3. Қазақ халқының глоттогенез мәселесі. Глоттогенез (гр. glotta – тіл, genesis - шығу тегі, пайда болу) — адамның табиғи дыбыстық тілінің, тілдік отбасының және жекелеген этностардың тілдерінің пайда болуы, қалыптасуы мен қалыптасуының тарихи процесі.
Культурогенез - кез-келген халық пен ұлт мәдениетінің пайда болуы мен қалыптасу процесі, жалпы алғанда, қарабайыр қоғамда мәдениеттің пайда болуы. Қазіргі уақытта мәдениеттің пайда болуының бірыңғай теориясы жоқ.
Қазақ тілінің қалыптасу, даму кезеңдерін айқындау жалпы түркі тілдерінің даму жолдарымен тікелей байланысты.
Қазақ тілінің тарихи кезеңдері мынадай дәуірлерге бөлінеді:
Түркі бірлестігіне дейінгі дәуір,— бұл дәуір, шамамен, біздің заманымыздың V ғасырына дейін созылады, екі түрлі белестен тұрады: Алтай бірлестігі, Хун бірлестігі.
Түркі бірлестігі дәуірі, екі кезеңге ажырайды: Көне түркі қағанаты кезеңі (V—X ғасырлар). Орта түркі кезеңі (X—XV ғ. б.).
Қазақ халық тілінің даму дәуірі (XVI—XVIII ғасырлар).
Қазақ ұлттық тілінің қалыптасу дәуірі (XIX ғасыр).
Қазақтың халық тілінің этногенездік құрамы мәселесі алғашқы түркі бірлестігіне дейінгі дәуірден бастап қалыптаса бастаған. Оғыздар мен қыпшақтар, қарлұқтар тарих сахнасына шыға бастап, одан бұрынғы қаңлылар мен үйсіндер, олардың тілі мен тұрмысына қатысты мәліметтер қазақ тілінің негізі болып табылады. Сонымен, Хун империясы — түркі тілдерінің тарихи дәуірі.
Оғыз-қарлұқ-қыпшақ тіл бірлестігі, екінші жағынан, қазақтың халық тілінің басты арналарының біріне айналса, қыпшақ, қаңлы, үйсін тайпа тілдері (тарихи жылнамалар хабар беретін) қазақтың халық тілінің құрамына енгендер. Түркологияда V-X ғасыр көне түркі дәуірі деп аталып жүр. Бұл алғашқы Түркі мемлекетінің – түркі қағанатының дәуірі, түркі жазуының, түркі жазба тілінің дәуірі. Дәуірдің тарихи-әлеуметтік үлкен ерекшелігі – түркілер өз тарихын өзі жаза бастаған, өздері жайлы мәліметті өздері хатқа түсіре бастаған кез. Бұл дәуірдегі түркі тілдеріне тән негізгі белгілер қазақ тілімен байланысын көрсетеді. Бұл дәуірдің бізге жеткен жазба ескерткіштері түркі тілінің көне заманғы архетипі болып табылады. Және қазақ тілінің алғашқы бастауын байқатады. Қазақ тілі тарихы үшін XI-XV ғасырлар аралығы — түркі бірлестігі дәуірінің екінші кезеңі, үлкен мәнді мерзім болды.