Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
5
М А З М Ұ Н Ы
К І Р І С П Е -----------------------------------------------------------------------------3
1 ИНТЕРТЕКСТУАЛДЫЛЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ШЫҒУ НЕГІЗДЕРІ
ЖӘНЕ МӘТІНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС ТҮРЛЕРІ-------------------------------7
1.1 Интертекстуалдылық: шығу тарихы және пікірлер қайшылығы -------7
1.2 Интертекстуалды элементтер түрлері----------------------------- ----------- 16
1.2.1 Цитата және цитация -----------------------------------------------------------22
1.2.2 Аллюзия және реминисценция ----------------------------------- ----------34
1.2.3 Мәтін ішіндегі хаттар --------------------------------------------------------- 42
1.2.4 Құжат негізді интертекстер --------------------------------------------------46
1.2.5 Синкретті интертекстуалдылық --------------------------------------------59
1.2.6 Роман ішіндегі роман --------------------------------------------- -----------67
1.2.7 Мәтін ішіндегі күнделік және түс ------------------------------ -----------71
1.2.8 Пародия және перифраз ------------------------------------------ -----------77
1.2.9 Мәтіндерді жалғастыру ------------------------------------------- -----------83
1.2.10 Центон интертекстер --------------------------------------------- -----------87
2 ТІЛДІК ТҰЛҒА ЖӘНЕ ПРЕЦЕДЕНТТІЛІК ФЕНОМЕНДЕРІ------------93
2.1 Тілдік тұлға және интертекстуалдылық --------------------------- ----------93
2.2 Прецеденттілік феномендері --------------------------------------------------107
2.2.1 Прецедентті атаулар ------------------------------------------------ -------- 110
2.2.2 Прецедентті айтылымдар --------------------------------------------------- 118
2.2.3 Прецедентті мәтіндер ------------------------------------------------------- 123
2.2.4 Прецедентті автомәтіндер ---------------------------------------------------132
2.2.5 Прецедентті жағдайлар -----------------------------------------------------136
3 ИНТЕРТЕКСТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ -----------------------------------------------145
3.1 Интертекстердің сілтемелік қызметі ------------------------------- --------147
3.2 Интертекстердің мәтін түзушілік қызметі ------------------------------- -150
3.3 Интертекстердің бағалауыштық қызметі ------------------------- ---------153
3.4 Интертекстердің айшықтаушы қызметі ---------------------------------- -158
3.5 Интертекстердің парольдік қызметі -------------------------------- -------161
Қ О Р Ы Т Ы Н ДЫ --------------------------------------------------------- -------167
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі----------------------------------------- ------174
Пайдаланылған көркем әдебиеттер тізімі -------------------------------------183
Қосымша А -------------------------------------------------------------------------- 185
Қосымша Б ---------------------------------------------------------------------------186
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
6
К І Р І С П Е
Филология ғылымының зерттеу нысанын құрайтын ажырамас екі ғылым
саласы ұзақ уақыттар бойы әдебиеттану және тіл білімі болып бөлініп келді де,
зерттеу әдістерінің, терминологиялық аппаратының әр түрлілігіне орай бір-
бірінің жеткен жетістіктері мен жаңалықтарын мойындамай, жеке-жеке
меншіктеніп келді. Ғылым дамуындағы антропоцентризм ол жетістіктердің
бәрін тек адам өмірімен, қолданысымен, құзіретімен, жадымен байланыстыру
қажеттігін көрсеткенде ғана, бұл ғылымдардың өзара интеграциясы байқала
бастады. Соның нәтижесінде мәтін, көркем мәтін жалпы филологиялық зерттеу
нысанына айналды.
ХХ ғасырдың 60-жылдарының соңына дейін тіл жүйесіндегі ең көлемді
бірлік сөйлем деп ұғынылып келсе де, қандай да болмасын тілдік бірлікті
қарастырған зерттеу еңбектерінің кез келгеніндегі мысалдардың бәрі
эстетикалық-концептуалды тұрғыдан аса маңызды, қалың көпшілікке белгілі
көркем шығармалардан алынғаны мәлім. Алайда өз контексінен үзіліп алынған
түрлі сөйлемдердің жеке тұрып тиянақталған ойды бере алмайтыны байқалған
сәттен-ақ зерттеушілер тіл жүйесіндегі одан да үлкен тілдік бірліктерге назар
аудара бастады. Ғалымдар арасында ондай тиянақталған күрделі ойды
білдіретін тілдік бірлік ретінде семантикалық, лексикалық, грамматикалық
тұрғыдан өзара байланысты бірнеше сөйлемдер тізбегін түсіну қалыптасты.
Бұл тілдік бірлік лингвистикада түрлі атаулармен белгілі болса да, олардың
белгілі бір заңдылықтар негізінде туындайтыны, түзілетіні, түрлі
байланыстарға сүйенетіні дәлелденді және олар көлемді туынды аясында өзінің
алдындағы, өзінен кейінгі синтаксистік конструкциялармен де қатысын
жоғалтпайтыны байқалды. Осының нәтижесінде мәтіннің тұтас өзіне де назар
аудару қажеттілігі туындады.
Мәтін
өзінің
коммуникативтік,
функционалдық,
прагматикалық,
ақпараттық, кумулятивтік сипатына сай қоғам, мәдениеттен тыс қарастырыла
алмайды, сол себептен оны жазба тіл мен сөйлеу актісі деп қарастыру
жеткіліксіз. Мәтін - функционалды-коммуникативті тұрғыдан сол тілдік-
мәдени кеңістікте өмір сүріп, шығармашылықпен айналысып отырған тілдік
тұлғаның шығармасы және ондағы басқа адамдар тұтынатын туынды. Сол
себепті тілдік жүйенің барлық деңгейіндегі бірліктерден тұратын мәтіннің өз
бірліктері мен санаттарын анықтау қажеттілігі пайда болады.
Қандай да бір қоғамның әр қилы салаларындағы коммуникацияны
орнықтыру, жеңілдету, жеделдету үшін қолданылатын мәтіндер бірнеше
функционалды типтерге бөлінеді. Олардың әрқайсысының өзіне тән узуалды
құрылымы, сөзқолданысы, синтаксистік конструкциялары болады. Мұндай
мәтіндер дәстүрлі стилистикада сөзқолданыс ерекшеліктері мен заңдылықтары
тұрғысынан зерттеліп, функционалды стилистиканың жеке сала болып
қалыптасуына көп ықпал жасады. Мәтіндердегі мағыналық ұйытқы сөздердің
қолданылу жиілігі, белгілі бір тақырыптық-семантикалық өріске қатысты
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
7
сөздердің түрлі (парадигматикалық, синтагматикалық) байланыстары, ой
қозғалысын қамтамасыз ететін тілдік бірліктердің (дейктикалық элементтер,
синонимдер, жалғаулықтар) барлық мәтіндерде бірдейлігі, мәтін бөліктерінің
формалды құрылымындағы тұрақтылық мәтін түзу заңдылықтарын сипаттауға
мүмкіндік берді.
Ал мұның өзі мәтіндердің түзілуіне әсер ететін лингвистикалық және
экстралингвистикалық
факторларды
нақтылауға,
мәтінді
қабылдау
инвариантын анықтауға, олардың басқа мәтіндермен, семиотикалық жүйе
туындыларымен байланыстарын іздеуге қозғау салды. Бұл орайда көркем
шығармаларды қабылдап, түсіну, қарастыру, интерпретациялау, зерттеуде
аталған ерекшеліктер айрықша маңызды екені дәлелдеуді қажет етпейді.
Қалай дегенмен де
,
көркем мәтін аса күрделі семантикалық-құрылымдық
жүйе ретінде өзіндік ерекшеліктерге, ортақ заңдылықтарға ие. Өзінің
семантикалық
көп
қатпарлылығына,
эмоционалды-экспрессивтілігіне,
коннотативтілігіне, субъективтілігіне орай көркем мәтін оқырманнан да қандай
болмасын білім аясын қажет етеді. Сондықтан көркем мәтін тек автордың
тілдік құзіреті, әлемді тілдік бейнелеуі, ниеті, мүмкіндігі тұрғысынан ғана
емес, оқырманның қабылдауы позициясымен бірлікте қарастырылуы қажет.
Қазақ тіл білімінің, әдебиеттануының негізін салушы А.Байтұрсыновтың:
«Айтушы ойын өзі үшін айтпайды. Өзге үшін айтады. Сондықтан ол ойын
өзгелер қиналмай түсінетін қылып айту керек» [1:349] деген пікірі осы
ұстанымның дұрыстығын дәлелдейді, яғни автордың болмыс өмірді өз бетінше
қабылдап, дербес түйсінуі, оны эстетикалық өңдеуі, ой-ниеті басқа адамға,
демек, оқырманға арналады. Ал оқырман өз кезегінде сол шығарманы түсіну
үшін ондағы тілдік бірліктерді жақсы, барабар (адекватты) түсінуі қажет. Ол
үшін оның тілдік құзіреті, жады дәл автордікіндей болмаса да, соған жуық,
жақын болуы тиіс. Сонда ғана ол көркем туындының эстетикалық ақпарын,
құндылығын сезіне, бағалай алады, өйткені адамның кез келген шығарманы
қабылдауы эстетикалық ләззатқа [2; 3] негізделеді.
Оқырман көркем мәтінді толық, дұрыс қабылдау үшін ондағы автор
қолданған түрлі тілдік құралдарға назар аударады, яғни көркем шығармадағы
ең маңызды, мәнді деген мағыналық-құрылымдық бірліктер қайтсе де көзге
түседі. Ұсыну қағидатына сәйкес келетін тілдік-стилистикалық тәсілдер
дәстүрлі стилистикада әрқайсысы жеке-дара сипатталып келсе де, олардың
біртұтас мәтін көлемінде қолданылуы белгілі бір концептуалды ақпарды
өзектендіру және тиянақталған текст семантикасын интеграциялау мақсатын
көздейтіні қабылдау стилистикасы аясында нақтылануы тиіс. Көркем мәтіннің
вербалды құрылымында оқырман үшін ұсыну қағидатына сәйкес қызмет
атқаратын тілдік бірлік ретінде түрлі интертекстуалды элементтерді де атауға
болады.
Интертекстуалдылық қазіргі заманғы көркем әдебиеттің ажырамас бір
белгісі болып отырғандықтан, көркем мәтінді талдау барысында бұл құбылыс
назардан тыс қала алмайды. Көркем мәтін семантикасын түзетін, оның әсер-
қуатын арттыруға ықпал ететін эксплицитті тілдік құралдар мен имплицитті
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
8
ақпардың вербалдануында интертекстуалды элементтердің қызметі айрықша.
Интертекстуалдылық философиялық-әдіснамалық тұрғыда кең және тар
мағынада түсініліп, мәтін типтері тұрғысынан бірнеше түрге бөлінетінін
зерттеушілер атап көрсетеді. Алыс, таяу шетел тілдерінде «Мәтін ішіндегі
мәтін», «Мәтін туралы мәтін» немесе интертекстерді қарастырған ғылыми-
зерттеу еңбектерінің саны ХХI ғасырдың басында-ақ 1000-ға жуық болғанмен
[4], ана тіліміздегі әдебиет материалдарын нысан еткен жұмыстар өте аз [5].
Авторлық афоризмдердің бір түрі – сентенцияларға арналған
жұмысымызда өлең шумағының жекелеген жолдарын немесе күрделі
синтаксистік тұтастықтың бір сөйлемін өз контексінен үзіп алып, оны басқа
контекске түсіріп, айтылған ойды дәлелдеу, дәнекерлеу, байланыстыру,
қорыту, әсерлеу, бағалау мақсатында цитата (дәйексөз) ретінде қолдануға
болатынын және мұндай жолдарды келтіру екі жақты қызмет атқаратынын,
яғни автор ұстанған көзқарастан және оқырманның аялық (фондық) білімі
арқылы туындайтын ассоциациядан хабардар ететінін айтқанбыз [6]. Ал көркем
шығармадағы интертекстуалдылық мәселелерін зерттеген ғалымдар мәтін
ішіндегі келтірінді құрылымдар, негізінен, цитация қағидатымен енгізілетінін
көрсететінін ескерсек, көркем шығармалардағы ашық, жасырын, ішкі, сыртқы,
нақты және трансформацияланған цитаталар белгілі бір мақсатты көздейтіні
даусыз.
Цитация
қағидатымен
көркем
мәтінге
енгізілетін
келтірінді
құрылымдардың сентенциялардан бір өзгешелігі – олар тіл жүйесінің барлық
деңгейіндегі тілдік бірліктер (дыбыс, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, абзац, мәтін)
болуы мүмкін және мәтін болып есептелетін сентенция сияқты олардың
мағыналық тұтастығы, тұлғалық, дыбыстық үйлесімі толық сақтала бермейді.
Жаңадан түзіліп отырған мәтінге басқа мәтіннің таңбасы ретінде енгізіліп, еске
түсіру арқылы екі мәтін семантикасын қатар алып, салыстыру, қарсы қою
нәтижесінде қосымша мағына үстейді, дамытады, суреттеліп отырған оқиға не
құбылысты жан-жақты, толық танытады.
Мәтінаралық байланыстар кез келген көркем шығармалар арасында
кездесе алатынына қарамастан, интертекстерге прецедент ретінде алынатын
құбылыстар белгілі бір заңдылыққа сүйенеді, яғни прецедентті мәтін немесе
құбылыс қалың көпшілікке таныс, олардың тілдік жадында, сана-сезімінде
резонанс шақыратын, эмоционалды әсер-қуаты жоғары болуы керек. Мұндай
прецедентті құбылыстардың өзектенуі адамға, оның танымдық базасына,
уақытқа тікелей тәуелді болады. Сол себептен де претекстер әсер-қуаты
жағынан бірнеше түрге бөлінеді.
Интертекстуалды элементтер мәтінді өзге функционалды стиль
мәтіндерімен,
басқа
семиотика
жүйесімен,
экстралингвистикалық
факторлармен байланыстырады. Соған орай интертекстуалды элементтер
көркем мәтіннің вербалды қабатында түрлі типологияда кездеседі және әр
алуан қызмет атқарады. Интертекстуалды элементтер кейде графикамен
ресімделсе, кейде олар маркерленбейді.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
9
Көркем мәтінді туындататын да, тұтынатын да адам болғандықтан,
антропоөзектік лингвистика тілдік тұлғаның дүниені көркем түйсінуі мен
қабылдауын бір-бірінен ажырағысыз қарастырады. Көркем мәтін, ондағы
мазмұндық-нақты, мазмұндық-концептуалды, мазмұндық-астарлы ақпарды
түзуге қызмет ететін санаттардың концептуалды және прагматикалық әлеуеті
біртұтас, тиянақталған мәтін көлемінде әлі де толық сипатталмай жүргені
белгілі. Көркем мәтіннің лексика-фразеологиялық қабатында кездесетін түрлі
тілдік бірліктер арқылы орнатылатын экстралингвистикалық байланыстарды
танып, білу үшін тілдік тұлға болып табылатын оқырманның когнитивтік
базасы айрықша маңызды екені де аса ескерілмей жүрген мәселелердің бірі.
Көркем мәтіннің басқа функционалды стильдегі мәтіндермен, басқа көркем
мәтіндермен, сондай-ақ өзге семиотика жүйесіне жататын мәтіндермен
байланысын көрсететін интертекстуалдылықтың вербалды көрінісі, ондай
байланыстардың қолданылу себептері, оларға негіз болатын түрлі прецедентті
феномендер және олардың көркем шығармадағы қызметі қазақ тіл білімінде
зерттеу нысаны болмағандықтан, жұмыстың өзектілігін танытады.
Күрделі семантикалы коммуникативті-прагматикалық ашық жүйе ретінде
өзіндік санаттарымен ерекшеленетін көркем мәтінді антропоөзектік тұрғыдан
қарап, оның басқа мәтіндермен байланысу заңдылықтарын көрсету үшін қазақ
әдеби үдерісіне қатысты прозалық және поэзиялық шығармалар пайдаланылды.
Мәтінаралық байланыстардың әлеуетін өз шығармашылығында сәтті
қолданатын авторлар қатарында М. Мақатаев, Қ. Шаңғытбаев, Ж. Жақыпбаев,
Г. Салықбай, Ғ. Жайлыбай, С. Ақсұңқарұлы сияқты белгілі ақындар мен
прозашы І. Есенберлин, Ә. Нұршайықов, М. Мағауин, Д. Исабеков, Т. Әбдіков,
Н. Ораздарды, сондай-ақ поэзияға кейінде келген толқынды (М. Райымбекұлы,
Д. Мәсімханұлы, Б. Мүбәрак, С.Сағынтай) атауға болады.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
|