жақсырақ...», - дегеніне куәмін. Сонда: «Егер (біреу) үйіме кіріп,
мені өлтіру үшін қол созса ше?» - дегенде, Пайғамбар (оған
Аллаһтың салуаты мен сәлемі болсын): «Адамның ұлы сияқты
бол!» - деді»
(Ахмад, Әбу Дәуд және әт-Тирмизи).
Басқа риуаятта:
«Сен Аллаһтың кісі өлтіруші құлы емес,
Аллаһтың өлтірілген құлы бол!»
- деп айтылған (Имам Ахмад риуаят
етті).
Сондай-ақ, ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын)
жеткізген хадисте Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың салуаты мен сәлемі
болсын):
«Зұлымдықпен өлтірілген әрбір адамның қанының бір бөлігі
Адамның тұңғыш ұлына (Қабылға барады). Өйткені, ол алғаш кісі
өлтірудің негізін салған (адам)»
, - деген (Имам Ахмад және басқалар
риуаят етті).
Яғни, Қиямет күніне дейін әрбір кісі өлтірушінің күнәсінің бір
бөлігін Қабыл арқалайды. Бұл оның Абылды өлтіргенінің ғана емес,
бәлкім кісі өлтіруді алғаш бастап бергенінің жазасы. Кімде-кім бір
жаман істі бастап, оны адамдар арасында әдетке, ғұрыпқа айналдырса,
ол өз күнәсынан бөлек Қиямет күніне дейін оны істеген кісілердің де
күнәларының бір бөлігін арқалайды. Сонымен, әрбір кісі өлтірген
адамның күнәсінің бір бөлігі Қабылға барады. Өйткені, ол алғаш кісі
өлтірді және оны адамдар арасында әдетке айналдырды.
Қабыл Абылды өлтірген соң әкесі Адамға көрінгісі келмей,
әйелін алып қашып кетті. Ол жазық далада күн кешті. Ал Адам
Адам пайғамбар қиссасы
20
балаларымен таудың етегінде тұратын. Сөйтіп, ол Адамнан бөлініп
кетті. Қабылдан ұрпақ тарап, олардың арасында бұзық іс-әрекеттер
пайда бола бастады. Дегенмен олар жалғыз Аллаһқа құлшылық
қылатын. Алайда, араларында Аллаһтың әміріне қарсы келу, Адамның
шариғатына бойсұнбау т.с.с. бұзықтықтар белең алды. Адам ұрпағы
осылай бір-бірінен бөлек екі қоғамға бөлінді. Адаммен және оның
басқа балаларымен бірге игі адамдар, ал Қабылмен бірге бұзықтар өмір
сүрді.
Адамның (оған Аллаһтың сәлемі болсын) дүние
салуы
Өмір жалғасып жатты. Адам мың жыл ғұмыр кешті. Оның өмір-
жасы туралы ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) жеткізген
хадисте пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салуаты мен сәлемі болсын):
«Шын мәнінде ең бірінші болып мойындамаған Адам», - деп
үш рет айтып сөзін: «Аллаһ Адамды жаратқан кезде оның белін
сипап ұрпақтарын шығарды. Аллаһ олардың екі көзінің ортасына
бір нұр жасаған еді. Сонда ол (Адам): «Ей, Раббым! Бұлар кім?» -
деп сұрады. (Аллаһ Тағала): «Бұлар сенің ұрпағың», - деді. (Адам)
өз ұрпағының ішінен бір кісіні көрді. Оған оның екі көзінің
ортасындағы нұры ұнады. Сонда ол: «Ей, Раббым! Бұл кім?» - деп
(сұрады). Аллаһ Тағала: «Бұл сенің ұрпағыңның ішіндегі соңғы
халықтардан (шығатын) бір кісі. Оның есімі – Дәуіт», - деді. Адам:
«Оған қанша өмір бердің?» - дейді. Аллаһ Тағала: «Алпыс жыл», -
деді. (Адам): «Ей, Раббым, оның өмірін ұзарт», - деді. Аллаһ
Тағала: «Тек сенің өміріңнен ұзартамын», - деді. Сөйтіп Адамның
өмірінен Дәуітке қырық жыл қосылды. Аллаһ Тағала
періштелерді куә қылып, жаздыртып қойды. Адамның өмірі
аяғына жеткен кезде, оған өлім періштесі келді. (Сол уақытта ол
тоғыз жүз алпысқа келген болатын. Ол өз жасының мың жыл
екендігін білетін еді). Сонда ол өлім періштесіне: «Менің қырық
жыл ғұмырым қалған жоқ па еді?» - деді. Періште: «Оны (қырық
жылды) ұлың Дәуітке бермедің бе?» - деп айтты. «Ол
мойындамады. Аллаһ Тағала оған жазуды шығарып, дәлел
келтірді. Сөйтіп, Дәуіттің өмір жасын жүзге толтырып, Адамның
өмір жасын мыңға толтырды»
, - деп айтқан (Имам Ахмад риуаят
еткен).
Адам пайғамбар қиссасы
21
Адам қателесті, ұмытты және мойындамады. Бірақ, ол мұны
қасақана істеген жоқ, расында да ұмытып қалған-ды. Ал бұл
адамзаттың табиғатына айналды. Олар мойындамайды. Бірақ, көбінесе
ұмытулары себепті тайқиды. Олар қателік істейді және бұл да
ұмытшақтықтан.
Ибн Зумра әс-Саъди:
«Мен Мәдинада сөйлеп жатқан бір шейхты көрдім. Ол туралы
(адамдардан) сұрадым. Олар: «Бұл Убай ибн Каъб», - деді. Сонда ол
(Убай (оған Аллаһ разы болсын)): «Адам өлім төсегінде жатқан
уақытта балаларына: «Менің жәннат жемістерін жегім келді», - деген»,
- деп риуаят еткен.
Жәннатта жер бетіндегі сияқты алма, анар, жүзім сияқты
жемістердің барлығы бар. Бірақ, айырмашылығы бұл дүние жемістері
уақыты өтсе шіріп, жеуге жарамсыз боп қалады. Ал жәннатта олай
емес. Сондай-ақ, бұл дүние жемістерінің дәмі қарапайым, ал
жәннаттағы жемістердің дәмі шырын. Адам жәннаттағы сияқты жеміс
жеуді қалады.
Убай ибн Каъб (Аллаһ оған разы болсын) айтқан:
«Олар жеміс іздеп кетті. Бірақ, оларға (адам кейпінде)
қолдарында кебін, иіссу сияқты жерлеу құралдары мен мәйітті арулау
заттары бар періштелер жолықты. Олар:
«Ей, Адамның балалары! Не қалайсыңдар, не іздеп жүрсіңдер?» -
деді. (Адамның балалары): «Әкеміз науқас еді. Оның жәннат
жемістерінен жегісі келеді», - дейді. Періштелер: «Арттарына
қайтыңдар! Әкелеріңнің ажалы жетті», - деді. Періштелер келген кезде
Хауа оларды танып, Адамға жабысты. Сонда Адам Хауаға:
«Маған жақындама! Өйткені, мен (ібілістің азғыруына) сенің
тарапыңнан берілген едім. Енді, мені Раббымның періштелерінің
арасына килікпе!» - дейді. Адамның тыйым салған жемістен жеуіне
Хауа ананы кінәлау да даулы мәселе емес пе? Сонда өлім періштесі
Адамның жанын алды. Періштелер оны жуып, кебіндеп, жерледі. Олар
Адамды жерлеу алдында оған жаназа намазын оқыды. Сосын оны
қабірге қойып, бетін топырақпен жапты. Содан кейін Адамның
балаларына:
«Ей, Адам балалары! Бұл сендердің дәстүрлерің», - деді», - деп
айтқан (Имам Ахмад риуаят етті).
Адам пайғамбар қиссасы
22
Олар қалай жерлеуді білмейтін еді, Қабылдың Абылды қалай
көмгенін көрмеген болатын.
Сонымен мың жыл өмірін түгелдей Ұлы Аллаһқа бойсұнумен
өткізген Адам дүние салды. Өз өмірінде ешқашан Аллаһтың әміріне
қарсы шықпады. Ол тек жәннаттағы тыйым салынған ағаштың
жемісінен жеген кезде ғана күнә істеген болатын. Ал қалған өмірінің
барлығы ұрпақтары үшін үлгі-өнегеге толы болды. Содан бір жыл
өткеннен кейін Хауа ана да дүние салды.
Адамның (оған Аллаһтың сәлемі болсын) қадір-
қасиеттері
Аллаһ Тағала Адамға төрт артықшылық берді. Әнәс ибн
Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте пайғамбарымыз
(оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын):
«Қиямет күні мүміндер
жиналып «Раббымыздың алдында шапағатшы болатын біреуді
іздесек» деп Адамға келіп: «Сен адамзаттың атасысың, Аллаһ сені
Өз қолымен жаратты, періштелерді саған сәжде жасатты және
өзіңе барлық нәрсенің атауын үйретті, бізге Раббымыздың
алдында шапағат ет», - дейді»
,- деген (Имам әл-Бұхари мен Имам
Муслим риуаят еткен).
Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын)
миғражға көтерілген кезде пайғамбарлармен кездескен. Сонда Юсуфты
сипаттап:
«Оған сұлулықтың тең жартысы беріліпті»
, - деген.
Ғұламалар:
«Юсуфке Адам сұлулығының тең жартысы берілген. Себебі
Аллаһ Тағала Адам атаны Өз қолымен жаратқан», - дейді.
Адамның (оған Аллаһтың сәлемі болсын)
қиссасынан алынар ғибраттар
1.
Алғашқы күнә – тәкәппарлық. Сондықтан ғұламалар: «Барлық
күнәлардың негізі – тәкәппарлық», - деген. Сол үшін:
«Жүрегінде тарының дәнінің салмағындай менмендік болған
(адам) жәннатқа кірмейді», - деген (Әбу Дауд риуаят еткен)
және осы мағынаны беретін көптеген хадистер келтірілген.
Адам пайғамбар қиссасы
23
Сондай-ақ киімді менменсіп, жерге сүйретіп жүруден
қайтаратын: «Аллаһ пандықпен киімін сүйретіп жүретін кісіге
Қиямет күні назарын салмайды», - делінген хадис жеткен (әл-
Бұхари риуаят еткен).
Киіммен, үй-жаймен немесе руымен, ата-тегімен мақтану
күнәлардың негізі болып табылады. Сол себепті
пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын)
сахабалардың бірінің: «Ей, ансарлар!», ал басқа бірінің: «Ей,
муһажирлер!» - деп өз жақтастарын шақырып жатқанын
естіген кезде: «Қойыңдар оны, расында ол – жиіркенішті
нәрсе», - деген (әл-Бұхари риуаят етті).
Ұлтшылдық, рушылдық және адамдар арасындағы бақталас,
мақтанушылық – тәкаппарлыққа жатады. Қарапайым
қызметкерге, жалгер жұмысшыға немесе міскіндерге
менменси қарау аса ауыр күнә. Өйткені, Аллаһ Тағала
күпірліктің басы тәкаппарлық деген.
2.
Кінәні мойындау – Адам мен ібілістің арасындағы үлкен
айырмашылық. Ібіліс қарсылық танытып, менменсіді және
осы әрекеті үшін мәңгілік тозаққа лайық болды. Ал Адам
Аллаһтың әміріне қарсы келіп күнә істегенмен Одан өз
күнәларын кешіруін сұрады. Сондықтан ғалымдар: «Кіші
күнә мойындаумен, ал үлкен күнә кешірім сұрау арқылы
(жуылады)», - деп айтқан.
3.
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте
пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі
болсын):
«Егер Адам баласы сәжде аятын оқып, сәжде жасаса,
шайтан жылап: «Маған қасірет болсын! Адам баласы
сәждеге бұйырылып, сәжде жасады да, оған жәннат
болады. Мен сәждеге бұйырылдым да, қарсы шықтым,
маған тозақ болады», - дейді»
, - деген. (Имам Муслим
риуаят еткен).
4.
Қазіргі кездегі «Адам баласының алғашында сана-сезімі
төмен болған. Оны адам еткен – еңбек. Ол аң аулауды және
отты қалай пайдалануды үйренді. Келе-келе тілі шықты» деп
шатасатын пікірлерде кереғарлық бар. Бұл айтылып
Адам пайғамбар қиссасы
24
жүргендер бос сөз, жасанды тарих. Аллаһ Тағала адамды
білімді, періштелерден де білгір етіп жаратты.
5.
«Жәннатта сен ашықпайсың және жалаңаш болмайсың».
Тарихшылар адамдар әуелде жалаңаш болған, сосын киінуді
үйренді деген бос әңгімелер айтады. Ал бұл сөздер шындыққа
тіптен жанаспайды. Өйткені, Аллаһ Тағала Адамды және
оның ұрпағын жәннатта да, жерде де киіндірді. Бұл туралы
Ол:
«Ей, адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін сендерге
киім және сәндік бұйым түсірдік. Негізінде тақуалық
киімі жақсы. Солар Аллаһтың белгілері. Мүмкін
түсінерсіңдер»
, - деген (Ағраф сүресі, 26 аят).
Ал Адам ата мен Хауа ана жаратылғаннан бері жалаңаш
болмаған және жалаңаштықтың не екенін де білмеген.
Өйткені, Аллаһ Тағала:
«Жәннатта сен ашықпайсың және жалаңаш болмайсың»
,
- деп айтқан.
6.
Біздің шариғатымызда жаратылған мақұлыққа сәжде етуге
тыйым салынған. Алғашында құрмет сәждесіне рұқсат
етілген. Бірақ, бұл ғибадат сәждесі емес, құрмет бабындағы
сәжде еді.
7.
Шын мәнінде де, қыңырлық әйелдердің табиғатында бар.
Кейде оларды ақыл емес, сезім билейді. Егер оған қатты
тұрсаң, сындырып аласың. Ал егер тастап қойсаң, онда ол
өзің шыдауға тура келетін сол сезімінде қалады. Сондықтан,
пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі
болсын):
«Әйелдерге дұрыстықты (жақсылықты) өсиет
етіңдер»
, (яғни, оларды табиғатына қарсы мәжбүрлемеңдер) -
деген.
8.
Қабылдың тәубесінің қабыл болмау себебі: ол тәубенің қабыл
болу шарттарын орындамаған еді. Тәубенің қабыл болу
шарттары:
А) Күнәдан тез арада тыйылу.
Ә) Істеген күнәсына жан-дүниесімен өкіну.
Б) Аллаһ Тағаладан кешірім сұрау.
В) Тәубені кешіктірмей жасау. Өйткені, жан алқымға келсе
немесе күн батыстан шықса тәубе қабылданбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |