«Адамант баласы құндылыққа мүдделі әрі мұқтаж» тұжырымына өз көзқарасызды дәлелдеп жазыңыз



бет26/48
Дата09.06.2023
өлшемі238,58 Kb.
#100071
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48
Байланысты:
Қазақ тілі эссе жауаптары

. 25. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын Қ.Сәтбаевтың «ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің көркемдік энциклопедиясы» деп бағалау себебін өзіндік көзқарас тұрғысынан талдап жазыңыз

Бұл шығармаға қарап біз Абай өмір сүрген дәуірдегі қазақ халқының тұрмысынан, өмірінен, тіршілігінен, көзқарасынан жан-жақты құнды мағұлматтар ала алмыз. Сондықтан да қазақ халқының өткенін зерттегісі келетін ғалымның бірде-бірі бұл кітапты айналып өте алмайды: филолог қазақ әдеби тілі мен сөздерін зерттесе, этнограф көнерген небір тұрмыстық белгілер мен құбылыстарды қарастырады. Романда халықтың салт-дәстүрі мен тұрмысы бейнеленетін тараулар бір-бір этнографиялық ғылыми еңбекке татиды. Олардың әрбірі жеке зерттеуді қажет етеді. Экономистер Қазақстанның ХІХ ғасырдағы халық шаруашылығының бақташылық құрылысынан дәлме-дәл нақты мағлұмат алады, ондағы тап қайшылығының, яғни бай мен кедей арасындағы қайшылықтардың өзіндік ерекшелігімен танысады. Заңгер шариғаттан бастап, билер кесіміне дейінгі даланың жазылмаған заң жобаларынан бағалы мағлұматтар жинайды.


Романның идеялық-көркемдік биік жетістігін жер жүзінің прогресшіл әдебиет, өнер қайраткерлері жоғары бағалады. Оған дәлел орыс совет жазушысы К.Федин: «Ұлт туралы толық та, тұтас түсінікті бізге жазушының өнері береді... Мұхтар Әуезов өзінің «Абайымен» менің қазақ халқы туралы түсінігімді толықтырды, мен енді ғана хош иісті са­мал ескен даланың жұпар ауасын жұтып, қазақ болып кеткен тәріздімін...» - деп жазды. Шынында да бізге ұлт туралы толық мәліметті жазушының өнері береді. М.Әуезов өзінің жазушылық қабілеті арқылы, осы «Абай жолы» роман-эпопеясында біздің ұлтымыз, яғни қазақ халқы жайлы толық мағлұмат берді. Ол көптеген халықтардың, жазушылардың мәдениеті бай қазақ халқы жайлы түсінігін толықтыра түскеніне ешкімнің де таласы жоқ. Тағы да бұл сөзімізге дәлел ретінде француз ғалымы Л.Арагонның: «Эпикалық «Абай» романы XX ғасырдағы ең мәнді романдардың бірі» - деген пікірін алсақ болады. Бұл пікірлер «Абай жолы» роман-эпопеясының қазақ әдебиетінің зор жетістігі екенін дәлелдейтіндей.
«Абай жолы» - қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман-эпопея. Реализмнің нағыз жетілген кезінде туатын роман-эпопея жанрының қазақ әдебиетінде пайда болуы аса елеулі мәдени-көркемдік құбылыс болды. «Абай жолында» ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамының шындығы мейлінше кең көрсетілді, қаһармандардың жеке өмірі халық тарихындағы күрделі өзгерістермен байланысты берілді. Романда таптық, әлеуметтік қайшылықтар мен тартыстар, Абай сынды ақын қайраткердің өмір жолдары дәуірдің ұрымтал, кесек оқиғаларына тығыз қатыстырыла суреттеледі. «Абай жолында» қаһармандар өмірінің сан түрлі кезеңі, байланыстары, әулеттер ауысуы, мінездердің жасалу, толысу тарихы кең бейнеленеді. Тарихи дәуір келбетін көрсететін типтердің көптігі, олардың дүниетаным, наным-сенім
ерекшеліктерінің берілуі,ескі мен жаңаның күресі дәуірлік түбірлі бетбұрыстармен астастырыла көрсетілуі «Абай жолының» эпопеялық сипатын белгілейді. Абай өмір сүрген қоғамның өзекті тартыстарв мен күрестерін, ізгілік пен зұлымдықтың шайқасын, көркем тұлғалардың өткендегісі мен бүгінгісін кеңінен қамтып, болмыстың екшелеген, жинақталған шындығын айту міндеті роман-эпопеяда зор шеберлікпен шешім тапты. «Абай жолында» ұлы ақынның жекебастық іс-әрекеттері дәуірдің көкейкесті мәселелерімен, нәсілдер, таптар, халықтар таңдырларының тоғысуымен ойластырыла баяндалды. Роман-эпопеяда оқиғалардың ағысы, жеке адамдар тағдырының қоғамдық тіршілікке тәуелділігі, тұлғалардың даралық келбеті, зұлымдықты әшкерелеу мен ізгілікті мадақ ету өмір шындығына сәйкес көрсетіледі. «Абай жолы» роман-эпопеясы – қазақ әдебиетінің ғана емес, бүкіл кеңес әдебиетінің де дүниежүзілік даңққа бөленген ұлы туындыларының бірі. Шығарма елуден артық тілге аударылып, әлемнің барлық құрлықтарына тарады. Көптеген елдің адамдары бұл романнан қазақ халқының жартығасырлық өмірінің толық суретін, әлеуметтік жағдайын, мәдениетін, тұрмысын таныды.
Қорытындылай келе, қазақ әдебиетіне М.Әуезов дәстүрінің игі ықпалы әр тараптан көрініп отырады. Өткендегі тарихи қайраткерлер, әсіресе шығармашылық адамдары жайында шығарма жазған әрбір қаламгер оның құдіретті талантының шарапатын сезетіні шүбәсіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет