Суда еритін витаминдер



бет1/3
Дата26.12.2023
өлшемі16,11 Kb.
#144408
  1   2   3

Суда еритін витаминдер

Суда еритін витаминдер өте көп. Оларға: В витаминдер тобы, С, Р витаминдері, инозит жатады. В витаминдер тобына 15-тен астаам зат кіреді, олардың бәрінің молекуласында азт бар. В витаминдер тобына жататындыр:В1, В2, В3, В5,(РР), В6, В12, Вс, В15 витаминдер жатады.


В1 витамині (тиамин,антиневриттік витамин, анервин)
1911 жылы К. Функ күріш кебегінен бөліп алған және бери-бери ауруынан емдеп жазатын препарат әр түрлі заттардың қоспасы екені анықталды. Сол қоспаның ішінде В1 витаині де бар. В1 витамині 1926 жылы (Янсен) кристалл түрінде бөлініп алыналы, ал оның құрылымы 1933 жылы анықталды.
Химиялық құрылымы және қасиеттері. Пиримидин және тиазол сақинасы В1 витамині молекуласының негізін құрады. Тиамин – ақ түсті қатты зат, суда және этил спиртінде оңай ериді. Хлорофромда, бензолда, ацетонда ерімейді. Тиамин қышқыл ортада тұрақты болады, оның судағы ерітіндіснің қышқылдық реакциясы бар.
Авитаминоз. В1-авитаминоз дерті кезінде миға және қанға кетоқышқылы жиналады, ол нерв тармақтарын ісіндіріп ауыртады, денені құрысиырып-тырыстырады, параличке ауруына шалдығады. Бұдан өзге жүрек системасының зақымдалуы байқалады – жүректің соғылуы жиілейді және жүрекбұлшық еттері ұлғайып гипертрофияға ұшырайды.
Табиғатта таралуы. Тиаминге өсімдіктер тектес өнімдер әсіресе бидай, күріш дәндерінің қауызы, ашытқы бай келеді. Жануар тектес өнімдерден: бауырда, мида, бұлшық еттерде, жүректе, сүтте кездеседі.Тиаминнің жануарларға қажет мөлшері олардың жынысына, физиологиялық күйіне байланысты. В1 витаминін күйіс қайыратын малдың қатпаршақ қарнында микроорганизмдер синтездейді.
В2 витамині (рибофлавин)

В2 витаминінің ашылуы В1 витаминін зерттеумен байланысты. Бұл екі витамин табиғи өнімдерде көбінесе бірге кездеседі.


В2 витаминінің құрылымы 1933 жылы (Кун және оның әріптестері) 10 000 дана жұмыртқаның сары уызынан 30 мг таза витамин бөліп алу арқылы анықталды. Ал 1935 жылы Каррер В2 витаминін синтездік жолмен алды.
Химиялық құрылымы мен қасиеттері. В2 витамині молекуласы құрылымының негізіне изоаллолксазин сақинасы, оның екі метил тобы және көміртегінің бес атомы бар рибитол спиртінің қалдығы жатады. Өзінің сары түсіне (флавос сары деген сөз) және молекуласындағы рибитолға байланысты В2 витамині рибифлавин деп аталады, ал сүттен бөліп алған витаминнің лактофлавин деген атауы бар.
Рибофлавин – сары түсті қатты зат, суда нашар ериді. Спиртте судағыдан да нашар ериді. Хлороформда, ацетонда, бензолда, эфирде іс жүзінде ерімейді. Қышқыл ортада жақсы ериді.
Биологиялық қызметі. Рибофлавин дегеніміз ФАД және ФМН коферменттерінің активті бөлігі болы табылады. Ол коферменттер апоферменттермен өзара әрекеттеседі де, тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш бірнеше ферменттер – флавиндік дегидрогеназалар немесе флавопротеидтер түзіледі.
Флавиндік дегидрогеназалар элекронды және протондарды бөліп шығару арқылы субсиратты толықтырады. Олар катализдік қызмет атқарып, спирттерді альдегидке айналдырады, сол сияқты аминдерді – иминге, карбон қышқыдарын-қанықпаған қосылыстарға, жарты ацетильдарды-лактонға айналдырады. Осыған байланысты В2 витаминнің жетіспеуі және мүлде болмауы организмдегі зат алмасуын бүлдіреді.Авитаминоз. В2-авитаминоз ауруы витамин жеткіліксіз бола бастағаннан немесе азық-түлікте және жемшөпте ол мүлде болмағаннан кейін 3-4 ай өткен соң білінеді.В2-авитаминоз сырқатына тән құбыыс көз ауруынан басталады. Көз жұқпалы емес конъюктивит сырқатына ұшырайды. Көздің қасаң пердесі қабынады, көз айнасы тұнжырап қарауытады. Рибофлавин жеткіліксіздігі салдарынан жас малдың өсуі тоқталады, терісі ауруға ұшырайды. Табиғатта таралуы. Рибофлавинді өсімдіктер мен жануарлар синтездеп жасайды. Бұл витаминге әсіресе бай өнімдерге бауыр, ащытқы, бидай, бұршақ тұқымдас өсімдіктер жатады. Ол сүтте, жұмыртқада, бүйректе болады. В2 витамині өнімдерде және жануарлар тканінде бос күйінде кездеседі, ал негізінде нуклеотид туындылары түрінде және белоктармен байланысқан күйінде болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет