|
|
бет | 25/48 | Дата | 09.06.2023 | өлшемі | 238,58 Kb. | | #100071 |
| Байланысты: Қазақ тілі эссе жауаптары24. М. Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» романындағы ғалымның қазақ ғылымын қалыптастырудағы іс-әрекеттерін нақты дәлелдермен талдап жазыңыз.
.
Қаныш Имантайұлының толық ғұмыр жолын баяндаған «Қазақтың Қанышы» роман-эссесі үш бөлімнен тұрады. Қ.Сәтбаевтың өмір сүрген дәуірі – үлкен-үлкен тарихи оқиғаларға толы қилы кезең. Романның «Баянаула аясында» атты алғашқы бөліміне оның дүниеге келгенінен бастап, кен инженері атанғанына дейінгі өмір жолы арқау болған. Өзінің білімге құштарлығының, алғырлығының арқасында Сібірдегі технология институтынан білім алды. Ашқұрсақ студент шағында Геолкомның Сібір бөлімшесінде екі рет баяндама жасап, ғалымдардың назарына ілігуі, М.Н. Русаковтың барлау партиясына қосылуы, қазақ жеріндегі жер, су, тау аттарына ерекше мән беруі – болашақ ғалымның тәжірибе жұмыстарының бастау көзі ретінде суреттелген. Талқылау. Сібір өлкесіндегі Том өзенінің жағасында ірге тепкен Томск қаласын ХІХ ғасырда-ақ «Сібірдегі шамшырақ» атағаны тарихтан белгілі. Оны тіпті ескі грекжұртының атақты ғылым ордасына теңеп, «Сібірдің Афинасы» деп те құрмет тұтқан. Қаныш Имантайұлының Том қаласындағы Технология институтында оқыған жылдары «Сібір шамшырағы» деп аталатын бірінші бөлімнің мазмұнын құрайды. Болашақ ғалымның Технология институтының Тау-кен факультетіне оқуға түскенін жазушы роман-эсседе былай бейнелейді: «Үстінде қазақы күпі, елтірі тымағын қолтығына қысқан, кең қоныш саптама етігімен жалтыр паркетті тосырқағандай жасқана басып (емтихан тапсырушының оқшау киімінің өзі-ақ «Мынау жабайы далалыққа мұнда не бар?» дегізгендей күпір ой туғызған), имене кірген ашаң өңді, жүдеу жігітке математика профессоры одыраябір қарап, өз ойынан алгебралық теңдеу құрай бастады, екі белгісізді қарапайым есеп. Қаныш қиналған жоқ, оп-оңай қағып тастады.Профессор «Әй, мынау, түйеден түскендей түземдік киргиз қайтеді, ей?» дегендей сынақ тапсырушының күнге күйген қоңырқай жүзіне тағы бір мәрте одырая қарап, алғашқыдан едәуір күрделі бірнеше есеп жазып, алдына қойды. Күпілі далалық бұларды да шығарды. Тек соңғы теңдеудің қитұрқы бүкпесі бар екен, оны шешуге едәуір уақыт ойлануға тура келді. Бір мезетте оның да кілтипанын тапты.– Мына есептің бастапқы шарты қате, Василий Иванович, – деген-ді ол Шумиловқа батылсыздау үнмен. – Теңдеу емес, теңсіздік шығады, міне, қараңыз. Сірә, мына жерде қосу емес, алу белгісі тұруға тиіс...
– Оны қайдан білдің?
– Теңелу шарттарын тексеру арқылы...
– Бәрекелді, далалық! Өзің тіпті киргиз даласында қой бағумен бірге есеп те шығарып
жүргеннен саумысың? Бірталай жан осы теңдеуден шатылып еді, ал сен... сүрінбей өттің. Жарайсың, жайсаң киргиз, жайыңды білдім. Оқисың біздің храмда, оқисың! – Әлгінде ғана құрыстанып отырған профессор жадырап, аяқастынан масаттанып қалды.Сонымен, Қаныш – технология институты кен факультетінің студенті.Көптен бергі арманы жүзеге асып, білімнің биік ордасына қолы жеткен бақытты жан!..» [3].«Бүгінгі күннің төрінен қарағанда, мен үшін шүбәсіз шындық: Қазақстан ғылымының жолы әуелден-ақ құтты болды; өйткені оның негізін бекемдеумен Сәтбаев айналысты...», - деген ҚР ҰҒА-ның академигі Шапық Шөкиннің пікіріне сүйенетін болсақ, жазушы романның «Ұлытау жотасында» атты екінші бөлімінде Қаныш Имантайұлының Жезқазған кенішінің ашылуы, оның толықтай іске қосылуы жолындағы нақты іс-әрекеттеріне тоқталған. Ғалымның Жезқазған кенінің гидротермальдық тегіне қалтқысыз сенуі, мыс ерітінділері құйылған жарықшақ сызаттарды қолмен ұстағандай тап басуы, әрдайым құнарлы кеннің үстінен шығуы – геологиядағы көрегендігі ретінде суреттелген. Жаңа кен орнын табуда, оны ашуда түрлі кедергілерге жолығып, қиындықтарға тап болуы, оларды адал, тынымсыз еңбегімен жеңе жүріп, өз дегеніне жетуін Т.А.Кошкинаға жазған хаттары растайды. Қазақстанды жаппай жайлаған 1932 жылғы ашаршылық, әке-шешесінен айырылуы, 1937 жылғы зобалаңды автор былай суреттеген: « ...Атышулы 37-жылдың зобалаңы Сәтбай әулетіне ерекше қатты тиген. Үш бірдей бас көтерер азаматынан айырылып, соларға қарап отырған топты бала-шаға мен күллі ағайын есінен танғандай болып жер сабап қалған-ды...Ең алдымен, әрине, есімі қазақ қауымына әйгілі, Алаш қозғалысының белсенді қайраткерлері санатында болғаны үшін Әбікей Зейінұлы ұсталған: кең-байтақ қазақ жері пана болмай, әуелі Омбыға, одан да ығысып, 30-жылдары Қырғызстанның астана сындағы мұғалімдер институтында орыс тілі нен дәріс оқуға ауысқаны білімдар ағартушыға септігін тигізбеді; жаза лаушылар құрығы оны сол жерден шалды.Екінші кезекте Әбдікерім Жәмінұлы тұтқындалды. Әбекеңдей саяси күреске қатыспаған, ән-әуен өнерін әуей көріп, Ақмоланың мәдениет үйінде үйірме жетекшісі болып жұмыс істеп, бала-шағасын асырап жүрген бейкүнә жан еді. Амал қанша, оныкөрсетушілер Сәтбай қажының негізгі дәулетін иеленген Жәмін байдың тұқымы екендігін әрі Ақмоланың қалталы жуаны (С.Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу» ғұмырнама кітабында даралап атайтын) Мәтжанның сұлу қызы Үминаға үйленгендігін мұрындық етіп, баяғыда ақ әскеріне еркінен тыс жол көрсеткен «күнәсін» қайыра қозғаған...Бертінде мәлім болған деректерге қарағанда, ағайынды үш Сәтбаев та қамауға алынған 1937 жылы нақақ қаралаумен жер жастанған. Әбікей Зейінұлы сол қарсаңда 56 жаста, Ғазиз Имантайұлы – 43, ал Әбдікәрім (Кәрім) Жәмінұлы – небәрі 40 жасқа енді ғана ілінген; демек, үшеуінің нағыз дер шағы...» [4].Қаныш Сәтбаевтың осы дүрбелеңнен аман қалуының баста себебі – оның есімі күллі одаққа мәлім болуымен байланысты еді. Өндіріс басындағы белгілі тұлғаларды тұтқындау үшін республиканың бірінші басшысының, иә наркомының рұқсатын алу қажеттігі Қаныш Имантайұлын жергілікті жазалаушы органнан құтқарып қалды. Бірақ сол кезде оның ізін кесушілердің көп болғаны да жасырын емес. Осы роман жөнінде халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов: «Ұлтымыздың ұлы перзентін ұлықтаудың тамаша үлгісі осындай-ақ болар...» десе, әдебиеттанушы-ғалыс С.Негимов: «Әдеби қауым М. Сәрсекенің Сәтбаев туралы ғұмырнама туындыларымен алғаш танысқанда-ақ оны деректі жанрдың шебері деп таныған-ды», – деген болатын [3].Романда КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандағы филиалының ашылуы, оған директор болып тағайындалуы жолындағы түрлі қақтығыстар мен ашық айқастар тұсында шыныққан күрескердің бейнесі замандастарының, әріптестерінің естеліk эсселерімен толыққан. Оны Ресей ҒА-ның академигі Дмитрий Рундквистің мына сөзі растайды: «Қ.И.Сәтбаевтың кен орындарының орналасу заңдылықтарын түбегейлі зерттеуі сол күнде кен іздеушілерді қарадүрсін барлаудан тыйылып, ғылыми болжаммен жасауға үйретті. Академик Сәтбаевтың жұрттан асқан көрегендігі де осында...».Ұлы Отан соғысы басталған 1941 жылдан өмірінің соңына дейінгі кезең «Алатау баурайында» деп аталатын үшінші бөлімде қамтылған. Соғыстың алғашқы жылдарындағы «Жезді дауы», Қаныш Имантайұлының үмітін ақтау жолындағы кеншілердің жанкешті ерлігі нанымды бейнеленген. Жазушы Иосиф Николаевич Богданчиков пен Қаныш Имантайұлының диалогымен Қазақтың Қанышының көрегендігін көрсеткен: «– Жездінің марганецін мен 1928 жылы көргенмін, – деді Сәтбаев. Жолаушылар үйінің ескі еденін сықырлатып ерсілі-қарсылы жүре бастады. – Қарсақбай зауыты үшін флюстік шикізат іздеп жүргенде кездестім. Бұрғы салуға қаражат болмады. Жезқазғанның мысынан аса алмадық. Ал 1936 жылы, өзіңіз де білесіз, Жездінің жағасында бір жаз барлау тобын ұстадық: жеті ұңғыма, он шақты жыралар қазылды. Олардың құжатын Қарсақбайдан табасыз. Пастуховтың не бітіргенін өзінен естисіз, ол да құралақан емес... Менің шамалауымша, нақ осы екі өзен түйісетін тараң аңғарда ферромарганецтің сүбелі қоры бар. Ол болса – соғыс өрті күшейіп тұрғанда стратегиялық мәні ерекше зор шикізат!.. Нені меңзеп отырғанымды ұқтыңыз ба, Иосиф Николаевич?Богданчиков басын изеді.– Айтқаным айтқан: кісіні де, техниканы да керегінше аласыз. Бұл – бір. Екінші, есіңізде болсын, Жездінің қыртысы Жезқазғаннан бөлек...Оған станоктың ең мықтысын, бұрғылаушылардың таңдаулысын салу керек. Үшінші, Жездіде ешқандай баспана жоқ. Демек, барлауды қар түскенге дейін аяқтау қажет» [3].Романды жазу барысында жазушының көп ізденгендігі пайдаланылған тарихи құ-жаттар мен мол деректерден байқалады. Мәскеу, С.Петербург, Ташкент, Павлодар, Се-мей, Қарағанды, Жезқазған, т.б. қалалардағы Мемлекеттік мұрағаттарды, аталған ел-дердің Ғылым Академияларының құжаттары пайдаланылған. Ресей ҒА-ның, Өзбек КСР ҒА-ның, Қазақ КСР ҒА-ның, ҚР ҰҒА ҒА-ның академиктерінің пікірлері Қаныш Иманта-йұлының ғылымдағы табыстары мен көргендігін толықтырып тұр. Қорытынды. Қорыта айтқанда, роман соңындағы академик Қ.И.Сәтбаевтың есімін мәңгілік жадымызда сақтау мақсатында жасалған шаралар оның екінші өмірі ғұмырлы екендігін байқатады. Әлемдік жұлдыздар картасында 2402 санға ие – «СӘТБАЕВ ҒА-ЛАМШАРЫ» тәрізді ғарышта мәңгі шардың жүруі, Е.Бөкетовтің «Жас Қаныш» деректі хикаяты, К.Салықовтың өлеңдері мен поэмалары, М.Рәштің «Қарсақбай хикаясы», Ж.Бөдештің «Қаныштың картасы», Б.Жақыптың «Қарсақбай», И.Тасқараұлының «Жезқазғанға тағзым», т.б. ақындардың поэмалары мен өлеңдері, қызШ.Сәтбаеваның
«Сәулелі әулет» естеліктер кітабы, Г.О.Батырбековтің «Академик К.И.Сатпаев и его современники» еңбегі – осының жарқын мысалы. Ал, жазушы Медеу Сәрсеке – өз шығармашылығында қазақтың жоғын, тарихи тұлғаларын түгендеп жүрген қаламгер
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|