Адамдар қажеттіліктері сан алуан. Олар адам өміріндегі аса маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыратын бірінші қатардағы қажеттіліктер (адамның киімге, тағамдарға, тұрғын үйге , пәтерге деген қажеттіліктері),екінші қатардағы қажеттіліктер, оларға қажетті тауарларды өндіру үшін адамдардың еңбек заттарына, еңбек құралдарына деген материалдық қажеттіліктері жатады. Сондай-ақ , рухани қажеттіліктерді де атап кетуге болады.Қажеттіліктердің барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Олар қоғамның даму барысында өзгеріп, жаңарып отырады.Қажеттіліктердің жаңа түрлері пайда болады, сонымен қатар, олардың арасындағы арақатынастар да өзгеріп отырады. Қажеттіліктің өсу заңына сәйкес, қажеттіліктер үнемі тұрақты түрде өзгеріп, өсіп отырады. Экономикалық жүйенің негізгі міндеті адамдардың әртүрлі қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру болып табылады. Қандай қоғам болмасын, тіпті бай болса да, адамдардың барлық қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алмайды,себебі, адамның материалдық игіліктерге деген қажеттіліктері шексіз болады.
Жеке қажеттіліктер-жеке адамның өзін қанағаттандыратын қажеттіліктер.
Ұжымдық қажеттіліктер- өмірде жеке бір адам қанағаттандыруға мүмкін емес көп шығын қажет ететін қажеттіліктер. Оларды көпшілік көмегімен ұжымдық түрде қанағаттандырады.Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөнінде шешімдерді басқару органдары қабылдайды.
Қажеттіліктер А.Маслоу бойынша бөлінеді:
-өзін-өзі таныта білу(тұлғалық өсу)
-өзін-өзі құрметтеу(жетістік,мәртебе)
-сүйіспеншілік(отбасы, ұжым)
-қауіпсіздік(қорғау,тәртіп,заң)
-биологиялық және физиологиялық(тамақ,су, баспана,ұйқы)
Адамдар әртүрлі шексіз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланатын құралдарын экономикалық ресурстар деп атайды.Келесі түрлерге бөлінеді:
-материалдық ресурстар (жер,табиғи байлық, капитал)
-еңбек және адамның кәсіпкерлікке деген қабілеттілігі
Өнім түрлері
Өндірістік альтенативтер
A
B
C
D
E
Автокөлік
100
90
70
40
0
Ұшақ
0
10
20
30
40
А алтернативті жағдайында қоғам 100 автокөлік өндіретін болса, онда ол бірде-бір ұшақ өндіре алмайды екен. Е алтернативі жағдайында 40 ұшақ өндірсе, бірде бір авкөлік өндірмейді.Яғни, қоғам ресурстардың шектеулігіне байланысты бір уақытта автокөліктер мен ұщақтардың белгілі мөлшерін ғана өндіре алады.Демек, қоғам әр жағдайда бір тауарды (ұшақ) көбірек өндіру үшін екінші тауарды (автокөлік ) аз өндіруге мәжбүр болады.