Адамгершілік тәрбиесі, қыздар тәрбиесі


түсіру қабілеті. Сондықтан баланың тура жаңа оқығанын, тура жаңа есіне сақтағанын қайта



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата28.04.2023
өлшемі143,76 Kb.
#87923
1   2   3   4   5
Байланысты:
пед псих 13.14 билет 2

түсіру қабілеті. Сондықтан баланың тура жаңа оқығанын, тура жаңа есіне сақтағанын қайта 
есіне түсірту өте маңызды. Екінші жаттығу пиктограмма деп аталады. Яғни, бала белгілі бір 
өлеңдегі немесе мәтіндегі әрбір сөзді суретке айналдырып шығу керек. Мысалы, «қараңғы 
қазақ көгіне» деген тіркестегі «қараңғы» деген сөзді қараңғы бөлме түрінде, «қазақ» деген 
сөзді қазақ үйі — киіз үй түрінде, ал «көгіне» деген сөзді бұлт етіп суретке салуға болады. 
Осылайша, баланың ассоциациялық ойлау жүйесі қалыптасады. Үшінші жаттығу — интеллект-
карта (mind map). Яғни, бала белгілі бір идеяны ортаға жазуы керек. Мысалы, балаға «менің 
жазғы демалысым» деген тақырып береміз. Сөйтіп, бала жазғы демалысында не істейтінін 
толықтай осы интеллект-картаға түсіру керек. Ол үшін ортаға белгілі бір сөз (біздің жағдайда, 
«менің жазғы демалысым») жазады, одан ары қарай тармақтар шығарады: мысалы, «ауылға 
барамын», «қалада боламын» немесе «саяхатқа шығамын». Содан кейін әрбір тармақты әрі 
қарай тарқату керек. Мысалы, ауылда болған кезде ол не істейді? Атқа отырады, ата-әжесімен 
сөйлеседі, қой бағады және т.б. Осындай интеллект-карта жасауды үйрету керек. Интеллект-
картаны, әсіресе, үлкен-үлкен мәтіндерді оқып болғаннан кейін қолданамыз. 
 


3. 
Сабақтың құрылымы - сабақты үйлестірудің әр түрлі нұсқаларында оның негізгі 
сипаттамаларының сақталуы мен тұтастығын қамтитын сабақ элементтерінің жиынтығы. Бұл 
элементтерге мыналар жатады: сабақтың басталуын ұйымдастыру, сабақтың мақсаты мен 
міндеттерін қою, түсіндіру, бекіту, қайталау, үйге тапсырма беру, сабақтың қорытындысын 
шығару. Сабақтың типі құрылымдық бөліктерінің бар болуымен және олардың дәйектілігімен 
белгіленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет