Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп Бағасы келiсiмдi Абай аудандық қоғамдық-саяси апталық газетi



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата05.02.2017
өлшемі34,68 Mb.
#3449
  1   2   3   4   5

Адамзаттың бәрін сүй,  бауырым деп

Бағасы  келiсiмдi

Абай  аудандық  қоғамдық-саяси  апталық  газетi

(Газет  2006  жылдан  шығады)

№11 (323) 16-22  наурыз 2015 жыл

Е л б а с ы н ы ң

«Нұрлы 

жол 



болашаққа 

бастар

жол»  атты  Жолдауы  -

тарихи 

Жолдау.

Өйткені,  бұл  саяси

құжатты 

оқып,

саралап,  оның  әрбір

сөзіне мән берген сайын

Жолдаудан  еліміздің

болашағын,  мынау

қиын-қыстау уақыттан

қиналмай  шығудың

жолын,  көп  ұлтты

халқымыздың  береке-

бірлігін,  ынтымағы

мен  тату-тәтті  мамыражай  өмірін

көресің.

Жолдауда  нақты  жоба,  жоспар,

асқаралы міндет бар. Бұлар бос қағида

емес. Нақты іс жүзінде асатын шаралар.

Экономикамыздың кері шегінбей, Азия

дағдарысынан,  тіпті,  дүниежүзілік

дағдарыстан қиналмай шығудың жолдары

қарастырылған, әрбір адамның алдына

абыройлы міндет қойған.

«Біз әсте тәубешіл елміз. Аласапыран

күндерде  көрген  қиындықтарды

ұмытпауға  тиіспіз.  Кеше

қандай болдық, бүгін кімге

айналдық? Осыны ешқашан

естен    шығармайық.  Біз

төріне  Ту  тігіп,  әлемге

танылған  елміз.  Бізде  бәрі

бар. Тәубемізді ұмытпайық.

Барға қанағат етіп, бағалай

білейік.  Осы  жолдан

танбайық»-деген Елбасымыз

Н.Назарбаевтың  Үкіметтің

кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»

атты тарихи Жолдаумен астасып, үндесіп

жатыр.


Жолдаудан кейінгі уақытта Абай елінде

де  көптеген  игі  шаралардың  іс  жүзіне

асып, халықтың көз қуанышына айналып

отырғандығын күнделікті өмірден көріп,

сезіп жүрміз. Абай елінің бет-бейнесінің

өзгеруі,  Қарауылдың  кішігірім  қалаға

айналуы, тірек ауылдарының қанат жаюы,

спорт,  мәдениет  ошақтарының  көптеп

салынуы  –  осы  сөзімізге  дәлел.

Ауданымыздан 

спорт, 

өнер


саңлақтарының,  солардың  ішінде

Қазақстан барыстарының қаулап шығуы,

балалар  өнерінің  республикалық

«Айгөлек» байқауында топ жаруы, қазақ

тарихындағы  Қоянды  жәрменкесінен

кейін  ауданымызда  «Шыңғыстау»

жәрмеңкесінің екінші рет өткізілуі осы

сөздеріміздің айқын айғағы.

«Нұрлы  жол»  Жолдауының  мақсат-

мүддесі  де  осы.  Халықты  жақсылыққа

бастау,  арман-мүддені  біріктіру,

тыныштықты, 

береке-бірлікті,

ынтымақтылықты  сақтау.  Жолдаумен

танысқан әрбір адам осындай ой түйеді.

Жолдау еліміздің даму жолын саралап,

болашағын  белгілеп  береді.  Ендеше,

өмірімізде тарихи Жолдаудың алатын рөлі

мен орны өте үлкен деген сөз. Ал осынау

саяси маңыздылығы аса жоғары тарихи

құжаттың  авторы  – ұлт  Көшбасшысы,

әлемдік  деңгейдегі  саяси  сахнаның

көрнекті  тұлғасы  Елбасы,  Нұрсұлтан

Әбішұлы Назарбаев. Аталмыш Жолдау

аясындағы ел дамуын меже еткен

барлық  басымдықтар  бүгінде

қоғам  тарапынан  қызу  қолдау

тауып, іске асырылу барысында

жоғары қарқын алды. Ал осынау

сындарлы сәтте жарқын болашаққа кемел

келешектің бағдаршысы Елбасымен бірге

барған  дұрыс  дер  едім.  Анығырақ

айтқанда, жаһандық дағдарыстың салқыны

ескен,  әлемдегі  геосаяси  ахуал

күрделенген 

осынау 


кезеңде

Тәуелсіздігінің буыны енді ғана бекіген

біздің елімізге дәл Елбасы тәрізді көреген

басшының  жетекшілігі  ауадай  қажет.

Еліміздегі тілі бөлек, діні бөлек сан алуан

ұлттарды бір шаңырақ астына ұйыстырып,

береке-бірліктің 

бекемдігінің

нәтижесінде  даму  даңғылындағы

көшімізді түзедік. Өзгелер қызығатын,

ұлтаралық  келісіммен  дінаралық

түсіністік  жарасым  тапқан  елге

айналдық.  Әлемнің  үздік  елулігінің

қатарына іліндік. Ендігі меже дамыған

отыздық.  Бұл  да  Елбасының  алдағы

бағдары.  Ендеше  Президентіміз  өз

бастамасына жету жолында еліміздің

көшін тағы да алға бастасын дегеннен

басқа тілек жоқ. Ал бұл ұлы жолда сенім

артқан қалың елі көшбасшысына тірек

болуы керек. Ұлт көшбасшысы болуға

да ерен қабілет керек. Оған лайық саяси

көрегенділігі кемел, осы кезеңге дейін

сан өткелден сүріндірмей өткен бір ғана

тұлға бар. Ол – елі сүйген, елін сүйген

Елбасы. Осы орайда, алдағы сайлаудан

қалыс қалмай, еліміздің ертеңі үшін бір

кісідей қолдау білдірейік.



Совет МАХМЕТОВ,

Абай ауданы мұрағатының

директоры,

Қазақстан Журналистер

Одағының мүшесі,

Қазақстанға еңбегі сіңген

мемлекеттік қызметкер.

Кемел келешекке ерен көшбасшымен бірге барайық!

«Нұр Отан» партиясының XVІ съезінде

«Нұр Отан»

партиясының кезекті  XVІ

съезіне Шығыс Қазақстан

облысының делегаттарымен

бірге Абай ауданының әкімі,

«Нұр Отан» партиясы Абай

аудандық филиалының

төрағасы Т.Ж.Мүсәпірбеков,

Қасқабұлақ ауылының әкімі,

Қасқабұлақ бастауыш

партия ұйымының төрағасы

М.А.Мұқатай, «Нұр Отан»

партиясы Абай аудандық

филиалының бірінші

орынбасары Қ.Дүрмекбай

наурыз айының 10-13

аралығында Астана

қаласына барып, қатысып

қайттық.

Барған  күні  «Нұр  Отан»

партиясының 

бірінші


орынбасары Бауыржан Байбектің

төрағалығымен партияның саяси

кеңесінің  отырысы  өткізілді.

Саяси  кеңесте  Партияның  XVІ

съезінің  күн  тәртібі  белгіленіп,

кеңестің жаңа құрамына ұсыныс

енгізілді.  Сол  күні  съезд

делегаттары ҚР ұлттық экономика

министрі  Е.Досаевтың  қабыл-

дауында  болды.  Бұл  шара

барысында  министр  еліміздің

ұлттық  экономикасының  даму

бағыттары жөнінде  кеңінен  сөз

қозғалып, съезд делегаттарымен

пікір бөлісті.

Осыдан  соң  11-наурыз  күні

Тәуелсіздік  сарайында  өткен

«Нұр  Отан»  партиясының  XVІ

съезіне қатыстық. Оған Мемлекет

басшысы,  партия  төрағасы

Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Съезде  негізінен  үш  мәселе

қаралды.  Осы  үш  мәселенің

ішіндегі 

ең 

бастысы,


президенттік  сайлауға  үміткер

ұсыну 


болатын. 

Съезд


делегаттарының  ұсынысымен

«Нұр  Отан»  партиясынан

Нұрсұлтан 

Назарбаевтың

кандидатурасын  Қазақстан

Р е с п у б л и к а с ы н ы ң

президенттігіне  ұсыну  туралы

қаулы қабылданды.

Бұл  менің  «Нұр  Отан»

партиясының  съезіне  алғашқы

қатысуым.  Бұл  -  тарихи  съезд

болды. Себебі, аталмыш съезде

мемлекеттің  болашағы  айқын-

далды,  бағдары  белгіленді.  Ең

бастысы,  Қазақстан  Республи-

касының 


президенттігіне

кандидат  ретінде  Елбасы

Нұрсұлтан  Назарбаевтың  өзін

президенттік  сайлауға  үміткер

ретінде  ұсынған  партиялық

әріптестерінің тілектерін  қабыл

алып, сайлауға түсетінін мәлімдеуі

болып табылады.

«Мен    Сіздерді,  менің

серіктестерім - нұротандықтарды,

барлық қазақстандықтарды тағы да

топтасып,  жеңіске  жетуге

шақырамын! Біздің ортақ рухани

күшіміз бен жоғары мақсатымыз:

Мәңгілік  Ел!  Ол  біздің  ХХІ

ғасырдағы дамуымызды прогресс

қуатымен толтыратын болады» -

деген партия Лидерінің  сөзі әр

қазақстандықтардың  келешегі

айқындап, болашағының  жарқын

болатындығын белгілеп берді.

Бүгінгі күнге дейін Еліміздің

көшін 

бастап 


келген,

қиыншылықтардан алып шығып,

ел тізгінін ұстанған, сол арқылы

мемлекеттік  бағыт-бағдарды

айқындап берген Н.Назарбаевтың

кандидатурасын қолдаймыз. Егер

біз еліміз одан әрі өркендеп, өзге

елдерден еңсесі биік, болашағы

айқын  екендігіне  күмәнсіз

қарасақ  мемлекет  басшысы,

партия  Лидері  Қазақстан

Республикасының  тұңғыш

президенті Нұрсұлтан Әбішұлына

сенім артуымыз керек.



Қ.НҰРЛЫБЕКҰЛЫ,

«Нұр Отан»

партиясының Абай аудандық

филиалы

 төрағасының бірінші

орынбасары.

Әз-Наурыз - жылдың басы, күн

мен түннің теңелер шағы. Тамырын

тереңнен тартқан осынау мейрам

– береке мен бірліктің, достастық

пен  татулықтың  тұғырын

нығайтып,  риясыз  шаттық  пен

қуанышқа кенелтер мереке.

Әр жыл сайын жасампаздығы

мен  қуаты  артып  келе  жатқан

Тәуелсіз  еліміздің  айбыны  да

осындай  игі  дәстүрлерімізбен

асқақтай 

бермек. 


Елбасы

Н.Назарбаев өзінің «Нұрлы жол –

болашаққа бастар жол» атты жаңа

Жолдауында: «Өткен тарихымызға

тағзым  да,  бүгінгі  бақытымызға

мақтаныш та, гүлденген келешекке

сенім  де  «Мәңгілік  Ел»  деген

құдіретті  ұғымға  сыйып  тұр.

Отанды сүю – бабалардан мирас

болған ұлы мұраны қадірлеу, оны

көздің  қарашығындай  сақтау,  өз

үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі

ұрпаққа  аманат  етіп,  табыстау

деген сөз» деп атап өткен болатын.

Ал, елдік  мүддені нығайту жолында

салт-дәстүр түріндегі өнегесі мол

Наурыз мерекесін атап өтудің де

берер тағылымы мол болмақ!

Шығыс  күнтізбесі  бойынша

есігін ашқан Қой жылы кең ауқымда

аталатын Қазақ хандығының 550

жылдығы,  Ұлы  Жеңістің  70

жылдығы,  Ұлы  Абайдың  170

жылдығы,  Қазақстан  халқы

Ассамблеясы 

және 


ҚР

Конституциясының 20 жылдығы

сынды  елдігімізді  нығайтуда

мазмұны  зор  мерекелермен  ел

есінде қалмақ. Бұл орайда, байтақ

Отанымыздың бір бөлшегі ретінде

Абай елі де биік өреден табылып,

атаулы  мерекелерді  абыроймен

өткізеді деп сенеміз.

Қадірлі  ағайын!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні –

Наурыз  мерекесімен  шын

жүректен құттықтаймыз! Жаңа күн

баршаңыздың дендеріңізге саулық,

шаңырақтарыңызға  шаттық,

отбасылараңызға амандық әкелсін!

Еліміздің  іргесі  тыныш  болып,

ортақ  үйіміздегі  ырыс  пен

ынтымақ арта берcін!



Абай ауданының әкімі

Тұрсынғазы МҮСӘПІРБЕКОВ,

Аудандық мәслихат

хатшысы Төлеубек

АМАНҒАЗЫ

Міне,  көктемнің  жылы

лебімен  бірге  бабаларымыздың

төл мерекесі Наурыз мейрамы да

келіп жетті. Бұл күн тіршіліктің,

дәстүрлі  құндылықтар  аясында

бірігіп, игілікті жаңа бастауларға

ниет білдірудің нышаны.

Тәуелсіз  мемлекетіміздің

қалыптасуымен  бірге  Наурыз

мейрамы барлық қазақстандықтар

үшін  жалпы  халықтық  сүйікті

мерекеге айналды. Көктемнің осы

бір шағында табиғат қана түлеп

қоймай,  қоғамның  ынтымағы

мен  бірлігін,  бейбітшілігі  мен

түсіністігін  нығайтуда  адам

баласының  да  жан-дүниесі

жаңғыра түседі.

Наурыз  –  бұл  тек  көктемнің

ғана емес, бұл ең әуелі ізгілік пен

жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың

осы бір ұлы күні дау-жанжалдар

тоқтатылып,  адамдар  бір-біріне

деген  өкпе-реніштерін  ұмытып,

кешірімге келіп, татуласып, табыса

білген. Халқымыз мол дастарқанын

жайып,  ақ  жарқын  көңілмен

жүздесіп,  дәм  татысып,  өткен-

кеткеннен сыр тартып, барша адам

баласына жақсылық, аманшылық

тілеп,  жастарға  ақ  баталарын

берген. Тағылымға толы  осынау

жаңа күнді абайлықтар да бір кісідей

мерекелеп, қуанышпен қарсы алуда.

Бүгінде 


Қазақстандағы

жүздеген  ұлт  пен  ұлыстардың

өкілдері  бір-бірімен  тату-тәтті,

берекелі  өмір  сүріп  жатыр.  Әз

Наурыздың адам баласын ізгілік

пен  сыйластыққа,  ынтымаққа

тәрбиелейтін  тереңнен  тартар

ежелгі  қасиетін  біз  барлық

қазақстандықтардың  бойына

дарытуға,  оны  өз  өміріміздің

салтына айналдыруға міндеттіміз.

Бәріңізді  көктемнің  жарқын

мерекесі  Наурыз  мейрамымен

шын жүректен құттықтаймын.

Наурыз күні ойға алған барлық

арман-мұраттарыңыз орындалып,

үміттеріңіз  ақталуға  жазсын!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!



Қайырғазы Дүрмекбай,  

«Нұр Отан»

партиясының Абай аудандық

филиалы төрағасының

бірінші орынбасары.

PDF 


создан

 

с



 

пробной


 

версией


 pdfFactory Pro 

www.pdffactory.com



16-22  наурыз  2015  жыл

АСТАНА ЖАҢА ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ

БАҒЫН АШАДЫ!

Наурыз айының 20 күні аудандық

мәдениет  үйінде  ҚР  Мемлекеттік

қызмет  істері  және  сыбайлас

жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл

агенттігінің 

ШҚО 

бойынша


департаментінің басшысы Ғалымбек

Досанов  мырзаның  аудан  халқымен

кездесуі  болып  өтті.  Жуырда  ғана

аталмыш  қызметтің  басшылығына

тағайындалған 

Ғалымбек


Нұрмұханұлы  алғашқы  қызметтік

сапарын  Абай  елінен  бастауды  жөн

санапты. Қасиетті  топыраққа табан

тіресімен  алдымен  ұлылар  рухына

тағзым  етіп,  Құран  бағыштаған

мәртебелі меймандар артынша аудан

орталығында  алқалы  жиын  өткізді.

Кездесуге  ауданның  қариялары,

ауылдық  округ  әкімдері  мен  бөлім

басшылары,  жалпы  мемлекеттік

қызметкерлер қатысты.

Жиынды алғысөзбен ашқан аудан

әкімі  Тұрсынғазы  Мүсәпірбеков

кездесудің маңыздылығына тоқталып

өтіп, облыс орталығынан арнайы келіп

отырған  құрметті  қонақтарға  сөз

кезегін ұсынды.

Облысымыздың  әр  өңірлеріне

жоспарлаған жұмыс сапарларындағы

көзделген  негізгі мақсат-міндеттерін



Хабарландыру

Саржал ауылдық округіне қарасты «Гүлім» шаруа қожалығы «Ақ құдық» қыстағына ВЛ-

10кВ Л-4 ПС 110/35/10 кВ Электр құрылғысына қосылу үшін жұмыс жобасын мемлекеттік

экологиялық сараптамаға және Өскемен қаласындағы қоршаған ортаны қорғау басқармасына

және табиғат пайдалану ресурстары реттеу мекемесіне жіберілгендігін хабарлайды. Мүдделі

тұлғалардың экологиялық экспертиза басқармасына жолығуды сұраймыз.

баяндап  өткен  Ғалымбек

Досанов өз баяндамасында

жұмыстарының  жалпы

жүйесімен  таныстырып

өтті. Мемлекеттік қызметтің

мәнін  айшықтап,  осы

саладағы 

сыбайлас


жемқорлықтың  салдарына

сараптама 

жасады.

Ғ . Н ұ р м ұ х а н ұ л ы н ы ң



айтуынша, алдағы уақытта

мемлекеттік  қызмет  істері

жөніндегі  заңға  үлкен

өзгерістер  енгізілмек.

Жуырда  ғана  Елорда  төрінде  өткен

«Нұр   Отан»  пар тиясының  ХVІ

съезінде  Елбасының  мемлекеттік

қызметке кәсіби автономды аппарат

құру  жөніндегі  ұсынысы  да  осыған

дәлел екендігін жеткізді.

Өз сөзінде мемлекеттік қызметтің

екі топқа жіктелетіндігін айта келіп,

оның саяси және әкімшілік түрлеріне

қандай тұлғалардың жататындығын да

баяндады. Бүгінде аталған қызметке

қабылдануға үмітті мамандардың 70%-

ның  сынақтан  сүрініп  жатуын  да

ескерусіз қалдырмады.

Сондай-ақ,  Ғ.Нұрмұханұлы  сөз

барысында  әкімшілік  қызметтерде

воканттық бос орындардың да барын

тілге  тиек  етіп,  кәсіби  даярлықты

арттыру керектігіне баса маңыз берді.

Мұнымен  қатар  сот  саласының  да

мемлекеттік  қызметкерлердің  де

жұмыстары жариялылық түрде болу

керектігін  атап  өтті.  Жалпы,

мемлекеттік қызметтердің жұмыстары

жайында,  заңдылығы  тұрғысында

бірқатар  тұщымды  мағлұмат  беріп,

бірнеше  бағыттар  бойынша  қолға

алынған жұмыстардың жүйелі түрде

орындалып  жатқанын  атап  өтті.

Мәселен,  жең  ұшынан  жалғасқан

жемқорлық 

жымысқылықты

болдырмау, ұйымдасқан экономикалық

қ

ұ



қ

ы

қ



б ұ з уш ы л ы қт а р д ы ң

алдын-алу 

және

қылмыстық фактілерді



ашу 

мен 


тергеу

жұмыстарының  да

ө з д е р і н е

м і н д е т т е л г е н і н

жеткізді. Осы тұрғыда

қылмыстық  жазаға

ұшыраған мемлекеттік

тұлғаға  арнайы  жаза

т а ғ а й ы н д а л ы п ,

айыппұлмен  қатар

мемлекеттік  қызметтен  мүлдем

шеттетілетінін де баян етті.

Осыдан  соң  алқалы  жиын

барысындағы  баяндама  кезегін

тәртіптік  кеңес  жұмысының  негізгі

міндеттерімен қатар құзыреттіліктері

жайлы жалғаған Тілеухан Құсайынов

Елбасы  жарлығымен  2005  жылы

бекітілген  аталған  қызметтің

міндеттерімен құлағдар етті. Мәселен,

өткен жылдың қорытындысы бойынша

118 адам тәртіптік жауапқа тартылса,

соның ішінде 50-і әкімшілік қызметкер

дәрежесіндегі тұлғалар болып шыққан.

Осы  жайында  толыққанды  ақпарат

берілген  соң  жиналған  алқалы

қауымның сауалдарына кезек берілді.

Сөз  алғандар  қатарында  Мәдениет

және  тілдерді  дамыту  бөлімінің

жетекші маманы Толқын Берікбекова

аудандағы 

мемлекеттік

қызметкерлердің  көбін  жастар

құрайтынын,  алайда,  осы  қызметте

бірнеше  жыл  жұмыс  жасаса  да

еңбекақының төмендігінен, әлеуметтік

мәселелердің  күрделілігінен  білікті

мамандар  жалақысы  жоғары  жеке

секторларға 

ауысып 


кетіп

жатқандығын жеткізді. Жас маманның

ұсыныс-пікірін тыңдаған  басшылық

тарап тиісті жауап қайырды.

Мұнан  соң  ауыл  ақсақалы,

зейнеткер  Манатай  Толғамбаев

лауазымды қызметтегі тұлғаларға ақ

батасын 


берсе, 

аудандық


«Мұрағаттар»  қызметінің  басшысы

Совет Махметов пен «Даму» қорының

кеңесшісі,  жеке  кәсіпкер  Еркен

Шаріпқалиевтер жылы  лебіздерімен

бөлісіп,  меймандардың  қызметтік

жұмыстарына өрлеу тіледі.

Осылайша жиын соңы «Қаламқас»

халық ән-би  ансамблінің  концерттік

бағдарламасымен қорытындыланды.

«Абай елі» ақпараты

Алқалы жиын

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МӘРТЕБЕСІ МЕН МАҚСАТЫ САРАЛАНДЫ

Ұлы Абайға – 170 жыл

ӘКІМДІК ӨКІЛДЕРІ  ХӘКІМ

ӨЛЕҢІН  ЖАТҚА АЙТТЫ

Үлкен өнер жолына жолдама.

Білікті мамандардың баға жетпес

кеңестері. Өзге өнерлі   дос болу

қуанышы. Бұл армандардың бәрі

қаласында  «Аялаған  Астана-

2015»  жас  поп-орындаушы-

лардың  Ұлттық  музыкалық

телевизиялық балалар байқауында

орындалады!

  4-6  шілде  күндері  Астана

қаласында  «Аялаған  Астана-

2015»  жас  поп-орындаушы-

лардың  Ұлттық  музыкалық

телевизиялық  балалар  байқауы

өтпек. «Аялаған Астана-2015» –

Қазақстанның түкпір-түкпірінен

келетін  ең  талантты  жас-

өспірімдердің  басын  қосатын

балалар байқауы.

Байқауға  8  бен  12  жас

аралығындағы  өнерлі  балалар

қатыса алады. «Аялаған Астана-

2015» жас поп-орындаушылардың додасы III кезеңнен

тұрады: іріктеу кезеңі, жартылай финал, финал. Іріктеу

кезеңіне  қатысу  үшін  қатысушылар  өтініштерін

тапсырулары керек. 2-наурыздан бастап республика

бойынша  облыс  орталықтары,  Астана  мен

Алматы 

қалаларында 

байқауға

қатысушыларды  іріктеу  кезеңі  басталды.

Байқау жетекшісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері,

Алматыдағы  «Таңдау»  компаниясының  директоры

Қарлығаш  Әжиева  биылғы  доданың  негізгі

ерекшеліктері  мен  өзгерістерін  айтып  берген  еді.

Біріншіден,  бұл  жолы  бұрынғыдай  мәскеулік

мамандар  қатыспайды.  Екіншіден,  жоба

Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  20

жылдығына орай, елімізде тату-тәтті өмір сүріп

жатқан  өзге  ұлт  өкілдері  арасынан  талантты

балаларды  табуға  ерекше  көңіл  бөлмек.

Үшіншіден,  «Қазақстан»  РТРК  арқылы  жоба

бұрынғыдан да үлкен аудиторияға жол тартатын

болады.

Ұйымдастырушылар әзірше байқау әділқазылар

алқасының  есімін  құпия  ұстап  отыр.  Ал  іріктеу

кезеңінде таланттыларды таңдауға елімізге танымал

жарық жұлдыздар атсалыспақ. Олардың қатарында

Мәдина Сәдуақасова, Нұрлан Албан, Қайрат Баекенов,

Алмас  Кішкенбаев,  Гүлнұр  Оразымбетова,  Иван

Бреусов,  Салтанат  Бақаева,  Адам,  «Орда»  мен

«Ринго» топтары және тағы басқалары бар. «Орда»

мен «Ринго»  топтары үшінші жыл қатарынан  жас

әншілерді тыңдауға қатысып келеді.

Іріктеу  кезеңінде  Қазақстанның  барлық

аймақтарындағы өнерлі балаларды қамтуға ерекше

назар аударылып отыр. Бұған дейін екі рет өткен

жобада  бірнеше  қиындықтар  болған.  Мәселен,

оңтүстік аймақтар мен Көкшетау, Петропавл, Ақтау,

Қызылорда облыстары аса белсенділік көрсетпеген.

Негізінен, оңтүстік өңірден өнерлі жастардың көп

шығатыны бәрімізге белгілі. Ал Алматы облысы өте

үлкен болғандықтан, кейбір аудандардан балалар

тым  аз  қатысқан.  Сондықтан,  биыл  осы

кемшіліктердің  орнын  толтыру  жұмыстары

жүргізіліп жатыр.  Осы тұрғыда байқау жетекшісі

Қарлығаш  Әжиева:  «Осы  жолы  еліміздің

шалғай  аймақтарындағы  таланттардың  бұл

өнер  додасынан  қалып  қоймауына  баса  мән

беріп  отырмыз.  Біздің  балаларымыздың  бәрі

дарынды, өнерлі. Бірінен бірі

өтеді. 

Мұндай 

жобаға



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет