Адамның басынан кешкендері



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата06.03.2017
өлшемі2,4 Mb.
#8411
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

*** 
 
Күтілгеніндей,  көп  кешікпей  Берта  да  қалаға  келді.  Онымен  біраз  уақыт  бірге  тұрып, 
мен оны мүлдем басқа жағынан көрдім. Ол ақкөңіл әрі мейірімді әйел екен, менің әкеммен де 
қарым-қатынасы жақсы, — бір сөзбен айтқанда, ол әкеме қазір нағыз керек адам еді. Расын 
айтсам,  олар  үйленген  соң,  оның  үйде  жүргені  менің  аздап  ызамды  келтіре  бастады.  Мен 
өзімді қолға алуға қанша тырыссам да, олардың отбасылық бақыты маған тыныштық бермеді. 
«Жаңа  Уилмотты»  иелену  құқығы  мен  оның  мінез-құлқынан  орын  алған  барлық  жағымды 
өзгерістер тек қана оның үлесіне тиді. Ал, анама тек бұрынғы, маскүнем, сотқар, төбелескіш 
Уильмотты қанағат етуіне тура келген еді. 
Бірде менің туылған күнім жақын қалған тамыз айының жылы кешінде, мен верандада 
жалғыз отыр едім, әкем үйден шығып: 
— Егер мен сенімен бірге отырсам, қарсы емессің бе? – деп сұрады. 
— Бұл сенің үйің ғой, әке, – дедім. 
— Ұлым, менің азғантай ғана өмірім қалды, — деді ол, өзінің сүйікті креслосына 
отырып жатып. 
— Әке, сенің не айтқың келіп тұр? – дедім мен, аң-таң болып. 
— Мен бұ дүниеден өткен соң, бұл үй сендерге яғни менің балаларыма тиесілі болады. 
— Сенің әлі ұзақ өмір сүретініңе күмәнім жоқ, әке. Сенің балаларыңа бұл үйдің керегі 
жоқ. 
— Иә, сенің айтқаның дұрыс. Біраздан бері бұл жерге ешкім де келмейді. 
— Өкінішті-ақ, — дедім мен, әкемді жігерлендіруге тырысып. — Олар жаңа әкелерін 
бір рет өз көздерімен көрсе болар еді. Айтпақшы, Кішкентай туралы не хабар бар? 
— Кішкентай? Ол Ист-Лансингке көшіп алды. 

145 
 
Мен  бұған  таңқалған  жоқпын.  Кішкентай  біздің  үйден  әйелі  екеуі  кеткен  соң,  біздің 
отбасылық  байланыстарымыздың  бәрі  үзілген  болатын.  Менің  ол  туралы  естіген  ең  соңғы 
хабарым — ол Мичиган штатындағы университеттегі сабаққа барып тұру үшін, жақында Ист-
Лансингке  көшіп  өтіпті.  Мен  Кішкентайдың  қаражат  жағынан  да  табысқа  жеткені  туралы 
естідім. 
— Әке, мен көптен бері сенен бір нәрсені сұрағым келіп жүр еді. 
— Сұрай ғой. 
— Сол кезде төбенің басында Кішкентаймен араңда болған жанжал... 
— Мен бұл туралы ұмытып та үлгірдім. 
— Бірақ жанжалдың өзі сенің есіңде шығар? 
— Иә,… жалпы есімде. 
— Әке, сен шын мәнінде Кішкентайға ферманың жартысын беріп пе едің? 
Әкем жауап берерден алдын, біраз уақыт креслода тербетіліп отырды да: 
— Сен түсінуің керек, Кішкентай күніне сегіз сағаттан жұмыс істейтін, бұған қоса тегін 
істейтін… 
— Олай болса, сен оған ферманың жартысын бергенсің ғой, солай ма? — деп мен оның 
сөзін аяқтауына мүмкіндік бермедім. 
— Джош, егер де Кішкентай болмағанда, біз бүкіл фермадан айырылып қалар едік. 
Менің сол кезде қандай жағдайда екенім, сенің есіңде ғой. 
— Әрине, есімде! — жүрегімде бір нәрсе бұл тақырыпты тоқтату керек деп сыбырлап 
айтып тұрғандай болды, бірақ мен тоқтай алмадым: — Алайда, жағдай солай болғанмен, сен 
Кішкентайдың Мичиган университетіндегі оқуының төлемақысын төледің ғой, солай ма? 
Әкем басын изеп: 
— Әпкең Джунның оқуы үшін де біз анаң екеуміз төледік. 
—  Алайда,  мен  колледжде  оқитын  уақыт  келгенде,  сенің  маған  көмектесуге  шамаң 
келмейтін болып шықты. 
— Ұлым, сенің колледжде оқитын уақытың келгенде, мен тақырға отырған едім. Менің 
ешнәрсем қалмаған болатын. 
— Иә, ешнәрсең қалмаған шығар, — дедім мен, қоюланып келе жатқан ақшамға қарап. 
— Ешнәрсе қалмады деп айтуға болады. 

146 
 
—  Ешнәрсенің  қалмағаны  соншалықты,  тіпті  электр  үшін  де  төлейтін  ақшаң  болмай 
қалды  ма?  —  деп  сұрадым  мен,  Келлог  колледжінің  бірінші  курсында  оқып  жүрген  кезде, 
ақшамды үнемдеу үшін үйде тұрғым келген кездегі, оның айтқан жауабын тұспалдап.  
Әкем тербелуін тоқтатып, басын төмен түсірді де: 
— Өзімнің істеген қылығым үшін ұяламын, Джош. Мен дұрыс істемедім. Сен бұл үшін 
мені кешіретін шығарсың деп үміттенемін, – деді. 
Мен  кейінірек  өзім  өкінетін  сөзді  қазір  айтып  қоймауым  үшін,  өзімді  қолға  алуға 
тырысып, жауап бермедім. Қара шегірткелердің шырылдағаны және үйде теледидарда болып 
жатқан  бағдарламаның  әрең  естілген  даусы  біздің  үнсіздігіміздің  орнын  толтырып  тұрды. 
Әкем қайтадан тербеле бастады. 
— Ал, қазір Кішкентай немен шұғылданып жүр? — деп сұрадым мен. 
— Сақтандыру полисін сатады, — деді әкем. 
— Шынымен бе? Мен оны агрономдыққа оқып жүр деп ойлап едім. 
— Солай болған. Алайда, қандай да бір сәтте ол сақтандыру полисін сатуға кірісіп кетті. 
Менің  естуімше,  ол  үлкен  табысқа  жеткен.  Біреу  ол  тіпті  бұнымен  қалай  шұғылдануға 
болатыны туралы, қандай да бір көмекші құралды жазыпты деп айтқан болатын. Алайда, мен 
мұны түсіне бермеймін. 
Мен  бұған  мүлдем  таңқалмаймын,  —  Кішкентай  нені  қолға  алса  да,  барлық  нәрседе 
табысқа жететін. 
—  Бірақ  менің  соңғы  естігенім,  —  деп  сөзін  жалғастырды  әкем,  —  ол  Дүниежүзілік 
Корпусқа жазылайын деп жатыр екен. 
— Не? 
— Карла мен Джулияны алып Африкаға кетпекші. 
— Мен бұған сене алмаймын. 
— Соған қарамастан, бұл шындық. 
— Бәрібір сенбеймін. 
—  Колледждегі  сабағың  басталғанша  әлі  уақыт  бар  ғой,  егер  қаласаң  —  барып,  оны 
көріп қайт. 
Әкемнің  тербелме-креслосының  сықырлағаны  әрең  естіліп  тұрды  және  ол  биязы 
дауыспен: 
—  Білесің  бе,  ұлым,  менің  мүмкіндігім  болса  және  қолымнан  келсе,  мен  көп  нәрсені 
басқаша істеген болар едім. Мен енді ешнәрсені түзете алмайтынымды түсінемін, бірақ маған 

147 
 
сондай мүмкіндік берілсе, көп нәрсені өзгертер едім. Жәй, сенің осыны білгеніңді қалаймын, 
– деді. 
Мен  күрсініп,  аспанға  қарадым.  Баяу  қалықтап  бара  жатқан  бір  топ  бұлттың  артында 
тұрған  айдың  сәулесі  маған  жарқырап  түсіп  тұрды.  Мен  шынында  да,  өзімнің  әкеме 
жүрегімде реніш сақтауыма құқықтымын ба? 
— Айтшы, сен нақты нені өзгертер едің? — деп сұрадым мен. 
Тербелме-кресло  қайтадан  секунд  сайын  сықырлай  бастады.  Мен  әкемнің  жөтелгенін 
естіп,  қайтадан  оған  қарағанда,  оның  бір  нәрсе  айтуға  тырысып  жатқанын  түсіндім.  Айдың 
сәулесінен  оның  көзінен  шыққан  жас  жылтылдап  тұрды.  Кенеттен  үйден  дауыс  естілді,  — 
Берта әкемді шақырып жатыр екен. Бертаның бізді тез арада тауып алатынын түсініп, екеуміз 
де бір ауыз сөз айтпай отыра бердік. 
— Сендер мұнда екенсіңдер ғой,  — деді  ол жылы шыраймен және ол есікті  ашып.  — 
Ал, мен — бәрі қайда кетіп қалған деп ойладым? 
— Сәлем, Берта, — деді әкем, жөтеліп. 
— Кел, отыра ғой, — деп мен оған орын бердім. 
— Жоқ, о не дегенің, Джош! Менің сендердің әңгімелеріңе кедергі жасағым келмейді. 
— Сен кедергі жасамайсың, — дедім мен, әкеме қарап. — Мен тіпті былай ойлағам — 
мен  ертең  бәрібір  Бэттл-Крикке  баруым  керек…  неге  үшеумізге  бірге  бармасқа?  Біздің, 
мысалы, киноға баруымызға болады. 
—  Шынымен  бе?  —  деп  қуанып  кетті  Берта,  әкемнің  қасына  жайғасып.  —  Тамаша 
болар еді! Мен — қарсы емеспін. Ал, сен не дейсің, Уилмот? 
— Әрине, барамыз. 
Ертеңіне  біз  Вест-Мичиган-авенюдегі  «Бижу-театрдың»  күндізгі  қойылымына  үлгеріп, 
«Теңіздің түбіндегі саяхат» атты фильмді көрдік. Фильмнің соңына жақындаған кезде, Джоан 
Фонтейн  акулалармен  бірге  әуітке  құлап,  мерт  болған  сәтте,  Берта  менің  қолыма  жабысып 
алды және  мен оның алақанын өзімнің алақаныммен жауып, фильмнің соңына дейін қолын 
жібермей ұстап отырдым. 
 
*** 
 
Менің  туылған  күнім,  17  тамыз  бейсенбі  күнге  тура  келді,  бірақ  біз  әкем  екеуміз  оны 
келесі  жұма  күні  де,  Бергер  мырзаның  (оның  фермасы  жолдың  арғы  бетінде  болатын)  жер 

148 
 
телімінде орналасқан көлге балық аулауға барып, атап өтуді  жоспарладық. Жұма күні менің 
жұмысым  біткен  кезде,  біз  қалаға  барып,  Сент-Джо-риверде  жайылып  жүрген  өгіздерді 
есепке ала отырып, шағын қайықты жалға алдық. Біздің балық аулауымыз қараңғы түскенге 
дейін  созылды,  ал  оған  кінәлі  болған  балық  та  емес,  әкем  екеуміз  асықпай  әңгімелесіп 
шешуге кіріскен, дүние жүзілік мәселелер де емес  — тек жәй әншейін әкеммен бірге балық 
аулау менің өмір бойғы арманым болатын. 
 Ақыры сол  арманым орындалды. Біз үйге әжептеуір  балық  аулап қайттық,  Бертаны да 
лайықты бағалап құрметтеу керек — ол балықты сондай дәмді етіп дайындады. 
Менің  Линнмен  арамыздағы  қарым-қатынасқа  келетін  болсақ,  бұл  өте  күрделі  еді. 
Болашақта біздің некеге тұратынымызды мен түсінетінмін. Алайда, біз некеге қазір тұрайын 
деп жатқан жоқ болсақ та, бірақ сол күн алыс емес болатын. Бір мойындайтын нәрсе, басыма 
неке  туралы  ой  келсе  болды,  мен  өзімді  қолайсыз  сезінетін  болдым.  Бір  кездері  «Көлеңке» 
деп  аталатын  радиоқойылымның  басталар  алдындағы:  «Адамдардың  жүрегінде  қандай 
зұлымдықтың  жатқанын  кім  танып  біле  алады?»  деп  айтылатын  сөздер  менің  басымда 
айналып жүріп алды. Шынымен кім оны біле алады? Осыған ұқсас шындықты Киелі кітапта 
Еремия пайғамбар да айтады: «Адамның жүрегі бәрінен бетер алдамшы әрі жазылмайтындай 
бүлінген. Оны танып біле алатын кім бар?» (17:9). 
 «Мен  өзімнің  өткен  өмірімнен  қаншалықты  азат  болдым?  Мен  бұрынғы  алған 
жарақаттарым мен реніштерімді Линн екеуміздің құрған жаңа отбасымызға алып келмеймін 
бе?  Менің  өткен  өмірімнің  біздің  болашағымызға  көлеңкесін  түсірмеуі  үшін,  мен  не  істей 
аламын?» деген ойлар мені  мазалап, маған тыныштық бермейтін блды. Қанша тырыссам да 
осындай беймаза ойлардан арыла алмадым. 
Сөйтіп мен бағушы Логанға барып сөйлестім. 
— Бұл туралы біз екеуміз сөйлескен сияқты едік қой, Джош, — деді бағушы, өзінің 
отырған креслосында шалқайып отырып. 
— Мен бұл тақырып туралы  бұрын сізбен ешқашан әңгімелескен жоқпын, бағушы 
мырза, – дедім. 
— Иә, мен мұны меңзеп тұрған жоқпын, — деді де бағушы Логан қойын дәптерін алып, 
бір парақ қағазға екі айқасқан сызықты сызып: — Сен не көріп тұрсың? – деп сұрады. 
— Айқышты, – деп жауап беріп едім, ол маған:  

149 
 
—  Ал,  Иса  не  туралы  айтты?  «...  әркім  өз  еркі  бойынша  өмір  сүруін  қойсын,  әрі 
айқышын  арқалаған  кісідей  азапты  өлімге  күн  сайын  дайын  болып…»  (Лұқа.  9:23),?  –  дей 
бергенде мен: 
— Менің жолыммен жүрсін, — деп сөйлемді аяқтадым. 
—  Дұрыс,  –  деді  де,    бағушы  Логан  қарындашын  айқыштың  сызығымен  тігінен 
жүргізіп:  —  Бұл  сызық  сенің  Құдаймен  қарым-қатынасың  деп  есепте.  Жоғары  және  төмен. 
Сен жердесің, әрі көктесің, – деді. 
— Түсінікті, – дедім мен. 
Содан кейін бағушы Логан қарындашын көлденең сызықпен жүргізіп: 
—  Ал,  мына  бағытта  сенің  адамдармен  қарым-қатынасың  орналасқан.  Бұл  сызықта 
бүкіл адамзатты – өзіңе жақын да, жақын емес те, тіпті саған қарсы күнә жасаған адамдарды 
да түсіну қажет, сен мұны Уэйнмен кездескен кезде, түсініп алдың деп ойлаймын. Сонымен 
бұл  нені  білдіреді?  Айқыш  жан-жаққа  қарай  тарайды,  түсінемісің?  Біреуінсіз  екіншісіне  ие 
болу  мүмкін  емес.  Біз  өзіміздің  маңайымыздағы  адамдармен  татулықта  болмай,  Құдаймен 
татулықта бола алмаймыз. 
— Кешіріңіз, бағушы, мен сіздің не айтқыңыз келіп тұрғанын онша түсінбей тұрмын, — 
дедім мен шыдамсызданып. — Линн — менің құрбым. Менде оған қарсы ешнәрсе жоқ және 
болуы да мүмкін емес. Расын айтсам, мен ол сияқты қызға лайықсызбын! 
Бағушы Логан күрсініп: 
— Мен Линн туралы айтып тұрған жоқпын. 
— Онда кімді айтып тұрсыз? Менің әкемді ме? Біз онымен ортақ тіл табысып кеткенбіз, 
тіпті … – дей беріп едім, бағушы Логан маған:  
— Кім екенін маған өзің айтшы, Джош. Мен адамның ойын оқи алмаймын. Ең жақсысы, 
сен өзіңнің жүрегіңді Киелі Рухтың зерттеуіне және Оның саған сөйлеуіне мүмкіндік бер,  – 
деді. 
Мен  еденнен  көзімді  алмай  қарап  тұрып  қалдым.  Менің  қиындығымның  мәнісі  неде 
екені, менің өзіме түсінікті еді. Кем дегенде бет жағы түсінікті болатын. Мен бұрынғысынша, 
өзімнің ағам Кішкентайға реніш  сақтап жүрдім, бірақ бұны мойындауға тым  тәкаппар едім. 
Менің жүрегімнің түкіпірінде тағы да не жасырынып жатыр екен — бұл тек жалғыз Құдайға 
ғана  аян.  Сөйтіп  тұрғанымда:  «Уа,  Құдай,  жүрегімнің  түкпірлерін  тексере  гөр,  Мені 
мазалаған  ойларымды  біле  гөр»,  —  деп  бағушы  Логанның  айтып  жатқан  сөздерін  естідім. 
(Заб. 138:23 қараңыз)  

150 
 
Көздерім қып-қызыл болып, ашуға булыққан мен бірден:  
— Сіз әрқашан Киелі кітаптың аятымен жауап бересіз бе? — деп сұрадым. Тек кейінірек 
мен оның аятты Киелі кітаптан оқып жатпағанын түсіндім. Бағушы басын иіп, көзін жұмып, 
мінәжат етіп тұр екен: «Қауіпті жолдамын ба, сынай гөр, — деп жалғастырды ол, — Мәңгілік 
өмір жолымен мені жүргізе гөр! Аумин». (Заб. 138:24 қараңыз) 
— Сіздің айтқаныңыз дұрыс, бағушы — дедім мен  ақырын, ұзақ үнсіздіктен кейін. 
— Біз екеуміз бұл туралы әңгімелескенбіз. 
Бағушы Логан орнынан тұрып, өзінің бөлмесіндегі терезеге жақындады. Жаңбыр жауа 
бастады, ал  оның алғашқы жеңіл тамшылары терезенің бетінде өздерінің қиғаштай түскен 
іздерін қалдырды. 
— Сен Киелі Рухқа мұқтажсың, Джош. Біз бәріміз де Оған мұқтажбыз. — Ол үндемей 
тұрды,  сосын  сөзін  жалғастырып:  —  Мәре  сызығына  біз  жүгіруді  бастаған  сәтте  жетіп 
келмейміз,  сол  сияқты  Мәсіхтің  бейнесіне  ұқсас  болу  үшін,  біздің  күн  сайын  күресуімізге 
тура  келеді.  Біз  дегенім  —  бұл  біздің  әрқайсымыз.  Біз  бәріміз  орындалуын  күтіп  тұрған, 
салтанатты ұлылық үшін соңына дейін төзімділік таныту үшін шақырылғанбыз. 
Ол маған көз тастау үшін бұрылып: 
— Ұлым, мәсіхшілік өмір — бұл қысқа қашықтыққа жүгіру емес. Бұл марафон. Киелі 
Рухқа кенел және шаршап қалмау үшін дұрыстап тыныс алуға тырыс. Сені әлі алдыңда бұдан 
да көп нәрселер күтіп тұр, – деп кеңес берді.  
Бағушы  Логанмен  сұхбаттасып  болған  соң,  мен  өзімді  әрі  қарай  қинай  бергенше, 
Кішкентаймен  қарым-қатынасыма  анықтық  кіргізіп  алғаным  жақсы  болады  деп  ұйғарып, 
Кішкентайға хат жазайын деп шештім. Менің бәрін өз орнына қойғым келді, оған жүрегімдегі 
бар  нәрсені  айтқым  келді,  бұл  онымен  татуласудың  әдісі  екенініне  толық  сенімді  болдым. 
Алайда,  әр  кез  бұл  хаттар  ең  соңғы  қатары  жазылып  бітпей  жатып,  қоқыс  салатын  себетте 
жатты.  Ақырында  мен  пошта  карточкасына  жазуды  ұйғардым.  Кеңсе  тауарлары  дүкеніне 
кіріп, Макинак бұғазының суларының үстінен салынған, Макинак көпірінің суреті бар әдемі 
ашық хат сатып алдым да, соған:  
 
