Магистранттың оқытушымен өзіндік жұмысы тапсырмалары №2 МОӨЖ Ақыл-ой әрекеттерін сатылы қалыптастыру теориясы бағдарламалы оқытудың негізі ретінде.
Оқытушы: п.ғ.к., қауымд. профессор Иргалиев А. С. Магистрант:Алпамысқызы А.
Ақыл-ой әрекеттерін саты-сатымен қалыптастыру теориясын ұсынған Гальперин Пётр Яковлевич - психолог,Ресей Федерациясы ғылымының еңбегі сіңірген қайраткері 1902 жылы дүниеге келген. Педагогика ғылымы.докторры профессор .Ақыл-ой әрекеттерін саты-сатымен қалыптастыру теориясын ұсынды, Гальперин пікірінше, ақыл-ой әрекеттерін қалыптастыру процесі 5 сатыдан өтеді.
Гальперин П.Я -Харьковтағы психологтар мектебінің мүшесі, ақыл-ой әрекетін жоспарлап қалыптастыру деген айрықша теорияның және психология пәнінің мәселесін диалектикалық-материалистік рухта шешуде субъект іс-әрекетінің бағдарлылығы ілімінің авторы. Гальперин теориясы педагогикалық психологияда, ересектерді оқыту психологиясында, педагогикалық төмендеп кеткен балаларды, интеллектің дамуын психодиагностикалауда кең өрісті қолданылады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Гальперин іс-әрекеттік қатынас идеясын басшылыққа ала жараланғандардың қимыл-қозғалысын қайта қалпына келтірумен айналысқан. Гальпериннің біраз еңбектері нұсқа, зейін, инстинктер, психология тарихы т.б. сол сияқты бағыттарға арналған.
Ақыл-ой тәрбиесі — балалардың ойлау қабілетін дамыту, интеллектуалдық ақыл-ой санасын, дүниеге ғылыми көзқарасын жетілдіру, ой еңбегі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет.
Ақыл-ой тәрбиесі жеке тұлғанықоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі. Ол білім жүйесін меңгеруге, оқушылардың рухани күшінің дамуына ықпал жасайды. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат, қоғам, адам жайындағы ғылым негіздерімен қаруландыру; қоршаған ақиқат дүниеге ғылыми көзқарасын, сенімін қалыптастыру; балалардың ойлау қабілетін (абстрактылы ойлау, ойлау операциялары — талдау, синтездеу, салыстыру, жинақтау, топтау, негізгісін ажырату, жіктеу т.б.), таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазу т.б.) дамыту. Ол ой еңбегі мәдениетін меңгеруге, интелектуалдық іс-әрекетпен ұзақ шұғылдана білуге, оқушыларды дербес жұмыс істеуге дағдыландырады.
Ақыл-ой тәрбиесі шәкірттердің ерекшеліктеріне қарай дидактикалық талаптар (саналылық, белсенділік, өздігінен жұмыс істеуге үйрену, ұғыну т.б.) қояды. Бұл талаптар оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар арқылы іске асады.