«Расында сендерді жаратып, сосын бейнеледік. Сонан соң
періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар!» - дедік. Барлығы сәжде
етті. Бірақ ібіліс етпеді де, сәжде етушілерден болмады», –
деп
айтқан.
(Сол сәтте Аллаһ Тағала мен ібілістің арасында әңгіме
басталды).
(Аллаһ ібіліске):
-
«Саған, Мен әмір еткенде сені сәжде етуден не қайтарды?»
-
деді.
Ол:
-
«Мен одан артықпын. Мені оттан жараттың, ал оны
балшықтан жараттың»
, - деді.
(Аллаһ):
-
«Онда одан (жәннаттан) түс. Онда (жәннатта) сенің
менменсуіңе
болмайды.
Дереу
шық,
сен
қор
болушылардансың»
, - деді.
(Ібіліс):
-
«Маған қайта тірілер күнге дейін мұрсат бер»
, - деді.
Сонда Аллаһ Тағала:
-
«Шынында сен мұрсат берілгендерденсің»
, - деді.
(Ібіліс рұқсат алып болғаннан соң):
Адам пайғамбар қиссасы
11
-
«Ендеше, мені қаңғыртқаның себепті мен де оларға қарсы
Сенің тура жолыңда отырып аламын. Сонан соң оларға
алды-артынан, оң-солынан келемін де, Сен олардың көбін
шүкір етушілердің қатарынан таппайсың»
, - деді.
(Оған Аллаһ Тағала):
-
«Қорланып қуылған түрде ол жерден (жәннаттан) шық. Ал
енді олардан кім саған ілессе, сендердің барлықтарыңмен
тозақты толтырамын»
, - деді (Ағраф сүресі, 11-18 аяттар).
Бұл әңгіме басқа бір аятта толығырақ келтірілген:
«(Мұхаммед) сол уақытта Раббың періштелерге: «Мен
кепкен қара балшықтан адам жаратамын. Оның
жаратылысын тамамдап, оған рухымнан үрлеген (жан
салған) сәтте, оған сәжде қылыңдар! (Бас иіңдер!)» - деді.
Сонда періштелер тұтас сәжде қылды. Бірақ, ібіліс сәжде
қылушылармен бірге болудан бас тартты. (Аллаһ Тағала):
-
«Әй ібіліс! Сен неге сәжде қылушылармен бірге болмадың?»
- деді.
(Ібіліс):
-
«Сен кепкен қара балшықтан жаратқан адамға сәжде
етпеймін»
, - деді.
(Аллаһ):
-
«Онда жәннаттан шық. Өйткені, сен (жәннаттан) қуылдың
және саған Қиямет күніне дейін лағнет бар»
, - деді.
(Ібіліс):
-
«Раббым! Ендеше, маған қайта тірілер күнге дейін мұрсат
бер»
, - деді.
(Аллаһ ібіліске):
-
«Сен белгілі бір мерзімге мұрсат берілгендерденсің»
, - деді.
Ол:
-
«Раббым! Менің қаңғыртқаның үшін адам баласына жер
жүзіндегі (жаман) нәрселерді жақсы көрсетіп, олардың нағыз
құлдарыңнан басқаларының барлығын адастырамын»
, -
деді.
(Аллаһ):
-
«Маған келетін тура жол осы. Менің шынайы құлдарыма
ықпалың жүрмейді. Бірақ саған кім ерсе, ол адасқандардан
Адам пайғамбар қиссасы
12
болады. Сөз жоқ, олардың бәрінің уәделі жері жаһаннам»
, -
деді (Хижыр сүресі, 28-43 аяттар).
Аллаһ Тағала осы оқиғаны баяндап:
«Сол уақытта періштелерге:
-
«Адамға сәжде қылыңдар!» - дедік. Сонда олар дереу сәжде
қылды. Бірақ ібіліс сәжде қылмай:
-
«Балшықтан жаратқаныңа сәжде қыламын ба? Осы менен
ардақты қылғаныңды көрдің бе? Егер мені Қиямет күніне
дейін кешіктірсең, оның ұрпақтарының өте аз ғанасынан
басқасының (барлығын) бір қырыма (адастырамын)», - деді.
(Аллаһ):
-
«Кет! Енді олардан кім саған ерсе, сонда жазаларың
жаһаннам болады. (Ол) толық бір жаза. Олардан шамаң
келгенін дауысыңмен әуліктір және оларға оттылы, жаяу
түрде келіп байбалам салып, дүрліктір. Сондай-ақ, олардың
малдарына, балаларына (харам араластырып) ортақ бол.
Оларға жалған уәде бер», - деді. Негізінде шайтан оларға
алдаудан басқа уәде бере алмайды. Шынайы құлдарыма
сенің ықпалың жүрмейді. Раббың уәкілдікте жеткілікті»
, -
деген (Исра сүресі, 61-65 аяттар).
Аллаһқа жасалған алғашқы күнәні әңгімелейтін аяттар көп. Оған
бірінші болып қарсы шыққан ібіліс еді, оған Аллаһтың лағнеті болсын.
Аллаһ Тағала Өзіне қарсы шыққанға бірден жауап қайырып, оны
кәпірлер қатарына қосты. «Кәпір» - ол Аллаһ Тағаланың нығметін
жоққа шығарушы. Аллаһ Тағала оны көкке шығарып дәрежесін
көтерді, ал ол Оның нығметін жоққа шығарды.
Хауаның жаратылуы
Адам пайғамбар қиссасы
13
Сонан соң Аллаһ Тағала Хауаны жаратты. Ол бірден жаратылған
жоқ. Алдымен Адам жәннатта біраз уақыт жалғыз өзі өмір сүрді. Ол
өзін жалғыз сезінді, рухы құлазып зерікті. Содан бір күні ол ұйқыда
жатқан кезде Аллаһ Тағала оның сол жақ қабырғасының бірін алып,
сүйекті етпен қаптап, одан Хауаны сомдады.
Аллаһ Тағала:
«Ей, адамдар! Сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан
және одан жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген
ер, әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар»
, - деп айтқан
(Ниса сүресі, 1 аят).
Сонымен, Адам атадан Хауа ана жаратылды. Ибн Аббас (Аллаһ
әкесі екеуіне разы болсын):
«Адам ұйқысынан оянған кезде алдында
отырған әйелді көрді. Одан: «Сен кімсің?» - деп сұрады. Ол:
«Әйелмін», - деп жауап берді. Адам: «Не үшін жаратылдың?» - деді.
«Сенімен тұру үшін», - деді Хауа ана. Періштелер бұл әйелді көріп
Адамға келіп ол туралы сұрады. Өйткені, ол Адам атаға
ұқсамайтын еді. Олар: «Оның аты кім?» - деді. Адам: «Хауа», - деп
жауап берді. Оған мұны білдірген Аллаһ Тағала еді. Сонда олар:
«Неге оған Хауа деген ат берілді?» - деп сұрады. «Өйткені, ол тірі
нәрседен жаратылды», - деді ол»
, - деп риуаят еткен (Ибн Кәсир).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте
пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын):
«Кім
Аллаһқа және Қиямет күніне сенетін болса, бір істі көргенде
дұрысын айтсын немесе үндемесін және әйелдерге дұрыстықты
өсиет етіңдер, өйткені, әйел қабырғадан жаратылды. Ал
қабырғалардың ең қисығы – оның жоғарыдағысы. Егер оны
туралмақшы болсаң, сындырып аласың. Ал тастап қойсаң, ол сол
қисық қалпында қалады. Сол үшін әйелдерге дұрыстықты
(жақсылықты, қайырлы істі) өсиет етіңдер», - деген
(Имам әл-
Бұхари және Имам Муслим риуаят етті).
Ибраһимнің әйелі Сара туралы сахих хадистерде, оның әлемдегі
Хауадан кейінгі ең әдемі әйелдердің бірі болғандығы риуаят етілген.
Бұл хадис Хауаның адамзат жаратылғаннан Қиямет күніне дейін ең
әдемі әйел болып қалатындығын көрсетеді.
Ібілістің азғыруы
Сосын ібіліс оларды азғыра бастады. Бұл азғыру Адам мен Хауа
жәннатқа орналасқаннан кейін басталды. Аллаһ Тағала:
Адам пайғамбар қиссасы
14
«Ей, Адам! Сен және жұбайың жәннатта тұрыңдар да,
қалағандарыңнан еркін жеңдер, бірақ, мына ағашқа жоламаңдар.
Онда (жақындасаңдар) залымдардан боласыңдар», деген едік»
(Бақара сүресі, 35 аят);
«Ей, Адам! Сен және жұбайың жәннатқа орналас. Екеуің
қалағандарыңнан еркін жеңдер. Алайда, мына ағашқа
жоламаңдар. Онда залымдардан боласыңдар»
(Ағраф сүресі, 19
аят);
«Сол уақытта періштелерге Адамға сәжде қылыңдар», -
дедік. Сонда олар сәжде қылды. Тек, ібіліс сәжде қылмай, бас
тартты. Сонда Адамға: «Расында бұл – саған да, жұбайыңа да
дұшпан. Екеуіңді ол жәннаттан шығармасын, онда сорлайсыңдар.
Жәннатта сен ашықпайсың және жалаңаш болмайсың», - дедік»
(Таһа сүресі, 116-118 аяттар);
«Расында бұл – саған да, жұбайыңа да дұшпан». (Яғни, ібіліс
Адамға және оның әйелі Хауаға әуел бастан-ақ дұшпан болды).
«Сондай-ақ, онда шөлдемейсің және күннің ыстығы өтпейді»
,
- деген (Таһа сүресі, 119 аят).
Яғни, олар шөлдеуді, аптапты сезбеді. Ол екеуі қарындары тоқ,
киімдері бүтін, молшылық-бақытта бейпіл өмір сүрді. Олар ешқандай
қиындық, бақытсыздық көрмеді. Сол уақытта ібіліс тарапынан азғыру
басталды. Бұл азғыру оларға сол Аллаһ Тағала тыйым салған ағашты
мәңгілік пен патшалық ағашы деп көрсету арқылы іске асты. Олар
ағаштан жеген сәтте әуреттерін жауып тұрған киімдері түсіп,
жалаңаштанып қалды. Өйткені, шайтан олардың осылай жалаңаш
қалуын және Аллаһ Тағалаға қарсы шығуын қалаған еді. Аллаһ Тағала:
«Сонда шайтан, ол екеуін ұятты жерлерінің ашылуы үшін
азғырды да: «Раббыларың сендерді осы ағаштан, екеуің періште
болып кетеді немесе мәңгі қалып қояды деп тыйған ғой»
, - деді
және:
«Расында мен екеуіңе насихат айтушыларданмын», - деп ант
ішті»
, - деген (Ағраф сүресі, 20-21 аяттар).
Ібіліс ант іше бастады. Оларды алдап, жәннаттың тұрғына қажет
болмаған нәрсеге итермеледі. Ал олар ібілістің айтқанына алданды.
Күнә істеп, киімсіз қалды. Аллаһ Тағала:
«Сонда екеуі ағаштан татқан сәтте ұятты жерлері ашылып
қалды»
, - деген (Ағраф сүресі, 22 аят).
Адам пайғамбар қиссасы
15
Адам да, Хауа да ұялды. Бұл ұят адам баласының табиғатында
бар, олар әуелден жалаңаштықтан қысылады. Адам ата мен Хауа ана
жәннат ағаштарының жапырақтарын жұлып, денелеріне жапсыра
бастады. Аллаһ Тағала:
«Екеуі жәннат жапырақтарынан үстеріне жапсыра бастады»
,
- дейді (Ағраф сүресі, 22 аят).
Адам ұялғанынан қашты. Аллаһ оған тіл қатып шақырды.
Хадисте: Адам қашқан кезде Аллаһ Тағала оны:
«Ей, Адам! Сен
Менен қашпақсың ба?» - деп шақырды. Ол: «Жоқ, о, Раббым. Мен
Сенен қашпақшы емеспін. Бәлкім, осы күнәһар, жалаңаш күйімде
көруіңнен ұялдым», - деді»
, - деп айтылған (Ибн Саъд).
Ағаштан алғаш Хауа жеді және Адамды да осыған итермеледі.
Бұл туралы пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі
болсын):
«Егер Хауа болмағанда, ешбір әйел күйеуіне қиянат
істемес еді»
, - деген (Имам әл-Бұхари риуаят еткен).
«Раббылары екеуіне: «Екеуіңді осы ағаштан тыймап па едім?
Расында, шайтан сендерге ашық дұшпан демеп пе едім?» - деп
дауыстады»
(Ағраф сүресі, 22 аят).
Олар сол кезде ібіліс сияқты қасарысып тұрып алмай күнәларын
мойындап:
«Раббымыз біз өзімізге зұлымдық істедік. Егер Сен бізді
кешіріп, рақым қылмасаң, зиян шегушілерден боламыз»
, - деді
(Ағраф сүресі, 23 аят).
Бірақ, Аллаһ Тағала екеуіне ашуланды. Сонда үлкен бұйрық
келді. Аллаһ Тағала оларға:
«(Жәннаттан) бір-біріңе дұшпан болып
түсіңдер. Сендерге жер жүзінде (белгілі) бір мерзімге дейін мекен
және пайда көзі бар. Ол жерде тіршілік етесіңдер, сол жерде
өлесіңдер және ол жерден қайта шығарыласыңдар»
, - деді (Ағраф
сүресі, 24-25 аяттар).
Басқа бір аятта Ол:
«Расында бұрын Адамға әмір берген едік. Алайда, ол
ұмытты. Оны төзімді таппадық. Сол уақытта періштелерге:
«Адамға сәжде қылыңдар», - дедік. Сонда олар сәжде қылды. Тек
ібіліс сәжде қылмай, бас тартты. Сонда: «Ей, Адам! Расында бұл
саған да, әйеліңе де дұшпан. Екеуіңді жәннаттан шығармасын,
сорлайсыңдар. Сен онда (жәннатта) аш-жалаңаш қалмайсың және
онда шөлдемейсің, күннің ыстығы да өтпейді», - дедік. Шайтан
Адам пайғамбар қиссасы
16
оны азғырып: «Ей, Адам! Саған мәңгілік ағашын және соңы жоқ
патшалықты көрсетейін бе?», - деді. Сонда екеуі одан (ағаш
жемісінен) жеді де, әуреттері ашылды. Екеуі үстеріне жәннаттың
жапырақтарын жапсыра бастады. Адам Раббысына күнәһар
болып, жолдан тайды. Сосын Раббысы оны есіркеп, тәубесін қабыл
етіп, тура жолға салды және: «Бір-біріңе дұшпан болып жәннаттан
бәрің түсіңдер. Менің тарапымнан сендерге туралық келеді. Кім
тура жолыма ілессе, ол адаспайды және сорламайды. Ал кім
үгітімнен бет бұрса, сонда оған бір тар тұрмыс болады. Сондай-ақ,
Қиямет күні оны соқыр түрде жинаймыз»
, - деп айтқан (Таһа сүресі,
115-124 аятар).
Адамның (оған Аллаһтың сәлемі болсын) жердегі
өмірі
Адам күнә істегеннен кейін Раббысынан сөздер үйреніп, Оған
сол сөздерді айтып тәубе қылды. Аллаһ Тағала тәубесін қабыл алып,
оны тура жолға салды. Өйткені, Адам өз күнәсында тоңмойындық
танытпаған-ды. Ал ібіліс болса, Аллаһ Тағала: «Не үшін сәжде
қылмадың?» - дегенде, қасарысып жауап қайтарды. Алайда Адамға:
«Неге (Менің әміріме) қарсы шықтың?» - деп айтқанда, ол әуелі екеуі:
«Раббымыз, біз өзімізге зұлымдық қылдық. Егер Сен бізді
кешіріп, рақым қылмасаң, сөзсіз зиян шегушілерден боламыз», -
деді»
(Ағраф сүресі, 23 аят).
Күнәсінің жазасы ретінде оларды жұмақтан шығарды. Сөйтіп,
Адам мен Хауа жерге түсті. Олармен бірге жерге ібіліс те түсті.
Адам мен Хауа ана жер бетінде ұзақ ғұмыр кешті. Олар мың жыл
бірге өмір сүрген. Аллаһ Тағала ол екеуінен көптеген ер-әйелді
таратты. Олардың бала-шағасы, ұрпағы көп болды. Көне еврей
жазбаларында: «Адамның ұрпақтарының саны төрт жүз мыңға
жеткен», - деп айтылады. Бұл туралы Құранда:
«Ей, адам баласы! Сендерді бір кісіден (Адам атадан)
жаратқан және одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол
екеуінен көптеген ер, әйелді таратқан Раббыларыңнан
қорқыңдар»
, - делінген (Ниса сүресі, 1 аят).
Табари: «Хауа Адамнан жиырма құрсақ көтеріп, егізден қырық
бала туды. Әрбір егіздің бір сыңары ұл, бір сыңары қыз болатын.
Адам пайғамбар қиссасы
17
Олардың тұңғышы Қабыл, ал оның қарындасы Құлайм. Ал ең кенжесі
Абдулмуғис, ал қарындасы Уммулмуғис еді», - деп риуаят еткен.
Адамзат нәсілі көбейіп, ұрпақ тарата бастады. Оларға дін
үйретуші Адам пайғамбар болды. Олар бір Аллаһқа ғана құлшылық
қылатын, барлығы бір үмбет еді.
«Аллаһ Тағала Адамды жұмақтан жерге түсірген кезде, оған
барлық нәрсені жасауды үйреткен», - деп Әбу Мұса әл-Ашъари (Аллаһ
оған разы болсын) риуаят еткен (әт-Табари, ибн Кәсир және
басқалар).
Демек ол білімді, киімді және өнерді, кәсіпті үйреніп түскен. Ол
темір өңдеуді, ағаш өңдеуді, отты пайдалануды, тоқыма өнерін және
сол сияқты тіршілікке қажет нәрселерді, яғни, адамзат бұларды
жаратылғаннан бері білген.
Қабыл мен Абылдың қиссасы
Адамның тұңғыш ұлы Қабыл болды. Құранда Аллаһ Тағала бізге
Қабыл мен оның бауыры Абылдың қиссасын баяндайды.
Қабыл қатыгез, тасжүректеу еді. Ал Абыл керісінше жұмсақ
мінезді, мейірімді болатын. Қабыл егіншілікпен айналысты. Абыл
болса қой бағуды кәсіп қылатын. Ал мал бағу ісі жұмсақтық пен
мейірімділікті қажет етеді. Яғни, жануарды жем-шөпсіз, сусыз,
қараусыз қалдырмау керек.
Сол уақытта адамзат көбеюі үшін арнайы заңдарға мұқтаж
болды. Қазіргі таңда ағасының өз қарындасына үйленуі харам етілген.
Алайда, ол кезде олардың барлығы Адамның балалары, яғни, бір-біріне
бауыр еді. Сондықтан, оларға өздерімен сыңарлас туылған
қарындастарынан басқаға үйленуге рұқсат етілді. Қабылдың
қарындасы Абылдың қарындасына қарағанда көрікті болатын. Ол
қарындасын бауыры Абылға бергісі келмей, оған өзі үйленуді қалады.
Алайда, бұған Адам тыйым салған еді. Адам өз балаларына дін
заңдарын белгілеуші пайғамбар болды. Оның шариғатында балаларына
өзінің сыңарлас қарындасына үйленуге рұқсат етілмейтін. Қабыл бұған
қатты наразы болды.
Сосын, Адам оларға құрбандық ұсынуды белгіледі. Құрбандық
дегеніміз – Аллаһ Тағала үшін тарту етілетін сыйлық. Олардың
құрбандықтарының қабыл болу белгісі бар тұғын. Егер құрбандық
қабыл болса, оған от немесе найзағай тиіп жалмайтын. Бұл белгі
Адам пайғамбар қиссасы
18
құрбандықтың қабыл болғандығын білдіретін. Ал от тимеген
құрбандық қабыл болмайтын еді.
Сонымен, құрбандық берер күні Абыл қойларының ішіндегі ең
жақсыларын таңдап алып, оларды Аллаһ Тағалаға құрбандық ретінде
ұсынды. Ал Қабыл жеуге жарамсыз, бұзылған нашар көкөністерін алып
келді. Олар келесі күні келгенде Абылдың құрбандығы қабыл
болғандығын, ал Қабылдың құрбандығына от тимегенін көрді. Бұл
жағдай Қабылдың Абылға деген ашу-ызасының арта түсуіне себеп
тудырды. Бұрыннан-ақ, ол өз қарындасына Абылдың үйленуіне наразы
еді. Енді құрбандық мәселесі келіп тақалғанда шайтан оны:
«Бауырыңды өлтір», - деп азғырды. Сонымен Қабыл бауырын
өлтірмекші болды. Кісі өлтіру оларда бұрын болмаған жат нәрсе еді.
Ол Абылға барып: «Мен сені өлтіремін», - деді. Абыл оған: «Егер мені
өлтірмекші болсаң, қорғанбаймын. Саған қарсы қол көтермеймін,
қарсы да шықпаймын. Сен мені өлтіруіңмен күнәһар болып,
күнәларыңның үстіне күнә арртырасың», - деп жауап қайырды. Бірақ
Қабыл бәрібір алған бетінен қайтпай, Абылды өлтіреді. Бұл адамзат
тарихындағы алғашқы кісі өлтіру қылмысы еді. Қабыл не істерін
білмей абдырады. Бауыры Абылдың денесін арқалаған күйі жан-жаққа
безілдеді. Сол уақытта, Аллаһ Тағала кенет екі қарғаны түсірді. Олар
бір-бірімен шұқысып, біреуі екіншісін өлтірді. Сосын тірі қалған қарға
жерді қаза бастады және өлген қарғаның денесін сонда тастап, үстін
топырақпен жапты. Оларға қарап отырған Қабыл бауырын қалай
көмуді қарғадан үйренді. Ол жерді қазып, оған Абылдың денесін қойды
да, бетін топырақпен көмді.
Ол жасаған ісіне қатты өкінді. Бірақ, күнәсі үшін Аллаһ
Тағаладан кешірім сұрамады. Шынайы тәубе болу үшін жалғыз өкініш
жеткіліксіз. Егер кісі бір күнә істесе, ол міндетті түрде Аллаһ
Тағаладан кешірім сұрау керек.
Аллаһ Тағала Құран Кәрімде Қабыл мен Абылдың оқиғасын:
«(Мұхаммед) оларға Адамның екі ұлының әңгімесін ақиқатпен
оқы: «Сол уақытта екеуі (Аллаһқа жақындық үшін) құрбандық
ұсынған еді. Сонда біреуінен қабылданып, екіншісінен
қабылданбады». (Құрбандығы қабыл болмаған Қабыл): «Мен сені
өлтіремін», - деді. Сонда (Абыл): «Аллаһ, расында, тақуалардан
ғана (құрбандық) қабыл алады. Сен мені өлтіруге қол созсан да,
мен сені өлтіру үшін қол созбаймын. Мен әлемдердің Раббысы
Адам пайғамбар қиссасы
19
Аллаһтан қорқамын және мен сенің өз күнәңнің үстіне менің
күнәмді жүктеп, тозақтық болуыңды қалаймын. Залымдардың
жасазы осы», - деді. Сонда оның нәпсісі, бауырын өлтіруге
итермеледі де, ол оны өлтіріп, зиян шегулерден болды. (Сол кезде)
Аллаһ оған бауырының өлігін жасыруды көрсету үшін жер қазған
қарғаны жіберді. (Сонда Қабыл): «Сорым құрсын! Бауырымның
денесін көмуде осы қарға құрлы бола алмадым ба?» - деп,
өкінушілерден болды»
, - деп баяндайды (Мәида сүресі, 27-31 аяттар).
Саъд ибн Әбу Уаққастан (Аллаһ оған разы болсын) риуаят
етіледі; Осман ибн Аффанның (Аллаһ оған разы болсын) бүлігі
тұсында Саъд (Аллаһ оған разы болсын) былай деген:
«Мен Аллаһтың
елшісі (оған Аллаһтың салуаты мен сәлемі болсын): «Шынында
бір бүлік болады. Сол кезде отырған кісі әрекет етушіден
Достарыңызбен бөлісу: |