Байланысты: АдАМдАРдЫҢ ҚАлАй ОҚиТЫНдЫҚТАРЫ ТУРАлЫ БІлІМ
«Нақтылайтын» өңдеу Көптеген адамдар актерлер өз рөлдерiн механикалық қайталауды пайдаланып жат- тайды деп есептейді, бірақ Хельга Нойс жүргізген (2006) зерттеу бұның олай емес екендігін көрсетті. Нойс актерлер өздерінің рөлдерін сценарийдің сөздеріне емес, бұл сөздердің мағынасына және кейіпкердің жағдайына мән беріп жаттайтындығын анықтады. Бұл зертханалық зерттеулердiң нәтижелерiмен расталды: сөздер тізбегін қайталау материалды ұзақ уақытқа есте сақтау мүмкіндігін жақсартатынына қарамастан, осы ақпаратты тиісті фактілер мен білімге байланыстырып қарастыратын «нақтылай» өңдеу («elaborative» processing) әдісі анағұрлым тиімдірек болып табылады. Зерттеулердiң бiрiнде қатысушыларға келесі сұрақтарды пайдалана отырып, сөздерді жаттауға ұсыныс жасалған: а) Сөз бас әріппен жазылған ба? ә) Сөз қарапайым ба, әлде күрделі ме? б) Сөз жиһаздың бөлігіне жата ма? Ең жоғары есте сақтау деңгейі анағұрлым тереңірек, нақты және қайта өңдеуге негізделген пысықтауды қажет ететін (б) сұрағына жауап бергенде байқалды. Басқа бір экспериментке қатысушылар сөйлемдерді тек жаттап есте сақтаған (мысалы, «Дәрігер қорғаушыны жек көрді») немесе нақтылайтын сөйлемдерді (мысалы, «Нашар тәжірибесіне қатысты оның атына сотқа талап-арыз берілуіне байланысты дәрігер қорғаушыны жек көрді») қолдана отырып жаттаған. Нақтылау әдісі сөйлемдерді анағұрлым тез жаттауға мүмкіндік береді, танымдық қызметті қолдану бастапқы сөйлемді тереңірек кодтауға әкелетіндігін көрсетті. Зерттеулердiң бiрiнде емтиханға дайындалу үшін олардың қайсысы тиімді болатынын білу үшін нақтылаудың әр алуан түрлері салыстырылды. Қатысушылардың бiр тобына мәтiнді оқырдың алдында ойлану үшiн сұрақтар түріндегі тақырып берiліп, басқа топқа мәтiндi жаттап алу тапсырылды. Зерттеушiлер мәтінді нақты сұрақтар арқылы қарастыру материалды есте сақтау мен оны басқаға айтып беруді жақсартатынын атап көрсетті. Нақтылайтын өңдеу, шынында да, есте сақтаудың пәрменді әдiсі болып табылатындығы соншалық, ол үшін Сіз нақтыланған ақпаратты есте сақтағыңыз келе ме, жоқ па, бәрібір сияқты. Зерттеушiлер қатысушылардан екі тапсырманы орындауды: сөзде нақты бір әрiп бар екендігін тексеруді немесе сөз мағынасына мән беруді өтінді: Қатысушылардың жартысы эксперимент мақсаты тапсырманы жай ғана орындау деп ойлады, ал басқа бөлігіне олардың есте сақтау қабілеттері тестіленетіндігі айтылды. Зерттеу нәтижесі адамдар мәтінді жаттағысы келе ме, жоқ па, мүлде маңызды еместігін, олардың ақпаратты қалай өңдейтіні маңызды екендігін көрсетті.