Байланысты: АдАМдАРдЫҢ ҚАлАй ОҚиТЫНдЫҚТАРЫ ТУРАлЫ БІлІМ
Зият жалғыз да тұрақты ішкі қасиет емес, керісінше ол қоршаған орта ықпалына бейім түрлі компоненттерден тұрады деген болжам жасауға болады.
Жадыны түсінудегі соңғы жетістіктер Нейровизуалдандырудың қазіргі заманғы әдістемелері қысқа мерзiмдi жадыда ақпаратты ұйымдастыру және рефлексиялық ойлаудың динамикалық үдерісінің басым бөлігі маңдай бөліктерінде өтетіндігін дәлелдейді (3–4-сурет).
Маңдай бөліктері мидың басқа бөліктерімен жүйке талшықтарымен байланыстырылған, олар:
• визуалды бейнелерді қабылдау мен жадыда сақтауға жауап беретін мидың артқы бөлімінің желке тұсындағы бөлігі;
• ауызша және тұжырымдамалық бiлiмдердің сақталуына жауап беретін самай бөліктері;
• қол және дене рецепторлары орналасқан маңдай бөлігінің артындағы мидың жоғарғы бөлiгiндегi соматосенсор аймағы.
Сонымен бiрге тыңдап қабылдау объектілерi сақталатын маңдай бөліктерімен өзара байланысты ми қыртысының өзге де бөліктері бар.
Жүйке талшықтары маңдай бөліктерінің осы ми орталықтарының әрқайсысында естелік түрінде сақталатын ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етедi. Сонымен қатар маңдай бөліктері ми бөлігінде сақталған ақпаратқа қолжетімділік пен оны өңдеуді бақылау қызметін жүзеге асырады. Маңдай бөліктерінің маңызды бақылау қызметтерінің бірі – ақпаратты сұрыптайтын (фокустік) зейін, яғни біз ерекше назар аудару үшін ойдағы ақпаратты шоғырландыра бастаған кезде маңдай бөліктері белсенді бола бастайды (Goswami, 2006). Мысалы, егер бiзден Қазақстан картасының суретiн еске түсіруді сұраса, онда біз, ең алдымен, Қазақстан географиясының жалпы образын еске аламыз, әрі бастапқыда нақты белгісіне мән бермей, құрлықтық шекаралардың негiзгi сызықтарын көз алдымызға елестетер едік. Алайда, қажет болған жағдайда, әрі сондай мақсат қойылса, біз нақты белгілерді сұрыптай бастаймыз, мәселен, Каспий теңізіне немесе оңтүстiктегi тауларға назар аударамыз. Осылайша, нақты белгілер біздің географиялық танымымызға қарай әртүрлі болуы мүмкін.
Визуалды ақпаратты жалпы еске түсіруге қарағанда, нақты белгілерге саналы назар ауда-
ру қабілеті ми қыртысының көру аймақтарына бағытталған жүйке жолдары арқылы маңдай бөліктерінің белсенділігі арқылы іске асырылады.