Адами Қажеттіліктер


Өндірістік мүмкіншілік қисық сызығы



бет3/4
Дата14.10.2023
өлшемі101,31 Kb.
#113685
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Адами қажеттіліктер

Өндірістік мүмкіншілік қисық сызығы
К нүктесі елдегі ресурстар тиімсіз пайдаланылатынын көрсетсе, ал қисық сызығынан тыс орналасқан (О) нүктесі қоғамның экономикалық жағдайының болашағын сипаттайды.
Қарапайым ой деңгейінде қажеттілік адамға бір нәрсе керек болғанда немесе жетіспей жатқандағы мұқтаждық дел түсінеміз.Экономикалық теорияда қажеттілік пен мұқтаждық бөлек түсіндіріледі.
Қажеттілік әрқашан мұқтаждық бола бермейді. Мұқтаждық дегеніміз белгілі бір нәрсеге ие болғысы келіп, бірақ ол нәрсе оның қолында болмай немесе жетіспей жатқандағы адамның сезім- күйі. Қажеттілік дегеніміз адамның, өндірістердің және қоғамның қалыпты өмір сүруіне және қызмет атқаруына керек нәрсенің бәрі. Адамның қажеттіліктерінің өте күрделі және көп екендігі соншалық, бәрін тізбелеп санап беру мүмкін емес.Адамда тамаққа, киімге, баспанаға деген қарапайым қажеттіліктен бастап, ғарышты игеру сияқты фантастика мен қиялға жақын қажеттіліктер де тән. Олардың барлығы мұқтаждық түрінде бола бермейді, біраз бөлігі ғана.Мұқтаждық түріне өткен қажеттіліктер өткір немесе онша өткір емес түрде болуы мүмкін.
Әдетте қажеттіліктер адамды белгілі бір іс-әрекеттерге мәжбүрлейтін (итермелейтін) күш сияқты болып көрінеді. Шындығында, қажеттіліктердің бәрі бірдей адамның әрекетінің себебі бола бермейді.
Тек қана кейбір қажеттіліктер іс-әрекеттің себебіне айналады. Ол қандай қажеттіліктер? Миллиондаған қажеттіліктердің ішінен адам міндетті түрде қанағаттандырылуы тиістілерін , қанағаттандыруға мүмкіншіліктері барларын таңдап алады да, соларды ғана қанағаттандыруға әрекет жасай бастайды.
Мұндай жағдайда қажеттілік адамның іс-әрекетінің мақсаты мен мүддесіне айналады.Демек, қажеттілік әрқашан мүдде бола бермейді. Мүдде дегеніміз адамды іс-әрекетке мәжбүрлейтін күш , себеп. Ойластырылған, зерттелген, танып- білінген, қанағаттандыруға болатын ғана қажеттілік, мүддеге айналады. Мүддеге айналмаған қажеттілік арман, қиял , ниет ретінде ғана болуы мүмкін.Ондай қол жетпейтін қажеттіліктер адамдарды әрекеттерге мәжбүрлей алмайды, өйткені адам ондай қадамдардан нәтиже шықпайтынын біледі.Ешкім нәтижесіз бос әуреге бармайды.
Жоғарыда айтылғандарды былай тұжырымдауға болады. Мұқтаждық – адамдардың сезім-күй ретінде субьективті категория.Қажеттілік пен кересіну- обьективті категория.Мұқтаждық түріндегі кересіну әртүрлі қажеттік түрінде болуы мүмкін. Мысалы, жылы киім біреуге зәріл қажеттілік болса(мұқтаждық), басқа біреуге -байлық пен мәртебенің белгісі, ал үшіншісіне- түк те емес. Тропикалық белдеуде өмір сүріп жатқан жабайы адамға киім мүлдем қажет емес.Тасымалдау қажеттілігінен көлік пайда болып, кейін көлік (автомобиль, ұшақ және т.