түсімде көрдім. Үстінде менің үстімдегідей сұр халаты бар, аяқ киімі де тура менікіндей, теріс қарап тұрып: -
Мінеки, ақыры кездестік қой, - дейді маған. -
Иә, кездестік, - деймін мен кекесін үнмен. Түрін көре алмаймын. Бірақ оны бұрыннан білетін адам болып көрінгім келеді. Сондықтан айналып алдына барғаннан гөрі, оның маған бұрылып қарағанын қалап, сабыр сақтап үнсіз тұрмын. Неғұрлым көбірек үндемесем, ол шыдамай бұрылып қарайтын секілді. Бірақ оның бұрылып қарайтын түрі жоқ, қатып қалған тас мүсіндей қыбыр етпейді. Ақыры шыдай алмай: - Ендігі жасырынбақтың реті келмес, - деп иығынан тартпақ болып, қолымды созсам, қолым қимылдамайды. Біреу тас қылып байлап қойғандай. Бар күшіммен қолымды қозғамақ боламын. Қанша талпынсам да, дәрменім жетпейді». Соңғы түс повесте суреттелетін бар жағдайды түсіндіреді. Осы түстің
метатекст екенін автор өз мәтінінде өзім сөзін қара шрифтпен ерекшелеу
арқылы көрсетеді. Бұны семантикасы күрделі тексті оқырман өз дәрежесінде
түсінуі үшін автор тарапынан жасалған жеңілдік деп түсінуге тиіспіз: «Түскі астан кейін көзім ілініп кеткен екен, түс көріппін. Ішінде халық ығы-жығы үлкен бір ғимараттың ішінде тұрмын. Жұрттың бәрі әлдеқандай бір кезекте тұрған секілді. Мен де тұрғым келіп кезектің соңын іздеймін. Соңы жеткізер емес. Сыртқа шықсам, кезекте тұрғандардың тізбегі қаланың сыртынан әрі асып кетіпті. Қалайда соңын көргім келіп, үйдің төбесіне шығамын. Шығамын да, айран-асыр болып тұрып қалам. Кезекте тұрған қара-құрым халықтың легінде тіпті шек жоқ, көздің нұры жетпейтін көкжиектен әрі асып, әлдебір тұманды кеңістікке сіңіп кеткен. Зәрем