мүшесі жеке баға береді.
Байқау талаптары 10 балдық жүйемен бағаланады.
өнімдері көрмесіне баға беріледі.
Жеңіс, Абай, Қазақ хандығы. Ұзақтығы 15-20 минут).
-Қазақстандағы өзге ұлттардың биі.
ұйымдастыру.
шығармашылық туындылар болуы керек).
облыстық көрмеге қойылады.
Ескерту:
қатысқан болса, ұпай саны кемітіледі.
қайта қойылса, онда ол номер есептелмейді.
есептегенде 1 сағат 30 минуттан аспауы керек.
шарт.
өкілдерінің қатысуымен жеребе тартылады.
ақшалай сыйлықтарымен марапатталады.
тұрған мәдениет орындарына ұсынылады.
САЛЫҚ САЛАСЫНДА ӨЗГЕРІС КӨП
25-31 қаңтар 2015 жыл
Совет халқы мен оның қарулы күштері
фашизммен
болған
соғыста
Отанымыздың тәуелсіздігін қорғап қана
қойған жоқ сонымен қатар басқа
халықтарға да азаттық әперді. Зардабы
орасан ауыр болған бұл соғыста
миллиондаған адам қаза болды, мүгедек
атанды. Осы соғыста майданға аттанған
жүздеген абайлық жігіттер соғыс
даласында батырлық пен ерліктің ерен
үлгісін көрсетті. Үш жауынгер Совет
Одағының Батыры атағын алса, 1
жауынгер Даңқ орденінің толық иегері
атанды. Жүздеген майдангер жігіттер
отанымыздың орден, медальдарымен
марапатталды. Солардың бірі Жеңіс күні-
мен туғанына 100 жасқа толуы қатар
келіп отырған марқұм Ұлықбек
Байырбеков.
Байырбек бастатқан 6 туысқан
азаматты Анненковтың жігіттері
қылышпен кескілеп аяусыз өлтіреді. Оған
жігіттердің үстіндегі қызыл армияның
киімдері мен қару жарактарының болуы
себеп болған.
Жетім қалған Ұлықбек Көкбай
медресесінде оқып сауатын ашып хат
таниды. Оқи жүріп Көкбайдың үйіне келіп
апталап, айлап жатып кететін алаш
азаматтарының сөздерін естіп, олардың
жүріс тұрысын, сөз сөйлеу мәдениетін
бойына сіңіре береді. Көкбай ақын
ауырып қалған кезде Маян деген жердегі
Есентай Бердин ашқан мектепте оқуын
жалғастырады. 1929-1930 жылдары
Қарауылдағы жетімдер тәрбиеленетін
балалар үйіне ауыстырылып осы арадан 4
кластық білім алады. 1931-1934 жылдар
аралығында өз талабымен Семей
қаласындағы «Кен зерттеу» техникумын
оқып бітіреді.
Алайда мамандығы бойынша басқа
жаққа барып істеуге жағдайы болмайды.
Шешесі мен өзімен тете апайын және
қарындасын тастап кете алмайды. 1934-
1936 жылдарда Семей мұғалімдер
институтында оқып тарих- география
мамандығы бойынша диплом алады.
Осы жылдан бастап Ұқаңның ұстаздық
қызметі басталады. Саржал, Қызылтас,
Абай атындағы мектептерде мұғалім, оқу
ісінің меңгерушісі, мектеп директоры
қызметтерін абыройлы атқарады.
Ұлы Отан соғысы басталған тұста
Ұқаң аудандық оқу бөлімінің бастығынан
партиялық жұмысқа ауыстырылған кез еді.
Осы жұмыстан армияға шақырылады.
Сөйтіп 1942 жылы солдат шинелін киіп
қаруын асынып майданға аттанады.
Ұқаң соғысты Брянск майданының қияң-
кескі шайқасынан бастайды. Бұл шайқас
атақты «Курск-Орел иіні» деген атпен
тарихта қалды. 1943 жылдың ақпан айында
Круск облысының «Малоархангельск»
станциясының маңында болған соғыста
жараланып алғашқыда Тула сонан соң
Плавск қаласында үш ай емделеді. Осында
бір кездегі шәкірті соғыстан кейін
облыстық дәрежеде қызмет жасаған беделді
азамат Бәткен Сағындықовты кездестіреді.
Бұл кездесу жөнінде Б.Сағындықов өз
естелігінде былай деп жазады «1943
жылдың апрель айында Плавск қаласында
госпитальда бұрынғы мұғалімім
Байырбеков Ұлықбекті кездестірдім.
Майданда госпитальда оқытушысы
мен оқушысының кездескені қандайлық
әсер беретінін айтпасам да түсінікті
болар.
Госпитальдан шыққан соң екеуіміз екі
бөлімге кеттік. Содан 1943 жылы
октябрьде Ұлықпекпен тағы да кезуге
тура келді.
... Белоруссия. Сож өзені үшін қиян
кескі соғыс болып жатқан кез. Мен қызмет
істейтін бөлім түнгі ұрысқа қатынасып
өзеннен ары өте алмай көп шығынға
ұшырап құрамамызды толықтыру және
біраз тыным алу үшін тылға келдік. Біздің
орнымызға келген жаңа бөліммен бірге
Ұлықбек мұғалім келді. Сержант, бөлімше
командирі екен. Көп сөйлеуге уақыт тар.
Амандық білістік те жөнімізге кете бардық.
Ұлықбектің бөлімі фашистерге қырғидай
тиіп, келген бетте Сож өзенінен өтіп жауды
арғы жағадан асырып қуып кетті. Командир
Байырбеков осы ұрыста «Ерлігі үшін»
медалімен наградталды. (Б.Сағындықов
«Майдандағы кездесулер», «Совхоз туы»
газеті 1968 № 56)
Ұлықбек Байырбеков Курск – Орел
соғысындағы шешуші шайқастарға
ондаған қалалар мен елді мекендерді азат
етуге қатысады. Олардың ішінде: Тула,
Орел, Гомел, Минск қалалары бар. 1944
жылы октябрь айында
Польша мен Беларусия
шекарасына
тақау
Андреевка деген село
үшін кескілескен ұрыс
жүріп жатады. Қатты
ұрыстан қалжыраған
жауынгерлер атой салып
алға ұмтылған шақта
тұтқиылдан
пайда
болған
жау
бомбардировщиктері
ауыр
бомбаларды
төбеден жаудырады. Осы
ұрыста Ұқаң ауыр
жараланады. Жарты
денесі
топыраққа
көміліп ессіз жатып
қалады. Үш күннен кейін
жауынгерлер тауып алып
Ақ теңіз жағасындағы
Архангельск госпиталіне жеткізеді.
Майданның алғы шетінде алуан ерлік
көрсеткен ол ауыр жарақат алып 1944
жылдың апрель айында мүгедек болып
елге оралады. Ол Ұлы Отан соғысының
көптеген орден медальдарымен
марапатталған.
1939 жылдан КПСС мүшесі Ұлықбек
Байырбековтың енді азаматтық қызметі
басталды. Армиядан келген бетте аудандық
оқу бөлімінің меңгерушісі қызметіне
тағайындалады. Өмірде біршама тәжірибе
жинақтаған Ұқаң негізгі жұмысымен қатар
аудандағы қоғамдық жұмыстарға да
белсене араласады. Аудандық партия
комитетінің мүшесі, аудандық Советтің
депутаты 1945 жылы бүкіл ел бойынша
тойланған Ұлы Абайдың жүз жылдық
тойын өткізуге белсене араласады, осы
тойды өткізу жөніндегі комиссияның
мүшесі болады. Тойды жоғары дәрежеде
өткізу жөніндегі Ұқаңның айтқан
ұсыныстары қолдау тауып отырады. Осы
тойға қатысқан қазақ палуаны Қажымұқан
Мұңайтпасовты және осы тойға келген
беделді меймандарды үйінде күтеді. Құрмет
көрсетеді.
Ұқаңның жан-жақты іс-әрекетімен
бедел алып мақтауға ие болып өздерінен
асып бара жатқаны аудан басшыларына
ұнамайды. Оның әр ісін бақылауға алып
жағымсыз материалдар іздестіре бастайды.
Өзі жоқта аудан басшысымен бірігіп алған
ішкі істер бөлімінің бастығы мен аудандық
прокурор аудандық оқу бөлімінің есеп
жұмысын тексеріп 7714 сомды жеп
қойып, орнына артынан салынған деп
кінәлайды.
1948 жылдан бастап жоғарыда
айтылған үш тұлға Ұқаңды ашық қудалауға
артынан шырақ алып түседі.
Олар: соғыс кезінде немістердің
тұтқынында болған мұғалімдерді
қызметтен босат олар «халық жаулары»
дейді: (олар 7 мұғалім еді)
Ұқаң: “мұғалім кадрлары жеткіліксіз
олар соғыстан бұрын да мұғалім болып
істеген, қазір істеп жатқан жұмыстарын
да кемшілік жоқ, сондықтан оларды
босатпаймын жазықтары жоқ” дейді.
Осы бір кезде РҚКП аудандық
комитетінің бірінші хатшысы мен кадр
жөніндегі хатшы арасында келіспеушілік
болып кеңседе отырып төбелесіп бірін-
бірі жаралайды. “Кадр жөніндегі хатшы
Мамай руынан екен. Осы төбелесті
Ұлықбек ұйымдастырып отыр, аудан
мектептерінің
директорлығына
мамайларды қойған, солардың сөзін
сөйлейді. Ұлықбек мамайшыл, жершіл,
туысшыл, сондай -ақ пленде болған халық
жауларын қолдап отыр, яғни оның өзі де
халық жауы” деген жалалар тағылады.
1948 жылы қыркүйек айында партия
комитетінің тосын бюросы шақырылып
Ұлықбек Байырбеков “халық жауы,
мемлекет мүлкін талан- таражға салған,
мамайизация ұйымын кұрушы” деген
айып тағып “партиядан шығарылып,
тұтқынға алынсын” деп шешім алады. Сол
күні әділдік іздеп мәселені дұрыс шешкізу
үшін Семейге обкомға жүріп кетеді. Арғы
бетке пароммен өткелі тұрғанда ауданның
екі милициясы келіп сізді управлениеге
шақырып жатыр деп алдап ертіп барады.
Сол арада 4 милиционер партбилетін
тартып алып жанып тұрған пешке
(контрамарка) жағып жіберіп, өзін
тұтқындап түрмеге жабады.
1949 жылы сотта қаралған Ұқаңды 20
жыл түрмеде отыруға. Ол біткен соң 3
жыл сайлау құқығынан айыруға шешім
алады. Ұқаң әділдік іздеп облыстық партия
комитетіне, КПСС ХХІҮ съезіне, КПСС
орталық комитетіне бірнеше рет және ЦҚ
ның бірінші хатшысы Хрушевка хат
жазады. Хат жергілікті жерге тексеруге
жіберіліп отырылған. Алайда бас
жұмысынды «Халық жауы» жершіл,
туысшыл, мамайшыл оның басшысы,
мемлекет мүлкін талан таражға салған
деген ойдан шығарылып жала жабылған
шешімді қайта қаратуға ешкімнің батылы
бармаған. Ұлы Отан соғысына қатысушы,
соғыс мүгедегі Ұлықбек Байырбеков
Ноғай Сібір, Өскемен түрмелерінде 1954
жылдың күзіне дейін отырады. Тек 1954
жылы Өскемен қаласына келген көшпелі
сот Ұқаңның мәселесін қарап сот үстінде
ақталып шығады. Сайлау құқысы қалпына
келтіріледі.
Жаратылысынан қайсар Ұқаң
түрмеден шығысымен өзіне жала тауып
жазықсыз соттатқан хатшыны іздеп барып
шерін тарқатады... Содан кейін барып
отбасына оралады. Ұқаңды түрмеде
отыру, онда көрген азап мойыта алмады,
жазықсыз сотталғандығын айтып
партиялық стажын қалпына келтіруін
сұрап орталық комитетке жазған өтініші
қанағаттандырылмайды. Осы өтініш
бойынша Москваға барып оқу министрі
Фурцеваның қабылдауында болады.
Түрмеден шыққан соң бір жылдан кейін
1957 жылы партия қатарына қайта
қабылданады. Қазақ ССР-нің халық
ағарту ісінің озық қызметкері Ұқаң
өмірінің қалған уақытын жас ұрпаққа
тәрбие мен білім беруге арнады. Ұқаңның
мұғалімдік беделін еңбек
ардагері сол кезде мұғалім
болып бірге істеген
Нағима Құтжанова өз
естелігінде былай деп
жазады. «Ерте кездегі
мұғалімдердің бірі
с а н а л а т ы н
Б а й ы р б е к о в
Ұлықбек сөзге
шешен, беделі көп
еді. Сол мектептің
кол л е кт и в і н і ң
ішіндегі алып тұлға.
Абай
атындағы
мектептің алтын
айдары
деуге
болады», мен солар
сияқты мұғалім бола
тұра олар келе жатса
жол
беріп
құрметтейтін едім.
(«Совхоз туы» газеті
26 желтоқсан 1989
жыл)
Халық ақыны
Т ә ң і р б е р г е н
Әміренов Ұқаңның
ұстаздық қызметі
жөнінде былай дейді:
«Шәкірттері оны
ұстаз ретінде үлгі
тұтып әке есебінде
қадірлейді. Алуан
мамандықты игеріп республиканың
түкпір- түкпірінде қызмет істеп жүрген
Абай орта мектебінің түлектері Ұлықбек
есімін ерекше қастерлейді. Кездейсоқ
кездескенде әңгімелесе қалсаң ұлағатты
ұстаздарының ішінен алдымен соның аты
аталатын еді.
Азаматтың арқалар жүгі ауыр, оны
айқын сезінгенде ғана азамат тұлғасы
дараланып айқындала түседі. Мен ұзақ
жылдар бірге өскен Ұлықбекті сондай
парасаты мол азамат, беделі биік адам
деп есептеймін. Жалғыз мен емес оны
білетіндердің көпшілігі солай бағалайды.
Еңбегінің бағаланып, қайраты мен
білімінің халық кәдесіне жарағанын өзі де
мақтан етеді, қуаныш тұтады».
(Семей таңы 29.12.1972
ж.
Т.Әміренов)
Ұ. Байырбеков 1961 жылдан КСРО-
ның Санк-Петербург қаласындағы
географиялық қоғамның корреспондент
мүшесі. Осы арада отырып- ақ қоғамға
құнды материалдар жіберіп отырған. Оған
осы қоғамнан келген алғыс хаттары дәлел.
Россияда алғаш ашылған бұл қоғамға
Шоқан Уалиханов та мүше болған екен.
Бұл кісі зейнеткерлікке шыққан соң
қазақтың ұмытылып бара жатқан
«тоғызқұмалақ» ойынын қайта тірілтті.
Аудандық спорт мектебінен арнайы класс
ашып мектеп оқушыларын үйретумен
айналысты. Қазірде аудан ойыншылары
республикалық жарыстарда үнемі
жүлдегер атанып келеді.
Ұлы Отан соғысының ардагері
Ұ.Байырбеков ұзақ жылдар қоғамдық
негізде аудандық халық ағарту саласы
кәсіподақтарының төрағасы болып адал
қызмет атқарды. 1983 жылы алғаш
құрылған аудандық ардагерлер кеңесінің
төрағасы болып сайланды. Ұлықбек аудан
басшыларының, іс-әрекетіне сынай
қарайтын. Кемшіліктер болып жатса кез
келген уақытта, ашық айтатын. Аудан
халқының ядролық полигоннан зардап
шегіп жатқанын және оны алғаш байқаған
да осы кісі. Өткен ғасырдың сексенінші
жылдары аудан ардагерлерінің
жиналысында «Әсіресе Саржал ауылында
өзіне-өзі қол жұмсағандар саны күннен-
күнге көбейіп барады. Басым көпшілігі
өрімдей жастар. Бір жақтан ауру келген
жоқ. Ол ядролық сынақтан. Сондықтан біз
неден жасқанамыз. Бізге қызмет бермей-
ақ қойсын. Жоғарыға хабарлайық, үндеу
тастайық полигонды жабу жөнінде»-
деген сөзін естігенім әлі күнге көз
алдымда. Алайда осы жиналыста
ешкім бұл мәселе жөнінде ешнәрсе
дей алмады. Себебі уақыт солай еді.
Ұқаң жерін, елін сүйді.Сол үшін өмір
сүрді, қызмет етті. Бабаларды бағалады
оларды өзіне пір тұтты.
Ұқаң тобықты «Мамай батыр»
жөнінде көптеген материалдар жинақтап
ақын Қалихан Алтынбаевқа беріп, ақынға
жан-жақты құрметтер көрсетіп Мамай
батыр поэмасын жаздыртты. Осы атпен
шыққан кітапты Ұқаң өз қаражатымен
баспадан шығарды.
Ұқаңның бала кезден қалыптасқан
болмысы кім-кімге де болсын үлгі өнеге.
Ол Шыңғыс өңірінің шежіресі. Елдің
тарихын терең білетін.
Ұқаңның тарихи қызықты әңгімелерін
сол кездегі аудан басшылары арнайы үйіне
келіп сағаттан отырып тыңдайтын.
Ұқаңның тұрмыс - тіршілігі ғибрат
болатын, бала жастан қанымен
қалыптасқан тазалық өзімен бірге кетті.
Оның аяқ киімі үнемі жарқырап тұратын
киіміне шаң тұрмайтын, киім
тоздырмайтын.
Даладан үйге кіргенде арнайы орында
сырт киімін тазалайтын тазалағыш
тұратын. Үй маңында көлденең бір тал
шөп, қоқыс жатпайтұғын. Соның бәрін
арнайы жұмыс киімін киіп алып өзі
тазалайтын,ерінбейтін. Егер біреу
жұмысына көмектескендей болса оған
арнайы киім кигізіп қолына қолғап
беретін. Ұқаң атбегі болды. Ол жылқы
малының тілін білетіндей көрінетін.
Қандай асау ат болмасын бір күннен кейін
сол аттың бауырынан ары бері өтіп ат
тарағымен тарап тұратұғын. Ол атқа нық
отыратын. 1995 жылы жасы сексеннен
асқанда Ұлы Абайдың 150 жылдық
тойында бәйге атқа мініп шауып
жүргенінің ел куәсі болды.
Ұқаңды Шыңғыстың жерін тауып, суын
жетік білетін шежіреші дедік. Бір жолы
Ұқаңа Еңлік-Кебек тығылған үй тас дейміз.
Көріп тұрсыз, желдің өті, адам түгіл мал
ықтап тура ала ма мына жерге дедім. Ол
оның рас. Абайдың 125 жылдық мерекесін
өткізу қарсаңында “Еңлік-Кебек тығылған
осы жер” деп біреулер көрсеткен болу
керек.
Мен кейіндеу біліп қалып, “бұл жер
емес, ол жер Орда тауының оңтүстік
шығысында емес пе еді” деп едім. Аудан
басшысы: “Ұқа дайындық басталып, күре
жолдан бері қарай жол салу басталып кетті.
Қозғамай-ақ қойсаңыз екен” деді. Кейіннен
мені Еңлік-Кебек тығылған қуысқа ертіп
барып көрсетті.
Бірде
Қодар
құлатылған
қаражартастың түбіне қойылған белгіні
көрсетіп. “Негізі бұл жер емес, мынау
өзеннің жоғарғы жағында асты кертік тас
бар, сол тастан құлатылған”, деп тарихты
бұрмалаушыларға реніш білдірді. Мамай
батырдың мекен-жайы Орда тауының
ішіндегі Мамай қорғанын біздерге
көрсеткен де осы кісі.
Ұқаң кімге де болсын жақсылық істегісі
келіп тұратын. Туған-туыстарға сыйлы да
құрметтісі болды. Оның қамқорлығын,
қазіргіше айтсақ демеушілік көмегін
көрмедік деп айта алмаймыз. Ол кісі кездескен
бетте сұрайтыны «Амансыңдар ма?
Тамақтарың бар ма? Үйлерің жылы ма?»
Қарап тұрсаңыз осы амандасуынан
сенің барлық тыныс-тіршілігің көрініп тұр
емес пе.
Ұлы Отан соғысының ардагері
Ұлықбек Байырбековтың үлкен қызы
Әнтай жоғары білімді ұстаз болған,
Нұрсұлу( Нұртай) мамандығы адам
дәрігері, жоғары санатты Семей өңіріне
танымал кардеолог.Жолдасы Аманжол
ұзақ жылдар Семейдің Автомех
техникумында мұғалім болған. Кенжесі
Айжан(Әкку) адам дәрігері, жолдасы
Қарағандыда кен орнында заводтта
басшылық қызметте істейді.
Ұқаңның тәрбиесін көріп өскен
ұрпақтары балалы-шағалы, өсіп-өнген.
Бұл кісі 1998 жылы денсаулығы сыр
беріп ауырды, мойымады, қайтыс
болғанша ауырып төсекке жатпады,
аурумен күресті. 1999 жылдың апрель
айында отбасы жиналып отырғанда мен
биыл өлемін. Қай күні екені белгісіз тек
білетінім мен өлген күні күн тұтылады
дегені бар. Осы айтқаны ойымызда,
қиналып ауырып калса далаға шығып күн
бетіне қарайтын болдық. Туралап келген
ажал алмай қоймайды. 1999 жылдың 10
тамызында арада 4 ай өткенде 85 жасқа
қарағанда дүниеден өтті.
Өзінің айтқаны дәл келді. Сол күні
түстен кейін күн тұтылып қараңғылық
басты. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен 100
жасы қатар келіп отырған соғыс ардагері
Ұлықбек Байырбековтың өмір жолында
айтылмаған ұрпағымыз ғибрат алатын
сәттер өте көп. Ұрпақ білгені абзал.
Базарбай БЕЙСЕНБАЕВ
Соғыс ардагері 100 жаста
Ерліктің даңқы мәңгілік
PDF
создан
с
пробной
версией
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com