б. ) біреге зәріл қажеттілік, біреуге байлық пен мәртебенің белгісіне айналды. Қажеттіліктер қоғам мен өндірістің дамуымен қатар өркендеп отырады. Олар қоғамды өзгертеді және өздері де қоғам мен өндірістің ықпалында болады. Егер бастапқыда қажеттіліктер өндірістің орын алуына, оның дамуына себеп болса, өндіріс те, керісінше, қажеттіліктердің өзгеруіне , өсуіне тікелей ықпал жасап отырды. Өйткені (оқымыстылар мәнін ашқан) қоғамда қажеттіліктердің өрлеу заңы бар. Сол заң бойынша қанағаттандырылған қажеттілік тағы басқа көптеген қажеттіліктерді туындатады. Осы айтылған ойды келесі мысал арқылы түсіндіруге болады. Энергия көздеріне деген қажеттілік дәстүрлі емес энергия көздерін (атом энергиясы) және полупроводниктерді өмірге алып келді. Нәтижесінде энергетикада, радиоэлектроникада және көптеген салаларда жаңа өндірістер ашылып, бұрын болмаған қажеттіліктер өмірге келді.
Қажеттіліктерді адамның және қоғамның тіршілігіне керек жағдайлардың жиынтығы деп қарастыру керек. Олар әртүрлі пайдалы игіліктерді қамтиды- материалдық және материалдық емес.
Сондықтан қажеттіліктердің түрлері де әрқалай болады. Әрбір қоғамда әртүрлі қажеттіліктердің жүйесі қалыптасады:саяси, әлеуметтік, экономикалық , рухани , экологиялық, өндірістік және өндірістік емес, төменгі (қарапайым) және жоғарғы , жеке, ұжымдық, қоғамдық, коммерциялық, қаржылық және тағы басқалары. Төменгі қажеттіліктерге қарапайым қажеттіліктер жатады(тамақ, киім, баспана, жылу және тағы басқалары), бірақ қоғам мүшелері үшін олардың маңызы өте үлкен. Егер бұл қажеттіліктер қанағаттандырусыз қалса, онда көп күттірместен қоғамның өміріне қауіп төндіретін ашаршылық, кедейшілік, жұмыссыздық сияқты зардаптары ауыр экономиккалық құбылыстар орын ала бастайды.
Жоғары қажеттіліктерге салауатты өмір сүруге, ең жетік технологияны игеруге, экономикалық кемелденген элиталық мемлекеттер қатарына қосылу сияқты қажеттіліктер жатқызылады.
Сонымен қатар, қажеттіліктер оларды қалыптастыратын жағдайлар мен факторлар арқылы да ажыратылады. Сөйтіп, оларды ұлттық, халықаралық, географиялық, табиғи-климаттық, тарихи, демографиялық(жас мөлшері және жыныстық белгілер бойынша), әлеуметтік-топтық ажыратады.
Сонымен, экономикалық қажеттіліктер экономикалық мүдделердің негізі болып табылады, белгілі бір жагдайларда нақты мүдде түрін қабылдайды.Қажеттіліктер күрделі болғанына байланысты мүдделер жүйесі де күрделі болады. Мүдделер де сыртқы белгілері арқылы ажыратылады.Олардың ішінде экономикалық мүдделердің орны ерекше, өйткені олар қоғамның шешуші сферасы-экономикаға байланысты.
Экономикалық мүдделер жүзеге асырылмаса немесе олардың жүзеге асырылуына жағдайлар жасалмаса, қоғам моторынан ажыратылған автокөлік сияқты қозғаушы күштен айырылады. Әртүрлі мүдделерді үйлестіру мүдделерді жүзеге асыру процесіндегі ең күрделі мәселе-мүдделер үйлеспейінше, оларды жүзеге асыру қиындайды немесе мүмкін болмай қалады.Сондықтан қоғам мүдделерді мұқият зерттеп алып, содан кейін ғана нақты қадам жасайды. Кез келген қоғамда жеке, топтық және қоғамдық мүдделердің үйлестірілуі шешуші рөл атқарады.Егер бұл мүдделер өзара үйлестірілмесе, Д.Крыловтың мысқылындағыдай жағдай орнап, арбаны шортан бір жаққа, аққу екінші жаққа, шаян үшінші жаққа тартып, алға қозғалыс(даму ) болмай қалады.Демек, қоғамдық- экономикалық дамуда негізгі экономикалық мүдделер жүзеге асырылуы тиісті және мүдделердің өзара қайшылығы орын алмауы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет