Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп Бағасы келiсiмдi Абай аудандық қоғамдық-саяси апталық газетi



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата05.02.2017
өлшемі34,68 Mb.
#3449
1   2   3   4   5

қатысуға бәрінің құқығы бар.

Сондықтан,  біз  әлеуметтік

желі  мен  бұқаралық  ақпарат

құралдары  арқылы  бала-

сының  өнеріне  бей-жай

қарамайтын  ата-аналарды

белсенді  болуға  шақырамыз.

«Қазақстан»  телеарнасы  да

ақпараттық 

қолдау

көрсетеді»,  -  дейді.

Бұған  дейінгі  байқауға  бақ

сынауға  келген  балалардың

арасында дайындықсыз келгендері

көп болған. Негізі балалар қазақ

тілімен қатар, өзге әлем тілдерінде

ән  айта  алуы  шарт.  Бұл  –

байқаудың басты талабы. Себебі,

ХХІ  ғасыр  жастары  барлық

жағынан  алда  болуы  керек.

Сондай-ақ, бұл жобада ұлттық киім

киіп, тек ұлттық ән айту міндет  емес. Баланың жан-

жақтылығын көрсетуге, өзге қырларын ашуға ерекше

мән  беретін  додада  ата-аналардың  да  рөлі  аса

маңызды.

«Аялаған Астана-2015» байқауының Жеңімпазына

халықаралық  байқауға  қатысуға,  үлкен  өнер

мектебінде шыңдалуға жолдама беріледі. Ол жерде жас

өнерпаз халықаралық деңгейдегі мамандардан сабақ

алу мүмкіндігіне ие болмақ. Өзге де жеңімпаздарға

бағалы сыйлықтар тапсырылады. Ең бастысы, бұл –

өнер мектебі.

Жалпы осымен үшінші рет өтетін жобаның басты

ерекшелігі  –  жас  таланттың  өмірдегі,  өнердегі  өз

жолын  табуға  себепші  болуы.  Әрі  байқау

жеңімпаздары өнер додасы біткен соң ұмыт қалмайды.

Олармен халыққа танымал, өз ісінің майталмандары

бірге  жұмыс  істеп,  жас  талантқа  қолдау  білдіріп

отырады. Мысалы, былтырғы байқау қатысушылары

еліміздің  бас  шыршасын  жағу  салтанатты  кешне

қатысып,  түрлі  шараларда  өнер  көрсеткен.  Яғни,

байқаудың әрбір қатысушысы өнер жағынан қолдау

табады.  Ал  «Аялаған  Астана-2014»  жеңімпазы

Мұхамедәлі  Жүгінісов  былтыр  «Новая  волна»

байқауына қатысып, 2 орын алған болатын. Бүгінде

білікті  продюсер  Қыдырәлі  Болмановтың

қамқорлығында шығармашылық жұмыстарға кірісіп

кеткен.


Мұндай мүмкіндік күнде бола бермейді! Сондықтан

өнерлі  болсаңыз,  үздіктер  сынында  бақ  сынауға

асығыңыз!

Қосымша ақпарат

Еліміздің  түрлі  облыстарынан  келіп,  бірінші

кезеңнен  өткендер  келесі  кезеңге  жолдама  алады.

Жартылай финал Астана қаалсында 8-маусым мен 3-

шілде аралығында болады. Дода соңында финалға

қатысатын  өнерпаздардың  есімі  анықталады.

Байқаудың соңғы кезеңі Астана күні қарсаңында 4-6

шілде  күндері  өтеді.  Үш  күнге  жалғасқан  өнер

додасының соңында әділқазы мүшелері және SMS дауыс

беру 


арқылы 

Жеңімпазды 

анықтайды.

Қатысушылардың  өнеріне  бағаны  нағыз  өнер

майталмандары беретін болады.

Байқау ұйымдастырушылары: «Нұр Отан»

ХДП  партиясы,  Астана  қаласының  әкімшілігі,



«Қаз ақстан»  Р ТРК  АҚ  және  «Таңдау»

компаниясы.



Ұлылар 

басқан

топырақтың 

бүгінгі

мұрагерлері 

қандай

болуы  керек?  Бабалар

мұрасын  ұлықтау  Абай

елінде 

қаншалықты

жүзеге  асуда?  Осынау

сауалдар 

төңірегінде

алдағы 

уақытта

тұщымды  жауап  табуға

болады.  Оған  ықпал

ететін  бір  себеп,  аудан

әкімінің 

қолдауымен

хәкім 

Абайдың 

170

жылдық  мерейтойына

арналған  арнайы  акция

тұсауын кесті.

Наурыздың  16-сы  күні

аудандық 

әкімдік


ғимаратында  ішкі  саясат

бөлімінің ұйымдастыруымен

м е м л е к е т т і к

қызметкерлердің  Абай

Құнанбайұлының өлеңдерін

жатқа 


білу 

деңгейі


сараланды. «Абай жастары»

қоғамдық  бірлестігінің  белсенділері,  «Нұр-

Сана» салт-дәстүр орталығының аналар қауымы

және  «Абай  елі»  апталық  газетінің

қадағалауымен өткен осынау айрықша шараға

қатысқандар саны анағұрлым көп болды. Жұмыс

күні басталар сағатта ғимаратқа енген сәтте-ақ

сынаққа іліккендер қатарында көбінесе мекеме

басшылары болды. Айтар болсақ, аудан әкімі

Тұрсынғазы  Мүсәпірбеков,  орынбасарлары

Ерлан  Лдибаев,  Марат  Еділбаевтар    және

аудандық  мәслихат  хатшысы  Төлеубек

Аманғазы Абайдың  әндерін де нақышына келтіре

орындай алды. Аталмыш сынға келген көпшілікті

осылайша тамашаға бөледі. Сол сияқты Абай

ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс

бөлімінің  қызметкері  С.Рахымжанов  Абай

өлеңін оқуда өзіндік мәнерімен ерекшеленсе,

аудан  әкімі  аппаратының  ұйымдастыру  және

кадр  жұмысы  бөлімінің  қызметкері

Н.Сағындықова Абайдың екі өлеңін жатқа оқуда

дараланды.  Ал  Ү.Ермұқашева  өлеңдердің

мағынасын  әдемі  жеткізіп,  толығымен

мүдірместен  оқып  шықты.  Сондай-ақ,

қызметкерлер арасында ерекше назар аудартқан

жандардың  бірі  Қ.Қари  болды.  Ол  Абайдың

«Желсіз түнде жарық ай» әнін орындап берді.

Абай  ауданының  экономика  және  бюджетті

жоспарлау  бөлімі  де  қатардан  қалыспай,

Б.Тәттібеков бастаған ұжымның орындауында

Абайдың әуезді әнін ести алдық.

Шараға  қатысқан  мекеме  басшыларының

белсенділігі  көңіл  марқайтарлық.  Мәселен,

ауданның жер қатынастары бөлімінің басшысы

Қ.Саржанов «Ғылым таппай мақтанба!» өлеңімен

көрермен  көзайымына  айналды.  Әкімдік

бөлімдерінің  мамандары  да  Абай  жырларын,

хакімнің  пәлсапалық  көзқарастарын  сана

танымына  терең  сіңірген  екен.  Баба  жырын

дәріптеуде  ауданның  кәсіпкерлік  және

ауылшаруашылығы  бөлімінің  бас  маманы

Ө.Бекбаев та елеулі нәтиже көрсете білді. Шараға

қатысқандардың барлығына ауданның ішкі саясат

бөлімі басшысының  міндетін  атқарушы  Ұлан

Сағадиев танымдық кітаптарды сыйға тартты.

Десек  те,  шарадан  тыс  қалып,  самарқаулық

танытқан кей мекемелердің де болғанын жасыра

алмаймыз. Мысалы, ауданның жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен ауданның қаржы

бөлімі қызметкерлері қалыс қалып жатты.

Қазақтың бас ақыны - Абайдың 170 жылдық

мерейтойына орай ағымдағы жылы атқарылар іс

ауқымды болмақ. Сол шараларға белсене кіріспей

тұрып ұлылар елінің  ұрпақтары  баба  мұрасын

дәріптеуге қаншалықты  дайын екендігін іштей

түйсінуі де керек. Алдағы уақытта бұл бастама

ауданның басқа да мекемелерінде жалғасын таппақ.

Сондықтан  бала  кезден  Шыңғыстау  жерінің

ауасымен,  топырағымен  бойымызға  сіңіп,

жүрегімізге  терең  бойлаған  Абай  жырларын

қайталай жүріңіздер, ағайын!

Нұржан БАЙТӨС,

«Абай елі»

PDF 


создан

 

с



 

пробной


 

версией


 pdfFactory Pro 

www.pdffactory.com



16-22  наурыз  2015  жыл

Абай  елі  биыл  да  ауданның

мәдени-рухани  өмірін  жарқын

етуде  айтулы  шараларды  арқау

етуде.  Қазақ    хандығының

құрылғанына  550  жыл  толуына

орай  аудан  көлемінде  атқарылып

жатқан  іс  аз  емес.  Соның

негізгілерінің  бірі  -  аудан

орталығында  батыр  Мамайға

арнап  қойылатын  ескерткіш

болмақ.  Бүгінде  елдігімізді

танытар  бұл  игілікті  істі  жүзеге

асыру  мақсатында  Мамай  батыр

қоры  құрылып,  қарқынды  жұмыс

бастап  кеткені  белгілі.  Десек  те,

өмірі  ат  үстінде  өткен  батырға

ерен  құрмет  ретінде  ескерткіш

жасату  үшін  қорға  құйылуы  тиіс

қаражат  әлі  күнге  дейін  толық

жиналып  бітпеген.  Батыр  мүсінін

мезгілінде  көтеру  үшін  кейбір

мекемелердің  белсенділік  көрсете

алмай  жатқаны  көптің  ісіне

кедергі  болып  отыр.

Ел  басына  күн  туғанда  жалаулы

найза  қолға  ұстап,  жерімізді  қорғап

қалған  батырлардың  бірі,  мыңбасы  –

Мамай  Жұмағұлұлы.  Жоңғарлармен

шайқаста ерекше ержүректілік танытып,

жекпе-жектегі  жеңістерімен  де  әйгілі

болған  қазақ  батыры  Қанжығалы

Бөгенбайдың  ықыласына  бөленіп,

артынша  Абылай  ханмен  бірлесе,  тағы

бірнеше  шайқастарға  қатысқан  тұлға.

Бүгінгі  Тоқтамыс  ауылдық  округіне

қарасты Шаған өзенінің бойында болған

«Шаған  шайқасында  да»  ерекше

ерлігімен  дараланған.  Аңыздарға

қарағанда  Мамай  батыр  102  шайқасқа

қатысып,  жеңіп  шығып,  1799  жылы  97

жасында  қазіргі  Архат  ауылының

тұсында  қайтыс  болады.  Мүрдесі

Түркістандағы  Қожа  Ахмет  Яссауи

кесенесіне  жерленген.

Елі үшін етігімен су кешкен бабалар

есімін ардақтау - ұрпақ парызы. Бүгінде

аудан  әкімі  Тұрсынғазы  Жантұяқ-

ұлының  қолдауымен  Қарауыл  ауылдық

округіне  батырдың  еңселі  ескерткішін

қою  жоспарлануда.  Биіктігі  13  метрге

жететін  тас  мүсін  ауданымыздағы  Әнет

баба,  Кеңгірбай  би  ескерткіштерімен

үндестік  таппақ.  Бұл  ретте    Мамай

батыр қорының жұмысы да қарқын алды.

Қор жетекшісі, ауылымыздың қазыналы

қариясы  Базарбай  Бейсенбаевпен

сұхбаттасқанымызда  біраз  шаруаның

еңсерілгенін  аңғардық.  Оған  мысал

ретінде, жекелеген азаматтардың қорды

толықтыруда  қосып  жатқан  үлестерін

ауыз толтырып айтуға болады. Солардың

ішінде 1000000 теңге қаражат көлемінде

қаражат  аударған  кәсіпкер  жерлесіміз,

«Алакөл»  шипажайының  иесі  Исағали

Омаров  өз  жанашырлығын  кең

жүрегімен  көрсетіпті.  Ал  ел  ағасы

атанған  Амантай  Мұқатаев  және

Амангелді  Қариев  100000  теңге

көлемінде  қаржы  беріп  батыр  баба

қорына  көмек  беруден  аянбапты.

Сондай-ақ, Ф.Слямбеков, С.Айдарханов,

М.Момынғазин,  Ж.Қариев,  Ж.Джасұ-

зақова,  О.Айдарханов,  М.Мағденов,

М.Толғанбаев, 

Ж.Жүнісжанов,

Б.Орынбаев,  М.Түңлікбаев,  С.Искаков,

Б.Рақышев 

сияқты 

бір 


қатар

жерлестеріміз 

атымтай 

жомарт


азаматтар  қатарынан  көрініп  отыр.

Ауданның  емхана  бірлестігі  мен

мәдениет  және  тілдерді  дамыту  бөлімі

де  өз  белсенділіктерімен  танылғанын

айта  кеткен  жөн.  Архат  ауылдық

округіне  қарасты  шаруа  қожалықтары

да  батыр  баба  ұрпағы  ретінде  бар

қажырлылықтарын  көрсетуге  әзір

екендіктерін  жеткізуде.

Дегенмен, басталған істің мерзімінде

аяқталуына  кейбір  азаматтарымыздың

құлықсыздығы  кедергі  болып  отыр.

Намысқа тырысудың орнына салғырттық

танытып  жүрген  мекемелер  қатары  да

бар.  Ешбір  мемлекет,  еш  бір  аймақ

немесе 


ауыл 

өзінің 


рухани

құндылықтарын  дәріптеуден  ақша

үнемдеп  байыған  емес.  Керісінше,

мұндай сараңдық немесе немқұрайдылық

-  жан  дүниенің  жұтаңдығына,  өткен

тарихқа  деген  құрметсіздікке  алып

барады. Елдігімізді көрсетер кезде екпін

танытпасақ,  ендігі  күні  «Ұлылар  елінің

ұрпағы»  деген  атымызға  сын  емес  пе?

Сол себепті, ел мерейін еселейтін осынау

шарадан 

қалыс 


қалып 

жатқан


мекемелерге  қамшы  болсын  деген

ниетпен  атап  өтуді  және  дұрыс  деп

таптық. Олар: Абай аудандық зейнетақы

төлеу  жөніндегі  мемлекеттік  орталығы,

ауданның 

санитарлық-эпидемио-

логиялық  қадағалау  басқармасы,  АШМ

Ветеринариялық бақылау және қадағалау

комитетінің  Абай  аудандық  аумақтық

инспекциясы, 

Абай 

аудандық


қазынашылық  басқармасы,  «Қаз-

пошта»  филиалының  ПББ,  Абай

ауданының  жер  кадастрлық  бөлімі,

ауданның 

Әділет 

басқармасы



белсенділік  таныта  алмай  жатқандар

қатарынан  табылып  отыр.

Дегенмен, 

алдағы 


уақытта

аталмыш  мекемелер  аудан  әкімінің

тікелей 

қадағалауындағы 

бұл

бастамаға  үлестерін  қосады  деген



ойдамыз.  Бұл  игілікті  іс  Елбасы  өзі

көтеріп  отырған  қазақ  хандығының

550  жылдығына  орай,  ауданымызда

көпшіліктің күш салуымен атқарылған

іргелі  шара болары  анық. Кешегі  хан

Абылайдың сенімді қолбасшыларының

бірі  ер  Мамайдың  есімі  ескерткіші

арқылы  ертеңгі  ұрпақтың  жадында

жатталып  тұруы  тиыс.  Ол  -  бүгінгі

ұрпақтары біздің атқарар парызымыз.

«Шебердің  қолы  ортақ,  батырдың

даңқы  ортақ» демекші,  есімі тек  Абай

жеріне  ғана  емес,  күлі  алашқа  әйгілі

бабамызға  жұрт  болып  бір  ескерткіш

орната алмасақ, ел болғанымыз қайсы!?.

Нұржан  БАЙТӨС,

«Абай  елі»

Батыр бабаға құрмет көрсетейік!

Тарихқа тағзым

Әнет Баба - заманы қадым заман. Кеңгірбай

би-  Би  Ата  заманы  қария  заман.  Ырғызбай  би

заманы  өткен  дәуір.  Өскенбай  би  –  заманы

көзден бұлбұл ұшып кеткен ұшып кеткен дәуір.

Құнанбай  би  –  заманы  одан  беріде  болған

заман. Хан мен би қазақ  елін билеуден мүлдем

дерлік  қалған  заман.  Би  мен  билер  билігі

шартты  түрде  сақталғанмен,  билер  соты  аясы

тарылған үстіне тарылып, орыс әкімшілігі соты

үсті-үстіне  бел  алған  заман.  Аға  сұлтан,  бай  -

болыстар жандаралға жалтақтап,  не елін дұрыс

билеп-  төстей  алмай,  не  отаршыл  патша

әкімшілігіне  ісі  мен  сөзі  өтпей,  бұғалықта,

байлауда,  басы  байлыққа  барлыққан,    күй

кешкен  заман.  Ибраһим мырза  заманы  одан  да

өткен сорақы. Ақ патшаның билеуі мен илеуіне

қазақ  жері  мен  елі  тұтастай  бағынып  өткен

заман.  Бодандықта  бұлқынған  мұсылманды

кәпір  басқан.  Бас  к өтер ер  ел  ағалар ы,

санасында  сәулесі  өшпеген  ел  зиялылары  осы

кеткеннен  мол  к еткен,  ү ш  ғасыр  болмай

отарлық, бес - он ғасырға ен жеткен деп қатты

сасқан.


Ибр аһим  Құнанбайұлы  бабалар   жолын

ұстанып би де, болыс та, бай-бағылан да болып

кө рген.  Еш  қайла,  еш  дауа  таппаған.

Құшмұрында Шоқан да ел басқарсам деп талап

қылған.  Тор ғай  даласында  Ыбырай  да  ел

басқ арудың  өзінше  өрнек ,  жолын  іздеген.

Миссионерлер  уысынан  он  бұлқынып  шыға

алмаған.


Шыңғыстауда  Ибраһим  Құнанбайұлы  ше?

Ибраһим  би  айтқан  екен:

Бұрынғы  ескі  биді  тұрсам  барлап,

Мақалдап  айтады  екен  сөз  қосарлап.

Ақындары ақылсыз, надан келіп,

Көр-жерді  өлең  қыпты  жоқтан  қармап,

-деп.

Ибраһим  мырза  тағы  айтыпты:



Ескі  бише  отырман  бос  мақалдап,

Ескі  ақынша  мал  үшін  тұрман  зарлап.

Сөз түзелді тыңдаушы, сен де түзел,

Сендерге  де  келейін  енді  аяңдап,

-деп.

Ибраһим  мырза  алты  алаштың  сөзін



салмақтап,  тілін  түзейді.  Ой-зердесін  жаңаша

қалыптап  тура  жолға  бағдар  салады.  Сөйте

тұра:  «Мен  ескінің  арты  едім»,-деді.  Ескіні

қимағандықтан  емес.  Ескімен  бірге  болсам  исі

түркі  тарихында  атым  өлмейді,  сөзім  өшпейді

дегендіктен  де  емес.    Ескінің  ортасында  туып-

өсіп,  есіл  еск інің  кө л-кө сір  қазынасына

суғарылып,  ескінің  тілін    ұстартып,  ділін

бек емдеп, 

дінін 


байытып 

ертелі-кеш

еңбектенумен  жаңаға  жол  ашқандығынан  да

шығар-ау?!

Ескінің  көзі,  ескінің  арты,  ескінің  асыл

тұяғы  Ибраһим  Хакім  заманынан  қалған  сөз

бар.  Қазір  өлі  сөз,  архаизм.  Бірақ  осыдан  бір

ғасыр  бұрын  ол  сөзді  шегелеп  айтусыз

қазақтың ешбір дау-дамайы дұрыс шешілмейтін,

би  мен  би,  ру  мен  ру,  тайпа  мен  тайпа,  ұлыс

пен  жүз  еш  келісімге  оңай  мойын  сұнбайтын.

Ол  сөз-байшөгел!

Байшөгел-  ескі  билер  сөзі,  кененің  көзі.

Байшөгел  ХХ  ғасырға  дейінгі  көшпелі  қазақ

халқының  қадірлеп  сақтап  келген,  кәдуілгі

халықтық құқықта, әдет-ғадет пен ғұрып-салтта

діңгекті  қызмет  атқарған  құдыретті  сөз.

Байшөгел  -  ғасырлар  қойнауынан  жеткен,

сыны  мен  сырын  сары  алтындай  сақтаған  сөз.

Байшөгел  -  мағыналық  қасиетімен  тыңнан

түрленіп,  қазіргі  заң  мен  құқықта  лайықты

қолданысына    ие  бола  алатын  қайтадан

тірілтуге  тіленіп  тұрған  байырғы  бабалар  сөзі.

Өкініштісі  сол,  қанша  ізденіп  қарасаңыз  да

Қазақ  энциклапедиясы  мен  Қазақ  тілінің

түсіндірме  сөздігінен,  өзге  де  әдебиеттерден

«Байшөгел» сөзіне түсініктемені таба алмайсыз.

Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігінде  «Шөгел»

сөзіне түсініктемені таба алмайсыз. Қазақ тілінің

түсіндірме  сөздігінде  «Шөгел»  сөзін  жеке-

даралап  бөліп  алыпты  да,  «он  бір  жыл  жасаған

бүркіт  -шөгел»  деп  анықтама  мағына  беріпті

(А.,Ғалым,1986.  10-том,  264-б).

Байшөгел  сөзінің  мазмұн-мағынасын  жан-

жақ ты  ашып  беретін  қолжазбаны  Ахат

Шәкәрімұлының  жеке  ар хивіндегі  №  20

қаттаманың  58-63  беттерінен  кездестірдік.

Онда  Құ нанбай  қ ажы,  Ибр аһим  Хак ім,

Шәһкәрім қажы  заманынан аңыз  боп сақталып

кеткен  атақты  Әнет  баба  мен  Кеңгірбай  би,

Қараменде  билер  жайлы  мынадай  хик ая

қысқаша  баян  болады.

«Ба я ғыда   То бық т ын ың   ат а қ ты  биі ,   әм

ғұламасы-  Әнет  Бабаң  деген  кісі  екен.

Бұқарадан  оқып,  он  екі  фән  ғылымын  бітіріп

келді  деп  Арғын  Қазыбек  би  жастау  кезінде

естіп, Әнет бабаңнан әрі қазақтың ескі жолын,

шариғат  жолын  үйренемін  деп,  көшіп  келіп,

бір  жаз  қоныстас  болып,  ескі  жол  мен

шариғатты үйренемін деп, көшіп келіп, бір жаз

қоныстас  болып,  ескі  жол  мен  шариғатты

үйреніп күз еліне кетерде бабаңмен қош айтыса

келіп,  мына  сөзді  сұрапты:

-Ба ба ! 

Дүниені 

не 


бұзады?

Адамшылықтарды  не  бұзады?Күнә  неден

шығады?

Сонда бабаң көп ойланып отырып айтыпты:



-Ш ыр а ғ ым,   «АКМ »де ген   с өз  а р а б ша

үшәріп,  соны  екі  рет  айтса  алты  әріп(акм-акм)

болады.  Сол  алты  әріп  алты  ауыз  сөздің  бас

әріптері.  Олар  мыналар:  әйел,  алтын,  кек,

кежір(жалқау),  мақтан,  мансап.  Сенің  сұраған

үш  сөзіңнің  түбі  «акм»  деген  бір-ақ  сөз.  Осы

«акм»  дегенді  жаттап  ал,  балам!  Адам  осы

алтауына қызығып дүниені де бұзады, ардан да,

адамшылықтан да айырылады. Күнә да қылады,

-депті.


-Ба й шө гелі   жоқ ,   «Қ ас аң »  дауға   н еге

бұрынғылар  бір  түйін  шешім  айтпаған?-деп

Қазыбек  би  бабаңнан  сұрағанда,  Бабаң  оған

енді  мынадай  тоқтам  айтылсын  деген:

-Қазақ  жолы-қанағат.  О  да  жолдан  адаспас.

«Қ ас аң »  дау  емі -  ш а р и ғат.   Бұ ған   еш к ім

таласпас.

* * *


Дадан 

Қараменде 

би 

Қабекеңе


(Кеңгірбайға)  өкпелеп  ауған  себебі:  Даданның

Боқты  деген  тәуір  адамының  ағайыны,  бір

байдың қысырағын ұрлап алып, қырып тастаса

керек.  Соны  сұрай    барғандарға  сөзден  танып,

әлденеше  жерде  сөз  болса  керек.  Дау  аяғы

Қабекең  мен  Қарамендеге  барып,  екеуі

айтысып,  арасында  қайта-қайта  кісі  жүріпті.

Куәлікке  жүретін  кісі  т аппай,  ауыл  ү йдің

әйелдерінен шыққан өсек деп, күмәнға салайық

десе,  екі  жақтың  арасында  «ысқаяқты  дау»

болып,  көпке  созылыпты.  Сол  тақырыпты

Қабекең  Байғар а  Кембайды  Қарамендеге

жұмсапты.  Қараменде:

-Шын  болса,  желдеген  тай  шығар,  өтірік

болса,  баяғы  қазақтың  жала  жапқан  жайы

шығар.  Батыр  айғақ,  байшөгелі  болмаған

даудың  қалай  болатыны  жайын  Қараменде  өзі

айтсын,-де.  Сонда  Қараменде  айтар:

-Бұл  Қабекеңнің  күмән  ал  дегені  ме?  Не

басқа  жүзден  келген  дау  емес,  тым  болмаса,

өзге  Орта  жүз  дауы  емес,  Қараменде  мен

Кеңгірбай  Тобықтының  бес  тайына  таласып,

күмәнға  салыпты  дегенге  жанның  бәрі  күлмей

ме? Онан да Қабекем өзі қақсын да, не бар, не

жоқ қылсын, мен сөзді сол кісіге билеттім,-дер.

Сонда  сен  ойлағансып  отыр  да:

-Ап ыр -ай ,   би -ай !  Бұ р ын да   ш а тас қ ан ,

антұрған  дау  еді.  Енді  екеуіңнің  араңда  жүріп,

осы  бес  тай  үшін  өміріміз  өте  ме?  Бұл  сөзіңді

айтқанда,  Қабекең:  «Қараменденің  мұнысына

рахмет,  берді  деп  мен  жұта  салғаным  лайық

емес  қой,  мен  өзіне  бергенім  берген»-десе,

тағы  қайта  келем  бе?  Онандағы  бітімін  айтып

жіберсеңіз  болмай ма?Қабекем  сізге берді  ғой-

депті.  Сонда  Қараменде:

-Кеңгірбай  бұл  билікті  маған  біржола  беріп

отырған жоқ, оның сөз қосып, құйрығын ұстай

беріп  отырғанын  білмеймісің,  оның  қасында

көп жүріп, сырлас болып едің ғой? «Құйрығын

ұстап  мал  берсе,  қолыма  тиді  демеңіз.  Алақан

ашпай  ас  берсе,  асатты  ғой  демеңіз»-деп,

Құттыбай  би  айтқан  жоқ  па?  Бұл  сөзді  мені

сынамай-ақ  өзі  айтсын.  Бірақ,  «Қоңырды  қағу

кімге  жөн,  Өмірді  қағу  кімге  жөн,  осынымды

айт», -дер (Өмір» Даданның шын аты екен, оны

Орманбет  айтты).  Сонда  сен:

-Бұл  с оң ғы   с өзі ң із ді   Қа бе к еме   ай т ып

бар маймын.  Мұныңыз  Қабекемнің  ө зін

күмәнға  ұстағаныңыз  болмай  ма?-де  де,  ол

қайта  сөз  айтқанша.  –Айтқандайын,  баяғыда

Қазыбек  би  Әнет  Бабаңнан  шариғат  пен  ескі

қазақ  жолын  үйренем  деп,  көшіп  келіп,  біраз

үйреніп,  к үз  қ айта  көшерінде:  «Баба,

ақылыңды  айт,  бата  бер!»  дегенде,  «Бабаң  не

деп  еді?  Соны  сұрап  кел,  ұмытып  қалыппын,

осы  сөзге  не  айтса  да  Кембай  Қарамендеге

келіп,  Қабекең  сөзін  айтса,  дәл  Қабекеңнің

айтады  дегенін  айтыпты.  Үйретінді  сөз  де  дәл

айтқанындай болып шығыпты да, «Соңғы сөзді

айтпаймын,  Бабаң  Қазыбекке  не  депті?»-

дегенде  Қараменде:

-Ә,-деп  тұра  қалып,-Мен  адасып  отыр  екем

ғой.  Бұл  сөз  Кембайшаның  сөзі  емес,

Кеңгірбайдың  сөзі  екен  ғой.  Жауласқан  жатқа

айтатын бітімсіз сөзін маған айтқаны екен ғой,

Көбік  ауыз  Боқты  көнбес,  көк  ауыз  Мырза

бермес.  Кеңгірбай  сөзі  бұл  болса  ара  қоныс

болмас.  Кеңгірбайға  сәлем  де,  бұл  сөзді  маған

берсе, мен бес тайды салауат қылдым. Ол үлкен

болып  қоныс  алсын.  Мен  отау  болып  өріс

алайын.  Күндердің  күнінде,  көрісерге  күн

жақ сы  болсын.  Алыстан  іздемесін,  кезең

астындағы  кең  қақтан  табар!-депті  (Кең  қағы-

Балқаш  көлі  болса  керек).

Бабаң:  «Қазақ  жолы-қанағат,  о  да  жолдан

адаспас, Касаң дау емі- шариғат, бұған да ешкім

таласпас»-деген  ек ен.  Қабекең  бұл  сөзді

ұмытқан  жоқ,  әдейі  айтып  отыр.

Себебі  шар иғатта  ұ рлық    сияқты  ауыр

жазалы іске екі таза куә керек. Әйтпесе, салауат

болады...

Міне,  байшөгел  сөзінің  бірнеше  қатпарлы

мән-мағынасы  ой-санада  жамырап  көрініс

беріп  шыға  келеді. Байшөгел  дегенде  Ибраһим

Хакім  ұғындырғандай  Шоғал-  шөгел,  демек

табанды,  сенімді  кісі.  Табанды  сенімді  куәгер.

«Ба тыр   ай ғақ , -б айш о ғал»  ті р к есі   де  тіл

танушылар  тарапынан  тарата  талдауды  қажет

етіп  тұр-ақ.

Сонымен  қатар,  байшөгел  заттай  айғақ,

бұлтартпас  белгі,  тапжылтпас  куә,  дәйекті

дәлел  деген  де  мағынаны  білдіреді.  Мәселен,

жер дауы бола қалған жағдайда дауласушы екі

жақтың  билері  бір  -  бірімен  сөз  салмақтап

сынасады,  ұ тқ ыр   оймен  қ исынмен  ө з

пайдасына  мәселені  шешуге  тырысады.  Осы

кезде  дау-жанжал  соңы  бірнеше  сағат,  күн,

айға созылып кетіп, еш бітімі таптырмағандай

болса,  Тө бе  би,  ө зге  билер   алдында  бір -

бірлерінен  байшөгелін  сұрады.  Осындайда,

қ адымдағы  ата-бабалар   зир аты,  ондағы

белгітас,  құлыптас,  болмаса  жерленген  кезде

қатар  көмілген  бір  уыс  садақтың  оғы,  киім-

кешек, ру таңбасы бар басқалай да заттар, сол

сияқты  қазылған  арық,  егілген  егіннің  аңыз

жаптары,  ор натылған  шығыр дың  ор ны,

малдың  қысқы  көңі,  қ ойдың  к үзгі  түнегі,

тұрғызылған  қарақшы,  үйілген  омақа  белгі,

отыр ғызылған  ағаш,  егілген  бау-бақ ш а,

салынған үй,  соғылған  қыстау-қора,  салынған

шеген,  қазылған  ошақтың  орны,  бәрі-бәрі  де

байшө гелге 

жар айды. 

Байшө гелі

бұлтартпастай болса, ауыл аралық, ру аралық,

ұлыс-жүзаралық  қоныс  дауы,  жер-су  дауы,

жайлау-қ ыст ау,  к ө ш і-қ онға  байланысты

күрмеуі  көп күрделі  даулар  өз  шешуін  табады

деп  Төбе  би  тарапынан  кесіле  айтылады.

Әнет  баба  Тәуке  ханның  «Жеті  жарғысын»

түзуге  атсалысқан  ХҮІІ  ғасырдың  соңы,  ХҮІІІ

ғасырдың  бастапқы  кезінен  бері  келе  жатқан,

1855 жылы, мамыр айында Қарамолда бес дуан

елінің  билері  мен  құрметті  адамдары,  өңшең

ығайлар  мен  сығайлар  бас  қосқан  съезде  Төбе

би сайланған Ибраһим Құнанбайұлы 73 баптан

(статьядан) тұратын  «Ереже» деп  аталатын Заң

нұсқасын 

жазғанға 

дейінгі 


аралықта

қолданыстан  түспеген  «Байшөгел»  сөзі,  орыс

патшасы  әкімшілік-  территориялық  жағынан

қазақ даласын өз иелігіне толықтай қаратқаннан

кейін қажеттігі болмай қалып, ел жадында ұмыт

сөзге айналған. Сөйтіп, байшөгел сезімен бірге

тұтастай  танымдық  ұ ғым,  көшпелі   халық

мәдениетінің  сүбелі  бір  қазынасы  сыпырылып

тү сіп,  өзгермелі  дүниенің  құр дымына

біржолата  сіңіп  кете  барған...

Байшөгел бар  қазақтан сұралады.  Байшөгел

дау жанжалға емес, бәтуалы біті-келісім айтуға

бастайды.  Отандық,  ұлттық,  ұлыстық

патриоттық  сезім  көкіректерде  мүлдем  өшіп

кетуге  шақ  тұрған  мынадай  сын  заманда

Байшөгел сөзі тірілсе, қазақ санасына сыналап

сәуле  түсірер  ой-мұң  пайда  болар  еді  деп

пайымдаймыз.

«Байшөгел».  А.Ер-Дәулет.1995  3-11  бет

Бейбіт  Сапаралы

Ғалым,  жазушы

PDF 


создан

 

с



 

пробной


 

версией


 pdfFactory Pro 

www.pdffactory.com



Көкбай  ауылында  19-наурыз  күні    мүмкіндігі

ш ект еулі   ба ла ла р ды ң   а р а с ы н д а ,   ә леум ет т і к

қызметкерлер  Тұрсынханова  Назым  мен  Садықова

Жанардың ұйымдастыруымен «Армысың, Әз Наурыз»

атты    наурыз  мерекесі  аталып  өтті.  Онда  балаларға

Наур ы з   м ер еке с і н і ң   мә н   –   м а ғ ы н а с ы   кең і н ен

т ү сі н д і р ілі п ,   Наур ы з   кө жен ің   ж а с а лу  жолда р ы

үйретілді. Балалар өз өнерлерін ортаға салып, жарыса

өлең оқып, ән айтылып, соңынан суретке түсіп көтеріңкі

көңіл күймен тарқасты.



 Назым ТҰРСЫНХАНОВА,

Көкбай ауылының әлеуметтік қызметкері

Наурыз - 2015

Мереке  мерейі

Елбасы

Н.Ә.Назарбаевтың «Қазіргі

жас буын, бүлдіршіндер

мемлекетіміздің  мығым

тірегі» деп атап

көрсеткендей, жас ұрпақтың

қалыптасуы мектепке дейінгі

мекемелерден бастау алады.

Бұл орайда біздің мекемемізде

де іргелі жұмыстар

атқарылуда.Мәселен,

жуырда «Балауса» ясли-

бақшасында  тәрбиеші

Қазиева Еркенің

ұйымдастыруымен  «Наурыз

аруы» атты қыз сыны

байқауы болып өтті.

Тартымды  да  қызықты  өткен  қыз  сыны

байқауына  3-5  жас  аралығындағы  11  ару

бүлдіршін қатысты. Олар, Толымқанова Сара,

Тілеуғабылова  Нұрай,  Сағынбекова  Іңкәр,

Батырхан  Арайлым,  Абзалқызы  Айша,

Фазылқызы  Сезім,  Болатқазы  Шуақ,  Қари

Кәусар,  Алтынбекқызы  Алтынгүл,  Ақмаш

Айым, Қайратқызы Аружан.

Наурыз  аруы  байқауына  үлкен

жауапкершілікпен  келген  аруларымыз

тақылдатып таныстыру кезеңін бастап кетті.

Байқаудың  екінші  шарты    өз    өнерінде

тамылжыта  қазақ,  үнді,  қуыршақ    билерін

шеберлікпен  билеп,  «Ақ  көгершін»,

«Анашым-Әкешім»,  «Қошақаным»  әндерін

нақышына  келтіре  орындап,  көрерменнің

қошеметіне бөленді.    Үшінші шарты мәнерлеп

оқуда  аруларымыз  қызықты  да  көңілді

тақпақтарды жатқа айтты.    “Өнерлінің қолы

алтын”    дегендей    «Анам  және  мен»  атты

қолөнер сайысында аналары мен

қыздары  өздерінің  үйден  жасап

әкелген Абай атамыздың мүсіні, ақ

көгершін,  көктемгі    гүлдер,

әртүрлі тоқыма сөмкелер, қуыршақ

киімі, қарындаштардан жасалған

сөмке,  қазақ  қызының  алқа,

сырғасы    сияқты  қолөнер

бұйымдарымен  таныстырып,

өздерінің  шебер  екендерін

дәлелдеді.  Байқаудың  барлық

шартынан    сүрінбей    өткен

аруларымыз,  «Ұлттар  достығы»

атты сән үлгісіне де келіп жетті.

Аруларымыз  әр  ұлттың  киім

үлгілерімен  қатар  әр  ұлттың  өз

әуені қосылып, билеп шықты. Бұл

сайыста мемлекетімізде қанша ұлт өкілдері

тұрса  да,  тату,  өзара  бақытты  екендігін

көрсетті.

 Кеш соңында әділ - қазылар әділ төрелігін

айтып,  аруларға  марапттар  берілді.

Балабақша  меңгерушісі  Рахатбаева  Балнұр

наурыз мерекесімен құттықтап, аруларға ақ

тілегін  білдіріп, алғысын айтты.



 Құндыз ДҮЙСЕНБАЕВА

«Балауса» ясли-бақшасының

 КМҚК тәрбиешісі

Кеңгірбай би ауылдық

округіндегі Абай колледжі

де ұлық мерекеге ерекше

мән берді. Шағын ғана

ұжым екендіктеріне

қарамай, ауыр жүкті

арқалап шыққан мекеме

осынау мейрамға орай

ұлттық спорт

түрлерінен сайыстар

және жалпыхалықтық

лоторея ойынын

ұйымдастырды.

Мерекелік 

шараның

шымылдығын  Кеңгірбай  би



ауылдық округінің әкім Гүлнар

Боранжанова алғысөзбен ашты.

Осыдан соң Абай колледжінің

басшысы  Ерлан  Имаханов

мейрам  қонақтарына  ұлт

мерекесіне  орай  арнайы

құттықтауын  жолдады.  Жылы

лебіздерден  кейінгі  колледж

тартулары  қызық-думанға

ұласты.  Мәселен,  ұстаздар

қауымы мен студенттер бірігіп

әзірлеген  көріністе  қазақы

салттың  бірі  -  үйлену  тойы

айшықты сипатталды. Сондай-

ақ,  «Қара  жорға»  биін  ауыл

халқының  қосылып  билеуі

тіптен  жарасымды  шықты.

Мейрамның  мәнін  кіргізіп,

көпшілікке мерекелік көңіл күй

сыйлауда  бұл  табылған  тәсіл

болғаны анық.

Мерекелік  шара  аясында

қонақтарға  қолөнер  бұйым-

дарынан 


жәрмеңке 

де

ұйымдастырылған екен. Бесік,



оюлы  көрпелер,  саба,  оқтау,

терезе  торлары,  күнделікті

тұрмысқа қажетті қалақ, балта,

тырмауыш  тәрізді  түрлі

бұйымдар сөрелерге қойылған

екен.  Қолөнер  бұйымдары

колледж  тәлімгерлері  мен

ауданымызға танымал бірқатар

шеберлердің қолынан шығыпты.

Осыдан кейінгі кезек ұлттық

спорт  түрлеріне  берілді.

Бабалар  мирасы  -  қазақша

күресті 

дәріптеуде  һәм

белдесудің осы түрінен жеңіске

жетуде 


бірегей 

аудан


болғандықтан  да  Наурыз

мерекесінде  күрес  өткізу  бұл

мекеменің  игі  дәстүрі.  Білек

күштеріне сенген 8 балуанның

ішінде ұтымды әдіс қолданып, ел

делебесін қоздырған балуандар

да  болды.  Айтар  болсақ,

бозкілем  додасында  Искаков

Қуаныш  түйебалуан  атанса,

Ахметжанов  Азамат  екінші

орынды иеленді. Ал Айқынбаев

Нұрбұлан үшінші орынға табан

тіреді.

Мұнымен  қатар,  қыздар



арасында  қол  күрестіруден

жарыс  ұйымдастырылды.

Білектілер 

сайысында

Қабидолина Әсел үздік шықса,

Мақсұтова  Балнұр  екінші

орынды  місе  тұтып,  осы

ауылдық  округтің  тұрғыны

Есіркенова  Алтын  үшін

орыннан табылды.

Қазақтың  думанды  тойы

бәйгесіз  өтсін  бе?  Айтулы

мерекеде  тай  жарысы  да

ұйымдастырылды.  Бәйгеге

қосылғандар қатырында Көкбай

ауылдық  округінің  жас

тұлпарлары  оза  шауып,

Қарықбаев  Серіктің  тайы

мәрені  алғашқы  болып  кесіп

өтті. Ал, Галиев Өміртай атты

азаматтың  жүйрігі  екінші

орынға  тұрақтады.  Мәреден

үшінші  болып  көрінген

Кеңгірбай  би  ауылының

тұрғыны  Әбдібаев  Әділеттің

қыл құйрығы болды.

Мерекелік  шара  барған

сайын қыза түсіп, 24 келілік гір

тасын 

көтеруден 



ауыл

азаматтары  да  сынға  түсті.

Бұлшық  еттері  бұлт-бұлт

ойнаған  білекті  жігіттердің

арасында 

көрерменді

«бәрекелді!»  дегізгендер  көп

болды. Бұл бәсекеде Үркімбаев

Айдос бірінші орынды жеңіп

алса, Қабламбеков Сайлауғазы

екінші орыннан табылды. Ал

Қабланбеков  Ерұлан  үшінші

орынды місе тұтты.

Сонымен  қатар,  колледж

ұжымы 

ұйымдастырған



мерекелік сауықта командалық

ойындар да қамтылыпты. Айтар

болсақ,  арқан  тартысқан

күштілер  арасынан  аталмыш

округтің  88-89  жылы  туған

өрендері алдарына жан салмаса,

екінші орынды Абай колледжі

ұжымы  жеңіп  алды.  «Куша»

командасының 

белді-


белсенділері  үшінші  орынға

тұрақтады.

Десек те, мерекелік шараның

ең қызық сәті - дүйім жұрттың

асыға  күткен  лоторея  ойыны

болған  еді.  Жиыны  200  билет

сатылған  ойынға  ұйым-

дастырушы  ұжым  70-тен  аса

ұтыс түрлерін жүлдеге қойған

екен. Оның арасында күнделікті

тұрмысқа қажетті заттар, көлік

жөндеу  құралдары,  құрылыс

аспаптары  сияқты  бірқатар

бұйымдар  тігіліп,  өз  иелерін

тапты.  Атап  айтсақ,  бағалы

сыйлықтардан  түрлі  түсті

теледидар  қойылып,  оны

Ысқақов Ерсін ұтып алса, газ

плитасы  Берікбек  Сүлей-

меновке бұйырды. Кір жуғыш

машинаны  Заңғар  Құсманов

еншілесе,  қысқа  толқынды

пешті  құндыздылық  Нұржан

Талдыбаев,  шаңсорғышты

Айдана  Оразбаева,  радио-

телефонды қарауылдық Нағия

Ахатова,  ал  ұялы  телефонды

саржалдық  Сәуле  Үркімбай

ұтып алды.

Осылайша  шағын  ғана

ауылдағы  үлкен  мереке

мейлінше  думанды  өтті.

Аңдағанымыз, 

Наурыз


мерекесіне  арналған  осынау

сәттің  бағдарламасы  ұтымды

әзірленіп, 

ұйымдастыру

жұмыстары ойдағыдай жүзеге

асты. Себебі, бұл күнгі ойын-

сауықтық 

шараларға

тамашалаушы көрермендер де

тартылып,  мейрам  көрігін

қыздыруға  ат  салысты.

Жалпыхалықтық мерекенің дәл

осылай  көптің  қуанышын

еселеп,  көл-көсір  шаттыққа

бөлеуі бізді де тамсандырды.

Нұржан БАЙТӨС,

«Абай елі»

16-22  наурыз  2015  жыл

PDF 


создан

 

с



 

пробной


 

версией


 pdfFactory Pro 

www.pdffactory.com




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет