«Адамзат өміріне аса қауіпті факторлардың бірі – нашақорлық. Нашақорлық – адамның денсаулығы мен елдің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер» деген тұжырымға қатысты өз ойыңызды дәлелдеп жазыңыз



Дата19.09.2023
өлшемі8,46 Kb.
#108423
Байланысты:
Эссе Адам өміріне аса қауіпті факторлардың бірі нашақорлық



«Адамзат өміріне аса қауіпті факторлардың бірі – нашақорлық. Нашақорлық – адамның денсаулығы мен елдің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер» деген тұжырымға қатысты өз ойыңызды дәлелдеп жазыңыз.
Тәуелділік - адам өміріне балта шабатын ең үлкен қауіп. Адам баласы барлығын дерлік жеңе алады. Бірақ, өзіңмен күрес, өзіңді жеңу ең қиыны. Нашақорлық қазіргі кезеңнің ең ауыр індетіне айналды. Ол жекелей адамға ғана емес, бүкіл қоғамға зиян тигізеді. Сондықтан, нашақорлық - адамзаттың қас жауы.
Қоғамдағы көрініс тапқан жағдайлар адамзаттың жарқын болашағына күмәнмен қарауға себеп болып отыр. Теріс әдеттің ең сорақысы - нашақорлыққа бейім адамдардың саны күн санап артуда. Ең өкініштісі, әлі оңды солын айырмаған жастардың болашаққа қадам баспай жатып, оған балта шабатыны. Өзгелерді азғыру, біреудің өмірін бұзумен ақша табатын қоғамның кеселдерін лайықты жазаға тартуға мемлекет, қоғам жұмылып күш салуда. Бірақ, толық нәтиже шығару үшін қоғамның әр мүшесі өзінен бастауы керек. Әр адам санасымен әрекетінің бұрыстығын, салдарын түсіне білсе, нашақорлар көбеймес пе еді. "Бір рет көрсем, ештеңе бола қоймас",-деген оймен, бір сәттік ләззат үшін бар өмірін құрдымға кетіреді. Түсіну қажет басты нәрсе, нашақорлық - бір кірсең, шырмалып шыға алмас тор. Жасөспірімдерді ерте жастан қоғамның теріс жақтарын тануға, мәселенің салмағын түсіне білуге баулу қажет. Сонымен қоса, есірткі сату, насихаттау әрекетіне арналған жазаны ауырлатып, қоғамға қылмыстық жауапкершілік деңгейін түсіндіріп, заң шараларын күшейту қолға алынса деймін. Қазіргі әлеуметтік желілер сұраныс алған кезеңде есірткі насихаты арандатушыларға тіпті оңайға соғады. Осы орайда, ата-аналар мен жауапты өкілдер жасаөспірімдердің желідегі әрекеттерін бақылауға алуы, күдікті нәрсе байқаса бірден себебін анықтап, мамандарға жүгінуі аса маңызды. Алдын-алу әрекеттері жұмыла жасалса, нашақорлық секілді қоғамға тиер қауіпті болдырмайды.
Адам өмірі мен денсаулығы - кез келген қоғам үшін ең басты орында. Есірткіге тәуелділіктің осы басты негізді бұзып, ел болашағын құлдыратуына жол бермеуіміз қажет. Ұлт негізін әр азамат өзі құрайды. Себебі, әркімнің өмірі - өз қолында. Нашақорлық секілді кеселге, біздің саналы қоғамда орын жоқ!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет