Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы Пиониноның клавиштік панеліндегі бір октава 13 клавиштен тұрады: 8 ақ және 5 қара. Олар үш-
үштен және екі-екіден топтарға бөлінген. Бұлар да-Фибоначчи сандары.
Фибоначчи жүйелілігі Ф саны ретінде белгілі 1,618034 санымен тығыз байланысты. Математиктер
мен суретшілер осы өте өзгеше санның бар екені туралы бірнеше мыңжылдықтар бойы біледі. Ұзақ
уақыттар бойы осы санның сиқырлы қасиеттері бар деп саналып келді.
Өнердегі сандар Ренессанс дәуірінде суретшілер өздерінің суреттерінде үш өлшемді әсер жасау үшін математиканы
қолдана бастады. Олар суреттегі қашық орналасқан заттардың анағұрлым ұсақ болып көрінуі
керектігінің (перспектива), ал қашықтар сызықтарының бір нүктеде- қиылысу керек екенін түсінген.
Суретшілер үш өлшемділіктің елесі сияқты Голландияның суретші-иллюстраторы М. Эшер өзінің суреттерін үш өлшемді жасау үшін басқа
суретшілер қолданатын математиканың заңдарын әдейі бұзу арқылы былайша мүмкін емес,
шындыққа жанаспайтын сияқты көрінетін дүниелер жасаған. Соның арқасында ғалым ең тартымды
суретші-математик болды.
3 өлшемді өнер Біздің заманымызда 3 өлшемді кескін жасау үшін адам компьютерді пайдаланады. Сурет-
стереограммаға үңіліп қарасаң және бір мезгілде қатар суретті жақындатып-алыстататын болсаң, онда
кеңістікте ғажайып түрде қалқып жүрген кәмпиттерді көресің.
Леонардо да Винчи және орта ғасырдағы Еуропаның өзге де суретшілері математикаға тәнті болған.
Олар Ф бар формаларды көзбен шолу арқылы қабылдауға ең қолайлы пропорциялар деп есептеген,
сондықтан өз туындыларында осы форманы жиі пайдаланып отырған.
Ежелгі Грекия сәулетшілері ғимараттар салу кезінде Ф-ны пайдаланған деп есептелген. Кейбір
ғалымдар Афинадағы Парфенонды тұрғызу кезінде алтын тік төртбұрыштарды пайдаланған деп
сендірді.
Үлкен сандар Мұхиттың суында қанша тамшы бар? Сенің денеңде қанша атом бар? Ғаламды толтыру үшін қанша
майда құм керек? Кейбір сандардың үлкен екені соншалық, оларды біз тіпті көзімізге елестете
алмаймыз немесе қағазға түсіре алмаймыз.
Бір стакан суда 8 септиллионға жуық молекула бар. Грек математигі Архимед әлемді толтыру үшін
қанша құм ұнтағы керек екенін есептеп көрді. Жауабы: көп. Есептеу үшін оған дәреже ретінде
қолданылатын мириада (1 мириада-10 000) деп аталатын өте үлкен санды қатыстыру арқылы жаңа
тәсіл ойлап табуға тура келді.
Жазуды оңайлату үшін ғалымдар әдетте үлкен сандарды он дәрежелерінде жазады- осы жүйе
стандарттты форма аталады. Калькулятордың көпшілігі сандар дисплейге сыймаған кезде, оларды
стандарттық формада көрсетеді.
Гугл интернет іздеушінің гугол сандарына байланысты аталды, ол бірден және одан кейінгі жүз
нольден тұрады. Осы санға атауды математик Э. Каснер берді. Бұл санның ақылға қонымсыз үлкен
болғаны соншалық, ол іс жүзінде қолданылмайды.
Мыңда үш нөл, миллионда алты нөл жазылады. Әр жолы сен тағы үш нөл қосқан сайын сен жаңа
атауы бар сан жасайсың.