Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі математика еді


Сандар әлем халықтарының қолданысында



бет13/15
Дата31.07.2022
өлшемі49,73 Kb.
#37991
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Сандар әлем халықтарының қолданысында
Баяғы замандарда түркі тайпалары жайлауда отырып, бірнеше түтіннен тұрған екен. Олар сол
кезден – ақ санның орнына жанұя мүшелерін, ауыл санын әр үйден шыққан түтінге балаған. Сол
кездегі ырым бойынша, жанұя мүшелерін қолмен санамаған, өйткені адамның шығыны болады деп
түсінген. Ол кезде торғауыттар – 10 сан, қалмақтар – 40 сан, ноғайлықтар – 100 сан, қырым татарлары
– 40 сан түтіннен тұрған екен. Мұндағы сан ұғымы ол кезде «мың» деген сандық ұғымды білдірген.
Түрік халқы сан деген ұғымды өздерінің сөздік қорларында әртүрлі атаған. Мысалы: сан, сансыз,
қыруар, көп, мол деп санауға болмайтын заттарды атаса, ол заттардың ең кішкентай бөлшектерін
кішкентай, титімдей, бір тамшы, бір мысқал, құйтымдай десе, енді бірде жазықтарды – даладай, ат
тебеліндей, түйнектей, алақандай десе, судың мөлшерін – терең, таяз, бөлшек ұғымдарды – жарым,
жарты деген. Әлемдегі бүкіл түркі халықтарының отаны – Ұлы дала, ол даланың иесі – көне түркі
елінің шаңырағын шайқалтпай отырған қазақ елі. Түркілер саудадағы айырбас кезінде өз дене
мүшелерін жиі пайдаланған екен. Мысалы, бір қарыс, сүйем, сере қарыс, кере қарыс, табан, бір елі,
екі елі, бір шымшым, бір шумақ. Міне, осы өлшемдер бойынша,матаны – шынтақ, бой, ал ұзындықты
– шақырым, бие сауым, сүт пісірім, ет асым жер, көз көрім жер деп уақыт ұзақтығын өздерінің
күнделікті тұрмыстарынан алған екен.
Санды орыс тілінде «число» дейді, бұл сөз латынның «числяре» деген сөзінен алынған. Оның
мағынасы ұсақ тас кесу, керту, белгі сияқты түсінікті береді. Сандардың дамуына әлемдегі пайда
болған алфавит реттерінің әсері де көп болды. Алфавиттің пайда болуынан сан мен фонетика арасы
бөлініп, әрқайсысы өз қызметін атқара бастады. Санау жүйесінің арасында әр халықтың заманына
қарай санағы болады. Солардың ішінен тек біреу ғана әлі күнге дейін қолданыста. Оған 2,5 мың жыл
болса да ол сандар бәріне таныс. Осы сандар сағаттарда, ескерткіштерде, кітап парақтарында
кездеседі. Ол – римдік санау жүйесі. Одан кейін римдік санау әдістері орын ауыстырды. Бұл
сандардың пайда болуынан кейін сандарды қосуға, алуға жағдай туды. X+V=XV, XX-X=X.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет