Адамның кейбір кездері



Pdf көрінісі
Дата06.01.2022
өлшемі53,48 Kb.
#12733
Байланысты:
Абай өлеңдері Адамның кейбір кездері — Уикикітап



Уикикітап

Абай өлеңдері/

Адамның кейбір

кездері

Абай өлеңдері




Адамның кейбір кездері

 

zhanna 



Адамның кейбір кездері  

Көңілде алаң басылса; 

Тәңірінің берген өнері 

Көк бұлттан ашылса. 

 

Сылдырлап өңкей келісім 



Тас бұлақтың суындай, 


Кірлеген жүрек өз ішін 

Тұра алмас әсте жуынбай. 

 

Тәңірінің күні жарқырап, 



Ұйқыдан көңіл ашар көз. 

Қуатты ойдан бас құрап, 

Еркеленіп шығар сөз. 

 

Сонда ақын белін буынып, 



Алды-артына қаранар. 

Дүние кірін жуынып, 

Көрініп ойға сөз салар. 

 

Қыранша қарап қырымға, 




Мұң мен зарды қолға алар. 

Кектеніп надан, зұлымға, 

Шиыршық атар, толғанар. 

 

Әділет пен ақылға 



Сынатып көрген-білгенін, 

Білдірсе алыс, жақынға 

Солардың сөйле дегенін. 

 

Ызалы жүрек, долы қол, 



Улы сыя, ащы тіл 

Не жазып кетсе, жайы сол, 

Жек көрсеңдер, өзің біл.



анонимді қатысушы бұрын /wiki/%D0%90%D1%80%D0%BD%D0%B0%D0%B9%D1%8B:History/%D0%90%

Мәлімет CC BY-SA 3.0  лицензиясы аясында

жетімді басқа жағдайда белгіленеді.

 

«



https://kk.wikibooks.org/w/index.php?

title=Абай_өлеңдері/

Адамның_кейбір_кездері&oldid=6635

» бетінен



алынған


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет