əлемдік 

қауымдастықпен  мойындалған  ең  жоғарғы  құндылық  болып 

саналады. «Адам  құқықтары»  терминінің  өзі  кең  жəне  тар 

мағынасында қолданылады. Тар мағынасында – бұл берілмейтін, тек 

мемлекетпен  қорғалып  кепілдік  берілетін,  мемлекет  шекарасы  мен 

конституциясынан  тəуелсіз  құқықтар.  Оларға  адамдардың  заң  

алдында теңдігі, өмірге жəне өзіне ешкімнің тиіспеушілігіне құқығы, 

адамның  қадір-қасиетіне  құрмет,  жөнсіз,  заңсыз  тұтқындаудан  жəне 

ұстаудан  бостандық,  сенім  жəне  ар-ұждан  бостандығы,  ата-

аналардың  балаларына  тəрбие  беруге  құқықтары,  өзіне  қысым 

көрсетушілерге қарсылық білдіру құқығы жəне т.б. Кең мағынасында 



34 

адам  құқықтары  тұлғаның  құқықтары  мен  бостандықтарының 

барынша кең кешені мен əрқилы түрлерін қамтиды.  

Адам  құқықтары – бұл  адамның  өмір  сүруін  қамтамасыз  етуге 

бағытталған  табиғи  мүмкіндіктері,  адамға  қоғамдық  өмірдің  барлық 

салаларында қызмет ету еркіндігі мен  қадір-қасиетті жəне əлеуметтік 

игіліктерді  беруге  кепілдік  беретін  саяси  қатынастардың  жүйесін 

бекітетін  нормалардың  жəне  қағидалардың  жиынтығы.  Мемлекет 

адам  құқықтарын  заңдармен  бекітеді  жəне  олардың  жүзеге 

асырылуын қамтамасыз етеді. 

Адам құқықтары мəселесінің ең алдымен саяси мəселе екендігін 

айта кету қажет. Сондықтан адам құқықтары мəселесінде объективті, 

генетикалық тұрғыда саяси мазмұн болады.  Жалпы адам құқықтары 

дегеннің  өзі  жоқ  нəрсе,  тек  адам  құқықтары  туралы  əлеуметтік-

субъективтік ұғымдар, көзқарастар, теориялар, сонымен қатар, талдау 

объектісі  ретіндегі  (ең  алдымен  құқықтық)  қолда  бар  əлеуметтік 

мүмкіндіктер,  міндеттемелермен  бірге  оларға  негізделген  саяси, 

құқықтық,  моральдық,  əлеуметтік  жəне  т.б.  нормалар  бар. 

Ұстанымдар мен нормалар тек өзіндік қажеттіліктері мен мүдделері 

бар  əртүрлі  топтар,  таптар,  ұлттар  мен  бөліністерге  жататын 

адамдардың  үнемі  өзгеріске  ұшырайтын  жəне  өсіп  отыратын 

қажеттіліктерін  қанағаттандырудың  шынайы  мəселелері  болып 

табылады.  Адам  құқықтары  мəселесін  əлеуметтік-құндылықтық, 

əлеуметтік-таптық  талдаудың  қажеттілігі,  оны  шешу  жолдары  мен 

«адам  құқықтары»  түсінігінің  идеологияландырылған,  саясиланды-

рылған түрінің пайда болуы осыдан келіп шығады.  

Біріншіден,  аталған  көзқарас  жеке  тұлғаның  құқықтық 

мəртебесіне  қатысты  перманенттік  конфронтацияны  білдірмейді, 

сондай-ақ  таптық  көзқарасты  абсолюттендірмейді.  Керісінше,  қазіргі 

кезде  саяси  талпыныстар  мен  саяси  күштер  өзара  байланысты, 

олардың арасындағы саяси тайталастардың шегіне жеткен түрлерінің 

бүгінгі  тұрақтылыққа  қауіп  төндіретіндігін  ескеріп,  əлеуметтік-саяси 

жүйенің сипатына қарамастан əр тұлғаның құқықтық жəне əлеуметтік 

жағдайына  қатысты  жалпы  əлеуметтік,  жалпы  адамзаттық,  жалпы 

демократиялық  талаптардың    жасалуы  қажет  етіледі.  Екіншіден, 

мəселені  бұлайша  қарастыру  адам  құқықтарын  толықтай  жəне 

тұтасымен  саясатқа  телуді  білдірмейді.  Мораль,  пəлсафа,  идеология, 

дінмен кіріге отырып адам құқықтары мəселесі əртүрлі сипатта көрініс 

табады. 

Əйтсе  де,  аталмыш  мəселенің  саяси  мазмұны  оның 



35 

мазмұнындағы  мəні  зор  жəне  кең  сипаттағы  элемент  болып 

табылады. 

Саясат  пен  адам  құқықтары  мəселесінің  ара  қатынасын  саралай 

отырып  адам  құқықтары  мəселесінің  адам  құқықтарына  қатысты 

шешілмеген  түйіннің  болуымен,  ең  бірінші  адамдар  арасында 

əлеуметтік мүмкіндіктердің болмауы жəне дұрыс бөліске түспеуімен 

байланысты  қолданбалы-тəжірибелік  сипатта  орын  алатындығын 

мойындау  қажеттігін  айтуға  болады.  Қалай  десек  те  мəселенің  бар 

екендігі  анық  жəне  ол  нақты  тарихи  нысандарға  ие  болады.  Тарихи 

тəжірибе  көрсеткендей,  адам  құқықтары  мəселесін  əртүрлі  жолмен  

шешуге  болады.  Алайда  тəжірибелік  тұрғыда  адам  құқықтарына 

қатысты  қандай  да  бір  мəселені  шешер  болсақ  олардың  мүддесін 

қорғаушы  ұйымдар  мен  адамдар  топтарының  мүдделерін  де  қозғай 

кету қажет болады.  

Адам  құқықтарына  қатысты  кез-келген  тəжірибелік  жəне 

теориялық  мəселе  терең  саяси  мазмұнға  ие  баршаға  ортақ 

мəселелерді  шешуге  тікелей  жəне  жанама  түрде  тəуелді  болады. 

Мысалы, 

адамның 


мемлекеттік 

органдардың 

лауазымды 

тұлғаларының  заңсыз  əрекеттеріне  сотқа  шағым  беруге  жеке  (саяси 

емес)  құқығын  жүзеге  асыру  сипаты  қоғамдағы  соттың  беделі  мен 

рөліне,  сол  мемлекеттің  саяси  өмірі  мен  мемлекеттік-құқықтық 

тəжірибесінде сот билік тармағының атқарушы биліктен қаншалықты 

деңгейде  тəуелсіз  екендігіне  тікелей  байланысты  болады.  Бұған 

адамның  еңбек  етуге  құқығын  да  жатқызуға  болады,  себебі,  бұл 

құқықтың  орындалуы    қоғам  мен  мемлекеттің  осы  əлеуметтік-

экономикалық  құқықты  жүзеге  асыруына,  қоғам  мен  мемлекеттің 

əлеуметтік-саяси  жауапкершілігі  қағидасының  жүзеге  асырылуына 

тікелей байланысты.  Осы қағиданың саяси тəжірибеде қызмет істеуі 

қоғамдағы  саяси  күштердің  сəйкес  ретке  келтірілген  кезінде  ғана 

мүмкін болады, яғни еңбекшілердің өз құқықтары үшін күрделі саяси 

күресінің нəтижесі болып табылады. 

 Адам  құқықтары  нормативтік  жəне  институционалды  (нақты) 

мазмұнда  болады.  Алғашқы  мазмұнында  олар  халықаралық  жəне 

ішкі  саяси  қатынастардың  бағалау  шарты  ретінде  кез-келген  саяси 

жүйенің  ұйымдастырылуына  қатысты  əмбебап  талаптар  сипатында 

көрініс  табады.  Осы  көзқарас  бойынша,  адам  құқықтары  нақты 

мемлекеттің  басқару  режимі  мен  конституциялық  жүйесінің 

сипатынан  тəуелсіз  əрекет  ететін  əмбебап  саяси  стандарттар  мен 

нормалар түрінде əрекет етеді [2]. Бұл əрбір билік жүйесі бейімделуге 



36 

тиісті  талаптардың  шоғыры.  Əсіресе  осы  нормативтік  жүйенің 

халықаралық  қатынастардағы  əрекеті  көзге  ұрады.  Мысалы,  ЕЫҚҰ 

құжаттарында  адам  құқықтарының  сақталуы  мəселесі  жекелеген 

мемлекеттердің  ішкі  істеріне  араласпау  қағидасынан  жоғары 

деңгейде  қарастырылады.  Бұл  өз  кезегінде  Евроодаққа  мүшелікке 

мүдделі  барлық  мемлекеттерді  өз  конституциялары  мен  саяси 

тəртіптерін,  халықаралық  аренадағы  қызмет  сипатын  сəйкесінше 

өзгертуге  мəжбүр  етеді.  Осындай  қағидаларды  қорғау  мақсатында 

Европалық  қауымдастық  адам  құқықтары  жаппай  бұзылып  жатқан 

мемлекеттерге  қарсы  ұжымдық  (оның  ішінде  қарулы)  шаралар 

қолданады. Атап айтсақ, осындай саяси-құқықтық нормаға сай НАТО 

мемлекеттерінің Милошевич режимінің «этникалық тазалау» актісін 

тоқтату  мақсатында  Югославияның  Косово  провинциясына  басып 

кіруі  барысында  «гуманитарлық  агрессия»  стратегиясы  жасалған 

болатын.  

Батыстың  демократиялық  мемлекеттерінің  адам  құқықтарының 

əмбебап сипатын бекітуге ұмтылысына қарамастан Қытай, Сингапур, 

Иран,  Бангладеш,  Сирия  жəне  Малайзия  сияқты  мемлекеттер 

жекелеген 

мемлекеттердің 

заңнамалары 

шегінде 

бекітілген 

құқықтардан  өзге  жеке  тұлғаның  абсолюттік  құқықтары  мен 

бостандықтарын  мойындамайды.  Көбінесе  осындай  ережені 

мойындату  мақсатында  саясаткерлер  ұжымдық  құндылықтар  басым 

немесе  өткір  саяси  жанжалдар  орын  алған,  əлеуметтік  аурулар 

таралған  мемлекеттерде  дараланған  адам  құқығы  қолданылмай-

тындығын алға тартады.  

Бірақ,  мұндай  пікірлерді  таза  саяси  пікір  ретінде  қарастыру 

керек. Себебі, тұлға нақты қоғамның өнімі болады, сондықтан оның 

құқықтары  мен  бостандықтарын  шектеуге  ұмтылу  сол  мемлекеттегі 

демократияның  жеткіліксіздігінен  хабар  береді.  Қазіргі  кезде 

адамдардың  өздеріне  қатысты  құқықтары  мен  бостандықтарын 

сыйлау  қажет  толыққанды  адам  ретінде  бағалануға  байланысты 

қатынастары  жалпы əлемдік үрдіске айналып отырғандығы жөнінде 

тұжырым  жасауға болады.  Бұған  жоғарыда аталған  мемлекеттердегі 

адамдардың  бостандыққа  деген  қажеттілігінің,  адамның  қадір-

қасиетін  жəне  өзіндік  дамуын  сыйлауды  талап  етуінің  артуы  мен 

күшеюуі,  демократиялық  көңіл-күйдің  жəне  қозғалыстардың 

деңгейінің  өсуі  куəлік  ете  алады.  Мұның  барлығы  ұлттық 

ерекшеліктердің  адам  құқықтарын  жүзеге  асыруға  бөгет  бола 

алмайтындығын көрсетеді. 



37 

Сонымен бірге адам құқықтары нақты мемлекеттегі құқықтар мен 

бостандықтардың  қорғалуы  мен  кепілдендірілуін  белгілеп  отырады. 

Осылайша,  нақты  саяси  институт  ретінде  адам  құқықтары  нақты 

мемлекеттегі  құқықтар  мен  бостандықтарды  қорғайтын,  осы 

мақсаттарды  жүзеге  асыруға  қызмет  ететін  арнайы  мекемелердің, 

конституциялық жəне заң нормаларының бар екендігіне куəлік етеді. 

Басқаша  айтқанда,  саяси  институт  ретінде  адам  құқықтары  нақты 

мемлекеттегі  əмбебап  талаптардың  жүзеге  асырылу  деңгейін 

айқындап 

отырады. 

Жалпы 


алғанда 

адам 


құқықтарының 

институционалдық  мазмұны  мемлекеттегі  саяси  тəртіп  деңгейіне, 

халықтың қалыптасқан əдет-ғұрып, салт-дəстүрлеріне, елдің материал-

дық  қорларына,  оның  халықаралық  жəне  əлемдік  шаруашылық  жəне 

саяси  қатынастар  жүйесіне  тартылғандығына  тəуелді  болады. 

Мысалы,  кейбір  батыстың  демократиялық  мемлекеттерінің  өзінде 

əйелдердің тең құқылығы тек екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана 

танылды  (Жапония  мен  Францияда – 1940 жылы,  Швецияда – 1974 

жылы, Лихтенштейн графтығында – 1981 жылы). 

Қазіргі кезде  жекелеген мемлекеттерде бұл билік институты əлі 

орнықпаған, ал кейбір мемлекеттерде ол адам құқықтарының кейбір 

бөліктерінің  орындалуын  қамтамасыз  ете  алады.  Мысалы,  Ресей 

Федерациясында  адам  құқықтары  конституциялық  норма  түрінде 

бекітілген, кез-келген саяси құрылым мен тұлғаның сəйкес нормалар 

мен  заңдарды  бұзуына  қарай  оларға  қатысты  санкция  қолдануға 

мүмкіндікке ие Президенттің адам құқықтары жөнінде тұрақты өкілі 

лауазымы  бар.  Бірақ,  осындай  саяси  институттардың  барлығына 

қарамастан  Ресейде  адамдарды  ұлттық  негіз  бойынша  қудалау  мен 

шектеу  фактілері  көптеп  кездеседі,  ал  түрмелерде  жəне  милиция 

бөлімдерінде қинау əдістері қолданылады жəне т.б.  

 Адам  құқықтарының  саяси  институт  ретінде  тарихи  дамуының 

қиыншылықтары азаматтардың тең құқылығын бекіту тəжірибесінің 

адамдар  арасындағы  материалдық  жəне  моральдық  қорлардың 

бөлінуі  бойынша  теңсіздіктің  орын  алуымен  қатар  жүруімен 

айқындалғандығына  байланысты  болды.  Осыған  орай  азаматтық 

жəне  саяси,  əлеуметтік  жəне  мəдени  құқықтар,  халықтар  мен 

нəсілдердің,  ерлер  мен  əйелдердің,  əртүрлі  ұлт  өкілдерінің  теңдігі 

үшін  күресі  əлеуметтік  əділеттілік  қағидасын  қайшылықты  іске 

асырумен  тікелей  байланысты  болды.  ХХ  ғасырда  орын  алған 

төңкерістер  мемлекетте  теңдіктің  нақты  сақталуынан  өзге  тең 

құқылыққа қатысты биік талаптарды көтеруге болмайтындығын, заң 


38 

алдындағы  теңдіктің  абстрактілік  талаптары  адамдар  арасындағы 

нақты қатынастарды ушықтырмау қажеттігін көрсетіп берді.  

Ең  алғаш  рет  адам  құқықтары  өзінің  саяси-құқықтық  сипатына 

1776  жылы  қабылданған  Адам  құқықтары  жөніндегі  Биллге  жəне 

АҚШ-тың  Конституциясына, 1789 жылғы  адам  мен  азаматтың 

құқықтары  жөніндегі  Француз  Декларациясына  негіз  болған 1776 

жылғы  Вирджиния  Декларациясында  ие  болған  еді.  Қазіргі  кезде 

адам  құқықтарын  айқындайтын,  бекітетін,  реттейтін  елуден  астам 

халықаралық саяси құжаттарға қол қойылды жəне олар əрекет етуде. 

Осы  жəне  өзге  де  саяси-құқықтық  нормаларда  айқындалатын  адам 

құқықтары  мен  бостандықтары  əртүрлі  деңгейде  мемлекеттердің 

Конституциялары  мен  өзге  де  заңдарында  көрініс  табады.  Мысалы, 

Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  адамның  өмірі, 

құқықтары  мен  бостандықтары  еліміздегі  ең  басты  құндылықтар 

ретінде,  ал  оларды  қорғау  мен  сақтау  мемлекеттің  басты  міндеті 

ретінде жарияланды [3].  

Барлық  халықаралық  жəне  ішкі  саяси-құқықтық  құжаттар 

адамның  құқықтары  мен  бостандықтарының  нақты  мемлекеттің 

еркінен  тыс  пайда  болғандығына  меңзейді.  Олардың  негізін 

адамдардың  бостандық,  əділеттілік,  жалпыға  ортақ  бейбіт  өмірге 

деген  қажеттіліктері  құрайды.  Осылайша,  адам  билік  субъектісі 

мемлекетпен  тең  құқылы  болып  танылады,  сонымен  қатар,  оның 

құқықтары  азаматтық  міндеттердің  кейбір  түрлерімен  тығыз 

байланыста болады.  

Адам  құқықтарының  мəселесі  дербес  саяси  мəселе  ретінде 

қоғамның  дамуына  қарай,  қоғам,  мемлекет  жəне  жеке  тұлға 

арасындағы ара қатынастың күрделенуіне қарай өзектілік сипат алды. 

Алғаш  рет  адам  құқықтары  жөніндегі  түсінік  ұлы  ойшылдар  Мао-

Цзы,  софистер,  Аристотель  жəне  т.б.  дамытқан  табиғи  құқықтар 

жөніндегі  теория  шегінде  б.з.д.  VI-V ғ.ғ.  қалыптасқан  болатын. 

Олардың  идеялары  адамдардың  тумысынан  теңдігі  жəне  адамға  тəн 

құқықтардың  барлығына  ортақ  екендігі  жайлы  ойлардан  тұрды. 

Мұндай  табиғи  құқықтар  заңи  түрде  бекітілуін  талап  ететін 

салыстырмалы  (позитивтік,  жазбаша)  құқықтардың  негізін  құрады. 

Сонымен  бірге  осы  идеялардың  жақтаушылары  нақты  бір 

мемлекеттегі  адамдардың  тең  құқылығын  бекіте  алмауы  да  мүмкін 

заңи  талаптардың  өзгермелілігін  де  ескерген  еді.  Сондықтан 

нəтижесінде олар мемлекеттің келісімдік сипатына үміт артты. 

Орта 


ғасырларда 

жақтаушылары 

адам 

құқықтарының 



39 

мемлекеттен тыс пайда болуын жоққа шығаратын заңи-позитивистік 

ағым пайда болды. Олар мемлекеттің рационалдық табиғатын, оның 

өзгермейтіндігін  жəне  əлеуметтік-экономикалық  жағдайлардан 

тəуелсіздігін  негізге  алды,  адам  құқықтары  мен  мемлекет  заңдарын 

айырып  қарастырмады,  ал  адам  құқықтарының  мемлекет 

құқықтарының  алдында  ешқандай  басымдығын  көре  алмады. 

Олардың  пікірінше,  адам  құқықтары  мемлекеттің  қажеттіліктеріне 

жəне мақсаттылығына қарай өзгеріске ұшырап отыруы тиіс болды. 

Либералдық  теорияның  негізін  қалаушылар  пікірінше,  адамның  

табиғи,  қасиетті  құқықтары  мемлекеттен  тыс  өмір  сүреді.  Сонымен 

қатар,  олардың  ойынша,  билік  институты  əлеуметтік  қасиеттер  мен 

адам  құқықтарына  қауіп  төндіреді.  Олар  негізгілер  ретінде 

əлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерді ескерместен жеке тұлғаның 

саяси  жəне  азаматтық  құқықтарын  қарастырды.  Бірақ,  либералдар 

өзінің  басты  мақсаты  ретінде  жеке  тұлғаны  мемлекет  тарапынан 

болатын  шабуылдан  қорғауды  көре    отырып,  формальды  теңдік 

əлеуметтік  жағынан  аз  қорғалған  халық  топтарын  оның 

мүмкіндіктерін  пайдаланудан  ада  қылатындығын  ескерместен 

адамды қоғам мен мемлекеттен бөліп тастады.  

Адам  құқықтары  мен  бостандықтарының  қазіргі  теориялары 

олардың  бөлінбейтін  жəне  əмбебап  сипатын  орнықтырады.  Алайда, 

тұлға  мен 

мемлекеттің 

қатынастарындағы 

қайшылықтарды 

мойындағандығына  қарамастан  оларда  құқықтар  мен  бостандық-

тардың өзгеретіндігіне жол  беріледі. Əйткенмен де мемлекет кейбір 

құқықтарды  шектегенімен  адамның  барлық  құқықтарын  тартып  ала 

алмайды.  Сондықтан  қазіргі  саясаткерлер  құқықтардың  «жоғары 

жақта»  көп  жинақталуын,  сондай-ақ  адамға  берілетін  құқықтар  мен 

бостандықтардың  сипаты  мен  көлемін  айқындаудағы  билеуші 

элитаның  рөлінің  үлкендігін  мысал  ретінде  келтіреді.  Бірақ,  олар 

адам  мен  мемлекеттің  өзара  жауапкершілігіне,  құқықтардың 

кепілдендірілуі мен пайдаланылуына назар аударады. 

Қазіргі  кезде  жеке  тұлға  мен  толыққанды  құқықтық  жəне 

əлеуметтік  мемлекеттің  өзара  қатынасқа  түсуі  барысында  саяси 

құқықтар өздерінің  бұрынғы басымдығынан айрылады. Олар екінші 

деңгейге    түседі  жəне  азаматтардың  құқықтары  мен  оларды  жүзеге 

асыру нысандарын түсінуіне негіз болады. Бірақ, адам құқықтарының 

жүзеге  асырылуына  байланысты  түсініктің  даралануына  баса  назар 

аударылады.  Біртіндеп  адамның  өз  құқықтары  мен  бостандықтарын 

жүзеге асырудың нысанын өздері айқындауға ерікті екендігі туралы 


40 

идея орнықты. Мемлекет – жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай 

тудыру, жеке бастамаларды қолдау құралы. 

Теориялық  көзқарастар  барлық  кезде  де  нақты  саяси  жүйеде 

қабылданған  адамға  құқық  берудің  нақты  стандарттарын  ескере 

бермейді.  Теориялық  көзқарастар  көбінесе  интеллектуалдық  биік 

белес  ретінде  қала  беруі  мүмкін,  ал  кейде  ол  адам  құқықтарының 

жүзеге асырылу тəжірибесіне əсерін тигізеді. Мұндай қол сұғушылық 

билік етуші режимнің сипатына жəне оның материалдық қорларының 

бар екендігіне байланысты болады. КСРО-да азаматтарға əлеуметтік-

экономикалық  құқықтарды  қамтамасыз  етумен  қатар  ұзақ  уақыт 

саяси  құқықтар  берілмей  ғана  қоймай  «мещандықпен», «күн 

көрушілік психологиясымен» күрес деген желеумен адамның өмірлік 

құндылықтары  мен  мемлекеттен  азат  өмір  сүру  құқықтары 

төмендетіліп  отырды.  Сонымен  бірге  қазіргі  постиндустриалдық, 

постмодернистік  қоғамда  құқықтар  мен  бостандықтарды  даралан-

дыру  барлық  саяси  институттар  үшін  маңызды  ортақ  саяси  идеяға 

айналды.  Кейбір  жағдайларда  жеке  тұлғаның  құқықтары  мен 

бостандықтары қоғамда жаңа бағыттар тудырып, əлемге таныс емес 

мемлекет  пен  адам  еркін  қатынастырында  мəселелер  туындатып 

мемлекеттің айрықша құқықтарына билік жүргізе бастайды. 

Қазіргі саяси ғылымдарда жəне саяси-құқықтық құжаттарда адам 

құқықтары азаматтық, саяси, экономикалық, əлеуметтік [4] жəне т.б. 

болып бөліп қарастырылады. 

Азаматтық құқықтар – бұл өмір сүру, еркіндік, тұрғын үйге қол 

сұқпау,  ар-ұжданды,  жақсы  атты  жəне  қадірді  қорғау,  əділеттілік, 

тəуелсіз жəне жария сот, хат жазысу, телефон, телеграф жəне өзге де 

хабарлама  құпиясы,  көшіп-қону,  өмір  сүру  ортасын  өзгерту, 

мемлекетті  тастап  кету  мен  өз  еліңе  оралу,  баршаның  заң  алдында 

теңдігі  жəне  т.б.  сияқты  табиғи-құқықтық  бастауларды  қамтитын 

құқықтар  жиынтығы.  Бұл  құқықтар  адамға  даралығын  сақтауға, 

басқа  адамдар  жəне  мемлекетпен  қатынасқа  түскенде  өзіндік 

ерекшелігін сақтауға мүмкіндік береді. 

Саяси  құқықтар  азаматтардың  мемлекеттің  қоғамдық-саяси 

өміріне, мемлекеттің басқару ісіне араласуына мүмкіндік береді. Бұл 

сайлау  құқығы,  одақтар  мен  ассоциацияларға  бірігу  бостандығы, 

шерулер,  демонстрациялар,  митингілер  мен  жиналыстар  өткізуге 

құқық,  ақпарат  алу,  сөз  бостандығы,  саяси  баспана  (убежище)  алу 

құқығы  жəне  т.б.  Тоталитарлық  жəне  авторитарлық  режимдерде 


41 

саяси  құқықтар  рұқсат  берушілік,  ал  демократиялық  режимде 

тіркеушілік сипатқа ие болады.  

КСРО-да  жəне  өзге  де  коммунистік  мемлекеттерде  ұзақ  уақыт 

бойы  биліктің    олардың  жүзеге  асырылуына  кеілісімін  талап  ететін 

рұхсат  берушілік  жол  үстем  болды.  Осы  құқықтарды  еркін  түрде 

жүзеге асыру үшін оларды беру көбінесе тіркеушілік сипатта болуы 

қажет,  яғни,  олардың  жүзеге  асырылуы  үшін  биліктің  алдын-ала 

рұқсат  беруі  емес,  тек  азаматтардың  сəйкес  органдарды  хабардар 

етіп, есепке тұруы қажет.  

Экономикалық  құқықтар  адамның  тұтынушылық  заттар  мен 

шаруашылық  қызметтің  негізгі  факторларын  еркін  пайдаланып, 

шаруашылық  бастама  көтеруді  қамтамасыз  етуі.  Олардың  ішінде 

негізгілері: еңбек етуге құқық, меншік, кəсіпкерлік, өз жұмыс күшін 

пайдалану құқығы жəне т.б. 

Экономикалық  құқықтардың  ішіндегі  ең  маңыздысы  жеке 

меншікке құқық. Батыс мемлекеттерінде жəне Ресейде (оның ішінде 

Қазақстанда) 1917 жылғы  қазанға  дейін  бұл  құқықтар  азаматтық 

қоғам  мен  жеке  бостандықты  қамтамасыз  етудің  өмір  сүруінің 

алғашқы сатысы ретінде қарастырылды. Коммунистік мемлекеттерде 

ол  мүлде  жоққа  шығарылды,  жеке  басына  пайдалану  үшін  қажет 

құндылықтарды  пайдалану  құқықтарымен  байланысты  қарасты-

рылады.  Алайда  барлық  мемлекеттердегі  тəжірибе  жеке  меншікке 

тыйым  салу  адам  үшін  мүлде  жат  екендігін  көрсетіп  отыр.  Ол 

бастамашылдық  еңбекке  ынтаны  жояды,  жалпылама  түрде  шаруа-

шылық 


жауапсыздыққа, 

əлеуметтік 

масылдыққа, 

қоғамды 


адамгершіліктен  ада  қылуға,  жеке  адами  қасиеттерді  жоюға  алып 

келеді.  Мемлекетпен  бақыланбайтын  өмір  сүру  аясынан,  өндірістік 

құралдардан,  тапқырлық  таныту  мүмкіндігінен  айрылған  адам 

мемлекетке  толықтай  тəуелді  күйге  түседі,  даралық  қасиеті  мен 

бостандығынан айрылады.  

Одан  өзге  меншік  құқығының  болмауы  көптеген  азаматтарды 

кедейлік пен жоқшылыққа итермелейді, өйткені бұл құқықты нақты 

жəне  заңи  тұрғыда  мойындамайынша  нарықтық  экономика  тиімді 

бола алмайды. Тек  жеке  меншік қана қазіргі  шаруашылық  тетігінің, 

соның ішінде топтық, кооперативтік, акционерлік меншіктің көптеген 

түрлері  қалыптасатын  күрделі ғимаратының кішкене кірпіші болып 

табылады [5].  

Сонымен бірге тарихи тəжірибе өзге де құқықтар сияқты меншік 

құқығын  да  шектеудің  қажеттілігін  көрсетіп  берді.  Экономикалық 



42 

даму  қажеттілігі,  бұқара  халықтың  демократиялық  қозғалысының 

өсуі меншік құқығының түсіндірілуіне де, оның əлеуметтендірілуіне, 

мемлекеттің  бақылауына  да  өзгеріс  туындатты.  Бүгінгі  күні  жеке 

меншіктің абсолюттік сипатта болуына ешкім таласпайды. Меншікке 

ешкім  тиіспеушілігі  қағидасы  сақталғанымен  артқа  ысырылып 

тасталды.  ГФР,  Франция,  Италия  жəне  өзге  де  мемлекеттердің 

заңнамасында жеке меншіктің еркіндік шектері, оның қоғам мүддесі 

үшін  пайдаланылуы  жөнінде  айтылады.  Мұндай  шектеулердің 

енгізілуі жеке меншік құқығының фундаментальдық сипатын өзгерте 

алмайды.  Посткоммунистік  мемлекеттерде,  оның  ішінде  Қазақстан 

үшін  саяси  реформа  жүргізуде  табысқа  жету  үшін  басты  маңызды 

мəселе  оны  қоғам  мен  адам  мүддесі  үшін  жүзеге  асырудың  тиімді 

нысанын таба білу болып табылады.  

Əлеуметтік құқықтар адамның жақсы өмір сүруі мен əлеуметтік 

қорғалуын  қамтамасыз  етуге  бағытталды,  олар:  еңбек  етуге,  дем 

алуға,  əлеуметтік  қамтылуға,  тұрғын  үйге,  денсаулықты  қорғауға, 

отбасын  құруға,  жағымды  қоршаған  ортаға,  білімге,  мəдени 

құндылықтарға,  көркемөнер  мен  техникалық  шығармашылық,  еркін 

ойлауға, ар-намысқа құқық, діни құқықтар.  

Адам  құқықтары  жеке  (жеке  адамның  құқығы)  жəне  ұжымдық 

(халықтар құқығы, ұлттардың, сексуалдық азшылықтардың жəне т.б. 

құқықтары) болып бөлінеді. 

Адам құқықтары мен халықтың құқықтары бір-бірін толықтырып 

отырады. Адам құқықтары мұндай ара қатынастарда негізгі, жоғары 

құндылықтық  сипатқа  ие  болады.  Оларды  сақтамайынша  халықтың 

құқығы оның құрамындағы азаматтар үшін биліктің өз мүддесі үшін 

пайдаланатын алдамшы сөздері ретінде  сақталып қалады. 

Ұлттың  өзін-өзі  тану  құқығы  адам  құқықтарын  сыйлау,  арнайы 

ұлттық,  лингвистикалық,  діни  жəне  өзге  де  ұжымдық  мүдделерді 

есепке  алуға  мемлекеттік-құқықтық  кепілдеме  беруге  бағытталады. 

Адам  құқықтары  сақталғанда  қазіргі  кездегі  өсіп  бара  жатқан 

интеграция  мен  халықтардың  өзара  араласуы  жағдайындағы    нақты 

саяси  жəне  өзге  де  этникалық  қауымдастықтардың  мүдделері, 

олардың  егемендігі  мен  мемлекеттік  тəуелсіздікке  құқығы  өз  мəнін 

жоғалтып алады. Бұған көптеген европалық мемлекеттердің өздерінің 

ұлттық, мемлекеттік егемендігін Европалық Одаққа ерікті түрде беруі 

жəне  біртұтас  европалық  кеңістік  жасау  бағытында  дамытуға  бет 

бұруы куəлік ете алады.  

Адам  құқықтары  əрқилы  болып  келеді.  Жалпыадамзаттық 



43 

құндылықтарды білдіре отырып олар жекелеген топтардың, мысалы, 

балалардың,  босқындардың,  түрмедегілердің  ерекшеліктерін  де 

ескереді.  Соңғы  онжылдықтарда  ЕЫҚҰ  аясында  белсенді  түрде 

жоғарыда  аталған  адам  құқықтарын  толықтыратын  жəне 

нақтылайтын адам құқықтарының тізбесі жасалынуда. 

Адам  құқықтары  олар  адамдардың  міндеттерімен  тығыз 

байланыстырылған  жағдайда  ғана  шындыққа  жанасымды  болады. 

Адам  құқықтарының  жалпы  Декларациясының 29 бабында  «Əрбір 

адам өзінің тұлғасының толық жəне еркін дамуына мүмкіндік алатын 

қоғам  алдында  міндеттерге  ие  болады»  делінген.  Бірақ, «əрбір  адам 

өзінің  құқықтары  мен  бостандықтарын  жүзеге  асыру  барысында  

заңмен  тек  өзгелердің  құқықтары  мен  бостандықтарын  тану  мен 

сыйлау,  моральдың  əділ  талаптары  мен  демократиялық  қоғамдағы 

қоғамдық тəртіп пен жалпы игілікті қамтамасыз ету мақсатында ғана 

шектеуге ұшырауы мүмкін».  

Азаматтардың  негізгі  міндеттеріне  келесілер  жатқызылады: 

заңдарды сақтау, өзгелердің құқықтары мен бостандықтарын сыйлау, 

салықтарды  төлеу,  полицияның  айтқанына  көну,  қоршаған  ортаны, 

мəдени ескерткіштерді қорғау жəне т.б. Кейбір мемлекеттерде заңмен 

еңбек ету, билік органдарын сайлауға қатысу, балаларды тəрбиелеу, 

кəрі ата-анасына қамқорлық жасау, өз денсаулығына қарау жəне т.б.  

міндеттері бекітілген.  

Азаматтардың  құқықтарын  жүзеге  асырудың  негізгі  шарттары 

болып  мемлекеттің  сəйкес  кепілдіктері  (экономикалық,  саяси, 

құқықтық  жəне  діни-рухани);  мемлекетпен  танылған  құқықтарды 

жүзеге  асырудың  жақсы  құрылған  əкімшілік-шаруашылық  тетігі; 

адам  құқықтарын  сақтау  бойынша  азаматтардың,  лауазымды 

тұлғалар  мен  мемлекеттік  органдардың  заңмен  бекітілген 

жауапкершіліктері танылады.  

Қазіргі кезде адам құқықтарының сақталуы жөніндегі бақылауды 

халықаралық аймақтық органдар тиімді жүзеге асыруда. Дəл осындай 

орган ретінде Европалық кеңесті атап көрсетуге болады. 5-ші мамыр 

1949  жылы  Лондонда  қабылданған  Европа  Кеңесінің  Статутының 1 

бабына  сəйкес,  бұл  ұйымның  басты  мақсаты  «ортақ  мұра  болып 

табылатын  жəне  экономикалық,  əлеуметтік  дамуды  жеделдететін» 

идеалдар  мен  қағидалардың  жүзеге  асырылуы  мен  сақталуы  үшін 

бірігу  болып  табылады.  Кеңестің  қызметінің  негізгі  бағыты – адам 

құқықтарын қорғаудың жоғарғы стандарттарын жасау [6]. 

1950  жылғы  адам  құқықтарын  қорғау  жөніндегі  Европалық 



44 

конвенция  күшіне  енген  сəттен  бастап  кез-келген  мемлекет  оның 

ережелерінің  бұзылғандығы  жөніндегі  петициямен  адам  құқықтары 

жөніндегі  Европалық  комиссияға  шағымдануға  мүмкіндік  алды. 

Комиссия  мүшелерінің  саны  Европалық  Кеңеске  мүше  мемлекеттер 

санымен  барабар. 1964 жылдан  бері 1000-нан  астам  петиция 

берушілерге көмек көрсетілді. 

Адам  құқықтары  жөніндегі  Европалық  сот 1959 жылы  адам 

құқықтарын қорғау жөніндегі Европалық конвенцияның ережелеріне 

сəйкес, конвенцияға мүше мемлекеттердің өздеріне алған міндеттеме-

лерін  сақтауын қамтамасыз ету мақсатында құрылған болатын.  

Сот  Европалық  Кеңеске  мүше  мемлекеттердің  санына  сай 

судьялар  құрамынан  тұрады.  Судьялар  Кеңес  мүшелігіндегі 

мемлекеттердің  берген  тізіміндегі  тұлғалар  арасынан  Кеңесші 

ассамблеямен  тоғыз  жылға  сайланады.  Əрбір  мүше  мемлекет  үш 

адамнан тұратын жəне оның кемінде екеуі сол мемлекеттің азаматы 

болып  табылатын  тізімді  ұсынады.  Судьялар  Сотта  дербес  негізде 

жұмыс  атқарады  жəне  өз  міндеттерін  жүзеге  асыруда  ешкімге 

тəуелсіз  болады.  Судьялар  өз  қызмет  мерзімінің  ішінде  осы  қызмет 

талаптарына,  Сот  мүшесі  ретінде  тəуелсіздік  пен  адалдыққа  сəйкес 

келмейтін  ешқандай  лауазымды  иелене  алмайды  (Конвенцияның 40 

бабының 7 тармағы). 

Қазақстан  өзге  мемлекеттер  сияқты  адам  құқықтарын  тану, 

қорғау  бойынша  халықаралық  құжаттар  мен  келісім-шарттарға  қол 

қойды,  біздің  елімізде  де  адам  құқықтары  мен  бостандықтары 

Конституциямен танылады жəне кепілдендіріледі. 

Қазақстан  Республикасының  Конституциясының 12 бабында: 

«Адам  құқықытары  мен  бостандықтары  əркімге  тумысынан 

жазылған,  олар  абсолютті  деп  танылады,  олардан  ешкім  айыра 

алмайды,  заңдар  мен  өзге  де  нормативтік  құқықтық  актілердің 

мазмұны  мен  қолданылуы  осыған  қарай  анықталады» [7]. Адам, 

азамат жəне жеке тұлға құқықтарының жүйесін заңи қамтамасыз ету 

– біздің мемлекеттегі реформалардың негізгі бағыттарының бірі. 

Адам құқықтарының кешенін толықтай тəжірибеде жүзеге асыру 

–  шешілуі  жекелеген  мемлекеттің,  тіпті  адамзат  өркениетінің 

адамгершіліктік  сипатын,  дамуы  мен  алға  басу  деңгейін  тікелей 

сипаттайтын    күрделі  де  үлкен  міндет.  Қазіргі  əлемде  адам 

құқықтарын  сақтау,  оны  одан  ары  байытып,  толықтыру  ішкі  жəне 

сыртқы саясаттағы басты шарттардың біріне айналып отыр.  

Адам  құқықтарына  сыйластық  арқылы  жекелеген  мемлекеттер 



45 

мен жалпы əлемдегі тұлғаның жоғарғы құндылығы орнықтырылады. 

Жекелеген  мемлекеттер  шегінде  олардың  сақталуы  дұрыс  экономи-

калық  жəне  əлеуметтік  дамудың,  саясаттың  оң  мазмұндылығының, 

биліктің  тоталитарлық  жəне  өзге  де  тəжірибелер  жүргізуінің 

агрессивтік ішкі жəне сыртқы саясаттың алдын алудың басты шарты 

болып  табылады. 1789 жылғы  адам  жəне  азамат  құқықтары  

жөніндегі  Француз  Декларациясында  «адам  құқықтарын  білмеу, 

елемеу  жəне  сыйламау  қоғамдағы  бақытсыздықтар  мен  үкіметтің 

жемқорлығының басты себебі болып табылады» - делінген болатын. 

Қазіргі  заманғы  ғылым  мұншама  бірбеткей  болмай  əлеуметтік 

бақытсыздықтың  өзге  де  себептерін  көрсеткенімен,  қоғамдағы  игі 

өмірдің басты кілті ретінде адам құқықтарының сақталуын атайды.  

Айта  кету  керек,  қазіргі  əлемде  мемлекет  пен  адам  арасында 

байланыс  орнатудың  өзіндік  моделін  жасап  алған,  адам  құқықтары 

мен  бостандықтарын  сақтауда  дербес  стандарттары  бар  көптеген 

саяси  режимдер  бар.  Демократиялық  режимдер  авторитарлық 

режимдермен,  либералдық  режимдер  коммунистік  режимдермен 

қатар  өмір  сүруде.  Жекелеген  құқықтарды  алып  қою  адам  құқық-

тарын жаппай бұзумен ұласады. Орыс ғалымы М.Бакуниннің пікіріне 

сүйенсек, жалпылама еркіндік тек ол əркімге тиесі болған, яғни еркін 

қоғам жайлы мысалдар жаппай көрініс тапқан жерде орын алады. 

Мемлекет  кейбір  кездері  нақты  орын  алған  жағдайларға  қарай 

экономикалық  жəне  əлеуметтік  құқықтардың  мазмұнын  өзгерте 

алады.  Төтенше  жағдайларда  конституциялық  құрылысты  сақтау 

мақсатында ол жекелеген азаматтық құқықтардың жүзеге асырылуын 

тоқтатады,  бостандықты  шектейді,  кейбір  тұлғалардың  (мысалы, 

қылмыс  жасады  деп  айыпталған  тұлғаларды  билік  органдарына 

сайлауға  түсу  құқығынан  айыру)  немесе  топтардың  (экстремистік 

қозғалыстардың жəне партиялардың) құқықтарына нұқсан келтіреді. 

Бірақ,  мұнда  да  адам  құқықтары  мен  бостандықтарын  сақтауға 

қатысты  мемлекеттің  мүмкіндіктерінің  нақты  шектері  қарастырыл-

ған.  Мысалы,  тіпті  төтенше  жағдайлардың  өзінде  де  мұндай 

шектеулердің  шегі  мен  мерзімі  заңмен  бекітіліп  отырады.  Сонымен 

бірге,  өмір  сүру  құқығы,  ар-ұждан  бостандығы,  діни  сенім 

бостандығы, тұрғын үйге құқық жəне сотпен қорғалуға құқық сияқты 

негізгі құқықтар мен бостандықтар шектелуге жатпайды.  

Бірақ,  мемлеке  пен  адамның  қарым-қатынасындағы  негізгі 

бастаулармен байланысты құқықтарды шектеуге бағытталған режим-

дердің əрекеттерінің бағыттары да бар. Бұл тəсілдерге азаматтардың 



46 

билік  органдарын  қалыптастырып,  олардың  жұмысына  араласуға 

мүмкіндігін  шектейтін  тиімсіз  талаптар  (жасына,  материалдық 

жағдайына,  аумаққа  қарай)  қою;  саяси  құқықтардың  негіз  қалаушы 

сипатын  жоққа  шығарып,  биліктің  құқықты  бекіту  қызметін,  

халықтың саяси белсенділігін реттеу тəртібін өзіне алуын жатқызуға 

болады.  

Жалпы  алғанда,  əлемдік  тəжірибені  басшылыққа  ала  отырып 

мемлекет  пен  жекелеген  саяси  күштердің  тарапынан  адам  құқық-

тарының бұзылуын төрт топқа бөліп қарастыруға болады: 

-

 

геноцид  жəне  ұлттарды  «тазалау»,  азаматтық  соғыстар,  саяси 



терроризм; 

-

 



апартеид, нəсілдік шектеу, сегрегация; 

-

 



азаматтың саяси құқықтарын шектеу; 

-

 



қоршаған  табиғи  ортаны  жою,  ақпарат  алуға  шектеу  енгізу,  

мəдени құндылықтарға қол жетімділікті азайту. 

Адам  құқықтарын  шектеушіліктің  алдын  алуға  билік  жүргізуші 

саяси  режимнің  еркіне  байланысты,  кеңірек  қарастырсақ,  азамат  пен 

мемлекеттің өзара жауапкершілігін орнатқан кезде ғана қол жеткізуге 

болады.  Қазіргі  демократиялық  мемлекеттер  қоғамға  қатысты 

байланысты  Талион  қағидасына  (қанға  қан,  жанға  жан)  негіздеп 

орнатпайды, олар мемлекет пен азаматтың құқықтары мен міндеттерін 

ретке  келтіретін  жүйе  құруды  басшылыққа  алған.  Жеке  адамның 

əскери  міндеттілігі  секілді  мемлекеттің  лауазымды  адамдары  да 

тұлғаға келтірген зияны үшін жауапты болуы тиіс. Сондықтан қазіргі 

тарихи  даму  сипаты  адамның  құқықтары  мен  бостандықтарының 

жақтаушысы болатын күшті демократиялық, құқықтық мемлекет құру 

бағытында дамуды ұсынады.  

Сондықтан,  менің  көзқарасымша,  құқықтық  мемлекет  құру 

барысындағы  ең  басты  қауіп  болып  оны  тек  формальды  құқықтық 

етіп  құру  мүмкіндігі    табылады.  Осыған  байланысты,  менің 

пікірімше,  құқықтық  мемлекеттің  келесідей  талаптарға  жауап  беруі 

қажет: 

 -  азаматтардың  негізгі  құқықтарының  жан-жақты  кепілденуі, 



конституциялық  құқықтар  мен  бостандықтарды  жүзеге  асырудың 

қалыпқа түскен, күрделі емес, жеңіл құқықтық тетігінің болуы; 

-  заңдардың  қоғамдағы  барлық  əлеуметтік  топтардың 

мүдделеріне,  əлеуметтік-экономикалық  даму  бағыттары  мен 

моральдық психологиялық жағдайларға сəйкес келуі; 


47 

-  маңызды  мəселелерді  шешудің  тəжірибелік  үрдісіне 

заңнаманың тиімді түрде кірігіп кетуі; 

- ағымдағы заңнаманың конституцияға сəйкес болуы, заңдардың 

заңға сəйкес актілер алдындағы басымдығының қамтамасыз етілуі; 

-  заңнаманың  тұрақтылығы  мен  дамуға  бейімділігінің 

диалектикалық сəйкестігі; 

-  құқықшығармашылық  үрдісіне  азаматтардың  қатысуының 

демократиялық түрдегі үрдісінің болуы; 

-  қоғамның көзқарасының есепке алынуы; 

-  мемлекеттің  құқық  шығармашылық,  ұйымдастырушылық, 

идеологиялық жəне құқық қолданушылық қызметінің бірлігі; 

- құқық субъектілері арасындағы саяси, мемлекеттік, əлеуметтік 

құрылымдардағы  даулы  жағдайлар  мен  жанжалдарды  шешудің 

құқықтық тетігінің жетілдірілген сипаты; 

-  мемлекеттегі  азаматтардың  құқықтық  білімдері  мен  құқықтық 

мəдениетінің жоғарғы деңгейде болуы. 

Көріп жүргеніміздей, бүгінгі күні де құқықшығармашылық жəне 

саяси қызметте, əсіресе, заңға сəйкес актілерді жасау, қабылдау мен 

жүзеге  асыру  барысында  адамдардың  еркі  мен  қабылетінен  тыс  

олардың  белгілі  бір  əлеуметтік  топқа,  тапқа,  аумаққа  жəне  т.б. 

жататындығына  байланысты  теңсіздігін  ескеру  қажет.  Нақты  өмір 

сүру жағдайы адамдарға берілетін əлеуметтік мүмкіндіктердің сапасы 

мен  санының,  сипатының  əлі  де  болса  айырмашылықтарының 

болуын  негіздейді.  Сондықтан,  құқық  əділеттілікті  қамтамасыз  ету 

мақсатында  нақты  бір  жағдайларда  теңдік  емес  теңсіздік  сипатында 

болуы тиіс. Бұл жерде бір жағынан қоғамның  əрбір тұлға үшін оның 

өз мүмкіндіктері мен əлеуметтік жағдайын қалыптастыру үшін қажет 

əлеуметтік  жағдай  тудыруға  талпынысын,  екінші  жағынан,  өткен 

уақыттағы  əлеуметтік  игіліктерді  бөлу  мен  еңбекақы  төлеудегі 

теңестіру бағыттарын қабылдамайтындығын айыра білу қажет. 

Адам  құқықтары  мəселесіне  əділ  жəне  адамгершіліктік 

көзқарасты  қалыптастыру  мен  дамыту  тұрғысынан  алып  қарағанда 

жəне  қоғамдық  мүдде  мен  құндылықтарды  ескерген  жағдайда  бір 

жағынан  өзгермелі  мүдделердің  жағымды  түрде  қатынасқа  түсуі,  ал 

екінші  жағынан  рухани  құндылықтар  мен  императивтердің 

тұрақтылығы  үлкен  мəнге  ие.  Менің  ойымша,  осы  факторлардың 

жанасуы – қазіргі мемлекеттердің ішкі жəне сыртқы саясатының, адам 

құқықтарындағы теория мен тəжірибенің басты мəселесі, адамзаттың 

құқықтық жəне əлеуметтік дамуға деген қажеттілігі.  



48 

Əлеуметтік мүдделердің жетекші роліне дау айтуға болмайды [8]. 

Бірақ, бұл олардың жалпымен танылған моральдық құндылықтармен, 

жалпыадамзаттық  адамгершілік  қағидаларымен,  жалпы  демократия-

лық  саяси  жəне  құқықтық  нысандармен  қарама-қайшы  келуіне  жол 

берілетіндігін  білдірмейді.  Барлық  кезде  де  сипатына  қарай 

субъективтік  болатын  əлеуметтік  құндылықтар  мен  мүдделер 

аталмыш  факторлармен  сəйкестендіріліп  қана  қоймай  жалпы 

əлеуметтік  жəне  жалпы  адамзаттық  басымдықтар  мен  рухани 

бастауларға ұласып кете алады. 

Тарихи  тəжірибе  əлеуметтік  мүдделердің,  əсіресе  таптық 

мүдделердің  жетекші  ролінің  абсолюттендірілуі  жеке  тұлғаның 

құқықтарының  дамуына  теріс  ықпал  етуі  мүмкін.  Нақты  əлеуметтік 

үрдістерден  алшақ  алынған  абстрактілі  адамгершіліктік  ұстанымдар 

өз  кезегінде  тиімсіз  болып  шығады,  сонымен  қатар,  қордаланған 

əлеуметтік мүдделерге жасанды түрде (теріс əсері көп нəтиже тудыра 

отырып) қарсы қойылуы мүмкін.  

Мемлекет  адамның  құқықтары  мен  бостандықтары  қамтылатын 

сəйкес  халықаралық  келісімнің  кез-келген  құқықтық  нормаларын  өз 

əлеуметтік  тəжірибесінде  жүзеге  асыруы  үшін  олардың  мазмұнын 

елдің  ішкі  заңнамасына  кіріктіріп  қана  қоймай,  оларда  көрсетілген 

талаптарды  нақты  жүзеге  асыру  үшін  жағдай  тудыру  мақсатында 

тиісті  əлеуметтік-экономикалық  саясат  жүргізуі  тиіс.  Əйтпесе  адам 

құқықтары жөніндегі халықаралық құқықтық нормалардың əлеуметтік 

құндылығы  төмен  болады,  ал  адамның  құқықтары  мен  бостан-

дықтарын  жүзеге  асыруға  жағдай  тудыра  алмаған  мемлекет  ортақ 

келісімге  қол  қойған  өзге  мемлекеттер  тарапынан  өзіне  алған 

міндеттемені  орындаудан  бас  тартушы  ретінде  бағаланады.  Адам 

құқықтары  жөніндегі  халықаралық  əріптестік  тек  сəйкес  құжаттарды 

жасау  мен  оларда  қарастырылған  нормаларды  қатысушы  мемлекет-

тердің  ішкі  заңнамаларына  кіріктірумен  шектелмейді.  Халықаралық 

əріптестік  аталған  үрдістерден  соң  да  мемлекеттердің  өзіне  алған 

міндеттерін орындауы мен олардың орындалуына бақылау жасау үшін 

де  аса  қажет.  Бақылау  мақсатында  арнайы  халықаралық  органдар 

құрылған, олар: нəсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі комитет, адам 

құқықтары бойынша үш комиссия тобы жəне т.б. 

 Қорытындылай  келе  адам  құқықтарының  бұрынғыға  қарағанда 

қандай  нысанда  болмасын  қазіргі  заманда  біртұтас  жəне 

интеграцияланған  саяси  теория  мен  тəжірибенің  басты  бөлігіне 

айналғандығын,  күнделікті  саяси  қызмет  пен  саяси  тартыстың 



49 

алаңына  айналғандығын  айтқым  келеді.  Көп  жағдайларда  адам 

құқықтары  тұтастай  саяси  қызметтің  негізгі  мақсаты  мен  басым 

бағыты қызметін (тəжірибеде, кей кездері сөз жүзінде) атқарады жəне 

бір  уақытта  осы  қызметті  шектеуші,  яғни  саяси  өмірдің  басты 

субъектсі  ретіндегі  мемлекет  үшін  (мемлекеттің  нақты  түрінен 

тəуелсіз негізде) сыртқы жəне болуы тиіс «шек»  қызметін атқарады. 

 

1.



 

Сунгуров  А.Ю.  Права  человека  как  предмет  политической 

науки и как междисциплинарная концепция // Полис. – М., 2010. №1. – 

С. 90-91.  

2. Қараңыз: Большая актуальная политическая энциклопедия. – 

М., 2009. – С. 245-246. 

3.  Қазақстан    Рсепубликасының  Конституциясы. – Астана, 

2008. - 4,7-14 б. 

4.  Мучник  А.Г.  Философия  достоинства,  свободы  и  прав 

человека . – Киев, 2009. – С. 447. 

5.  Иванов  Г.И.  Права  человека:  история  и  современность. – 

Минск, 2009. – С. 150. 

6. Қараңыз:  Əбсаттаров М.Р. Европалық сот-адам құқығының 

қорғаушысы // Ақиқат. – Алматы, 2006. - №8. – 26-31 б. 

7.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы. – Астана, 

2008. – 8 б.    

8. Қараңыз: Всеобщая декларация  прав человека: универсализм и 

многообразие опытов. – М., 2009. – С. 230-239. 

 

Резюме 


В  статье  рассматривается  политологические  аспекты  права 

человека,  которые  в  научной  литературе  еще  недостаточно 

исследованы. Вместе с тем изучены и дискуссионные вопросы.  

                                                     

Summary 


This article discusses aspects of the human rights of political science

which in the scientific literature has not been investigated. However, the 

study and discussion questions. 

 

 



 

 

 



Document Outline

  • 2011_№2_Часть31
  • 2011_№2_Часть32
  • 2011_№2_Часть33
  • 2011_№2_Часть34
  • 2011_№2_Часть35
  • 2011_№2_Часть36
  • 2011_№2_Часть37
  • 2011_№2_Часть38
  • 2011_№2_Часть39
  • 2011_№2_Часть40
  • 2011_№2_Часть41
  • 2011_№2_Часть42
  • 2011_№2_Часть43
  • 2011_№2_Часть44
  • 2011_№2_Часть45
  • 2011_№2_Часть46
  • 2011_№2_Часть47


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет