Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі математика еді



бет2/15
Дата31.07.2022
өлшемі49,73 Kb.
#37991
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Адамдар қалай санай бастады?
Адамдар санай бастаған кезде, сірә, санау үшін қол саусақтарын пайдаланған болуы керек. Барлық 
адамдарда он саусақтан болғандықтан, ондықтармен санау ыңғайлы болған. Біздің қазіргі заманғы 
санаудың ондық жүйесі осыдан туындаған.
Неге қол пайдаланылған?
Адамзат баласы сандардың санауын ойлап тапқанға дейін саусақтар есептеудің ең қолайлы тәсілін
табуға көмектескен. Сен бірдеңені санау кезінде саусақтарыңды пайдалансаң, ешқашан есептен
жаңылмайсың. Саусақтарыңа қарап-ақ, сандарды атамастан оларды көз алдыңа елестете аласың.
Саусақтар мен сандар арасындағы байланыс көне замандардан бері бар. Тіпті қазір де біз «digit» -
«сан» сөзін пайдаланамыз, ол «саусақ» деген ұғымды білдіреді.
Бұл не қылған ондық?
Математиктердің айтуынша, біз ондықтармен, яғни 10 сандық топтар арқылы санайды екенбіз. 
Біздің неліктен дәл осылай санайтынымызға математикалық түсіндірме жоқ, адам биологиясының 
арқасында осылай болған. Егер сегіз саусақты бөтен планеталықтар бар болса, олар, сірә, 
сегіздіктермен санайтын шығар.
Үңгір адамы санауды білді ме?
Көптеген ғасырлар бойы адамдарға сандардың қажеті болмады. Егіншілік пен мал шаруашылығы 
пайда болғанға дейін адамдар «жинаушы-аңшылар» болған, олар жабайы табиғаттан күнкөріске 
қажет мөлшерде ғана азық-аулақ мөлшерін ғана қалдырған, сондықтан олар бірдеңені санауға зәру 
болмаған. Алайда олар күнге, ай мен жұлдыздарға қарап бақылап отырған.
Адамдардың барлығы бірдей санау біле ме?
Әлемде әлі де аз да болса жинаушы - аңшылар сияқты тіршілік ететін адамдар бар. Олардың 
көпшілігі санай біледі, бірақ кейбіреулері санақпен басын қатырып жатпайды. Амазонияның 
тропикалық ормандарында тұратын пираха тайпасының адамдары тек екіге дейін ғана санайды, одан 
артығы олар үшін «көп» деген мағынаны білдіреді. Танзанияны мекендейтін хадзатайпасындағылар 
үшке дейін санайды. Осы қос тайпа да үлкен сандарсыз – ақ тамаша тіршілік жасайды, мүмкін, оларға
үлкен сандардың еш уақытта қажеті болмаған шығар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет