1.1 Тамақтанудың адам ағзасы үшін маңызы. 1.2 Тамақтану сауаттылығының негізі. 1.3 Тамақтану ережелері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Тамақтану
Тамақтану организмнің қалыпты жағдайда тіршілік етуін, оның денсаулығын және еңбек ету қабілетін қамтамасыз ететін маңызды фактор. Кез-келген адам тамақтанбай өмір сүре алмайды. Адамзат ғасырлар бойы тамақ табу үшін күресумен келеді. Әрбір адам денсаулығы мықты, жаны, тәні күшті де қайратты болып өсуі, өздерінің жұмыс қабілетін сақтай отырып ұзақ жасауы үшін әрбір адам тамақтану тәртібін, тағамдардың емдік қасиетін білуге тиіс.
Адам ағзасына сүт, айран, құрттың шипалық әсері күшті. Әсіресе гипертонияға шалдыққандарға. Тибет медицинасының тағылымдары бойынша ет, сүт, май, судың емдік шипасы мен қуаты бар: Қойдың еті- жылу мен әл ауқатты арттырады, денедегі желді басады. Сиырдың еті- желдің қызуын қайтарады. Жылқының еті- іріңді тоқтатады. Балық- асқазан ауруларына ем.
Дәрумен А. Оның бай ортасы: көкөніс, бауыр, сәбіз, томат, шырғанақ, кәді. Тәнге шипалық әсері: көздің көру қабілетін, сүйекті қалпына келтіруге көмектеседі, радиациядан қорғайды. • Дәрумен В6. Тауықтың еті, мал еті, жұмыртқа, бауыр, жержаңғақ, арқан балық, бұршақта кездеседі. Зат алмасуға және майдың сіңірілуіне , тәннің қалыпты өсуін қамтамасыз етеді. • Дәрумен В12. Ол кездесетін тағамдар: балық, мал өнімдері. Қанның қызыл түйіршіктерін түзілуі үшін қажет. • Дәрумен С. Бұрыш, томат, қойбүлдірген, итмұрын, қарақат, көкөніс. Темірдің сіңірілуіне көмектеседі. Жұқпалы ауруларға тәннің қарсылығын күшейтеді, жараның жазылуын жылдамдатады. • Дәрумен Е. Ол өсімдік майы, көкөніс жапырағы, жұмыртқада бар. Бұлшықеттің қызметін күшейтеді, қан тамырына және эндокриндік жүйеге пайдалы әсер етеді.
Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар: 1) Тамақ құрамында негізгі оректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу); 2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент); 3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты; 4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау; 5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы
Тамақтанудың негізгі ережелері
Негізгі тамақтану мезгілі үшке бөлінеді: • таңертеңгі ас (сағат 7.00-9.00 аралығы) - ас үлесі (рацион) қант қосылған ботқа, сүт тоқаш, сары май т.б. - организмде қант құрамын тұрақтандырады, тәбеттіретке келтіреді, сонымен қатар күні бойы тамақты шамадан тыс көп жеуден және семіруден сақтайды; • түскі ас (сағат 13.00-14.00 аралығы) - ас үлесі (рацион) құнды - әр түрлі тағамдар жиынтығы, организмді керекті құнарлы заттармен қанықтырады; • кешкі ас (сағат18.00-19.00) - ас үлесі (рацион) жеңіл тағамдар - ұйқы кезінде адам организмін жайландырып, қорытылуына көп қуат кетпейтін тағамдар; •Аралық тамақтану: • таңертеңгі ас пен түскі ас ортасында - екінші таңетртеңгі ас (ланч) жеміс-жидек немесе тоқаш, сусын немесе шырын; • түскі ас пен кешкі астың ортасында - түстік - көмеш немесе ашыма, сусын немесе шырын
Қорытынды
• Егер денсаулықты қалыптастыратын факторлар: қозғалыс белсенділігі, жұмыс арқындылығы, ауруға қарсы тұру, дұрыс тыныс алу, жүрек бұлшық еттерінің жұысы, зат алмасу, еңбек пен демалысты ұштастыру және рационалды тамақтану десек, соңғысы бірден бір маңызды орын алып, жоғарыдағы аталған факторлардың орындалуына себепші болады. • Тамақтану тәртібі дегеніміз – ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай — ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді. Тамақтану режиміне мына төиендегі принциптер енеді. • Бірінші, тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу. • Екінші, тәулігіне бір — екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш – немесе төрт рет тамақтану керек. • Үшінші, тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Бұл ретте дәрігер — диоьологтың да кеңесі артық болмайды. • Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл — күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді.Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те атайды