Адамгершілік тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының маңызды компоненттерінің бірі



Дата04.04.2022
өлшемі32,57 Kb.
#29827
Байланысты:
Документмнмшитщ


АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ — тәлім-тәрбиенің ықпалды әсерімен мораль-дық сананы қалыптастырудың, этика-лық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы. Ол семья, мек-теп, ұстаз, еңбек, қоғам, жеке ықнал арқылы іске асырылады. Сов. Педа-гогика В. И. Лениннің «Қазіргі заман-дағы жастарды тәрбиелеу, оқыту, үй-рету жұмысының бәрі де оларды ком-мунистік моральға баулу болын шы-ғуы керек» (Шығ., 31-т., 292-6.) деген қағидасын іске асырады. Мектеп пен семья, пионер, комсомол ұйымдары жас ұрпақты тәрбиелеудің дәстүрлі өнегелері ретінде КОКП Программа-сында белгіленген Коммунизм цуры-лысшысыныц моралъдыц кодексін басшылыққа алады. Жас адамның адамгершілігін қалыптастыруда мек-тепке дейінгі балдырғандар үшін оларға түсінікті ғибрат сөз, әсерлі өлең, сурет, әңгімелер пайдаланыла-ды; үлгі-өнегелі ойын, еңбек үстінде, этикалы қатынас жағдайында әдепкі ацамгершілік әдет-дағдылары қалып-тасады.

Мектеп жасындағылар үшін олар-дың саяси-әлеуметтік саналылығын (гуманизм, патриотизм, интернаңио-нализм), дүние танымын, этикалық талғамын, ішкі рухани байлығын мо-лайтатын жүйелі жұмыстар өткізіле-ді. Этикалық әңгіме, диспут, лекңия откізу және көркемөнердің түрлі са-лалары мен өдебиетті кеңінен пайда-лану А. т-ндегі коммуннстік игі істер болып табылады. Еңбек адамдарын коммунистік саналылық рухында төр-бпелеу міндеттері: идеологпялық тәр-бие, копшілік саяси-ағарту жұмыста-ры, баспасөз, коркемөнердің барлық салаларын кеңінен пайдалану мен халқымыздың арман-мүддесін марк-сизм-ленинизм негізінде ұғынып, аза-маттық борышын адал атқаруына көмектесумен шешіледі. А. т. Әлеумет-тік тұрмыста теріс мінез, жат қылық-тарға қарсы тұра алатын ұстамды-лықты қалыптастырады.

Адамгершілік тәрбиесі – тұлғаның жан-жақты дамуының маңызды компоненттерінің бірі

«Тұран-Астана» университетінің доценті,

Педагогика ғылымдарының кандидаты

Базарбаева К.К.

«Тұран-Астана» университетінің

Магистранты Хамзина М.

Қазақстан Республикасы-бай тарихи дәстүрлері бар тәуелсіз мемлекет. Қазіргі кезеңде Қазақстан үшін азаматтар бойындағы өзіндік қасиеттерге нұқсан келтірмей жаңа қасиеттерді, дербестікті және таңдау мен шешім қабылдау жағдайындағы жауапкершілікке баулу, қоғамдағы тиімділікті арттыруға әсер ететін білім, білік, дағдыларды ұлттық мәдениет аясында қалыптастыру мәселесі тұр. Білім беру жүйесі арқылы ғана оқыту мен тәрбиелеудегі жеке тұлғаға бағытталған жұмыс нәтижесінде оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға, олардың әлеуметтік міндеттерінің және өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын көтеруге болады.

Адамгершілік тәрбие мәселелері көптеген педагог ғалымдардың (Я.А.Коменский, И.Г.Гербарт, А.Н.Кочетов, А.С.Макаренко т.б.) еңбектерінде кеңінен қарастырылған.

Өз зерттеулерінде ғалым-зерттеушілер адамгершілік тәрбие берудің мақсаттарын, қағидаларын жүзеге асырудың жолдарын жан-жақты анықтап негіздеуге талпынған А.Я.Коменский балалар мен жастар мінезінде өзін-өзі билеу, кішіпейілділік, сыпайлық, ізгілік, жауапкершілік сапаларды тәрбиелеуді талап етті. Ол мектеп тәртібі жөнінде терең мәнді пікірлер айтқан. А.Я.Коменский балалар мен жастар мінезінде өзін-өзі билеу, кішіпейілдік, сыпайлық, ізгілік сапаларды тәрбиелеуді талап етті. Ол мектеп тәртібі жөнінде жан-жақты жаңа пікірлер айтты. Оның еңбегінің маңыздылығы сонда, ол – орта ғасырлық мектептің жазалау тәртібіне қарсы болды, сонымен бірге,мұғалім оқушыларының тиісті мектеп тәртібін талап ете білуі керек деген тұжырым айтты.

Ал, И.Г.Гербардтың дәлелдеуінше адамгершілік тәрбиесінің басты мақсаты-мінез-құлықты, ізгілікті, жауапкершілікті қалыптастыру. Бұл тәрбие Гербардтың пікірінше негізінен оқу арқылы жүргізіледі. И.Г.Гербарттың дәлелдеуінше адамгершілік тәрбиесінің мақсаты – мінез-құлықты қалыптастыру. Бұл тәрбие, баланың әр саналы қызығушылақтар мен адамгершілік елестетулеріне негізделіп оқу арқылы жүргізіледі.

И.Г.Пестолоции еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың бірімен-бірін өзара және олардың ересектермен дұрыс қарым-қатынаста болуын қалыптастырады деп санады.

Кеңес педагогы А.С.Макаренко болса, адамгершілік тәрбиесін ұжым арқылы қалыптастыруға аса көңіл бөлген ғалым, педагог.

Абай, Шәкәрім өз еңбектерінде тұлға бойында, рақымшылық, қанағат, төзімділік, жауапкершілік секілді қасиеттердің қалыптасуына көп көңіл бөлген. Бұл тұлғаның адамгершілігінің белгісі ретінде қарастырған. Сол секілді қазақ ағартушылары Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов балаға адамгершілік тәрбие беруді оқу-тәрбие ісінде пайдалануға айрықша көңіл бөлу қажеттілігін барынша дәлелдеуге талпынды.

Осы кезекте Ыбырай Алтынсарин үлгісіндегі педагог-жазушы Спандияр Көбеевтің де пікірлерін қарастырып өткен жөн. Спандияр Көбеев өз шығармаларында балалар үшін тәрбиелік мәні бар мәселелерді көтерді. Біреулерінде С.Көбеев қиын жағдайда адамдардың бір-біріне көмек беруі қажет екенін айта отырып, адамды адамға жақсылық жасауға үндесе, келесілерінде зорлықты, қатыгездікті әшкерелейді.

Адамгершілік теориясы мен практикасында аса маңызды бағыттарға сын көзімен қарамайынша бүгінгі тәрбиенің негізгі бағыттарын айқындау қиынға түседі. Әсіресе, бүгінгі күнде орын алатын ұлттық педагогика тұрғысынан жалпы тәрбиенің, оның ішінде адамгершілік тәрбиесі ұғымдарының ғылыми негізін алып көрсету әлі де болса шешімін тапқан жоқ.

Адамгершілік сезімдерге ұнату мен ұнатпау, кұрметтеу мен жек көру, сыйлау мен рақымсыздық, сүйіспеншілік пен өшпенділік жатады.

Психологиялық зерттеулерде сезім дегеніміз – әлеуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық қатынас. «Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу – келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрі түсіндіріледі. Алуан түрлі сезім, қуаныш пен қайғы, ашу мен қорқу, ұят, сүйіспеншілік, жек көрушілік, шошыну, абыржу, наздану» т.б. осындай сезімнің түрлері болады қоршаған ортасына байланысты болады. Оқушылардың тілдік қорларының жетілуімен олардың адамгершілік сезімдері мен санасының дамуында ауыз әдебиетіндегі мақал-мәтелдердің мүмкіндігі мол. Адамгершілік сезімдері адамдардың бірлесе жасаған әрекеттері процесінде туып, дамиды да осы қоғамда қалыптасқан адамгершілік ережелеріне бағынады. Олар басқа адамдардың және адамның өзінің мінез-құлық әсерлерінен туады.

Адамгершілік тәрбиесі жан-жақты тәрбиенің аса маңызды бөлігі болуымен қатар, ол адамгершілік – қоғамдық дамудың жемісі, әрі қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамып жетіліп отыратын маңызды құбылыс.

Адамгершілік тәрбиесінің өзекті міндеті – өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғамның алдында тұрған мақсат мүддесіне сай адамгершілік қасиеттердің тұтастығын тәрбиелеу.

Адамгершілік тәрбиесі күрделі де қайшылыққа толы процесс. Сондықтан, адамгершілікке баулу дегеніміз – ол адамдардың үлкен бе, кіші ме, әрбір істеген ісін, сөйлеген сөзін, өзгелермен қарым-қатынасын ақылға салып, ар-ұят таразысынан өткізіп, біліммен ұштастырып, ең әділ, ең дұрыс жолын таңдап ала білуі.

Тұжырымдай келе адамгершілік – адамның рухани байлығы. Ғасырлар бойы адамдар арасындағы қарым-қатынасты суреттеу, сол арқылы жастарға өнегелі тәрбие беру. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиесінің арқауы. Адамгершіліктің ең жоғары түрі – бауырмалдық, бүкіл адам баласын бауыр, дос тұту, көпшіл болу, сонымен қатар міндетін жауапкершілікпен орындау.

Әдебиеттер:



  1. Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы – Алматы: Қазақстан, 1994 ж.



  1. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы, Алматы: Мектеп, 1984-256 б



  1. Қоянбаев Р.М., Қоянбаев Ж.Б. Педагогика – Астана. 1992 – 114 б.



  1. Крупская Н.К. Таңдамалы педагогикалық шығармалары – Алматы. 1961 – 772 б.



  1. Макаренко А.С. «Мои педагогические воззрения». – Москва, 1960 – 286 б.



  1. Төлеубекова Р.К. Адамгершілік тәрбиесінің негіздері. Алматы, 1991-30 б.



  1. Қабекенов Ғ. Адамгершілік және имандылық мәселелері. Ұлт тағлымы. 2001 ж. №3 96 бет



  1. Қайыров И.А. Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі – Алматы: Мектеп, 1988-345 б.

Адамгершілік тәрбиесі.

Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі

Ыбырай Алтынсарин

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс.

Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.

Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.

Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.

Әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау- бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.

Баланың рухани-адамгершлік дамуы отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.

Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. Т. Б. қалыптасады.

Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау/ кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. Б./ Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.

Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық, деп атап көрсеткен.

Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.

«Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа…» «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» — деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.

Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.

Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.

Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. Б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.

Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы —өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда.Адамгершілік тәрбиесі.

Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі

Ыбырай Алтынсарин

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс.

Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.

Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.

Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.

Әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау- бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.

Баланың рухани-адамгершлік дамуы отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.

Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. Т. Б. қалыптасады.

Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау/ кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. Б./ Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.

Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық, деп атап көрсеткен.

Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.

«Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа…» «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» — деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.

Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.

Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.

Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б.Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы- балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені-ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ..

Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады.

Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек.

Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады.

Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады.

Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балабақшада , қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді.

Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.

Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі.

Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік- адамның рухани арқауы.

Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрініс болып табылады.

Халық педагогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял- ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті — халық педагогикасында деуге болады.

8-наурыз аналар мерекесіне арналған «Қыз сыны» сайысына ата-аналар үлкен жауапкершілікпен қатысты. Олар анаға байланысты мақал-мәтелдер жаттады.

«Шеше көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар» — демекші қыздарымыз түйме тігіп, өз шеберліктерін көрсетті.

Тәрбиешінің алға қойған мақсаты, баланың бойына ұлттық саналық қалыптасқан, халқының әдет-ғұрпын салт-дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру.

«Мен елімнің азаматымын» тақырыбына қосымша «7 мамыр — батырлыр күні» мерекесіне арналған «Ел қорғауға әзірміз» атты көңілді жарыс өткізілді. Осындай сайыстар арқылы өсіп келе жатқан жас ұрпақ ұландарымызды Отанды қадірлеп қорғай білуге баулытамыз. Балалар осы жарыста өздерінің шапшаңдылығымен, батылдығымен өз Отанының жас ұландары екенін көрсетіп, дәлелдеді. Жарыстар жас жеткіншіктердің бойында адамгершілік қасиетін оятып, патриот болуға тәрбиелейді.

Адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.

Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.

«Еліміздің күші- патшада, сәбидің күші- жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық.

Жүктеу/скачать 22.24 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




  1. 2



Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.

Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы —өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда.

Мектеп оқушыларын рухани адамгершілікке тәрбиелеу

Адамгершілік тәрбиесі – адамзат қоғамын үнемі толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі. Сондықтан да адамгершілікке жеке тұлғаны тәрбиелеуде мектептің алатын орны зор. Адамның адамгершілігі-оның жоғары қасиеті. «Адамгершілік» адамның санасындағы,оның ішкі дүниесіндегі асыл қасиеттердің жиынтығы немесе биік шыңы. Адам баласында адамгершілік қасиеті қараптан-қарап туындамайтын қасиет. Ол қасиет отбасында, ортада, мектепте, айналадағы адамдармен қарым-қатынасында қоғамдық тәрбиелермен қалыптасады. Халықта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»деген мақал бар. Тәрбие болмаған жерде адамгершілік болуы мүмкін емес. Адамның адамгершілік қасиеттері ең алдымен дұрыс амандаса білу,айналасындағылармен жақсы қарым-қатынаста болу,өзара сыйласу, қарапайымдылық, кішіпейілділік,салмақты да сабырлы болу,үлкенге ізетті, кішіге қамқор болу жатады. Сондай-ақ өз қолыңнан келгенше көмегіңді аямау,біреудің жақсылығын бағалау,оны қанағат тұту. Қазақта «Айналаңда досың көп болуы үшін жақсы бол,арың таза болсын» деген сөз бар. Сондай-ақ «жамандық-жамандықпен аяқталады»,-дейді. Қай жерде болса да біреуге жамандық жасасаң қашан да болса да өмірі алдыңнан шығады.

Адамгершілік қасиет қоғамның тарихына байланысты қалыптасып отырады. Заман өзгеріп отырған сайын,адам да өзгереді.Бірақ әркім өскен ортасында адамгершілік қасиетін берік ұстауы тиіс.

«Көргендінің қылығы,көңіл марқайтады»,-деп қазақ халқымыз тегін айтпаған. Әр бала өзін мәдениетті ұстаса, өз ортамыздың көңілін марқайтады. Адамның бойындағы жақсы қасиеттер оның істеген қылығынан,сөйлеген сөзінен көрінеді. Ең бастысы-адамгершілікті бойға сіңіре білу. Осы мақсатта біздің С.Меңдешев атындағы жалпы білім беретін мектепте «Өзгені сыйлау үшін,әуелі өзіңді сыйлай біл», «Әдеп жолы әріден басталады»деген тақырыпта шығармашылық жұмыстар, «Көргендінің қылығы көңіл марқайтады» атты анкеталық сұрақтар, «Имандылық-инабаттылық мұраты», «Тәрбиелі-тәртіптің құлы» атты баяндамалар, «Сәлемдесе білесің бе?»,«Ар-абыройыңды жасыңнан сақта» т.с.с өнеге сағаттар өткізу арқылы жас жеткіншек бойында адамгершілік қасиеттерін жоғалтпауға баулудамыз.

Мектептің есігін ашқан балдырған жарығы мол жаңаша өмірде адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын үйренеді. Адам бойындағы жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал барлық жаман қасиеттер амалдың көрінісі. Адам денесі біреу болғанымен оның ішінде қарама-қарсы,яғни жақсы мен жаман екі күш болады.Ол екеуі үнемі күресте болады.Адамның жақсы не жаман болуының осыған байланысты екенін Ш.Құдайбердиевтің мына бір өлеңі айқындай түседі.

«Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр, Сол нұрды тән қамы үшін жан жұмсап тұр. Тағдырдың бір қиын,сырлы сиқырымен

Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр.»

Қазір адамдардың компьютер дәуірінде өмір сүріп жатқанын бәріміз білеміз. Бірақ рухани адамгершілік адамның бойынан толық көріне бермейді.Сондықтан да,білім берудің барлық кезеңдерінде рухани адамгершілік тағылымдарын негізге алған жөн. Сонда мінез-құлқы жетілген, саналы адам қалыптасады. Жетілген мінез-құлық үш нәрсенің: жүректің,ақылдың,қолдың келісімі. Бала өзінің жүрегін тыңдауға үйренсе, жүрегінің ғана айтқанын орындаса өмірден өз орнын таба алады деп сенемін. Мұндай тәрбие әуелі отбасында, мектепте,оқу пәндерінде,тәрбиелік іс-шараларда,ойындарда қойылымдар арқылы жүзеге асуы тиіс. Осыдан келіп адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі күші мұғалімнің үлесіне тиеді. Сабақ үстінде мұғаліммен және құрбыларымен үнемі қатынасып отыру нәтижесінде баланың адамгершілігі қалыптасып, өмір тәжірибесі байи түседі.

«Адамға ең керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім –адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі», -деп Әл-Фараби айтқандай, педагогика ғылымының зерттейтін негізгі категориясының бірі - тәрбие. Тәрбие түрлі болады. Адамгершілік тәрбиесі балаға жападан –жалғыз әсер етпейді. Барлық тәрбие біріге келіп, адамгершілік сапаларын және адамзат құндылығын арттырады. Төменгі сынып оқушысының жеке басын қалыптастырудағы міндеттердің бірі оған адамгершілік туралы ұғымдар, түсініктер байыту болып табылады. Мұғалім балаларға сыныптан тыс оқуға түрлі тапсырмалар береді. Қол еңбегі, суретті бейнелеу, сұрақтарға жауап беру, оқыған кітаптары туралы ойларын білуге, адамгершілік көзқарасын білуге болады. Мектеп жанындағы балаларға әр пән бойынша адамгершілікке тәрбиелеу үшін зор мүмкіндіктер бар. Еңбек сабағында өздері жасайтын бұйымдар балаларға тәрбиелік ықпал жасайды. Өздері істеген жұмысын көрсетуге ұялмайтындай болып істеуге ұмтылады. Ал бейнелеу пәнінде әлемді эстетикалық тұрғыдан ұғыну қажеттілігін тудырады. Баланың адамгершілік қасиеті ересектермен, құрбыларымен қарым-қатынаста қалыптасады.Ол турасында «Менің жолдасым», «Біз мектеп ауласында ойнаймыз» деген тақырыпта әңгіме құрап, суретін бейнелесе де жеткілікті. Мектепке барған баланың негізгі әрекеті оқу болғанымен, ойын бұрынғысынша олардың өмірінде кең орын алады.

Ойнау кезінде «жолдастық ережені» білген жөн.

Жолдасыңа көмектесу.

Бар затыңды жолдастарыңмен бөлісу.

Дос жолдасың жамандық істесе оны тоқтату.

Жолдастарыңмен тату болу. Олардың ескертпелерін ала білу.

Адал ойын мен жарыс ережесі.

Жарыста арамдық жолмен алға шығуға ұмтылмау керек.

Басқалар жеңіліп қалса да табаламау

Ұтылсаң еңсеңді түсірмеу.

Әрқашан сыпайы болу. Кездескенге сәлемдес, кетерің қоштасуды ұмытпау.

Үлкенге ізетті, кішіге қамқор болу.

Ешқашан кешікпей жүру.Сертіңе тұру.

Қыңырлық жасамау.

Адамдарға немқұрайлы қарамау, топшыл болуға үйрету.

Мұғалімнің адамгершілікке тәрбиелеуінің арқасында оқушы өз бойындағы жақсы жаман қасиеттерін ажырата біледі. Өзінің қалыптасуына айналадағы ортаның әсері мол екенін, өз ойын еркін жеткізе білуге, ойлап сөйлеуге үйренеді. Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде жас ерекшелігін ескере отырып, мына факторларды есте ұстаған жөн деп есептеймін.

Тәрбиелеу

Еңбек жолымен байланыс

Тұрмыс салт -дәстүрді меңгерту

Ана тілін қадірлеу

Сапалы білім

Елбасы Н.Назарбаев «Оларға жастайынан имандылық пен салауаттылық қасиеттерді сіңіре білсек, тәрбиелесек, сонда біз рухы дамыған Отанымыздың гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз»- деген болатын. Білім өзінің шынайы міндетіне жауап беруі үшін балаларды жас кезінен бастап ең маңызды адамдық саналарды – адамгершілікті, жанашырлықты және басқа да асыл қасиеттерді дамыту керек. Қазіргі жағдайда бұл талаптарды жүзеге асырудың мынандай мүмкіндіктері бар:

Рухани адамгершілік құндылықтарды кез-келген пәнді оқытудың мазмұнына енгізу.

Сыныптан тыс сабақтарды баланың адамдық асыл қасиеттерді игеруіне ықпал ететіндей бағытта ұйымдастыру.

3.Жеке пән ретінде жүргізілетін сабақтардың бағдарламасына енгізу.

Рухани тәрбие өзінің қуатын әлемнің әрбір құбылысынан алуы мүмкін. Олай болса кез-келген оқу пәні балалардың адамгершілігін, жақсы мінез-құлқын қалыптастыру құралы бола алады. Үлкен адам қай жерде де болмасын өзі рухани сабағында балаларды жай ғана қосуға, көбейтуге және бөлуге үйретудің орнына мұғалім адамгершілік қасиеттерді шешуге арналған есептерді ойлап таба алады. Мысалы: Болат 12 кг салмақты оп-оңай көтере алады, ал кішкентай Сәкен небары 4 кг көтере алады. Егер олар бірлесіп бір-біріне көмектескен болса, онда олар үлкен жүкті көтере алар еді. Сонда үш дос қандай салмақтағы жүкті көтереді? «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген осы. Бір әже дүкеннен үйіне қарай баяу жүріп келе жатты.Оның қолында жалпы салмағы 6 кг болатын екі сөмкесі бар. Болат екіншісіне қарағанда ауырлау келетін бір сөмкені алып, үйіне жеткізуге көмектесті. Егер көмекшінің арқасында әженің жүгі 3есе жеңілденген болса, бұл сөмкенің салмағы қанша болған?

Бүгінгі таңда үлкендерге балалардың ынтасы мен назарын өзіне аударуға қол жеткізу оңайға түспейді. Баланың рухани-адамгершілік тағылымына кері әсер етуші факторлар: соғыс ойыншықтары, жат қылықтары бар фильмдер, бейне таспалар және компьютерлік ойындар бар. Сондықтан мектептен тыс кездегі сабақтарды ұйымдастыруда тапқырлық таныту қажет. Балаларға спорт, табиғатқа серуен, мектептен тыс кездесулер кезіндегі пікірталас, әсерлі әңгімелер, мұражайға, концертке бару, осының бәрі рухани адамгершілік тәрбие. Олар баланың шығармашылығын оятып, жан дүниесімен сезетін тамаша ойларға жетелейді. Ал одан тек жағымды қасиеттер туындайтыны белгілі. Баланың адамгершілігін, рухани жан дүниесін оятып, дүниетанымын төмендегіше іріктеп алуға болады.

1.Оларды тыңдағанда олардың көлеміне назар аудару керек.

2.Мазмұны сабақ тақырыбына сай болғаны жөн.

3.Оларды жас ерекшелігіне қарай іріктеп алған жөн.

Сабақ кезінде жағымды әуен естіліп тұратын болса, балалар сабақты жақсы игеріп әкетеді. «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Әннің терең мазмұнды мәні оятар.»,- деп Абай атамыз айтқандай, адам бойындағы асыл қасиеттердің қалыптасуына олардың маңызы зор

Қорытынды

Қорыта айтқанда рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Рухани-адамгершілік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт.

Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Рухани-адамгершілік тәрбиені қалай іс жүзіне асырамыз? Олар мына қағидаларды сақтағанда нәтиже береді. Егер:

Тәрбие үрдісі оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерді игеруіне бағытталса;

Оқушылар рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында әрекеттік, іскерлік дағдыларды игерсе;

Оқушылар жеке тұлғаның және әлеуметтік мәні бар рухани-адамгершілік қасиеттерді өз іс-әрекетінде, мінез-құлқы мен тіршілік әрекетіне көрсете алу мүмкіндігін ерікті таңдаса.

Демек, рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе – баланы құрметтеу. Сондықтан, әрбір оқушы өзін-өзі рухани жетілдіру үшін, өзін тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға ұмтылуы қажет екенін түсінуі тиіс деп ойлаймын. Өзінің оқушысын өз бетінше білім мен тәрбие алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайтынын біледі. Бала ықпал ету объектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы тиіс.

Қолданылған әдебиеттер

1. Т.А.Ильина. Педагогика. – Алматы, 1977.

2. Қ.Б.Сейталиев. Тәрбие теориясы. – Алматы, 1976.

3. И.А.Қайров Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі. Алматы, 1980.

4. К.А.Оразбекова. Иман және инабат. – Алматы, 1993.

5. Қ.Жарықбаев. Аталар сөзі, ақылдық-көзі. – А., 1980.

7. А.Қүнанбаев шығармаларының толық жинағы. – Алматы, 1954.

8. Ыбырай тағылымы. – Алматы, 1955.

9. А.Байтұрсынов. Ақ жол. – Алматы, 1991.


  1. Жүсіп Баласағүн. Құтты білік. – Алматы, 1986.

11. А.Көбесов. Әл-Фараби. -Алматы, 1971.

12. Ғылыми практикалық конференция материалдары. – Алматы, 1992.

13. Ел аузынан. – Алматы, 1989.

14. Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы/Қазақстан мұғалімі. 5 ақпан,1993.

15. «Атамекен» бағдарламасы.

16. Құран хикаялары.

17. Ж.Байжанова. Қызым саған айтам. – Алматы, 1990.

18. Ү.Жөнібеков. Уақыт керуені. – Алматы, 1992.

«

Страница 2



Адамгершілік тәрбиесі – бұл тәрбиеленушінің қоғамдық мораль талаптарына сай санасына, сезіміне, әдет – қылығына, мақсат бағытына жүйелі түрде ықпал ету. Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері: 1) ізгілік сана қалыптастыру; 2) инабаттылық сезімдер тәрбиелеу және дамыту; 3) адамгершілік әдет – қылықтың ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.

Адамгершілік тәрбиесінің құрамы: адам және қоғам байланысын қалыптастыру, өз қылығының қоғаммен сәйкес болуы қажеттігін сезіндіру; адамгершілік білімді адамгершілік нанымға ауыстыру; тұрақты адамгершілік сезімдер мен сапалар орнықтыру; адамның басқалармен қатынасындағы жоғары мәдениет пен адамгершілік әдеттерді бекіту.

Адамгершілік жағынан тұрақталған тұлға моральдық нормалардың шындығына сенімді болады, оларды орындау қажеттігін мойындайды. Адамгершілік қасиеттерін білу, түсіну оның тек алғышарттары болып есептеледі.

Адамгершілік білімдер баланың өмір тәжірибесіне өтіп, ой толғанысына еніп, тәрбиеленушілердің өзіндік талқы сарабына түскен болса ғана адамгершілік нанымдар дәрежесіне көтеріледі. Этикалық тәрбиенің ең басты мақсаты – адамгершілік мінез құлықтарды қалыптастыру, тәрбие күнделікті өмір жағдайындағы адамгершілік іс –

Әрекет бірлігінен құралады. Өз қылықтарымен адам айналамен байланысып, ондағы жағдайлармен қарым – қатынас бейнелейді. Адамгершілік әдет – қылық тудыру үшін соған сәйкес жағдай жасау керек.

Жеке тұлғаның адамгершілік қасиетін қалыптастыру – оның түйсік жүйесіне моральдық нормалар мен принциптерді қабылдау процесі болып табылады.

Адамгершілік тәрбие адам баласы үшін психология тұрғысынан «күреске» айналуы тиіс. Адамгершілік тәрбие «күрес емес, күнделікті күрделі жұмыстан тұратын ұзақ маңдай тер ісі. Жеке тұлғаның ізгілікті, адамгершілік, азаматтық қасиеттері өмір қажетінсіз қалыптаспайды. Тұлғаны жақсылық жасатуға ынталандыратын жағдайлар туындату керек. Бірнеше әдетті қатар бір мезетте дамытуға болмайды, оқушының жаңа әдеттер мен ережелерді қабылдауға дайындығын ескерген жөн. Жаман қылықтары болса, одан арылуы тиіс, олардың жақсы не келеңсі екенін түсіндіру ықтимал.

Адамгершілік тәрбиесі арқылы жаман әдеттерді айыра білу: өте қатты мөйлеу, басқалар сөзін бөлу және тыңдамау, тырнақ тістелеу, қол сілтеу, т.б.

Арнайы мысалдар арқылы жастарға бір қарағанда еленбес әдеттердің салдарынан болашақ өз өміріне келетін зиянды түсіндіре әрі нақты көрсете білу керек.

Халық даналығы сыйластық адамның жеке дара жақсы қасиеттерінен басталатынын айтады. Әдеп, адамгершілік дегеніміздің түп – төркіні сол сыйластықта жатыр емес пе?!



«Ак көңілдің аты арып, тоны тозбас» деген халық нақылында тамаша адамгершілік қасиетінің нәзік бейнеленгенін байқауға болады. Адалдық, ұяттылық, әдептілік, тәртіптілік, инабаттылық, имандылық, кішіпейілділік, қарапайымдылық, ұстамдылық, белсенділік, т.б. барлығы дерлік адамгершілік қасиетінен бастау алады және олар бір – бірімен тығыз байланыста болады. Осы жақсы да асыл қасиеттерге ие болу үшін де үлкен тер төгу керек, адамгершілік тәрбиесіне өте көп көңіл бөлу керек. Ол үшін ерте заман тізгінін қолына алатын ұрпақтың тәрбиесі үшін күресу керек. Өйткені адамгершілігі мол бүгінгі ұрпақ – сенің сыбағаң…

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет