Адамгершілік қҰндылықтары сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы мәдениетті қалыптастыру негізі ретінде



Дата05.05.2023
өлшемі36,11 Kb.
#90287

АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі басымдықтарының бірі –сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидатты маңызды рөл атқарады. Тек жас кезінен мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын енгізу бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді. Бала кезінен тұлғаны қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқолықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңызды болмақ. Қазақстандық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы этикасы мен мәдениеті «Мәңгілік Ел» идеологиясының контексінде қалыптастырылуы тиіс. Дәстүрлі рухани құндылықтар мен үздік халықаралық стандарттардың үйлесімді үйлесуі азаматтардың заңды мінез-құлығының канондарын жаңадан жасауға мүмкіндік береді.
Сыбайлас жемқорлықты ұлттық мәдениетке жат құбылыс ретінде сезіну және қабылдамау – қоғамымыздың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің негізі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – адамгершілік пен азғындық (орынды және орынсыз, мейірімділік пен зұлымдық, пайдалы және пайдасыз), құқықтық және құқықтық емес, ақылды және ақымақтық, тамаша және бейберекет призмасы арқылы адами қатынастар әлеміне көзқарас.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның жоғары моральдық, құқықтық, саяси және басқа мәдениеттер негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін білдіреді. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мынаны көздейді: сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны, мақсаттары, субъектілері, нысандары мен түрлері, іске асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну ерекшеліктері туралы түсінік; моральдық адамгершілік, этикалық мәдениетті тәрбиелеу; құқықтық сауаттылық негіздерін қалыптастыру; қоғам мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық уәжін ынталандыру; мүдделер қақтығысының барлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру негізі ретінде –адамгершілік құндылығын негізге алсақ болады. Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. "Кісілік", иізгілік", "имандылық" тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілік - адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-қатынастары. Әлеуметтілік, әлеуметтендіру сияқты адамгершілікті қолдау мемлекеттің қызметіндегі институттардың, құқықтың, тетіктердің, тәртіптің, рәсімдердің белгілі бір жай-күйін қажет етеді. Бұл мәселеде өркениеттік біртектіліктің ерекше мәні бар.
Сыбайлас жемқорлықты елдегі адамдар әділетсіздік деп негізді түрде қабылдайды. Бұл жерде әрбір адам өздері байқайтын болмысты оның санасында қалыптасқан тәрбие мен идеологиялық ұстаным негізінде адамгершілік тұрғысынан бағалайтынын тағы да атап өткен жөн. Егер адамгершілік ережелердің кешені жұмыс істемесе, қоғам азғындаған, ал мемлекет – әлсіз болады, егер социум өмірінде мораль тиісті орын алмаса, азғынданған қоғамның болашағы жоқ. Адамгершілік және қылмыстық идеология қақтығысы. Сыбайлас жемқорлықтың жағымсыз қоғамдық құбылыс ретіндегі ерекшелігі қоғамдық процестер өзгерісінде өте жылдам қозғалғыш келеді, оның қауіптілігін елемеу әртүрлі тәртіптің шығындарына әкеледі.
Адамгершілік бастаулары тамыр жайған қоғамда заңдар сақталады, жемқор өзін қолайсыз сезінеді, оның іс-әрекеті шектелген және өзінің қылмыстық мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін жазалау шаралары жеткіліксіз. Сот тағайындайтын жазаның қаталдығы мен жұрт алдында тұтқындау кезінде қарапайым адам оның алдына қазіргі болмыс қойған қарапайым сұрақтарға жауап табуы тиіс. Өзі байқаған нәрседен адам сыбайлас жемқорлыққа және оның қоғам өмірі мен өзінің өмірлік қағидаттарына жағымсыз ықпалына қатысты өз тұжырымын жасайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жазалау тетіктеріне немесе ғылыми зерттеулерге ғана сүйенбеуі тиіс. Адамдардың сыбайлас жемқорлық туралы моральдық құндылықтар негізінде қалыптасатын түсінігін басты мәселе қойған жөн. Тек қана осы жол арқылы мемлекет қарапайым адамдардың «мемлекет» және «сыбайлас жемқорлық билік» ұғымдарын теңдестіруіне жол бермеуі тиіс. Егер соңғысы бұқара халықтың санасында тамыр жайса, онда сыбайлас жемқорлық мыңдаған жемқорлар жазаланса да жойылмайды.
Адамгершілік ұстанымы мықты адам сыбайлас жемқорлықты былайша сипаттайды:
- өзі үшін, өз елі және оның болашағы үшін төнетін нақты қауіп; азаматтың өзін азаматты болып табылатын елмен байланыстыруын тоқтатуының бір себебі;
- ұлттық байлықты тонау және қоғамдық сананы бұзу арқылы параға сатып алу және заңсыз баюдың қылмыстық сызбасы;
- мемлекеттің құрылысына, өнегелік құндылықтарына қол сұғатын және бұқара санасына жалған құндылықтарды енгізу үшін жағдайлар жасайтын қылмыстық идеологияны заңсыз енгізу;
- заңдар жұмыс істемейтін және әділдікке орын жоқ әділетсіз өмір.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуде заңнаманың сапасы, құқық қолдану нысандары, шарттық міндеттемелерді сақтау, азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау да маңызды. Моральдық құқықтық қағидаттарды білу мен ұтымды конформистік сенімдерді үйлестіру –қоғам өміріндегі тәртіптіліктің қуатты факторы.
Қорытындыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың, тіпті сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейі тұлға мен қоғамның сыбайлас жемқорлықтың тұрақсыздандыру күшін сезіну дәрежесіне байланысты екенін белгілеуге болады.

«Talas adaldyq alany» жобалық кеңсе
Жетекшісі Ш.Миркурбанова

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет