Адам виртуалды кеңістікте



Дата22.04.2022
өлшемі15,28 Kb.
#31975
Байланысты:
Адам виртуалды кеңістікте


Адам виртуалды кеңістікте


  • Өлеңді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

Компьютербасты жарты адамдар

(Рухсыз күш формуласы)

(Үзінді)

Мұхтар Шаханов

«Елге ұстаздық еткен қарттан алғыр, құйма құлақты,

Қонақтары сұрапты:

– Аға, неше балаңыз бар соңыңыздан самғаған?

– Бір жарым! – деп тіл қатыпты әлгі адам.

– Ал, дәл айтсам, үш ұлым бар зерек әрі білімді,

Үшеуі де ғылым қуып назарға ерте ілінді.

Сол үш ұлдың бірі ғана қайсар, ұшқыр арманын,

Техникалық санаты мен ғылыми өр талғамын

Өз ұлтының рухани байлығына жалғады,

Содан шуақ, қуат алып, ғаламдық ой толғады.

Екі ұлымның тағдырында ол өзгеріс болмады,

Екеуі де жалаң білім шеңберінде сорлады.

Рухы, жаны аласаның зорлық жатар парқында,

Сондықтан қос перзентімді санаймын мен жарты ұлға.

Мейлі, мейлі, екі ұлымды қақса да уақыт арқадан

Нағыз ұлым біреу ғана, ана екеуі жарты адам!

Иә, бізді қайда апармақ мына заман ақпалы?

Ұлан-байтақ жерімізді жарты адамдар қаптады.

... Қайтсек екен, мониторкөз, компьютербас, жас талап,

Білім – Рух болуы үшін ажырамас қос қанат?

Қай кезде де білім – күшің, әрі нұрлы жетегің.

Білімнің де адамзатқа зияны бар екенін

Кім ойлапты құдайым-ау, егер ұры қаншама,

Зор білімін қулығына қару етсе жан сала

Бейқам елге оның тартар азабы да соншама.

Сан жас қанат ғаламзатқа болмақ үшін өтімді,

Түнгі оттарды іздеп ұшар көбелектер секілді,

Қасиетті ата қоныс – өзен-тауын жерсінбей,

Баба тарих ардақтаған рух тұғырын менсінбей,

Ойын тұсап ессіз, көзсіз еліктеудің жарқылы,

Тек батыстық даңғаза өнер толқынында қалқыды.

Әлде бұл да жолы шиыр ұлтымыздың соры ма,

Қалай түстік біз батыстық қиратқыш күш торына?

Қуанып ек, қосылдық деп кәусар бұлақ қорына.

Адасқандай тылсым нудан,

Біз олардың кір су құйған

Жүрек пен ой айнытатын құбырына тап болдық,

Тіпті аз жылда қолда барды жоғалтуға шақ қалдық...

Ұлы Ғабит Мүсірепов – қара сөздің кемелі,

Бүткіл қазақ рухының еңкеймес бір беделі,

Тіршілікпен қоштасатын ең соңғы сәт соққанда

Сол соңғы сәт өз күшінің соңғы шамын жаққанда,

Ажырамай сенімінен,

Діріл қаққан ерінінен,

Қанатты ойын келер күнге аққу етіп оздырған.

Шыншыл тұлға жаны дара,

Нақ мынадай мағынада

Елге арнаған ақтық сөзін маған айтып жаздырған:

«Шын өнерді басынса да жеңе алмайды асқазан,

Шырқау рух аспанында басқа мүдде, басқа заң.

Ғасырды асар әдебиеті, өнері ұлы болмаса

Ұлт даралық таба алмайды,

Және ұлы боп саналмайды ешқашан!»

... Бүгін неге рухсыздық секілді зор батырлық?

Ізгіліксіз батырлықтан зардап шегіп жатыр жұрт.

Ньютон ашқан үшінші заң нені үндейді білдік пе?

«Әрбір қимыл – қарсы қимыл тудырады» тірлікте.

Егер қарын байлығынан рухымыз пәс тұрса,

Ұқсас, тектес жебір ойлар бір бағытта асқынса,

Қоғам қалай ұстамақшы әділ ойдың шылбырын,

Жан байлығы саяз күштер жек көреді бір-бірін.

Олар қазір заманды алдап, заңдастырып әр ісін

Оятпауға құлшынады аңқау елдің намысын...

Оян, Данте, Фирдоусидің және Абайдың айбыны!...
Қарт неліктен үш ұлы бола тұрып, «Бір жарым» ұлым бар деді?

Қарттың жалаң білімді ұлдарын «жарты адамға» теңеуінің себебі неде?



Ақын адам қай кезде «толық , кемел адам» болады дейді?

Өлеңде айтылған келеңсіз жағдайлардан қалай шығуға болады деп ойлайсыздар?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет