дамудың тоқтауы, Капоши саркомасы, психологиялық бұзылулар.
ДИАГНОСТИКАСЫ
Диагностика негізі –вирус спецификалық Аt және АИВ-инфекциясының әртүрлі сатысындағы Ag анықтау.
Негізгі әдістері:
ИФТ (иммуноферменттік талдау) – жоғары сезімталды және таңдамалы иммунологиялық реакция кезінде «антиген-антдене» қатынасын анықтауда қолданылатын лабораториялық әдіс. ИФТ екі мақсатта қолданылады: әр түрлі типтегі қоздырғыштарға қарсы түзілген антиденелерді және қандағы ІgA, IgM, IgG иммуноглобулиндер класстарын түзілуін анықтау болып табылады. Бұл тест 90% сенімді және селективтілігімен ерекшеленді.
Иммундыблот (western blot) тест - қан сарысуында АИВ –қоздырғышына қарсы антиденелерді анықтау үшін қолданылады, жоғары сезімталдығымен және 99,9% сенімділігімен ерекшелінеді.
ПТР (полимеразды тізбек рекциясы) – қазіргі кезеңде жаңа технологиялық, тез әрі нақты микробиологиялық зерттеу әдісі болып табылады. ПТР – диагностикасы кейбір ауру қоздырғыштарын мына әдістерде (иммунологиялық, бактериологилық, микроскопиялық) анықтуға қол жетпеген кезде қолданылады. ПТР-дің диагностикалаудағы жоғары спецификалы нәтижесі, зерттелетін материалдың, яғни инфекция қоздырғышының ДНҚ және РНҚ фрагментін анықтау үшін қолданылады.