Иммануил Кант (1724-1804) – неміс философиясының негізін қалаушы. Ой еңбегіне арналған өмірін өзі дүниеге келген Кенисберг (қазіргі Калининград) қаласында өткізген. Кенисберг университетінің дін факультетіне оқуға түсіп, діни пәндермен қатар философия, физика. математика пәндерінен лекцияларға қатысқан.
Кант тұжырымы
Кант: «Сен еркін де ақылды болуға тиістісің» деп жария еткенімен, абсолюттік еркіндік түбінде жақсылыққа апармайтынын түсінді, сондықтан да бұлжымайтын императивті енгізді. Шектеусіз, абсолюттік еркіндіктің іс жүзінде аморальдылыққа ұшыратынының дәлелін тарихтан да, қазіргі өмірден де көруге болады. Гегельдің өзі абсолюттік еркіндікті құбыжық нәрсемен теңеуі тегін емес. Бұлжымайтын императив Канттың императивтерінің мазмұнын дұрыс жеткізу үшін «бұлжымайтын императив» ұғымын қолданып, оны парыз ұғымы ретінде түсіндіреді.