БИЛЕТ №13
1.
Адамгершілік тәрбиесі, қыздар тәрбиесі
2.
Ес. Ес үрдістері
3.
Бастауыш сыныптағы шет тілін жазуға үйрету жолдары
1.
АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ — тәлім-тәрбиенің ықпалды әсерімен мораль-дық сананы
қалыптастырудың, этика-лық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы. Ол семья,
мек-теп, ұстаз, еңбек, қоғам, жеке ықнал арқылы іске асырылады. Сов. педа-гогика В. И. Лениннің
«Қазіргі заман-дағы жастарды тәрбиелеу, оқыту, үй-рету жұмысының бәрі де оларды ком-мунистік
моральға баулу болын шы-ғуы керек» (Шығ., 31-т., 292-6.) деген қағидасын іске асырады.
Қыз − өмірдің гүлі, барлық адамзаттың қадірлеп, аялайтын асыл аруы десек те артық емес. Қыз
баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай
өсірген. Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп
өсірген.
Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева "Өмірде қыз болу бар да, нағыз қазақ қызы болу мүлдем
бөлек" деген пікір айтқан. Сол тәрізді ата-дәстүр, салт-сананы берік ұстанып өскен қазақ қызы қай
ортада болсын, өзінің ерекше болмысымен көзге түсетіні анық. Қазақ қызының бойындағы асыл
қасиеттерімен бірге сыр-сымбаты да өзге ұлттан дараланып тұруы тиіс.
Қызды "жат жұрттық" деп қадірлеп, төрінен түсірмеген. Басқа үйдің отын жағып, түтінін түзу
ұшыратын боласың, барған жеріңде шешесі үйретпепті демесін деп анасы қызына бойындағы бар
жақсы қасиетін сіңіруге тырысады.
Әрбір баланың өмір жолы, тәрбиесі отбасынан, одан соң мектеп қабырғасынан бастау алары
сөзсіз. Сондықтан да, мектепте оқып жүрген қыз бала, ол − үйдегі ата-ананың көз қуанышы,
мектепте ұстаздарының мақтанышы бола білуі тиіс.
Қыз бала үйден шыққанда тап-таза киініп, шашын таранып,әсем күлкісімен айналаға нұрын
шашып жүруімен қатар сабағын да жақсы оқиды. Қыз баланы тәрбиелей отырып, отбасындағы
ожан кейінгі ұлдарға үлгі етеміз, яғни бұл жерде ұлт тәрбиелеу − бұл қазақтың ежелден келе
жатқан философиялық даналығы деп білемін.
2.
Ес – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан
жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс
Ес процесінің негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды
теориялары болып табылады.
Ес— адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап,
қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте
сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады.
Ертедегі грек философы Аристотель әр түрлі нәрселер мен бейнелердің есте әсерленуі (яғни
сақталуы) сипаттарын үш топқа бөледі:
әсерленген нысанның белгілі бір кеңістік пен уақытқа ұштаса қабылдануы;
әсерленген нысанның басқа бір нысанға өзара ұқсастығы;
олардың бір-бірінен айырмашылығы мен қарама-қарсылығы.
Осыған орай ол нәрселер мен бейнелердің есте ассоциациялануы түрлерін алғаш зерттеп
тұжырымдады:
аралас не іргелес ассоциациялар (мысалы, түс — сары);
ұқсас ассоциациялар (мысалы, қарындаш, дәптер);
қарама-қарсы ассоциациялар (мысалы, ақ — қара; ұзын — қысқа).
Естің физиологиялық сипатын орыс физиологы И.П. Павлов зерттеді. Ол ассоциацияларды шартты
рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда
болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп атады.
3.
Жазу - ағылшын тілін оқытудағы қиын және маңызды іскерлік, жазу арқылы оқушылар ағылшын
тіліндеті әріптерді, дыбыстарды қолдануға үйренеді, сөз қорын кеңейтеді, сөйлеу, оқу, тыңдап
түсіну іскерліктерін дамытады. Жазу іскерлігіне коллиграфия, орфография және шығарма кіреді.
Жазу іскерлік болғандықтан, оны төмендегі бірліктерді дамыту арқылы үйрету керек:
1) Ағылшын әріптерін жаза алу біліктілігі
2) Дыбыстарды әріптерге немесе әріптер қосындыларына өзгерте алу
біліктілігі
3) Сөздердің, фразалардың, сөйлемдердің орфографиясан түзей алу
4) Өздерінің ойларын жеткізу үшін әртүрлі жаттығулар жасай алу
Төмендегілей факторлар жазу біліктілігін дамытуға өте қажет:
1. Дыбысты сөзді, фразаны немесе сөйлемді тыңдау арқылы қабылдау;
2. Жазылып жатқан дыбыстың, сөздің, фразаның және сөйлемнің айтылу
жолдарын артикуляция білу;
3. Айтылып жатқан әріптерді, әріп қосындыларын көзге елестете алу;
Сонымен, жазуға көз құлақ, бұлшық ет, қолдың бұлшықеті, тіл, көмей қатысады. Ақтық маңызды
факторлардың бірі - дұрыс жазудың қалыптасуы үшін керекті ережелерді білу.
Жазыға үйретуде кездесетін кейбір қиыншылықтар.
БИЛЕТ №14
1.
Экологиялық тәрбие жайлы ұғым. Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие
2.
Ес түрлері. Балалардың есте сақтау үдерісін дамыту
3.
Сабақтың құрылымы және оны ұйымдастыру жолдары
1.
Экология — 200 жылдық тарихы бар жас ғылым. Экология терминін неміс биологы Эрнест
Геккель (1968ж.). "Естественная история происхождения" атты кітабында алғаш рет қолданған.
Экология - "ойкос" деген грек сөзі, "үй, баспана" ұғымын білдіреді. Э.Геккельдің айтуы бойынша
экология - зоологияның бір тармағы, жанды мақұлықтардың органикалық және анорганикалық
ортамен өзара қатынасын зерттейді. Экология ғылымы жеке пән түрінде биология ішінде пайда
болды.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты:
• қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;
• жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру;
• қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту;
• экологиялық білімді насихаттау.
Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты - жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа
үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы
адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады. Табиғат - адам тәрбиешісі. Адам
болып туып, адам болып қалуы үшін табиғаттың қарар рөлі зор. Табиғат бөлшектері: жан-
жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі. өзен-сай, биік таулар, сағым тербеген сары дала-бәрі
адамдардың ойына-сана, денесіне-қуат, бойына-күш, өнеріне-шабыт, көңіліне-қанат береді.
Экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті мектеп жасынан қалыптастырып, кәсіпкерлік және
нарықтық шаруашылықтың заңдылықтарымен оқушыларды міндетті түрде таныстыра отырып,
экологиялық білім негіздерін ұғындыру кезінде жеке тұлғаның шығармашылық ойлау қабілетінің
дамуын қарастыру қажет. Экологиялық біліктілікті терендетуге жаңа саналық деңгейде
экологиялық тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар жүргізу, окушылардың өз бетімен ізденіп,
жұмыстарына талдау жасауына өз септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |