Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі


ұшып жерге түсемін. «Мына кезекке қалай тұруға болады?» - деймін



Pdf көрінісі
бет52/118
Дата30.01.2023
өлшемі2,63 Mb.
#63682
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   118
Байланысты:
Әділова. Көркем мәтін. Цитация

ұшып жерге түсемін. «Мына кезекке қалай тұруға болады?» - деймін 
әлдекімнен. «Ой, бұл кезектің соңына ешкім жеткен емес. Көбісі кезектерін 
баласының баласына қалдырып кетеді», - дейді әлгі әлдекім. Не істерімді 
білмей, ғимараттың ішіне қайта кіремін. Кенет: «Әй, бауырым!» - деген 
бір жұмсақ үнді естимін. Жалт қарасам, көзі күлімдеген еңкіштеу егде кісі. 
«Сен мұны таста, бұдан ештеңе өнбейді. Бері жүр», - дейді. Түрі таныс 
секілді, бірақ тани алмаймын. Тұрған жұрттың ара-арасымен өтіп
қабылдау бөлмесінің ішіне кірдік. Шамасы, ішке кіргеннен кейін, кезек 
әртүрлі кабинеттерге бөлінетін секілді. «Менің кезегім осы жерде. Осында 
отырып күт», - деп әлгі кісі шығып кетеді. Күтпеген бақыттан қуанышым 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


77 
қойныма сыяр емес. Осы кезде: «Ал, жақсы, кірдім, сонда не айтуым керек», 
- деген ой келеді басыма. Шынында да не айтарым белгісіз, тіпті кезекке не 
үшін тұрғанымды өзім білмейтін секілдімін. «Қап, ұят болатын болды-ау», 
- деймін іштей ыңғайсызданып. Осы арада не болғаны есімде жоқ. Әлден 
уақытта қарасам, кіретін есікте жазулы тұрған өзімнің аты-жөнімді 
көремін. Түкке түсінбей: «Мынау менмін ғой, шырағым-ау», - деймін хатшы 
қызға жазуды көрсетіп. «Сіз болсаңыз қайтейін, кіріңіз онда өзіңізге», - дейді 
қыз безбүйректеніп. Мен жүрексіне орнымнан тұрамын. Кім болуы мүмкін 
аржағында? Артымда тұрған көп халықтың ішінен: «Не де болса, тәуекел, 
кір», - деген сыбырды естимін. Іле-шала: «Қой, бірдеңені бүлдіріп аларсың, 
байқа, ойбай, байқа», - деген сыбыр тағы естіледі. Тәуекел деп есікті ашып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет