№31
(9625)
12 шілде
2014 жыл
e-mail:
janaarkagazeti@mail.
ru
Осыдан он алты жыл бұрын дәл кәзіргі орында көз тоярлықтай зәулім шаһар тұрады десе,
адам сенбес еді. Зымырап жатқан уақыт пен алға қарыштап бара жатқан заманауи
технологияның заманында көңіл сенбесті көз көрді, көргенге көңіл көншіді. Әрине, мұның
бәрі аяқ астында аспаннан түсіп, орнай қалмағаны тағы белгілі. Осы үлкен де игілікті
істердің бәрі адам қолымен жасалды. Астананың өркендеп – өсу барысынан Елбасының өзі
бір сәт көз жазған жоқ. Басы –қасында жүріп, осы ауқымды жобаның бас сәулетшісі міндетін
атқарғандай еді. Кешенді тұрғын үйлер мен зәулім сарайлар, заманға лайық мәдениет
ошақтары мен оқу орындары, әлеуметтік және медициналық нысандар, тақтайдай
жарқыраған даңғыл және айналма жолдар, көздің жауын алар гүлзарлар мен тарихымыздан
сыр шертіп тұратын ескерткіштер бәрі-бәрі халықтың көз алдында қанатын кеңге жайып,
жайнап жадырай түсті. Еуропалық үлгі мен ежелгі сәулет дәстүрінің қиюын келтіріп, таңдай
қақтырар композициялар дүниеге келді. Бұл үдеріс қазір де жалғасын тауып жатыр, жалғаса
бермек. Бұрын ешбір қалада көрініс бермеген соны дүниелер көз жауын алады. Ежелгі аңыз
желісімен бой түзеген «Бәйтеректің» өзі неге тұрады. Әлем назарын өзіне аударған
Астанамыздың төрінде маңызды отырыстар мен басқосулардың шешімді жиындардың жиі
өтуі де Қазақстанның беделінің қаншалықты дәрежеде екендігін көрсетсе керек. Осынау
қанат жая көсіліп өсіп келе жатқан шаһарға келушілер саны ай санап емес, күн санап өсіп
келеді. «Жақсыны көрмек үшін»,- деген халық нақылы осындайдан айтылса керек. Осындай
Астанасы бар елдің ұрпағында қандай болашақ барын бағамдай беріңіз. Енді осы секілді
өмірлік жәдігер болып қалар ғажайып мұрамызды көздің қарашығындай сақтау, одан әрі
өркендете түсу болашақ жастардың еншісінде.
Елордамыз Астананың тарихы сонау 1830 жылы Қарауыткөл алқабында Ақмола бекінісі-
нен басталады екен. «Ақмола-Есіл өзені жағасындағы Ақмола округінің Сібір қазақтарының
негізгі қаласы болған. XIX ғасырда Ақмола сол кездегі сауда- экономикалық орталық болған.
Сол 1862 жылдан арада тура бір ғасыр өткенде қала атауы Целиноград болып өзгереді.
Тәуелсіздігін алған Қазақ елінде ел астанасын ауыстыру туралы мәселесі көтеріліп, таңдау
Ақмолаға түсті. Қазақстан бойынша ел астанасын ауыстыруға әлеуметтік-экономикалық
көрсеткіштері, ауа-райы, жер бітімі, сейсмикалық жағдайы, қоршаған ортасы, инженерлік
және инфрақұрылымы, құрылыс кешені, еңбек ресурстары бойынша Ақмола қаласы ең
лайықтысы болып шықты. 1997 жылы егемен Қазақстанның Президенті Н.Назарбаевтың
Жарлығымен Елорданы Алматыдан Астанаға көшіру туралы шешім қабылданды. 1998
жылы 6 мамыр жаңа Елорданың атауы Астана болып өзгертілді. 1998 жылы 10 шілде
Қазақстанның жаңа Елордасы-Астананың халықаралық тұсауы кесілді. 1998 жылы
ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы бе-
ріліп, медалімен марапатталады. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік- экономикалық,
саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық
қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Брази-
лияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі
елдерінің он екі қаласын басып озды.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ел Парламенті мақұлдаған «Мерекелер туралы» заңға
қол қойғаннан кейін 2008 жылдан бастап жыл сайын 6 шілде- Астана күні жаңа мемлекеттік
мереке болып белгіленді. Содан бері Астана күні мерекесі мәні зор, маңызы айрықша
мерекелердің бірі болып, жыл сайын аталып өтіліп келе жатыр. Қарт құрлықтың Еуразияның
нақ орталығынан орын тепкен Астана ұлы жеңістер мен ақталған үміттердің символына ай-
налды. Сондай-ақ, Қазақстан сынды еркін елдің өте қысқа мерзімде қандай жетістіктерді
бағындыра алатындығының үлгісіне айналды. «Елу жылда ел жаңа»,- дейді дана халқымыз.
Бірақ 50-дің жартысына да емес 16 жасқа енді ғана толып жатқан жаңа қала, жас қала аяулы
Астанамыздың көрсе көз тартар-көрікті, қараса көздің жауын ала, жаңа үлгідегі өнеріне не-
гізделген биік-биік ғимараттары қалаға сән беріп, жаңаша бағытта ерекшелендіріп тұрғаны
сөзсіз. Әрбір мемлекеттің бүгіні мен болашағы оның экономикалық тұрғыдан дамуына,
әлеуетіне тікелей байланысты. Міне, бүгінде сол мәселелер ойдағыдай шешімін тауып, еге-
мен еліміздің Елордасы Астана қаласы мерейлі 16 жасқа толып отыр. Еліміз экономикасы
дамыған алыптар қатарына қосылуда.
Бас-аяғы 16 жылдың ішінде әлем жұршылығына танылған айбыны асқақ шаһарлардың
қатарына қосылды. Астана- Қазақ елі болашағының қаласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым
мен білімнің ұясы, еліміздің көгілдір туы желбіреген Тәуелсіздігіміздің ордасы. Астананың
16 жылдық тойы- бұл Қазақстанның шаттыққа толы мерекесі. Сондай-ақ мемлекеттің кезекті
даму биігіне қол жеткізген бүкіл халқымыздың үлкен жеңісі. Елбасының Жолдауында
айтылғандай, еліміздің жаңа әрі жас астанасы- қайсымыздың болмасын көкірегіміздегі өрлі
рухты оятады. Әрбір қазақстандық «Астана-еліміздің жүрегі» дегенді мақтанышпен айтады.
Себебі Астана- Қазақ елінің алға деген талпынысы, кемел болашағы мен айқын үміті. Бүгінгі
күні Астана-қазіргі заманның саяси, экономикалық және әлеуметтік- мәдени мәселелері бо-
йынша түрлі кездесулер өткізілетін, көптеген шетелдік инвестициялар тартылатын, сәулет
өнерінің біртуар туындылары көтерілетін және ең батыл идеялар өмірге енетін еуразиялық
кеңістік орталығы. Қазақстанның жаңа астанасының келбетінде терең саяси, рухани және
философиялық мән жатыр. Астана- біздің еліміздің күш-қуатын әлемге танытқан қасиетті
орда. Әлемдік деңгейдегі «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу құқығының Астанаға берілуінің
өзі қазақстандықтардың мерейлі қуанышына, сүйінші хабарына айналды. Алдағы әлемдік
деңгейдегі іс-шара Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ, Орталық Азияда мойындалған
көшбасшы қала екендігі дәлелденді. «ЭКСПО- 2017» көрмесі секілді аса ірі халықаралық
шаралардың Қазақстанда өтуі бірінші емес, бұған дейін өткізілген Әлемдік және дәстүрлі
діндер көшбасшыларының съездері, ЕҚЫҰ- ның саммиті, Азия ойындары мемлекетіміздің
биік әлеуетін көрсетті. 2017 жылы өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесін өз жерімізде өткізудегі
басты мақсаттың бірі – импортты ығыстыру, инновацияны арттыру, тиісінше ғылым мен
өндірісті қабыстыру болмақ. Енді осы секілді өмірлік жәдігер болып қалар ғажайып
мұрамызды көздің қарашығындай сақтау, одан әрі өркендете түсу болашақ жастардың ен-
шісінде болмақ.
А.Т.БОЗМАҒАМБЕТОВ,
Жаңаарқа ауданының мемлекеттік мұрағатының директоры
АСҚАҚТАЙ БЕР, АСТАНА !
ТУҒАН КҮНІҢМЕН!
Алаштың бақ ордасы - Астана!
Жалпы, Астана күнін мемлекеттік мереке деп жариялаудың тарихи,
танымдық, тәрбиелік тұрғыдан мәні айрықша зор. Бұлай дейтін себе-
біміз, Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру - бұл қазақтың өз би-
лігі өзінің қолына тигеннен кейін ұлттың болмыс-бітімін сақтап,
мемлекеттің келешегін кемелдету мақсатында «он ойланып, тоғыз
толғанып»- барып қабылданған тарихи шешім болды. Мыңжылдықтар
тоғысындағы мұндай батыл шешім қазір қай қырынан алып қарасақ та
дұрыс болғанын уақыт дәлелдеді. Тамыры сан мыңдаған жылдардан
сыр шертетін туған тарихымызды білдік, төл мәдениетімізді таныдық, ұмыт бола
бастаған әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріміздің қайнар бұлағын қайта аштық. Елорданың
рухани өмірі де еліміз үшін үлгі-өнеге болып қалыптасуда.
Әлемдік дін жетекшілерінің съезі, дүниежүзі қазақтарының құрылтайы, Еуропадаға
қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымның төрағалығы, қысқы Азия ойындары, ТМД
зиялыларының бас қосуы сияқты дүниежүзілік маңызы бар мәдени және саяси
шаралардың Астана төрінде өткізілуі де еліміздің халықаралық дәрежесін біршама
жоғарылата түсті. Міне осындай қазақтың сайын даласында тәуелсіз Қазақстанның ең
басты жетістігі, құрылғанына небәрі он алты жыл толған Астана қаласы еліміздің саяси
әлеуметтік мәселелерді шешетін, жасампаз жобаларды, халықаралық кездесулерді
өткізетін зор мәртебеге ие болған жаңа Елордаға айналды.
Биыл еліміздің жүрегі Астана қаласына 16 жыл толды. Астананың 16 жылдығы
халықтың есінде сақталатындай, ұлттық рухты дәріптейтін, ұлағатты өнегесі мол іс-
шараларға толы болды. Ауданымызда Астана қаласының 16 жылдық мерекесіне
арналған «Ел жүрегі – Астана» атты мерекелік шара ұйымдастырылып, халықтың шат-
шадыман көңіл көтерулеріне жағдай жасалды.
Мәдени-сауық орталығында өткізілген салтанатты шараны аудан әкімінің міндетін
атқарушы Ю.Бекқожин құттықтау сөзімен ашты. Астана қаласы күні мерекесі
қарсаңында туылған ауданымыздың бір топ жас нәрестелеріне аудандық әділет
басқармасының басшысы Ә.Әбдіразақов туу туралы куәліктерін табыс етті. Салтанатты
шарада мәдениет үйінің қызметкерлері Астанаға, туған жерге арналған әндерді айтып,
би билеп сауық кешті одан әрі әрлендіре түсті.
Осылайша Елордамыз Астананың 16 жылдығы жоғары деңгейде өткізілді. Астана бұл
күнде тек елордалықтардың ғана емес, барша қазақстандықтардың мақтанышына,
сүйікті қаласына айналды. Сәулеті мен сәнін естіген адам бір көруге ынтық болып
жүрген дүниежүзілік шаһарлардың деңгейіне жетті. Туған күніңмен – Астана!
МӨЛДІР ҚАСЫМ
12 шілде 2014 жыл
2
Отбасы мәселесі Елбасының ұдайы назарынан тыс қалған емес. Жыл сайынғы Жолдауында
отбасы, демографиялық өсім, ана мен баланың денсаулығын сақтау мәселелеріне ерекше
мән беріп, тапсырмалар жүктейді. «Қазақстан-2050» Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында әйел -отбасының, мемлекеттің
тірегі ретінде танылған. Ана мен баланы қорғау-әлеуметтік саясаттың аса маңызды құрамдас
бөлігі ретінде жарияланды. Мемлекеттің дамуы, халықтың әл-ауқатының артуы тікелей от-
басына байланысты десек, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартудағы, отбасын нығайтудағы
басым бағыттардың бірі - ана мен балаға әлеуметтік қолдау жасау болып табылады. Осы
бағытта мемлекет отбасы мен балаға әлеуметтік қолдау жұмыстарын жетілдіруде. Қазақстан
Республикасының 2012 жылы 14-ақпанда Ананы қорғау туралы конвенция ратификацияла-
нып еңбек саласында барлық әйелдердiң теңдiгiне, сондай-ақ ана мен баланың денсаулығы
мен қауiпсiздiгiне одан әрi жәрдемдесу үшiн ананы қорғау, оның ішінде жүктілігі мен бала
тууы бойынша демалыстың ұзақтығы және сақтандырылған табыс мөлшеріне байланысты
анаға ақшалай төлемақы мөлшері белгіленген.
Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасында отбасын жоспарлау мәселесі енгізіліп,
туу мен көп балалы болуды ынталандыру бағытында 2010 жылдан бастап көпбалалы
аналардың туған және тәрбиелеген балаларының саны азайтылды, яғни «Алтын алқа» бел-
гісімен марапаттау үшін 10-нан 7 балаға дейін, «Күміс алқа» үшін 8-ден 6 балаға дейін
төмендеді. Сондай-ақ әйелдің қоғамдағы рөлін арттыру да бүгінгі күннің өзекті мәселесі
десек, осы мақсатта Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік
теңдік стратегиясы бекітіліп, гендерлiк саясаттың негiзгi бағыттарын - ерлер мен әйелдердiң
билiк құрылымдарына теңгерiмдi қатысуына қол жеткiзудi, әйелдердiң экономикалық
тәуелсiздiгi, өз бизнесiн дамытуы мен мансап жолында iлгерiлеуi үшiн тең мүмкiндiктердi
қамтамасыз етудi, отбасындағы құқықтар мен мiндеттердiң тең жүзеге асырылуы үшiн
жағдайлар жасауды, жыныс нышаны бойынша зорлық-зомбылықтан азат болуды
айқындады. Отбасы маңызды әлеуметтік бірлік ретінде заңның қорғауында болады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында: «Неке мен отбасы, ана мен әке
және бала мемлекеттiң қорғауында болады»,- деп атап көрсетілген. Мемлекет отбасын
нығайтумен қатар ұлттық салт- дәстүрлерді сақтауға және қалыптастыруға ерекше назар
аударуда. Осыған дәлел ретінде Елбасымыз Жолдауының «Мәдениет, дәстүр және даралық»
атты тарауында «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады» деп ұлттық мәдениетіміз бен
дәстүрлерімізді қорғауға, бірлікке шақырып,үйдің берекесі қабырғасының қиюымен емес,
теңінің жиюымен, отбасындағы сыйластықпен, татулықпен кіреді, - дейді. Кемел де келісті
елге айналу үшін бірлесіп ұлттық салт- дәстүрімізді жаңғыртып жарасқан елге айналайық,
ағайын.
А.А.ТӨЛЕУБАЕВ,
аудандық аурухана жалпы дәрігерлік бөлімше меңгерушісі
АНА МЕН БАЛАНЫ ҚОРҒАУ
ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ОРТАЛЫҒЫНДА
Шілденің 6-сы күні Астананың 16 жылдық мерейтойына орай флеш-моб ұйымдастырылды.
Аталмыш шараға жастар белсене қатысты, үнпарақтар таратылды. Аудан тұрғындарына
мәдени-сауық орталығында Елордамызға байланысты викторина сұрақтары қойылып, ес-
керткіш сыйлықтары таратылды. Флеш-моб соңы мәдени-сауық орталығының
ұйымдастырылған «Ел жүрегі – Астана!» атты концертімен жалғасты.
Б.САҚҚҰЛАҚ
****** ****** ****** ******
Б.ӨТЕШОВ АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДА
4-маусым күні Астана күніне арналған «Жаңарған, жайнаған Астана» атты ертеңгілік өте
қызықты өтті. Ертеңгілікке Н.Крупская атындағы орта мектептің лагерінің оқушылары
қатысты. Кітапхана меңгерушісі М.Ахметова балаларды Астана күні мерекесімен құттықтап,
қала тарихына тоқталды, оның бүгінгі жетістіктері жайлы айтып өтті. «Жаңа - қалам, жас -
қалам – ол сүйікті - Астанам» атты кітап көрмесінен балалар Астана туралы түсініктеме
алып, қаланың мәдени орындарын слайд арқылы тамашалады. Астана туралы тақпақтар
айтып, әндер орындап бас қаланы туған күнімен құттықтады. Кітапхананың оқу залында
«Асқақ рухты - Астана!» деген көрнекті жазулар ілініп, әсем әуен қалықтады. Кітапханашы
С.Нығманова «Астана – арман қала» атты сұрақ-жауап ойынын өткізді. Кітапханашы өз ке-
зегінде балаларға Отан, ел, Елбасы туралы викториналық сұрақтар қойып, кештің қызықты
өтуіне үлес қосты.
М.АХМЕТОВА
****** ****** ****** *******
ОРЫНБАЙ АУЫЛЫНДА
Астана күнін мерекелеу барысында мектептің спорт алаңында әр түрлі спорт түрлерінен
жарыстар өтті. М.Аманжолов пен Н.Молдабаевтар барлық спорт түрлерінің қамтылуын
қадағалады. Ауыл кітапханасында «Астана туған күніңмен» атты дөңгелек үстел өткізілді.
6-шілде күні ауыл мәдениет үйінде «Туған күніңмен Астана» мерекелік іс-шарасы өткізілді.
Ауыл әкімі М.Сәдуақасов Астананың 16 жылдығымен құттықтап, ауыл спортшыларына
сыйлықтар берді. Ал әншілер Астана туралы, туған жер туралы әндер шырқады. Кешке ауыл
жастарының би кеші ұйымдастырылды.
А.БАЯНТАЕВА
****** ****** ****** *******
ТҮГІСКЕН АУЫЛЫНДА
И.Омаров атындағы мәдениет үйінде «Астанам – мерейім, мәртебем, беделім» атты мере-
келік іс-шара ұйымдастырылды. Ауыл өнерпаздары М.Ермаханова, Ә.Айтмұхамет, А.Каш-
шафидина, Ж.Искакова, А.Бекетова, А.Ораз, Ж.Тұрысбековалар еліміздің айбынды Астана
қаласына арналған Отан, туған жер тақырыбындағы әндерді шырқады. Кеш өте көңілді өтті.
Көпшілік көрермен қауым ыстық ықыласпен қабылдап, ризашылықпен тарқасты. Мерекелік
іс-шара соңы жастардың би кешіне ұласты.
Ш.БАТРАЛИНА
****** ****** ****** *******
БИДАЙЫҚ АУЫЛЫНДА
Мәдениет үйінде салтанатты жиналыс, Елордамыздың туған күніне арналған спорттық
ойындар, концерттер өтті. Бидайық кітапханасында Астана күніне арналып «Арманы асқақ
– Астана!» атты көрме ұйымдастырылып, жиналғандарды Астананың тарихымен танысты-
рып өтті. Бидайық мәдениет үйінде өткен салтанатты жиналысты ауыл әкімі С.Баязитов
құттықтау сөзбен ашып, жиналғандарды Астанамыздың 16 жылдық туған күнімен
құттықтады. Көрікті де, жас қаламыздың көркеюі мен дамуы жайында Астана қаласының
16 жыл ішінде көркейгенін әлемдегі сәулетті де, сәнді қалаларының бірі екенің айта отырып
қысқаша баяндама жасалды. Астана туралы әндер айтылып, патриоттық өлеңдер оқылды.
Ж.ЖАКИЯНОВА
****** ****** ****** *******
ЫНТЫМАҚ АУЫЛЫНДА
Астананың 16 жыл толуына орай «Еліміздің жүрегі - Астана» атты ауыл жастарының
ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама өткізілді. Елордамыз Астана туралы әндерді
Н.Шалғынбай, Е.Ерікұлы, К.Төлеуқызы, М.Зарлық, О.Рамазан, Ө.Байжікендер тамаша
орындап, көрермендердің ілтипатына бөленді. «Балауса» бишілер тобының бишілері мың
бұрала би биледі. Мерекелік бағдарлама аясында ауыл кітапханасы «Жайнай бер, жарқырай
бер Астана!» атты әңгіме-сағат өткізді. Мәдени іс-шаралардың соңы жастар биіне ұласты.
К.ҚҰМАРХАНОВА
АРМАН ҚАЛА-АСТАНА!
Еліміздің күн тізбесінде қызыл әріптермен жазылған ерекше айтулы күндердің бірі Астана
күні. Астана-саяси ерік-жігер көрінісінің нышаны. Астанамыздың шаңырағы әлі де болса
биіктей түсетініне біз нық сенімдеміз. Астана өте серпінді дамуда. Астананың ойдағыдай
дамып келе жатқанының белгілерін оның халқының жедел өсуінен байқауға болады. Елор-
даны көшіру жарияланған жылы мұнда не бары 225 мың адам тұратын. 2004 жылы Елорда
тұрғындарының саны екі есе өсіп, жарты миллионнан асып кетті.1998 жылы Астана еркін
экономикалық аймақтың WEPSA халықаралық қауымдастығына кірді. Әлемнің 15 қаласы
Қазақстан Елордасының бауырлас қалалары болып табылады, олардың арасында Мәскеу,
Берлин, Будапешт, Варшава, Минск, Киев, Анкара, Рига, Бангкок және басқалары бар.
Бүгінде Астана Тәуелсіз Қазақстанның Елордасы ретінде әлемнің саяси картасында берік
орнықты. Қазақстан егемендік алғалы бері бірінші рет астанасының орнын ауыстыруда
тұрғылықты халықтың мүддесін ескере отырып, дербес шешім қабылдады. Осы іспеттес
оқиғалар өмірдің өзі халық пен үкіметінен маңызды шешім қабылдауын талап еткен
жағдайларда іске асып жатады. Жаңа Астананың жарқын келбеті қалыптаса бастады. Бұрын
Астананы тыңгерлердің астанасы ретінде біліп келсек, енді тәуелсіз Қазақстанның бас
қаласына айналды. Бұл—үлкен мәртебе. Бүгінде халқы 500 мың адамға жеткен Астана
Орталық Азия өңіріндегі күрт дамып келе жатқан қала. Еуразия құрлығының дәл
«жүрегінде» орналасқан Астананың XXI ғасырда халықаралық саясаттағы маңызды
орталыққа айналу мүмкіншілігі бар. Өйткені, өмір, тіршілік ортада, орталықта. Оған дәлел
Елбасының бастамасымен Астанада өткен сансыз әлем басшылары мен қайраткерлерінің
кездесуі, соның ішінді бүкіл әлемнің дін өкілдерінің әлем тағдырын талқылайтын жиналы-
стары баршамызға аян. Алдымызда Астананы әлемге паш ететін, Қазақстанды әлемге одан
әрі жақынырақ таныстыру мақсатында алдыға қойылып отырған бүкіл әлемдік «ЭКСПО-
2017» көрмесі тұр. Тәуелсіз Қазақстанымыздың мақтанышы Елордамыз Астанаға бүгін 16
жыл толып отыр. Осындай аз уақыттың ішінде әлемге жар салған Астанамызға, оның ірге-
тасын таңдап, қалаған және осындай жағдайға жеткізген Елбасшымызға сәттілік тілейміз.
Астанамыз жасай берсін!
А.СҮЛЕЙМЕНОВ,
Қарағанды облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ №50
өрт сөндіру бөлімінің бастығы ө/қ қызмет майоры
Бейбітшілік қаласы - Астана
Қазақстанның Ұлттық мұражайы егемен мемлекеттің рәмізі - «Қазақ Елі» монументі Тәуелсіздік
сарайын, Бейбітшілік және келісім сарайын, Ұлттық өнер университетін және «Әзірет Сұлтан»
мешітін біріктіріп тұрған Тәуелсіздік алаңының бүтін бітімімен табиғи үйлесім тапқан. Жобаға
сәйкес музейдің жалпы аумағы74 мың шаршы метрді құрайды, соның ішінде экспозициялық
алаң 14 мың шаршы метрден асатын жерді алып жатыр, ал мұражайлар ауқымы 5 мың шаршы
метрдей. Экспозициялық залдардан бөлек уақытша көрмелер өткізетін, «Ұлттық мирас» ғылыми-
зерттеу институты, жаңғырту шеберханалары, зертханалар, мұражайлар, оқырман залдары бар
кітапханалар, ілеспе аударма құралдарымен жабдықталған мәслихат залы, кәде-сый киоскісі,
кафе, буфет орналасатын орындар көзделген. Қазақстанның Ұлттық мұражайының құрылымында
сақтауға қою және жаңғырту орталығы бар, соған сәйкес онда бұйым-заттарды тұрпатына қарай,
яғни гобелен, кілем бұйымдарын, металл, ағаш, қыш және шыны заттарды жаңғырту үшін арнайы
жабдықталған зертханалар құрылған. Кәсіби мамандар еңбек ететін, озық арнаулы құрал-
жабдыққа ие бұл орталық тәжірибелік орын ғана емес, еліміз музейлерінің барлығына да қажет
оқыту орталығы да. Мұражайдағы қауіпсіз кәсіби мұражайлар жалпы қабылданған заманауи
әлемдік талаптарға толық сай келеді, яғни мұнда іштегі ауаны бақылайтын, биологиялық ахуалды,
жарық-сәуле мөлшерін бақылауға алатын жүйелер орнатылған және мұражайларды салу кезінде
арнаулы материал пайдаланылған. 2014 жылғы 2-шілдеде Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан
Республикасының Ұлттық мұражайын ашты. Бұл салтанатқа ҚР Мәдениет министрі А.
Мұхамедиұлы және әлемдік жетекші мұражайлардың басшылары мен өкілдері қатысты. 2014
жылғы 3 шілдеде Ресей этнографиялық мұражайымен және Ресей мемлекеттік «РОСИЗО»
мұражайы-көрме орталығымен әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды. «Орталық Азия
мен Кавказдағы тоқыма өнері-Ұлы Жібек жолы мұрасы» (РЭМ, Санкт-Петербург) және «Орыс
кескіндемесінің 4 ғасыры»(«РОСИЗО» Москва қ.) көрмелері екі мұражайдың алғашқы бірлескен
жобалары болып отыр. Көрмелер қыркүйек айына дейін созылады.
ҚР Ұлттық мұражайы
АСТАНА КҮНІ
ШАБЫНДЫҚ -2014
Көкорайға шалғы түсті
Целинный ауылдық округіндегі шаруа қожалық иелері қыс қамына кірісті. Бай
дүйсенбі күні шалғыларын сайлаған «Қазақстан» ШҚ (К.Цугуй), «Ауа» ШҚ (Б.Қаппасов),
«Жалғас» ШҚ (Б.Рысбеков), «Бәтес» ШҚ (Есжанов), «Бекарыс» шаруа қожалығының иесі
(Ө.Балажанов) иелері көкорайға шалғы салды. Күннің жауынсыз болуына орай
шабындықтар әлі көтерілмеген екен. Дегенмен, өзен бойындағы өлең шөпті оруға
кіріскен жігіттердің алғашқы көпендері бой көтерді.
Е.МОЛДАБЕКОВ
12 шілде 2014 жыл
3
СПАРТАКИАДА-2014
Астана қаласының мерекесіне орай аудан орталығындағы
Тәуелсіздік
саябағында
аудандық
"Сарыарқа-2014"
спартакиадасының ашылу салтанаты өтті. Саябаққа жиналған
ауыл спортшыларының шеруін аудандық білім беру дене
шынықтыру және спорт бөлімінің бастығының орынбасары
Алдан Қарабаев бастап шықты. Ауданымызға қарасты 11
ауылдық округ пен 2 кенттің спортшылары бас қосқан шеруде
әр ауылда туып, спорт саласында аты шығып, мақтанышқа
айналған азаматтардың аты аталып, жетістіктері айтылды.
Шеруге қатысқан барлық ауыл азаматтары мен қонақтарды
аудан әкімінің міндетін атқарушы Юржан Бекқожин құттықтап
сәттілік тіледі. Келесі кезекте сөз алған аудан әкімінің орын-
басары Дүйсенбай Жұмасейітов жиналғандарды құттықтап,
алдағы бәсекеде бақтары жанып Қарқаралы қаласында өтетін
облыстық спартакиадаға қатысуға жолдама алуларына тілекші
болды.
Сонымен бірге Семей қаласында өткен "Былғары доп"
республикалық турнирінде оқушылардан құралған ауданымыздың
командасы І орынды иеленіп "Чемпион" атанды. Жеңімпаз
топтың мүшелері Б.Бакеев, М.Орынбаев, Е.Баймоханов,
А.Бүртаев, Д.Калунин, Ж.Исламов, Р.Айтжанов, А. Амантай,
А.Сейдімбеков, М.Қаралтаев, С.Оспанов, Ж.Сембеков,
Н.Мырзақанов, Д.Әліпов, Б.Бөкеновтерді ел алдына шығарып,
оларға сый-сияпат тарту етті. Командаға арнайы жеңімпаз
кубогі тарту етіп, команда жетекшілері Қанат Кәрімов пен Ба-
тырбай Сәрсекеевке аудан әкімінің "Алғыс хаты" табыс етілсе,
мүшелері аудан әкімінің арнайы сыйлығымен марапатталды.
Мойындарына алтыннан алқа тағып, қолдарына диплом
алған жас футболшылардың қалтасына "Адидас" фирмасының
атынан 15 мың теңге салынса, аудан әкімінің ескерткіш сыйлық
кубогі сыйға тартылды. Ауданымыздың атын республикаға
танытқан жас футболшыларымыз, үздік жартылай қорғаушы
С.Оспанов пен үздік шабуылшы Ж.Исламовтың ойын үлгілері
ерекше екенін айта кеткен жөн. Жиналған көпшілік арасынан
Берікбол Бөкеннің ата-әжесі ортаға шығып Қанат
Ауданбайұлының иығына шапан жауып, қазақы салт-
дәстүрімізді жаңғыртты. Аудандық білім беру дене
шынықтыру және спорт бөлімінің бастығының орынбасары
Алдан Қарабаев жарыс ережесімен таныстырып, спартакиада
барысында өтетін спорттық ойынның 16-түрінің қай жер-
лерде өтетінінен хабар берді.
Саябақ төрінде қол күресінен, кір тасын көтеруден, Прези-
денттік көп сайыстан, футболдан жарыстар өтсе, мектептерде
дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, волейболдан сынға түсті. Дәл
осы сәтте Қарауылтөбеде ат спортынан жарыстар
ұйымдастырылды. Жеті ауылдан келген өнерпаздар арасында
тартымды тартыс пен ұтымды ойын үрдісі өтті. Ойын ба-
сында ұлттық ат спортының бірінші санаттағы төрешісі Бей-
біт Қасенов жүрді. Атбегілер аттарын тізгенше ойын
алаңында ұлттық ойынымыз көкпар өткізілді. Жеті ауылдан
келген командалардың алдыңғысы болып ортаға Түгіскен мен
Байдалы бидің жігіттері шықты. Орағыта ортаға ойысқан
топтың ортасындағы шеңберге қара серке тасталды да
көкпар басталды. Омыраулаған аттар арасынан аттың бауы-
рынан білекті жігіттердің еңкейген бастары мен салалы
қолдары ғана көрінеді. Серкенің сирағынан шап берген
Түгіскендік Жарқын көкпарды көтеріп қарсыластарынан сы-
тыла қарсы беттегі қазандыққа тұра шапты. Ат бойымен бір-
дей жасалынған қазандыққа ат үстінде үзеңгіні шіреп тұрып,
түрегеліп барып салым салмасаң, одан беріде бойың жетпесі
анық. Қазандыққа жанталаса жеткен Байдалы би жігіттері
тосқауыл бола алмады алғашқы салым қазандыққа күмп етіп,
ұпай ашылды. Бақторы аттың бабын білетін Жарқын қарсылас
топтың тақымындағы серкені жігіттеріне жұлып беріп
өжеттілік танытса, топбасыларының шалт қимылын баққан
жігіттері де серкені іле сала қазандыққа тартып отырды.
Торша аттың үстіндегі Артықбай, Еліккерге мінген Абзал,
Қарақасқа атпен Сұлтан, Керкенай бестідегі Жарқын
қазандыққа бес салым салып таза жеңіске жетті. Келесі ке-
зекте Ералиев ауылымен М.Жұмажанов ауылының шабандоз-
дары бақ сынасты. Есеп 0:1 болып М.Жұмажанов ауылы
жеңімпаз атанды. Бидайық ауылы мен Ақтау ауылының
арасындағы ойында тартымды өтті. Манадан бері ортадағы
ойындағы аттардың шабысына қарап елегізген аттар ортаға
ширай шықты.
Жерден серкені Тайбуырылдағы Бекзат көтеріп, атын тебіне
маңайындағылардан сытыла суырылып алға шықты.
Бидайықтықтар қапталдаса шауып қазандыққа маңайлатар
емес. Десекте аңдыған жау алмай қоймастың кебін кейдіре
Бекзат атымен бұлтара шауып, қазандыққа созыла серкені та-
стап жіберді. Келесі кезекте көкпаршылардың ішіндегі
қағілез жігіт Рамазан Әселторымен серкені тақымдай
қазандыққа келіп олжа салды. Бар тартыс қазандық маңында
өрбіді.
Қарсыластың тақымындағы серкені Қараторғай атпен омырау-
латта келе жұлқа тартып алған Бауыржан үшінші салымды
салды. Сарыалақаз аттың үстіндегі Нұрбекте осал еместігін
байқатып соңғы сәтте төртінші салымды қазандыққа топ ет-
кізді. Келесі кезекте Түгіскен мен Қараағаш командалары
ойнап, есеп 4:0 болып түгіскендіктер таза жеңіске жетті.
М.Жұмажанов командасымен ойнаған ақтаулықтар есе жібермей
қарсыласқа ұпай алдырмай жеңіске жетті. Кеңторы аттағы
Азамат алғашқы салымды салса, Мақпал қара атты Нұргелді
екінші салымның иегері болды. Он команданың арасында
өткен бес кездесуде қара серкенің дымы қалмады. Төрт
сирақтан айрылып, домаланған көпшікке айналған серкемен
көкпар тарту мүмкін болмады.
Ат жарысы өткеннен кейін көкпар жалғасын тапты. Шешуші
сәтте командалармен ойнағанда жеңіске жеткен қос жеңімпаз
командалар Ақтау мен Түгіскен ауылының көкпаршылары
бетпе-бет келіп, көк серкені көкпар етті. Қос әлді
командалардың ойыны шиыршық атып, ширыға түсті.
Манағындай емес көкпар қос қазандық арасында жігіттердің
білек күшімен қолдан- қолға тақымнан-тақымға өтті. Омы-
раулай қақтығысқан аттардың да ептілігі сыналды.
Бекзаттың тақымындағы тайбуырылдың үйренгені соншалық
қазандықты айнала қарсыластардың атынан жалтара қашып,
қазандыққа алғашқы салымды салды.
Теледидардан көрген көкпар сайысында қазандықтардың
аласа жайдақтау жасалғанының куәсі болғанымызбен мұндағы
қазандық аттан да биік орналасқан екен. Соның әсері ме
көкпаршылар қазандыққа таялғанымен серкені сала алмай
шегініп кетіп жатты. 3:1 есебімен Ақтаулықтар жеңіп
Қарқаралыда өтетін облыстық жарыстың жолдамасын
қанжығалады.
Осы сәтте тай жарысының боларынан хабар жетіп қара
құрым көрермен солай ағылдық. Жабулары алынып, шабан-
доздары жайдақ мінген 15 тай 3 шақырымға жөнеп берді. Ә
дегеннен ақ №32 номерлі Ерасыл шабандоз отырған
Тоқберген Темірханның тайы тайлардың алдында болып кер-
меге бірінші келді. М. Аманжановтың қос тайы іркес-тіркес
болып екі мен үшке жайғасты. Құнан жарыста Байдалы би
ауылынан Матаев Сұлтанның аты мәреге бірінші келді.
Қ.Абзаловтың құнаны екінші келсе, Н.Ахантайдың құнаны
үшінші келді. 18 шақырымға жіберілген ат бәйгесіне 14 ат
қатысты. Шу дегеннен аттардың алдына №49 Диас мінген
күрең мен №4 Айдын мінген торы түсіп алты айналымда да
алдарына қара салмады. Аққан жұлдыздай қапталдаса
отырған қос шабандоз алтыншы айналымға өткенде
Айдынның аты көпшілікке қарап тосырқады ма тоқтаңқырап
барып қайта жөнелді. Соңғы айналым шешуші сәтте қиқуға-
қиқу қосқан ат иелерінің айқай шуынан құлақ тұнды. Мәреге
шамалы қалғанда №4 аттылы Айдынды №22 аттағы Нұрбек
басып озып екінші орынға ие болды. Ал бірінші орынды
алдына ат салмаған бидайықтық Қинаш Қожахметовтың аты
алды. Бес айналым бойы алдында отырған Макишевтің аты
үшінші орынды иеленді. Барлық үш орынды иеленген атбе-
гілерге сыйлықтар табысталды.
Аударыспаққа жүректі әрі білекті жігіттер түсері анық. Төрт
салмақ дәрежесінен білек сынасқан жігіттер жеңісті өзара
бөлісті. І орынды М.Жұмажанов ауылынан Е.Абзалов,
ағайынды Б.Нұрғалиев пен М.Нұрғалиев, Ж.Омарханов ие-
ленсе, 90 кг салмақтан жоғары дәрежеде түгіскендік
А.Нақыпов жеңіске жетті. Теңге алу сайысында жерге
түйіліп көмілген алты орамалды ат үстінен еңкейіп алатын
шабандоздардың барлығы талапқа сай бола алмады. Тек
ақтаулық Рамазан Шалғымбаевтың ойыны көпшіліктің
көңілінен шықты. Шауып келе жатқан ат үстінен сағызша со-
зыла еңкейіп, алты орамалды 28 секунтта жерден көтерген
Рамазанның ептілігі тәнті етті. Ертемен басталған шабандоздар
жарысы күн еңкейіп кеш түскенде аяқталды. Барлық
жеңімпаз топтармен жүлдегер жігіттерге сыйлықтар табы-
сталып, жолдамалар ұсынылды.
Ауылдар арасында өткен спартакиада мәреге жетті. Футбол
ойынында І орынды - Байдалы би а/о, ІІ орынды- Түгіскен а/о,
ІІІ орынды – Атасу кенті иеленді. Волейболдан (ұлдар) Бидайық
а/о- І орын, С.Сейфуллин а/о- ІІ орын, Қараағаш а/о- ІІІ орынға
табан тіреді. Үстел теннисінен І орынды-Ералиев а/о (Д.Жолдасов,
Р.Елекенов, А.Әбдіғаппарова), ІІ орынды-С.Сейфуллин а/о
(А.Әбдірахманова, Е.Әбдірахманов, Е.Аманжанов), ІІІ орынды –
Бидайық а/о (Е.Ахметов, Ә.Алдажан, Д.Мироненко) иеленді. Кір
тасын көтеру сайысында І орынға – Ералиев а/о (М.Қалдыбаев,
А.Бөкенаев, М.Көшенов), ІІ орынға – Бидайық а/о (Қ.Әлжиков,
Е.Каринов, Е.Каринов), ІІІ орынға – С.Сейфуллин а/о
(Қ.Әбдірахманов, М.Қоршабеков, Б.Мұқатаев) көтерілді. Қол
күресі байқауында І орынды – Қараағаш а/о (Е.Түсіпов,
Б.Қасымов, И.Жанғозин), ІІ орынды – Бидайық а/о (Ж.Кұлманов,
Д.Түсіпов,
К.Құлманов),
ІІІ
орынды-Ералиев
а/о
(А.Нағашыбеков, М.Бақтыбаев, Н.Көшенов, К.Марат) иеленді.
Тоғызқұмалақ жарысында І орынды-Атасу кентінен (Д.Комму-
нар, И.Күлмағанбетов, А.Қасымова, М.Аманжолова), ІІ орынды
– С.Сейфуллин а/о (Ә.Тілеубаев, Б.Жаркешов, А.Бабашева,
А.Қошанова), ІІІ орынды – Бидайық а/о (К.Байғабұлов,
А.Кәрімов, А.Аманжанова, А.Смағұлова) ие болды. Шахматтан
І орынды-Атасу кенті (А.Байболов,Ә.Қаппарова, М.Жаркешов,
Ә.Стрелкова), ІІ орынды-Бидайық а/о (Д.Байкенов,
А.Қалиасқарова, А.Бақтыбаева), ІІІ орынды-М.Жұмажанов а/о
(А.Рымбеков, Б.Мұқышева, К.Жолдыбаева, А.Көшкімбаева) ие-
ленді. Дойбыдан І орынды–Цилинный а/о (М.Хасенов, С.Бола-
тов, Н.Мизамова, Г.Хасенова), ІІ орынды–Бидайық а/о
(Ж.Тілеубеков, А.Сыздықов, А.Бақтыбаева, А.Қожахметов), ІІІ
орынды – Атасу кенті (С.Мейізбеков, К.Күлмағанбетов,
Е.Айдын, А.Жақпарова) иеленді. Қазақ күресінен І орынды
Атасу кенті (55 кг с.д. Б.Қайыржанұлы, 60 кг с.д. М.Бозов, 70 кг
с.д. З.Әлкенов, 80 кг с.д. А.Ғалымов, 90 кг с.д. А.Нұркеев), ІІ
орынды – Түгіскен а/о (60 кг с.д. Б.Есімбеков, 70 кг с.д. Қ.Ал-
пысбаев, 90 кг с.д. Е.Жалмағанбетов), ІІІ орынды – Байдалы би
а/о (60 кг с.д. е.Қоныров, 70 кг с.д. М.Қожин) иеленді.
Жеңімпаздар Қарқаралыда өтетін облыстық спартакиада да
ауданымыздың намысын қорғайды.
Достарыңызбен бөлісу: |