«Кішкентай, 
Мен сенің отбасымызға, анам мен әкеме істеген істеріңді кешіремін, бірақ менің  сені 
көргім келмейді». – деп жаздым.             
 

151 
 
Жетер, бұдан артық ешнәрсе айта алмаймын дедім іштей. Не де болса, бұным шындық 
еді.  Кішкентайдың  мекен-жайын  әкемнен  біліп  алып,  мен  ашық  хатты  пошта  жәшігіне 
салдым,  бірақ  жүрегімнің  түкпірінде  өзімнің  дұрыс  емес  істеп  жатқанымды  сезіп  тұрдым. 
Менің  не  істеуім  керектігім  туралы  бағушы  Логан  менімен  сөйлеспегендей  және  мен  үшін 
мінәжат етпегендей болды. 
Соңында,  ар-ұжданым  қатты  қиналды.  Уитонге  кететін  уақыт  жақындаған  кезде,  мен 
Кішкентаймен  жеке кездесемін  деген  есеппен  бірнеше  күн  бұрын жолға  шығуды  ұйғардым. 
Жол жүрер қарсаңындағы кеште мен оған телефон шалып: 
— Бұл мен, Джошпын, – дедім. 
—  Джос?  —  деп  қайта  сұрады  Кішкентай,  менің  бала  кездегі  лақап  атыммен  атап.  — 
Сен қазір қайдасың? 
— Әлі әкеммен бірге фермадамын. Бірақ саған барып, сенімен көріссем бе деп едім.  
— Неге келмеске. Бұлай істесең өте жақсы болар еді деп ойлаймын … 
— Мен өзімнің колледжіме қайта оралайын деп жүрмін. Сен әлі менің колледжде 
оқитынымды білмейтін шығарсың. 
— Келлог муниципальдық колледжінде ме? 
— Жоқ, мен Уитонге барып жүрмін. Соңғы курста оқимын. 
— Уитон-колледж — бұл сол Чикагоның маңындағы колледж бе? 
— Дәл соның өзі. 
— Егер сен бізге келетін болсаң, бұл сенің жолыңда емес қой, солай ма? 
— Солай болып тұрғанға ұқсайды. Жарайды, онда. Ақыры … 
Мен тұтқаны қояйын деп тұр едім, Кішкентайдың дауысын естіп қалдым: 
— Егер келуге зауқың соқса, — келе бер. 
Шамалы уақыт ішінде ойымды жинақтауға тырыстым: 
— Сен менің ашық хатымды алдың ба? 
— Алдым. Әдемі ашық хат екен. 
—  Тыңдашы,  мен  оны  саған  жібергенім  үшін  өкініп  тұрғанымды  айтуым  керек.  Не 
болғанын  өзім  де  білмеймін.  Ақымақша  әрекет  еттім,  бұл  қылығымды  басқаша  атай 
алмайсың. Сен мені кешіресің деп үміттенемін. 
— Бәрі дұрыс, Джос. Қашан келесің? 
— Егер қарсы болмасаң, ертең кешке жақын. 

152 
 
— Қандай қарсылық болуы мүмкін? Мен сені күтемін, Карлаға да ескертіп қоямын, – 
деді Кішкентай. 
Мен  сол  күні  түнде  біртүрлі  түс  көрсем  де,  қатты  ұйықтаппын,  түсімде:  мен  үлкен 
қараңғы бөлменің ішінде бір құстың сайрағанын естіп, оны таба алмай жүр екенмін. Ақыры, 
оны тауып алдым — ол еденнің үстінде тор ұяда отыр екен. Мен тордың есігін ашып едім, құс 
еркіндікке шығып, ұшып кетті. 
 
*** 
 
Ист-Лансингке  дейін  шамамен  жүз  қырық  бес  шақырымдай  болатын,  бірақ  мен  бұл 
жерге өзім ойлағаннан да ертерек жетіп алдым. Дегенмен, Кішкентай мен Карла да, олардың 
тоғыз  жасар  қызы  Джули  де  үйлерінде  екен.  Кішкентайдың  тек  бір-екі  килограмм  салмақ 
қосқаны  болмаса,  мен  оны  ең  соңғы  рет  көргеннен  бері  онша  өзгермепті.  Арада  осыншама 
жыл өтіп кеткендіктен, мен тіпті әңгімені неден бастарымды білмедім. Алайда, Кішкентай екі 
езуі құлағына жетіп, маған қолын созып, өзі мені құшақтап: 
— Міне, іні деп осыны айт! Жақында сен менен де озып кетейін деп тұрсың ғой! – деді. 
— Ақыры, біз қайтадан кездестік-ау. Сәлем, Карла! Халдарың қалай? – дедім. 
— Мен ашық хатты оқыдым, – деді Карла. 
— Иә… сенің де хатты оқитыныңа менің күмәнім болған жоқ. Өтінемін, оны жыртып, 
лақтырып  жіберіңдерші,  жарай  ма?  Мен  сол  хатты  жіберіп,  ақымақтық  жасадым,  –  дедім 
өзімді ыңғайсыз сезініп.    
— Бұл біздің қызымыз, Джули, — деді Карла менің өтінішіме жауап берудің орнына. 
— Сәлеметсіз бе! Танысқаныма қуаныштымын, — деді кішкентай қыз, маған қолын 
созып. 
— Мен де қуаныштымын, кішкентай қыз! — дедім мен жанданып. 
—  Мен  кішкентай  қыз  емеспін,  мен  жас  ханыммын,  —  деп  сол  сәтте-ақ  Джули  менің 
сөзімді түзетті. 
— Жас ханым! — дедім мен сүйсініп кеткен адамдай, оны құшақтап. — Осылай болады 
деп кім ойлаған дейсің! 
Менің қалжыңдауға жасаған әрекетім қолдау таппаған сияқты. Менің орынсыз бір нәрсе 
айтып қойғаным, айдан-анық еді. 

153 
 
— Яғни, мен … сіздің — жас ханым — екеніңізді тіпті білмей қалдым деп айтқым 
келген еді, сіз … өсіп кетіпсіз! 
— Менің Барби қуыршағым бар, — деді ол. 
— Шынымен бе? 
— Ал, менің туылған күніме Кена қуыршағын сыйлайды. 
— Сен үшін қуаныштымын, — деп жауап бердім мен, кішкентай қыздың сөзін 
мақұлдап. 
— Қарның аш па, Джош? — деп сұрады Карла. 
— Кімнен сұрайтыныңды тапқан екенсің? Мен студентпін ғой — демек, мен әрқашан 
ашпын деген сөз. 
— Түскі ас қашан дайын болады, қымбаттым? — деп сұрастырды Кішкентай. 
— Сен алаңдама, Мак. Бәрі дайын болған кезде, мен шақырамын. — деп,  олар Джули 
екеуі ас үйге кіріп кетті. 
Мен ағама қызығушылықпен қарап: 
— Мак? – дедім. 
Ол тек иығын қимылдатып: 
— Мені енді ешкім Кішкентай деп атамайды. Сен бұған көңіл бөлме. Жүр, үйге кірейік. 
Не ішесің? – деп сұрады. 
— Зімбір сырасы бар ма? 
— Әрине, бар. 
Біз  қонақ  бөлмеге  кірдік  —  бөлменің  іші  мұнтаздай  екен,  қабырғалары  ағаш  жиекпен 
қоршалған  және  еденде  кілемнің  орнына  бұғының  терісін  төсеп  қойыпты.  Қабырғадағы 
терезеден  үйдің  қапталындағы  жұпаргүлдің  бұталары  мен  қою  көлеңке  түсіріп  тұрған, 
жапырақтары қалың биік ағаштар және  ұқыпты қырқылған гүлзар көрініп тұрды. 
— Үйің керемет әдемі екен, Кішкентай… яғни Мак, – дедім. 
— Жайғасып отыр, — деп ол маған қанық жасыл диванды нұсқады да, өзі маған ішімдік 
әкелу үшін, бұрыштағы барға қарай бет алды. 
—  Ерекше  кресло  екен,  —  дедім  мен,  ауа  көк  түсті  матамен  қапталған  кең  тербелме-
креслоны байқап. 
— Мен оны «тербелетін жиналмалы кереует» деп атаймын, — деп мақтанышпен жауап 
берді Кішкентай. 
— Жиналмалы кереует? 

154 
 
— Иә. Мұнда  ауыстырып-қосқышпен арқасының еңісін реттеуге және бір мезгілде 
тербетілуге болады.  Маусымның жаңа өнімі. 
— Иә, ол жаңалықтардың соңынан қуып жете алмайсың. 
— Ішіп отыр, — деді Кішкентай, маған стаканды созып. 
— Рахмет. 
— Сонымен сен өзіңнің колледжіңде не оқып жүрсің? 
—  Құқықтануды,  заң  ғылымының  жиынтығын,  —  дедім  мен  барынша  байсалды 
дауыспен. 
— Иә, қызық. Заңгер болу үшін, саған бар күшіңді оқуға сарп етуіңе тура келеді, — деді 
Кішкентай, «тербелме-жиналмалы кереуеттің» мүмкіндіктерін бірге жариялай отырып. 
— Мен бар күшімді оқуға салып жүрмін. 
— Уитон. Бұл мәсіхшілік колледж ғой, солай ма? 
— Дәл солай. 
— Олай болса, мәсіхшіге құқықтану сияқты осы дүниелік мамандыққа барудың не 
қажеті бар? 
— Шындықты айтудан бастайық. 
— Бұл қорғаушылардың ісі емес, Джош, куәгерлердің ісі. 
— Қорғаушылар да ант қабылдайды, өзің білесің. 
— Сен не деп тұрсың? — Кішкентайдың бет-әлпетінде әдеттен тыс оғаш күлімсіреу 
пайда болды. — Олар не үшін ант қабылдайды? Оларға: өтініш, талпынып көріңізші … біз 
төленетін құн қанша болса да көнеміз деп жалыну үшін бе? 
— Олар әуелі өзінің міндеттерін адал және әділ атқаруға ант береді. 
— Ал, амал— ол өзінен өзі табылады, дұрыс па? — Кішкентай өзінің қалжыңына өзі 
күлді, сөйтіп креслоға барынша шалқайып отырып алды. 
Менің  бұл  жаққа  келу  туралы  ойым,  маған  шынында  да  ең  жақсы  шешім  болмаған 
сияқты  болып  көріне  бастады.  Менің  ағам  —  оның  үлкен  болғаны  соншалықты,  жасы 
бойынша  ол  менің  әкем  болуға  жарайтын  еді,  —  ол  өзінің  айтқан  сөздерімен  кез-келген 
адамның  өзінің  дұрыс екеніне  сенімсіздік туғызуға  қабілеті  жететін еді,  бұған  қоса,  мұндай 
жағдайларда оған бұл түкке де тұрмайтын. 
—  Сонда  да  неге  сен  қорғаушы  болуды  қаладың?  —  деп  өзінің  дегенінен  қайтпады 
Кішкентай. 

155 
 
— Маған  талдаулар жасап, зерттеулер жүргізіп,  істің анық-қанығына жету  ұнайды, — 
дедім де, біраз үнсіз отырдым, содан соң: — Оған қоса, менің бай болғым келеді, – дедім. 
Кішкентай сенімсіздікпен қарады. 
— Саған шынымен айтып тұрмын, — деп мен көзіммен бөлменің ішін шолып шығып: 
— Меніңше, сенің істерің жақсы жүріп жатқан сияқты. Менің де істерімнің жақсы болғанын 
қалаймын.  Одан  кейін  —  кім  білсін?  —  Мүмкін,  бұдан  да  жақсы  болатын  шығар.  Менің 
өзімнің  құрған  жоспарым  бар,  қазірше  бәрі  де  азды-көпті  болса  да  сол  жоспарым  бойынша 
келе жатыр. 
— Ол неғылған жоспар? 
— Білім алып, мықты заңгерлік фирмадан жұмыс тауып алу және жақсы ақша табуды 
бастау. Ал, содан кейін саясатқа кіріскім келеді. 
— Жоспарыңды сондай керемет екен деп айта алмаймын. Алайда, ең бастысы сенің 
пайдаңа шешілсе болғаны, дұрыс қой? – деді ол. 
— Менің әкем мен анамның өмір сүргендеріндей өмір сүргім келмейді. 
— Мен сені айыптап жатқан жоқпын ғой. 
— Әкем сені Дүниежүзілік Корпусқа кірейін деп жатыр деп айтып еді. Өте маңызды 
әрекет екені, сөзсіз. 
— Олай болмағанда ше! — деп келіскендей басын изеді Кішкентай. 
— Бұндай шешімді қалай қабылдадың? 
— Өткен жылы Мичиган университетінде Джон Кеннеди сайлау алды сөзін сөйлегенде, 
мен  сол  жерде  болдым.  Біздің  дүниеміздің  жақсы  болуы  үшін,  шетелге  бару  керек  екені 
туралы  оның  айтқан  сөздері,  сол  жерде  тұрған  адамдардың  бәрін  шабыттндырды.  Мен  бұл 
шақыруды қабыл алдым. Бәлкім, бұл сенің мәсіхші болғаныңа ұқсас шақыру болған шығар. 
Бұл жайында қалай жақсырақ айтып беруді тіпті білмей тұрмын, – деп сөзін аяқтай бергенде 
мен оған:  
—  Айтпақшы,  әкем  де  енді  мәсіхші,  —  деп  айтқаным  сол-ақ  екен,  бірден  тыныштық 
орнады. Содан соң мен тақырыпты ауыстырып: 
—  Тыңдашы,  Кішкентай…  яғни  Мак,  кешір,  —  деп  мен  бәрін  жасырмай  айтуды 
ұйғардым. — Фермада әкем мен  сенің араңда не болғанын егжей-тегжейлі  білмеймін. Әкем 
мен  екеуіңнің  қарым-қатынастарыңның  мен  туылмай  жатып  та  онша  жақсы  болмағанына 
күмәнім жоқ. Бәлкім, бұған бір себептер бар болған шығар … 
— Салмақты себептер болды, — деп Кішкентай менің сөзімді бөліп жіберді. 

156 
 
— Салмақты себептер, — деп мен жаңғырық сияқты оның сөзін қайталадым да, — Мен 
сенің мынаны білгеніңді қалаймын: мен әкеммен татуластым, енді уақытты босқа жоғалтпай, 
сенімен де татуласу үшін осы мүмкіндікті пайдаланғым келеді, – дедім. 
— Менімен татуласқың келе ме? — деді ағам мен жаққа қарамаса да, креслода тербелуін 
тоқтатып:  — Менің саған ренжитінімдей ешнәрсе де болмаған сияқты еді  ғой, Джос,  – деді 
таңырқаған кейіппен.  
—  Шынымды  айтсам,  Мак,  менің  саған  деген  ренішім  бар.  Менің  ойымша,  саған 
әкемнен аз нәрсе тимеген сияқты — егер әділдігін айтатын болсақ, саған өзіңнің үлесіңнен де 
көбірек  тиді.  Бірақ  мені  бәрінен  көбірек  ренжіткені,  сен  бізге  сондай  керек  болған  кезде 
отбасымызды тастап кеттің. Мен әкеме айтқандай, саған да айтамын: жақында ғана мен басқа 
Әкемнің  …  мені  сүйетін  және  менімен  қарым-қатынаста  болғысы  келетін,  Көктегі  Әкемнің 
бар екенін түсіндім, – дегенімде, ол маған: 
— Сенің өзің сене алатын бір нәрсені тапқаныңа мен қуаныштымын, — деді.  
—  Мен  әлі  бәрін  айтып  болған  жоқпын,  Мак,  —  деп  сөзімді  жалғастырып,  —  Ол 
сенімен де қарым-қатынас орнатуды қалайды, – дедім. 
— Мен де соны айтып отырған жоқпын ба — біз екеуміз бір-бірімізге  өте ұқсаймыз, 
Джос, – дегенде, мен түк те түсінбей, одан:  
— Сен нені меңзеп тұрсың? – деп сұрадым. 
Мак креслоның жанындағы иінтіректі тартып қойды да, түзуленіп отырып алып: 
—  Әрбір  адам  өмірдің  мағынасын  табуға  тырысады.  Біреулер  өмірдің  мағынасы  жоқ, 
сондықтан  оны  іздеудің  де  қажеті  жоқ  деген  қорытындыға  келеді.  Басқалар  саған  ұқсап, 
өмірдің мағынасын діннен табады. Ал, тағы біреулерге басқа адамдарға көмектесу мүмкіндігі 
қанағат әкеледі. Бұл енді мен сияқтылар туралы айтылған. Көп өзендер бар, алайда олардың 
бәрі бір теңізге құяды ғой, солай емес пе? – деп еді, мен оған: 
—  Өзендер  туралы  ешнәрсе  айта  алмаймын,  ал  әкемнің  енді  мүлдем  басқа  адамға 
айналғанын, мен анық білемін, – дедім. 
Мактың  бет-әлпеті  түнеріп  кетті.  Оның  бір  нәрсе  айтқысы  келгенін  сездім,  алайда  бір 
сәтке орнаған тыныштықты: 
— Ас дастарқанға қойылды! – деген Карланың даусы бұзып жіберді. 
Қалай  болғанмен  де,  біз  бәріміз  бірге  тамаша  уақыт  өткіздік.  Дастарқан  басында 
отырған  кезде,    Мак  менімен  өзінің  Дүниежүзілік  Корпуспен  байланысты  жоспарларымен 
бөлісті. 

157 
 
—  Мен  Ричард  Никсонның  Дүниежүзілік  Корпус  –  бұл  әскер  қатарына  барғысы 
келмейтін адамдар үшін, басқа жаққа кетіп қалатын амал деп санайтыны туралы оқып едім, – 
дегенімде, Мак жымиып: 
—  Сенің  заңгер  және  саясаткер  болуды  бекерге  қаламағаныңды  көріп  тұрмын.  Сол 
Никсон да бай адам болған шығар деп ойлаймын. 
Карла пышақ пен шанышқысын қойып: 
— Сен не, заңгерлікке оқып жүрсің бе? – деп сұрады. 
— Иә, – деп жауап бердім.   
—  Саясаткер де болғың келе ме? – деп тағы сұрады. 
— Көреміз. Ол жағы енді болашақтың еншісінде, — деп жауап бердім мен күлімдеп. 
— Сен сол Никсон сияқты болмайтын шығарсың деп үміттенемін, – деді Карла. 
— Ол теледидардан үнемі сақалы алынбаған сияқты болып шыққаны болмаса, оның 
бойынан ешбір жамандықты көрген жоқпын,? – деп жауап бердім мен оған. 
— Ал, менің ойымша, Джош уағыздаушы болуға лайықты, — деді Мак. 
— Мен олай айтқан жоқпын! — деп қарсылық білдіріп едім. 
— Саған бұны айтудың да қажеті жоқ. Бұл анық көрініп тұр емес пе, інішек, солай ғой? 
– деп айтып салды. 
Осы қарапайым емес жағдайдан шығудың жақсы әдісі туралы ойлаудың да қажеті жоқ 
еді. Менің ағам Мак өзінің мүддесін қалай қорғау керектігін әрқашан білген, — бүгін де дәл 
сондай жағдай болып тұр. Мен ертерек жатып қалдым да, келесі күні таңертең  Уитонға жол 
жүріп кеттім. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет