Кіріспе. Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі - математика еді.
Математиканың алғашқы бесіктерінің бірі Мысыр елі болды. Адамзат даналығының ойлап тапқан
жаңалығы ол - жазу. Қазіргі әлем халықтары жазуды жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай жазып жүр.
Неге? Өйткені олар бұл әдісті соқаның қозғалысынан алған екен. Осы жазудың негізінде пайда болған
таңбалардың бірі цифр. Цифр дегеніміз – сөздерді қағаз бетіне қондыру үшін қолданылатын әріптер
қандай қажет болса, сандарды жазу үшін керекті таңбалар. Цифр деген сөздің төркіні арабтың «Әс-
сифр» деген сөзінен алынған, ал оның мағынасы – үнді халқының бос орын«Сунья» деген сөзінің
аудармасы екен.
Сан есептеу мен өлшеудің нәтижесін білдіретін ең негізгі математикалық ұғым. Сан ұғымы
көптеген математикалық теориялардың негізі болып саналады. Сандар химия, физика, механика,
астрономия және көптеген ғылым салаларында кеңінен қолданады. Күнделікті өмірде де сандарды
үнемі пайдаланамыз. Пифагордың оқытуы бойынша, заттардың тылсым мәні математикалық
абстракциялы әлемді құпия басқарып отыр, онда белгілі бір тәртіп орнатуда. Пифагорлышылар
болжамы бойынша әлемнің барлық заңдылықтары сандармен берілген. Сандар тек заңдылықтар
тәртібі емес, олар әлемнің материалдық негізі болып саналады.
Пифагорлықтар өз теорияларындағы үйлесімді жоғары бағалаған. Сандар олар үшін бірліктер
жиыны деп есептеледі. Бірліктер сандарды құрай отырып, бөлінбейтін нүктелер арқылы дұрыс
геометриялық денелер құрайды.
Жобаның негізгі мақсаты: Сандар қасиеттерінің алатын орнын түсіндіру
Жобаның міндеттері: 208
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы Өмірде сандар қасиеттерінің алатын орнын түсіндіру.
Жұмыстың өзектілігі: Білім беруде және күнделікті тұрмыста сандар қасиеттерінің қажеттілігін қалыптастыру
Тақырыпты зерттей келе көз жеткізгеніміз. Сандар және олардың қасиеттерінің білудің қажеттігі. Сандардың қасиеттері туралы ескерсек, оның
мағынасына мән берілуі, дұрыс түсіндірілуі қажет. Ол үшін сандар қасиеттері жөнінде нақты
мәліметтерді оқулықтарға енгізу қажет деген тұжырымға келдік.