Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп Бағасы келiсiмдi Абай аудандық қоғамдық-саяси апталық газетi



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата03.03.2017
өлшемі17,3 Mb.
#5954
  1   2   3

Адамзаттың бәрін сүй,  бауырым деп

Бағасы  келiсiмдi

Абай  аудандық  қоғамдық-саяси  апталық  газетi

(Газет  2006  жылдан  шығады)

№ 4 (316) 25-31 қаңтар 2015 жыл

Облыс әкімінің ресми сапары

Үндеуге үн қосу

Ағымдағы жыл атаулы

мерекелерге толы. Елбасы

Н.Назарбаев өзі баса атап

өткендей,    Қазақ хандығының

550 жылдығы, Қазақстан

Халқы Ассамблеясы мен Ата

Заңымыздың 20 жылдығы,

Жеңістің 70 жылдығы, ең

бастысы  Ұлы Абайдың  170

жылдығы сынды айтулы

мерекелер ел бойынша атап

өтілмек. Осынау ретте дана

Абайдың 170 жылдық

мерейтойына орай аудан

әкімінің басшылығымен

дайындық іс-шаралары

басталып та кетті.

Аудандық басылымның биылғы

жылғы 3-ші  нөмірінде мерекені

лайықты қарсы алуға  байланысты

аудан халқына Үндеу жарияланған

болатын  Аталмыш  үндеу  аудан

мекемелері  және  ауылдық

округтер 

активтері 

мен


ардагерлер  кеңесінің  жиналы-

сында  қабылданып,  жан-жақты

талқыланған-ды. 

Әсіресе,


ауданымыздың қоғамдық өміріне

бей-жай  қарамайтын  аға  буын

өкілдері  жастарға  үлгі-өнеге

көрсетуді мақсат тұтуда. Осыған

дейін де, аудандағы өтетін әрбір

іс-шараларға белсене атсалысып,

өз  ақыл-кеңестерін,  пікір-

ұсыныстарын  білдіре  келген

ардагерлер биылғы жылы да іргелі

шараларға бастамашы болмақ.

Жақында    бір  топ  қариялар

осы  үндеу  аясында  тағы  да  бас

қосты.  Қарауыл  ауылдық

бастауыш ардагерлер ұйымының

төрағасы Шыңғыс Несіпбай  аудан

халқына  жолданған  үндеуді

құптай  келе,    жиынға  жиналған

қарияларды белсенділік танытуға

шақырды. Өздерінің өмірлік бай

тәжірибелерін  жас  өрендерге

сіңіре отырып, саналы ұрпақтың

салауатты өмір жолын қалыптас-

тыруларына  үлес қосатындарына

жоғары сенім білдірді.

Мазмұнды жиында сөз алған

Бейсенбай  Базарбай  батыр

бабаларымыздың бірегейі Мамай

Жұмағұлұлына  аудан  орталы-

ғынан  айшықты,  еңселі  ескерт-

кіштің бой көтеретінін айта келе,

ақсақалдарды  «Мамай  қорына»

қаржылай  көмек  көрсетіп,  үлес

қосуға  шақырды.  Ақын  Совет

Ысқақ  та  өз  пікір-ұсынысын

білдіріп,  осындай  игілікті  іске

қазыналы  қарттардың  жүрек

қалауларымен, шын ниеттерімен

ат  салысатындықтарын  айтып

өтті.  Осылайша  ауданымызда

өтетін айтулы мерекелерді екшеп

өткен  қариялар  «жұмыла

көтерген  жүк  жеңіл»  демекші

алдағы  уақытта  да  ұйым-

шылдықпен    жұмыс  жасай

беретіндіктерін жеткізді.

Анар СӘРСЕНБИНА,

«Абай елі»

Мұражайға мән

берілмек

Аймақ  басшысы  Даниал

Кенжетайұлы  алдымен  хакім

Абайдың 


1 70 

жылдық


мерейтойының  қарсаңында  ел

ішінде  екшелуі  тиіс  мәселелерге

көңіл аударды. Бұл ретте Д.Ахметов

аудан  көлемінде  атқарылуы  тиіс

шаралар  қатарының  әлі  де  бар

екендігін  тілге  тиек  етті.  Себебі,

төрткүл 

дүниенің 

түкпір-

түкпірінен  ат  терлетіп  келетін



қонақтар  алдында  есімі  тек  иісі

қазаққа ғана емес, әлемге мәшһүр

Абай Құнанбаевтың 170 жылдығын

өткізу  бірінші  кезекте  Абай

ауданына  сын  болатыны  сөзсіз.

Облыс басшысы осынау арнайы іс

-  с апарын  Жидебай  қор ық-

мұражайын аралаумен бастады.

Әр нәрсенің өз бәтуасы бар. Ата

- баба рухын ардақтауды алдыңғы

жолға  қоятын  қазақ  баласы  әуелі

абыз  -  бабаларына  Құран

бағыштауды  ізгі  ұрпақ  ретінде

парыз  тұтқан.  Осындай  игілікті

дәстүрден  аттап  өтпей,  алдымен

Абайдай  хакім,  Шәкәрімдей  қажы

бабалар кесенесіне зиярат еткен облыс

басшысының  ісі  әрине  құптарлық.

Жандос  Әубәкіров  басқаратын

Абайдың әдеби - мемориалдық қорық

мұражайын  аралай  келе,  Даниал

Кенжетайұлы  ақын  өмірі  жайлы

шежіреге  бай  мұражай  қызметіне

разылығын білдіре  отырып, әлі  де

болса жаңашылдық пен тың серпіліс

беретін,  Жидебайды  насихаттауда

жемісті  нәтиже  көрсететін

шараларды қарқынды түрде қолға

алу керектігін баса айтты. Мәселен,

Сарыарқа  төсінің  ақ  кемесіндей

көрінетін бабалар мазарына жүйелі

түрде  күрделі  жөндеу  жүргізу

талапты түрде тапсырылды. Сондай-

ақ,  «Қызыл  қойдың  дауындай»

болған  Жидебайдағы  келуші

қонақтарға арналған комплекстің әлі

күнге  қаңырап  тұрғаны  басшыны

қынжылтпай қоймады.



(Жалғасы 4 бетте)

Нұржан БАЙТӨС,

Тоғжан РАХЫМБЕКҚЫЗЫ

«Абай елі»

Даму  даңғылындағы

көшін түзеген Абай елі

аймағымыз бойынша

көптеген  іргелі  істердің  де

көшбасшысы  болуда.

Атқарылған шаруа  мол

болғанымен  алдағы

еңсерілер жұмыс шаш

етектен. Қаңтар айының 28

күні облыс әкімі Даниал

Ахметов Абай ауданына

арнайы ат басын бұрып,

өңіріміздегі  ел  игілігін

еселейтін  істермен

танысты. Бұрындары ҚР

Премьер  министрі,  бірнеше

облыстар  басшылығында

болған,  республикалық

деңгейдегі  маңызды

салаларда  жемісті  қызмет

атқарып, өткен жылдың

соңында ғана шырайлы

Шығыс  өлкесіндегі  билік

тізгінін  қолына  алғаны

баршамызға  белгілі.  Бұл

аймақ басшысының Абай

еліне  облыс  әкімі  ретінде

жасаған алғашқы сапары.

Шыңғыстау  мекенінде

ЮНЕСКО  көлемінде

тойланған қазақтың бас

ақыны Абай Құнанбаевтың

150  жылдық  торқалы

тойында  өлкемізбен

танысқан Даниал

Кенжетайұлы араға тұп тура

20  жыл  салып,  екінші  мәрте

Ұлылар  еліне  зиярат  ете

келді. Бұл жолғы сапардың

өзгешелігі – аймақ басшысы

ретінде  Абай  елінің

ахуалын назарға алу

болатын.  Жекелеме

жұмыстарға да назар салу

мақсатында ауданымызға

арнайы келген сала

басшылары  облыс  әкімінің

орынбасары Дүйсенғазы

Мусин мен облыстық

ауылшаруашылығы

басқармасының бастығы

Дюсумбай  Селиханов  та

кейбір  сауалдарды

көңілдеріне  түйіп  қайтты.

PDF 


создан

 

с



 

пробной


 

версией


 pdfFactory Pro 

www.pdffactory.com



25-31  қаңтар  2015  жыл

Аудан  әкімінің  «20»  қаңтар  2015  жылғы

№  62  шешімінің  1-қосымшасы

«Қазақстан-өткені  тарих,  келешегі  кемел  ел!»

атты  аудан көркемөнерпаздарының  өнер

байқауының  өту

КЕСТЕСІ:

АҚПАН, 2015  ЖЫЛ

20  ақпан- Құндызды ауылдық  округі

21  ақпан-  Саржал ауылдық  округі

27  ақпан-  Архат  ауылдық  округі

28  ақпан-  Қарауыл  ауылдық  округі

НАУРЫЗ, 2015  ЖЫЛ

13  наурыз-    Көкбай  ауылдық  округі

14  наурыз-    Медеу  ауылдық  округі

20  наурыз-  Қасқабұлақ  ауылдық  округі

27  наурыз-  Кеңгірбай  би  ауылдық  округі

28  наурыз-  Абай  атындағы  мектеп-лицейі



СӘУІР,    2015  ЖЫЛ

3    сәуір-  Қарауыл  гимназиясы

4    сәуір-  Тоқтамыс  ауылдық  округі

10  сәуір-  Аудандық  емхана  бірлестігі

11 сәуір –Б.Байғожина атындағы ясли бақша мен

Абай ауданы бойынша ШҚО балалар, жасөспірімдер

спорт  мектебі

17  сәуір-  Абай  колледжі

18    сәуір-Ж.Кәрменов  атындағы  Саз  мектебі

(байқаудан  тыс)



Aудан  әкімінің  «20»  қаңтар  2015  жылғы

№ 62   шешімінің 2-қосымшасы

«Қазақстан-өткені  тарих,  келешегі  кемел  ел!»

тақырыбымен  өтетін  аудан

көркемөнерпаздары байқауының  ЕРЕЖЕСІ:

І.Байқаудың  мақсаты  мен  міндеттері:

Қазақстан  Республикасы Президентінің  «Нұрлы

жол-болашаққа  бастар жол»  атты Жолдауын  жүзеге

асыру  бағытында, үстіміздегі жылғы елдің маңызды

саяси оқиғалары мен атаулы мерекелері-Ұлы Жеңістің

70,  Қазақстан  Конституциясы  мен  Қазақстан  Халқы

Ассамблеясының 20, Қазақ  хандығының  550 және

Хакім Абайдың 170  жылдығын атап өту.

Осы  шаралар  аясында ауданның  экономикалық-

әлеуметтік  дамуын  жақсарта  түсіп,  өнер  мен

мәдениетті  өркендету,  жас  ұрпақ  бойына  ұлттық

намыс  пен  сананы  орнықтыру,  халықтар  достығы

мен  Қазақстандық  патриотизм  сезімдерін



СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ

БАРЛЫҒЫМЫЗ БІРГЕ ЖЕҢЕ

АЛАМЫЗ

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттiк

мiндеттердi  атқаратын  адамдардың,

сондай-ақ 

соларға 


теңестiрiлген

адамдардың, сонымен қатар коммерциялық

және  өзге  де  мекемелерде  басқару

функцияларын   атқаратын  адамдардың

лауазымдық  өкiлеттiгiн  және  соған

байланысты  мүмкiндiктерiн  пайдалана

отырып  не  мүлiктiк  пайда  алу  үшiн

олардың  өз  өкiлеттiктерiн  өзгеше

пайдалануы,  жеке  өзi  немесе  делдалдар

арқылы  заңда  көзделмеген  мүлiктiк

игiлiктер  мен  артықшылықтар  алуы,  сол

сияқты  бұл  адамдарға  жеке  және  заңды

тұлғалардың  аталған  игiлiктер  мен

артықшылықтарды  құқыққа қарсы  беруi

арқылы оларды сатып алуы.

Құрметті азаматтар!

Біздің  қызметіміз  сыбайлас  жем-

қорлықтың  кез  келген  көрінісіне

төзбеушілік  жағдайын  туғызуға  бағыт-

талған.

Сондықтан  біз  Сіздермен  бірлесе



отырып,  екіжақты  тиімді,  ұзақ  мерзімді

және ашық қызмет етуге аса көңіл бөлеміз.

Егер  Сізге  лауазымдық  адамдардың

заңда  көзделмеген  әркеттері  туралы,  заң

бұзушылықтары  мен  теріс  қылықтары

туралы  белгілі  болған жағдайда  төменде

көрсетілген  байланыс  телефондарына

бірден  хабарласуларыңызды  сұраймыз.

Ақпараттарды 

алу 


барысында

толығымен  жасырындылық  режімі  сақ-

талады.

23.08.2012  жылғы  №1077  Үкімет



қаулысымен 

бекітілген 

сыбайлас

жемқорлық  құқық  бұзушылық  фактісі

туралы  хабарланған  немесе  сыбайлас

жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен

жәрдемдескен  адамдарды  көтермелеу

қағидаларына  сәйкес  бір  реттік  ақшалай

сыйақы  түрінде көтермелеу  жүргізіледі.

Сонымен  қатар,  Қазақстан  Респуб-

ликасының  қолданыстағы  заңнамасына

сәйкес  сыбайлас  жемқорлыққа  қолдау

көрсеткен  жағдайда  жауапкершілікке

тартылатындығын  ескертеміз.



СЫБАЙЛАС  ЖЕМҚОРЛЫҚ

ДЕРЕКТЕРІ ТУРАЛЫ

СІЗ  ҚАЛАЙ ХАБАРЛАЙ  АЛАСЫЗ:

Сall-center  –  1494    хабарлау.

  (7232)  25-26-77  сенім  телефонына

немесе 


Қазақстан 

Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің

Шығыс  Қазақстан  облысы  бойынша

Департаментіне  хабарлау:  Өскемен

қаласы, Лихарев,  2 көшесі.  Хабарламаны

anticorruption@kyzmet.kz  электрондық

мекен-жайына жолдауыңызға  болады.

Аудандық семинарда

Биылғы  жыл  еліміздегі  Заңнама

бойынша да  елеулі  жаңалықтарға  толы

болайын  деп  тұр.  Елбасы  Н.Ә.Назар-

баевтың «Нұрлы жол - Болашаққа бастар

жол»  Жолдауында  алдағы  кезеңдегі

атқарылуы  тиіс  нақты  бағыттар  мен

міндеттер  белгіленіп, еліміздің  гүлденуі

жолындағы  қадамдар  баса  атап

көрсетілді.

Жыл  басынан  бастап  түрлі  салалар

мен басқармаларда жаңа қағидалар қолға

алынып, өзгерістер мен жаңашылдықтар

енгізілуде. Өткен жылдың соңында салық

комитеті,  кеден  комитеті  және  қаржы

полициясы  бірігіп,  ҚР ҚМ  мемлекеттік

кірістер комитеті болып  қайта құрылған

еді. Жуырда аудан орталығында аталмыш

комитеттің алғашқы  жиыны болып  өтті.

Жиында ҚР-ның 10.12.2008 жылғы №99-

4 «Салық және бюджетке төленетін басқа

да  міндетті  төлемдер  туралы»  Салық

кодексіне  2015  жылдың  бірінші

қаңтарынан  бастап енген  өзгерістермен

толықтырулар  мәселесі  сөз  болды.

Сонымен  қатар  жеке  табыс  салығы

бойынша  2014  жылға  230,00  нысанға

Салық  есептіліктерін  тапсыратын

Мемлекеттік  қызметкерлер  салық

есептілігін тапсыру бойынша түсіндірме

жүргізу жайы қозғалды.

Семинарды  Мемлекеттік  кірістер

басқармасының  басшысы  Ұ.Тайгулов

алғысөзбен ашып, ауданымыздағы салық

төлеушілерге  қатысты нақты  өзгерістер

жайында  тоқталып  өтті.  Ал  келесі  сөз

кезегі Абай ауданы бойынша Мемлекеттік

кірістер  басқармасының  «Ақпаратты

қабылдау  және  өңдеу  бөлімінің»  бас

маманы  Шакурук  Тұрсын    Түсіпбай-

ұлына берілді. Бас маман еліміздің Салық

кодексіне  енген  өзгерістер  мен

толықтыруларға  сәйкес  БЖС  салығы

негізінде жұмыс жасау үшін жер учаскесі

көлемі  Шығыс  Қазақстан  облысы

бойынша  3500  гектардан  аспауы

керектігін  жеткізді.  Сол  себепті,

камералық  бақылау  барысында  аудан

бойынша  59  шаруа  қожалығының  жер

учаскелері  сәйкес  келмеуіне  орай,  38

шаруа  қожалығы  жер  учаскелерін

үкіметке кері қайтарған. Қалған 19 шаруа

қожалығы  оңайлатылған  декларация

негізінде  жұмыс  жасауға  ауысса,  2-і

жалпыға  бірдей  белгіленген  тәртіпке

ауыстырылғандығын  айтты.  Биылдан

бастап БЖС  негізінде жұмыс  жасайтын

дара  кәсіпкерлер  қоршаған  ортаны

ластағаны  үшін  төлем  эмиссиясын

төлемейтіндігін айта келіп, - БЖС салығы

бойынша  бұған  дейін  жер  учаскесінің

бағаланған құнының  0,1 пайызын  төлеп

келсеңіздер,  биылдан  бастап  бұл

мөлшерлеме  0,2  пайызға  көбейетін

болды, - деп тоқталып өтті.

Биылдан  бастап  жергілікті  өкілді

органдардың  Қазақстан  Респуб-

ликасының  жер  заңнамасына  сәйкес

пайдаланылмайтын ауыл  шаруашылығы

мақсатындағы  жерлерге  бірыңғай  жер

салығының мөлшерлемелерін  жергілікті

атқарушы  органдардың  ұсыныстары

негізінде 

он 


еседен 

асырмай


жоғарылатуға  құқығы  бар  екендігі  де

айтылды.  Сол  себепті,  аудандық  жер

қатынастары  бөлімі  мәслихатқа  жер

учаскелеріне  жер  салығының  мөлше-

рлемелерін  10  есеге  дейін  жоғарылату

үшін  ұсыныс  жасалынуда.  Сондықтан

пайдалынылмай отырған жер учаскелері

болса, БЖС 2 пайызбен төлейтін болады

деп бас маман өз баяндамасын түйіндеді.

Келесі  сөзді  «Ақпаратты  қабылдау

және  өңдеу  бөлімінің»  басшысы

Смагулова  Меруерт  алды.  Меруерт

Серікбосынқызы акциз және мемлекеттік

қызмет жөнінде қысқаша тоқтала отырып,

2015  жылдың  1  қаңтарынан  бастап

алкогольды  өнімдерін  көтерме  және

бөлшек сауда  бойынша өткізетін  салық

төлеушілерге осы Заңға сәйкес, жылдық

лицензиялық  алым  енгізілгендігін

жеткізді.  Алкоголь  өнімдерін  бөлшек

сауда  бойынша  өткізетін  тұлғаларға

жылдық  лицензиялық  алым  әкімшілік-

аумақтық  бірлікке байланысты  төленеді

екен. 


Атап 

айтсақ, 


Астанада,

республикалық  және облыстық  маңызы

бар қалаларда 100 АЕК, қалалық маңызы

бар  аудандар  мен  ауылдарда  70  АЕК,

ауылдық мекендерде  – 30  айлық есептік

көрсеткішті  құрайды.

Сонымен  қатар,  осы  Заңның  472

бабының  3  бөліміне  сәйкес,  алкоголь

өнімдерін  бөлшек  саудада  өткізуге

лицензиясы бар жеке кәсіпкерлер жылдық

лицензиялық  алымды  әр  объекті

бойынша әр жылдың қаңтар айының 20-

на дейін төлеуге тиіс екен. Егер жылдық

лицензиялық  алымды  уақытында  және

толық төлемеген  жағдайда ҚР  ӘҚБК-ің

282  бабы  бойынша  әкімшілік  жауапқа

тартылады.  Яғни,  Қазақстан  Респуб-

ликасының  алкоголь  өнімдері  мен  этил

спиртінің  айналамы  мен  өндірісін

мемлекеттік  реттеу туралы  заңдылығын

бұзу  жайындағы  баптың  8  бөлімі

бойынша айыпты деп танылады. Мұндай

жағдайда  ҚР  «Салық  және  бюджетке

төленетін  басқа  да  төлемдер  туралы»

Салық  кодексінде  белгіленген  жыл

сайынғы  төленетін  лицензиялық

алымның 

мерзімінде 

және 

өз

мөлшерлемесінде  төлемеу  -  шағын



кәсіпкерлік  субъектілер  150  АЕК

мөлшерінде  (297300  тенге),  орта

кәсіпкерлік  субъектілері-  200  АЕК

мөлшерінде  396400,  ірі  кәсіпкерлік

субъектілері  –700  АЕК  мөлшерінде

1387400  айыппұл  төлейді  екен.

Сонымен  қатар  тиісті  қызмет  түріне

арналған  лицензиясы тоқтатылады.  Осы

жайында кең  көлемде  мағлұмат  берген

Меруерт  Серікбосынқызы  тақырыпқа

терең  шолу  жасады.  Мысалы  ҚР

Үкіметінің 18.09.2013  жылғы № 983-ші

Қаулысымен бекітілген салық органдары

көрсетілетін  мемлекеттік  қызметтердің

жиыны 32 түрі болса, оның ішінде Абай

аудандық 

Мемлекеттік 

кірістер


басқармасында 18 түрлі берілетін қызмет

түрлері  көрсетіледі.  Осы  қызметтердің

қанша  күнде  көрсетілетіндігі,  дара

кәсіпкер,  жекеше  нотариус,  сот

орындаушысы,  адвокат, кәсіби  медиатор

ретінде  тіркеу  есебіне  қою  мәселесі,

қандай  құжаттар  керектігі,  кімдердің

алым  төлеуден  босатылатындығы

жөнінде  де  мәлімет  берілді.  Сонымен

қатар,  Салықтарды, бюджетке  төленетін

басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдар

мен айыппұлдарды есепке жатқызу және

қайтару    бойынша  берілген  өтінішті

қарастыру кезінде  расталған болса,  қате

есептелінген  сомасы  бір  бюджеттік

сыныптама  кодынан  екінші  бюджеттік

сыныптама 

кодына 


ауыстыры-

латындығын  жеткізді.  Және  де  артық

немесе қате төленген салықтар, төлемдер,

өсімпұлдар  сомасын  қайтаруда  қандай

құжаттар  қажеттігін,  қандай  бюджетке

төленетін  міндетті  төлемдер  қайтаруға

жатпайдығын  да  айты.  Және  де  ҚР

28.11.2014  ж.  №  257-V  Заңының  3

бабына  сәйкес,  2015  жылдың  1

қаңтардағы  жағдай  бойынша  салықтық

есептілікті  тоқтатқан  ҚҚС  төлеушілері

2015  жылдың  1  қаңтарынан  ҚҚС

бойынша  тіркеу  есебінен  шығарылу

талаптары  енгізілген  өзгеріске  сәйкес

Салық  кодексінің  568  бабының  7

тармағына  салық  төлеушінің  салық

салынатын ең төмен айналымынан асып

кеткендігін  растайтын  құжаттар

көшірмесін  міндетті  түрде  қоса  беру

туралы талаптар  енгізілген.

Мамандардың айтуынша, орындалған

жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің

актілері және осы баптың  2-тармағында

көрсетілген  айналымның жасалу  фактісі

туралы куәландыратын өзге де құжаттар

салық төлеушінің ең төмен айналымынан

асып кеткендігін растайтын құжаттар деп

танылады.

Сонымен қатар, қосылған құн салығы

бойынша  тіркеу  есебіне  қою  туралы

куәлікті  берген  кезде  салық  органы

шағын  кәсіпкерлік  субъектілеріне

жататын  Қазақстан  Республикасының

резидент  заңды  тұлғасының  бірінші

басшысын,  дара  кәсіпкерді  суретке

түсіруді  жүзеге  асырады.

Семинар  бағдарламасына  сәйкес

«Салық 


төлеушілерімен  жұмыс»

бөлімінің  басшысы  Махат  Ербол

Мұхтарбекұлы  арнаулы салық  режимін

қолданушы  дара  кәсіпкерлер  туралы

қысқаша  тоқталып  өтіп,  әрбір  сауда

орындарында  бақылау  касса  маши-

насының  болуы  және  бақылау-касса

машиналарын  қолдану  тәртібін  сақтау

мәселелері жөнінде түсінік берді. Сондай-

ақ,  алкоголді  өнімдерді  арнайы

лицензиясыз  дүкендерде сақтауға  және

сатуға болмайтындығын,  2015 жылға  1

литр  алкогольдік  өнімнің  бағасы  1300

теңгеден  кем  болмауы  керектігін  атап

айтты.

-  Ал  оңайлатылған  декларацияны



табыс ету  мерзімдері  салық  төлеушінің

орналасқан  жері  бойынша  салық

органына есепті салық кезеңінен кейінгі

екінші  айдың  15-інен  кешіктірілмей

табыс  етіледі.  Яғни,  табыс  ету  мерзімі

ағымды  жылдың  ақпан  айының    15

жұлдызынан  кешіктірілмей,  екінші

жартыжылдық  бойынша келесі  жылдың

салық есептіліктерін тапсырулары қажет,

-  деді  өз  сөзінде  Е.Мұхтарбекұлы.

Бөлім басшысы жер, мүлік салықтары

бойынша жылдық салық есептіліктерінің

де  мерзімі  келіп  қалғандығын  айтты.

Сонымен  қатар,  мемлекеттік  қызмет-

керлермен,  жағымсыз  себептермен

қызметтен  босатылған  тұлғалар  және

қылмыстық-атқару  кодексіне  сәйкес

декларация  тапсыру  бойынша  міндет

жүктелген  тұлғалар  мен  олардың

жұбайларына  жеке  табыс  салығы

бойынша 

салық 


декларациясын

толтыруы қажеттігін  де түсіндіріп  өтті.

Ал  «Салық  төлеушілерімен  жұмыс

бөлімінің» бас маманы Әзімбай Гүлнар –

Заңды тұлғалардың  төлейтін ӘС,  ЖТС,

ҚҚС,  КТС  жөнінде қысқаша  тоқталып,

арнайы  салық  режимімен  жұмыс

жасайтын Заңды тұлғалардың жер салығы

бойынша 70 пайыздық жіңілдіктерін алып

тастандағын,  ҚР Қаржы  министрлігінің

2014  жылдың  30  қыркүйегіндегі

«Қазақстан  Республикасының  Біріккен

бюджеттік  сыныптамасының  кейбір

сұрақтары»  бұйрығына өзгерістер енгізу

туралы  №420  бұйрығына  сәйкес  2015

жылдың  1  шілдесінен  бастап  89  БСК

болатынын  айтты.  –  Тоқтала  кетер

болсақ,  208  БСК-ның  119  БСК

қысқартылды, оның ішінде салық төлемдері

бойынша  164  БСК-ның  101  БСК

қысқартылды,  кеден  салықтар  мен

төлемдер бойынша 44 БСК-нан 18 БСК

қысқартылады,  - деді  өз сөзінде  Гүлнар

Әнуарбекқызы.

Бас  қосу  соңында  жиналысты

қорытындылаған  Ұ.Тайгулов  мырза

семинарға қатысқандарға алғысын білдіріп,

алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.



«Абай  елі»  ақпараты

қалыптастыру;

Ауданда  өнер  мен  мәдениетті  жақсарту,

көркемөнерпаздар  шығармашылығын  одан  әрі

дамытуға  қажетті  жағдайлар  жасау.  Ауыл

тұрғындарын,  әсіресе  жастардың  шығармашылық

бастамаларын  қолдау;

Мәдениет  үйлері  мен  клубтарда  өнер  мен

мәдениетті өркендетуге байланысты жаңашылдықпен

жұмыс істеу,   жаңа  шығармашылық ұжымдар  құру

және  олардың  орындаушылық  шеберліктері  мен

кәсіби деңгейін  жақсарту.

ІІ.Өтетін  орны  мен  уақыты:

Байқау  аудандық мәдениет  үйінде 2015  жылдың

ақпан-сәуір  айларында,  әр  аптаның  жұма  күндері

сағат 16:00-де, сенбі күндері сағат 15:00-де өткізіледі.

ІІІ. Байқаудың  өтуіне басшылық  жасау:

Байқауды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты

жалпы басшылықты ауданның мәдениет және тілдерді

дамыту  бөлімінің қатысуымен  аудан әкімі  аппараты

жүзеге  асырады.

IV.  Байқауға  қатысушылар

Ауылдық  округтер:

1.  Кеңгірбай  би

2.  Көкбай

3. Құндызды

4.  Медеу

5. Саржал

6.  Тоқтамыс

7.  Қасқабұлақ

8.  Архат

9.  Қарауыл




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет