АҢдатпа 12-бет 4-бет



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата06.03.2017
өлшемі10,23 Mb.
#8100
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Түймегүл СМАҒҰЛҚЫЗЫ,

«Заң газеті»

№116/1 (2894/1) 

20 қазан 2016

11

zangazet@mail.ru



ұлт  жоспары

емлекеттік қызметтің кадр құрамын сапа жағынан жақсарту, ірік-

теу мен кәсіби дайындық әдістемелерін жетілдіру, меритократия 

принципін  енгізу,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  шараларды 

күшейту «қазақстан-2050» стратегиясындағы қазақстандық мем-

лекеттік  қызметті  дамытудағы  маңызды  басымдықтар  болып 

айқындалған. 

м

Ел  Президенті  белгілеген  әкімшілік  ре-

форманың  мақсаты  –  халыққа  және  мем-

лекетке  қызмет  етуді  барлығынан  жоғары 

қоятын    кәсіби  мемлекеттік  аппарат  құру. 

Аталған мақсатты іске асыруға бағытталған 

міндеттер қатарында мемлекеттік қызмет-

шілердің ман сап тық өсуінің қағидатты жаңа 

тетігін  енгізуге  маңызды  орын  белгіленді. 

Осы мақсаттарды және бес институционал-

дық реформаны іске асыру бойынша «100 

нақты қадам» – Ұлт жоспарын жүзеге асыру 

үшін  мемлекеттік  қызметтің  жаңартылған 

моделін қалыптастыратын жаңа «Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік  қызмет  ту-

ралы»  заңы  2015  жылдың  23  қарашасын­

да қа былданды. Аталған заң 2016 жылдың  

1  қаң тарынан  бастап  қолданысқа  енгізіл-

ген,  елдің  тыныс­тіршілігіне  жаңа  серпін 

берген, мемлекетті, экономика мен қоғам-

ды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық 

орта қалыптастыратын жаңа 59 заңның бірі. 

«Мемлекеттік  қызмет  туралы»  заң  мемле-

кеттік  қызметтің  жаңартылған  моделінің 

негізгі шеңберлерін және мемлекетті басқа-

рудың барлық жүйесінің тиімділігін күшейту 

тәртібін айқындаған.

1999 жылдың 23 шілдесінде қабылданған 

Қазақстан Республикасындағы «Мемлекет-

тік қызмет туралы» заң 8 тарау, 30 баптан 

тұрса, жаңадан қабылданған заң 12 тарау, 

69  баптан  құралған.  Заңда  «А»  және  «Б» 

корпустарының мемлекеттік әкімшілік қыз-

метіне кіру және оны өткеру ерекшеліктері 

жеке­жеке тарау болып қалыптасып, мем-

лекеттік қызметтің әр корпусына кадрларды 

іріктеу,  лауазымға  орналасуға  арналған 

конкурстарды өткізу тәртібі және лауазымға 

тағайындау  ерекшеліктері  кеңінен  көрініс 

тапқан.  Сонымен  бірге  мемлекеттік  қыз-

метшілердің  қызметтік  әдебі  жаңа  заңның 

8­тарауында  қамтылып,  мемлекеттік  қыз-

метке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар 

шеңбері  айқындалып,  заңнамалық  түрде 

бекітілген. Заң мемлекеттік қызметтің және 

мемлекеттік  қызметкердің  мәртебесін  кө-

тере  отырып,  осы  лауазымды  атқаратын 

мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік 

салмағын да неғұрлым арттырған. 

Осы уақытқа дейін мемлекеттік қызмет 

саласын  құқықтық  реттеген  заң  құқық 

қорғау  қызметін  атқарып  жүрген  қызмет-

шілерді  қамтымаса,  жаңа  заңның  негізгі 

қағидалары  2017  жылдың  1  қаңтарынан 

бастап  құқық  қорғау  органдарының  білім 

беру  ұйымдарына  оқуға  түсетіндерді 

қоспағанда, құқық қорғау қызметіне алғаш 

рет  кіретін  азаматтарға  да  қолданылатын 

болады. 

Елбасы Н.Назарбаев: «Мемлекеттік қыз­

метшінің  мансап  жолындағы  өсуі  біздің 

адамдардың  талантымен,  жеделдігімен, 

кәсіби  дайындығымен  тікелей  байланыс­

ты  болмақ»,  –  деп  әкімшілік  мемлекеттік 

қызметшінің мансабы оның біліктілігі және 

жинақтаған  тәжірибесі  есепке  алына  оты-

рып  құралатынын  жеткізген  болатын.  Бұл 

ретте жаңадан қабылданған заң мемлекеттік 

қызметке орналасуға ниетті азаматтардың 

кешенді  іріктеу  мен  жұмысты  тек  төменгі 

лауазымдардан бастау нәтижелері бойынша 

мүмкін болатынын бекіткен.

Мемлекеттік қызметке алғашқы рет қа-

былданушыларға заңның 26­бабына сәйкес, 

мемлекеттік қызметке кіру 3 кезеңнен өтуді 

қамтиды. Бірінші кезең – мемлекеттік тілді 

және Қазақстан Республикасының заңнама-

сын білуге арналған тестілеуден өту, екінші 

кезең – мемлекеттік қызметке орналасушы 

үміткерлердің  жеке  қасиеттері  мен  негізгі 

құзыреттері  (бастамашылдық,  жұмыс  са-

пасы мен нәтижесіне бағдарлану, әдептілік, 

жемқорлыққа  төзбеушілік,  стратегиялық 

ойлау,  көшбасшылық  және  т.б.)  бойынша 

тестілеу, үшінші кезең – мемлекеттік орган-

да  бейінді  білімі  бойынша  өткізілетін  кон-

курстық  әңгімелесу.  Бұл  ретте  заңнаманы 

білуге тестілеудің нәтижелері бойынша шек-

ті мәннен өткен жағдайда үміткерлер келесі 

кезеңге жіберілетін болады. 

Қазақстан  Республикасының  «Мемле-

кеттік  қызмет  туралы»  заңының  27­бабы-

ның 1­бөлігіне сәйкес, «Б» корпусының бос 

немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік 

лауазымына орналасуға арналған конкурс­

тың 2 түрі бар. Бірінші түрі бұл азаматтар 

арасындағы жалпы конкурс болса, екіншісі 

– мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі 

конкурс. Ішкі конкурс «Б» корпусының бос 

немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік 

лауазымына орналасу үшін мемлекеттік ор-

ган осы мемлекеттік органның мемлекеттік 

қызметшілері арасында өткізеді. Бұған дей-

інгі мемлекеттік қызмет туралы заңнамада 

мемлекеттік  қызметшілердің  бос  тұрған 

лауазымдарға  ауысу  институты  арқылы 

біліктілік  талабы  сай  келген  уақытта  бос 

лауазымға тағайындау мүмкін болса, жаңа 

заңнама ауысу институтын шектеген. Ауысу 

институты көмекші, кеңесші, баспасөз хат-

Тергеу судьяларының құзыреті кеңейтілді. 

Одан  басқа,  судьялардың  жаңа  Әдеп  ко-

дексінің жобасы әзірленді. Жоба Жоғарғы Сот 

жанындағы Халықаралық кеңестің отырысын-

да мақұлданды.

Сот саласында жүріп жатқан маңызды жұ-

мыстардың бірі – сот қызметінің ашықтығын 

жолға  қоюға  бағытталған.  Ұлт  жоспарында  

сот істерінің ашықтығын қамтамасыз ету мақ-

сатында сот отырыстарын дыбыс­бейнежазу 

арқылы өткізуге айрықша мән беріліп, қазіргі 

уақытта барлық сот отырыстары дыбыс­бей-

нежазу  құралдарын  қолданумен  өтуде.  Бұл 

өз  кезегінде  судьялар  есептілігінің  күшеюі, 

жұмыс істеп жүрген судьялардың біліктілігін 

мерзімдік бағалау, азаматтарға судьялардың 

әрекетіне  қатысты  Сот  жюриіне  шағымдану 

мүмкіндігінің  берілуі,  судьялардың  кәсіби 

тәртібін нығайтуға, сот төрелігін жүзеге асыру 

сапасын  жақсартуға  және  осылардың  нәти-

жесінде  тұрғындардың  сот  жүйесіне  деген 

сенімін арттыруға ықпал етеді.

Сот жүйесінің ақпараттық ашықтығы мен 

айқындығы – судьялардың алтыншы съезінде 

Мемлекет  басшысы  айқындаған  жұмыстың 

басым бағыттары болып табылады. Мұндағы 

маңызды міндет сотқа құжаттар келіп түскен-

нен  бастап,  шешім  қабылданғанға  дейінгі 

кезеңдегі сот жұмысын қоғамға  дұрыс түсін-

діру болып табылады. Сондықтан, соттардың 

қызметін  ақпараттық  сүйемелдеу  бойынша 

арнайы  жұмыс  жоспары  жасақталып,  орын-

далуда. Соның ішінде сот жүйесінің ақпарат-

тық  жұмыс  бөлігіндегі  кейбір  жетістіктерге 

тоқталсақ,  интернетте  жүйелі  жұмыс  жолға 

қойылды. «Сот кабинеті» ақпараттық порталы 

іске қосылды.

«100  нақты  қадам»  –  бұл  біз дің  жаһан-

дық және ішкі сын­қатерлерге, сонымен бір 

мезгілде  жаңа  тарихи  жағдайларда  30  да-

мыған  мемлекеттің  қатарына  ену  жөніндегі 

жоспарымыз.  Ал,  реформаларды  жүзеге 

асыру  –  алда  тұрған  10­15  жылда  бірінші 

кезекте орындалуы тиіс жалпыұлттық міндет. 

Мәселенің  өзектілігін  атап  өткен  Мемлекет 

басшысы елдің ішкі жағдайындағы сот саласы 

қызметін де жетілдіре түсу керектігіне ерекше 

көңіл бөлді. Сондықтан да, Ата Заңымыздың 

75­бабындағы 2­тармақшасында: «Сот билігі 

сотта  іс  жүргізудің  аза маттық,  қылмыстық 

және заңмен белгіленген өзге де нысандары 

ар қылы  орындалады»  деп  сеніммен  айтуға 

болады.

Ұлт жоспарында алға қойылған міндеттер 



Астана қаласы судьялары тарапынан табысты 

түрде  жүзеге  асуда,  құзыретті  әрі  азамат-

тардың  құқығын  әділ  қорғауға  қабілетті  сот 

билігінің  имиджін  көтеру  бойынша  белсенді 

түрде жұмыс жүргізілуде. Осы жылдың қара-

ша айында Қазақстан судьяларының кезекті 

VII съезі өтеді. Алдағы съезд барысында елдің 

сот  жүйесін  ары  қарай  жетілдірудің  страте-

гиялық  маңызды  мәселелері  қаралады.  Бұл 

мәселелер сот төрелігі өкілдерінің арасында 

ғана емес, сондай­ақ, бүкіл қоғам арасында 

талқыланады деген ойдамыз.



Қ.ТОБАҒАЛИҰЛЫ,

Есіл аудандық №2 сотының судьясы

АСТАНА ҚАлАСы 

Сол  қиын  кездерде  Мемлекет  басшысы 

Н.Назарбаев  барлық  ауыртпалықтарды  ха-

лыққа жасырмай айтып, тығырықтан шығатын 

жолды  көрсетіп,  елді  соңына  ертіп,  дұрыс 

жолмен жүргізіп, осындай молшылық заманға 

бастай білді. 1997 жылы «Қазақстан – 2030» 

Даму стратегиясын елге ұсынғанда оны ерте-

гіге балап, күмәндана қараушылар қатары да 

аз болмаған. 

Кеңес  Одағы  тарқағаннан  кейінгі  бүкіло-

дақтық экономикалық, саяси, мәдени, басқа 

да  барлық  байланыстар  үзіліп,  экономика 

тұралап, дағдарысқа ұшыраған қиын сол ке-

зеңдегі республика басшылығының алдында 

елді тығырықтан қалайда тездетіп алып шығу 

міндеті тұрған болатын. Халық арасында жұ-

мыссыздық  жайлап,  нарық  әбден  қыспаққа 

алғанда  Елбасы  шұғыл  шешім  қабылдап, 

қиыннан қиыстырып, тыңнан жол сала білді. 

Елбасының  батыл  бастамасының  арқасын-

да  елдің  экономикалық  әлеуеті  адам  айтса 

нанғысыз жылдамдықпен қарыштап өсіп, өте 

үлкен  көлемде  инвестициялар  республика-

мыздың  экономикасын  дамытуға  құйылды, 

стратегия  өз  жемісін  беріп,  уақыт  сынына 

төтеп бере білді. 

Стратегияда  алға  қойылған  межелердің 

түгелге жуығы мерзімінен бұрын ерте орын-

далғандықтан да, уақыт өзгерістері ескеріле 

отырып  «Қазақстан  –  2050»  стратегиясы 

қа былданды.  Одан  басқа  да  көптеген  мем-

лекеттік  бағдарламалар  қабылданып,  бұл 

күнде  олардың  барлығы  да  жемісін  беруде. 

«Бағалай  білгенге  бақыт  қонады»  демекші, 

біздің еліміздің қол жеткізген биік табыстары 

көптеген көршілес, тіпті, алыс­жақын шетел-

дерге арман болып келе жатқаны анық. Осы 

стратегиялық  құжаттардың  заңды  жалғасы 

іспеттес  етіп,  Мемлекет  басшысы  Н.Назар-

баев  «Нұр  Отан»  халықтық  демократиялық 

партиясының  ХVІ  съезінде  5  институттық 

реформаны  ұсынып,  онда  қазіргі  заманғы 

мемлекеттік  аппаратты  қалыптастыру;  заң 

үстемдігін қамтамасыз ету; индустрияландыру 

және экономикалық өсім; болашағы біртұтас 

ұлт; транспарентті және есеп беруші мемле-

кет деп атап көрсетті. Елбасы осынау съезде 

сөйлеген сөзінде: «Тәуелсіздік жылдары ішін-

де  біз  Ұлы  жолды  жүріп  өттік.  Біздің  еліміз 

әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті 50 елінің 

қатарына енді. Ішкі жалпы өнім 20 есе өсіп, 

2014 жылы жан басына шаққанда 13 мың дол-

ларды құрады. Бүгінде біз «Қазақстан­2050» 

стратегиясының  басты  мақсаты  –  әлемнің 

неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына енуге 

қол жеткізу жолында жұмыс жүргізудеміз», – 

деген болатын. 

Ұлт  жоспары  –  ұлтымыздың  болашағы-

ның баянды, мемлекетіміздің әлеуеті жоғары, 

барлық  салада  дамуы  жағынан  көшбасшы 

елдердің  қатарынан  орын  алуды  көздеген-

діктен де стратегиялық мәні зор құжат. Ұлт 

жоспарын жүзеге асыру, барлық талаптарын 

бұлжытпай  орындау  барлығымызға  орасан 

зор жауапкершілік жүктейді. 

     Б.БАИМБЕТОВ, 

 Мұғалжар аудандық 

сотының аға сот приставы

АҚТөБЕ ОБлыСы

САТылАП өСКЕН 

МАМАН ҚыЗМЕТІНІң 

ҚАДІРІН БІлЕДІ

шылары лауазымдарына, «А» және «В» санат 

топтарына  жататын  мемлекеттік  органдар 

үшін ғана сақталған.

Мемлекеттік органда төменгі лауазымда 

жұмыс өтілі, біліктілігі мен қабілеті бар, өз 

қызметтік  міндетін  адал  атқарған  мемле-

кеттік қызметшілерді ілгерілету ішкі конкурс 

өткізу жолымен жоғары тұрған мемлекеттік 

лауазымдарға сатылып көтеру арқылы жү-

зеге асырылады.

Жаңа  «Мемлекеттік  қызмет  туралы» 

заң ға сәйкес, мемлекеттік қызметке алғаш 

рет  қабылданушылар  үшін  міндетті  сынақ 

мер зімін  белгілеп,  белгілі  бір  дағдыларды 

білу талаптары мен сынақ тапсырмаларын 

қамтитын 3 айға жеке бейімделу жоспарын 

жасап,  тәжірибелі  тәлімгерді  бекіту,  2017 

жылдың  1  қаңтарынан  бастап  еңбекақы 

төлеудің  факторлық­баллдық  шкаласына 

көшу, мемлекеттік қызметшілердің қызметті 

өткеру нәтижесін тұрақты бағалап, бонустар 

төлеу, «Б» корпусының басшылық құрамы-

на  ротациялау  институтын  енгізу,  кешенді 

аттестациядан  өткізу  жұмыстарын  жүргізу 

заңнамалық тұрғыдан айқын көрініс тапқан.

Жаңа  заңнаманың  тағы  бір  ерекшелігі 

– мемлекеттік қызметшілердің әдебі мәсе-

лесіне  кеңінен  тоқталып,  қызметтік  әдепті 

сақтау  бойынша  қойылатын  талаптарды, 

мемлекеттік  қызметке  кір  келтіретін  теріс 

қылықтарды,  мүдделер  қақтығысын,  мем-

лекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқор-

лыққа қарсы мінез­құлық нормаларын бекіт-

кен. Бұған дейінгі қолданыста болған заңда 

көзделмеген «Мемлекеттік қызметшілердің 

қызметтік әдебі» қағидалары жаңа заңнама-

ның 8­тарауында қалыптасқан. 

Бұрынғы  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қар-

сы  күрес  туралы»  заңының  12­бабымен 

сыбайлас  жемқорлыққа  жағдай  туғызатын 

құқық бұзушылықтар тізбесі көзделген бо-

латын.  Аталған  бұзушылықтар  іс  жүзінде 

сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар 

болмағанымен, бұл бапқа сәйкес, қызмет-

шілерге  тәртіптік  жаза  қолданылса,  олар 

сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық 

жасаған болып есептелінетін. Жаңа «Мем-

лекеттік қызмет туралы» заңына сәйкес, бұл 

бұзушылықтар  «мемлекеттік  қызметке  кір 

келтіретін тәртіптік теріс қылықтар» болып 

бекітілді. Заңның 44­бабының 5­тармағына 

сәйкес, мұндай сипаттағы теріс қылықтарды 

жасауға жол берген мемлекеттік қызметшіге 

лауазымынан  төмендету,  ал,  төмен  тұрған 

бос лауазым болмаған жағдайда – қызметке 

толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрін-

дегі  тәртіптік  жазаны  қолдану  көзделген. 

Бірінші тәртіптік теріс қылығы үшін тәртіптік 

жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде 

осы  теріс  қылықтарды  қайталап  жасаған 

жағдайда мемлекеттік қызметшіні атқаратын 

лауазымынан  босату  шарасы  көзделген. 

Сонымен  бірге  атқарып  отырған  қызметі-

нен  босату  түріндегі  тәртіптік  жаза  алған 

қызметші заңның 16­бабы 3­тармағының 6) 

тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызмет-

ке орналаса алмайды.

Бүгінгі таңда кәсіби мемлекеттік аппарат-

ты құрудың маңыздылығы орасан зор. Бұл 

басқару жүйесіне де, мамандарды даярлау 

ісіне де қатысты. «Мемлекеттік қызмет ту-

ралы» заңға тың әрі өміршең толықтырулар 

енгізілді. Мемлекеттік қызметкерлер өзінің 

біліктілігімен,  кәсіби  және  іскерлік  шебер-

лігімен  бағалануы  тиіс.  өзіне  жүктелген 

жұмыс ты  уақытында  әрі  тиімді  орындап, 

нәтижесін көрсете білген маман ғана жаңа 

заманның талаптарына жауап бере алады. 

Олай болса, жаңа заңнамаға сәйкес, бұдан 

былай  мемлекеттік  органдарда  бәсекеге 

қабілетті мамандар жұмыс істейтін болады. 

Демек, жаңа заң кәсіби мемлекеттік аппа-

ратты құруға жарқын жол ашады. Бұл еліміз 

үшін үлкен серпіліс болмақ.

Салтанат СМАҒҰЛОВА,

Қызылорда облысы бойынша Соттар 

әкімшісі басшысының орынбасары

ЖАһАНДыҚ ЖӘНЕ ІшКІ 

СыН­ҚАТЕРлЕРгЕ 

СыНДАРлы ЖАуАП



«100 нақты қадам» – Ұлт жоспа-

рында заң үстемдігін қамтамасыз ету 

үшін сот жүйесіне 11 қадам жүктелгені 

белгілі. Осы уақытқа дейін бұл тапсыр­

малардың барлығы кезең­кезеңімен 

орындалды деп айтуға болады. Ұжым 

болып атқарған еңбектің арқасында 

биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап 

соттар үш сатылы сот төрелігі жүйесі-

не көшті, Жоғарғы Сот жанынан Сот 

төрелігі академиясы ашылып, Халық­

аралық кеңес пен мамандандырылған 

сот алқасы құрылды.

«БАғАлАй БІлгЕНгЕ БАҚыТ 

ҚОНАДы»

Қазақ халқы 

«Үш күндігін ой-

ламаған әйелден 

без, үш жыл-

дығын ойламаған 

еркектен без» 

деп бостан­босқа 

айтпаған. Ой та-

разысына салып 

қарасақ, ғасыр-

лар сынынан өтіп, 

әбден екшеліп 

айтылған бұл сөз-

де қаншама мән 

мен мағына бар 

десеңізші?! Еліміз 

тәуелсіздік алған 

жылдар ішінде 

көптеген қиын­

қыс тау жолдар дан 

өтті. 


12

№116/1 (2893/1) 

20 қазан 2016

zangazet@maiI.ru



ТЕМІРҚАЗЫҚ

Қатерлі ойын

Көргенінен  көрмегені  көп,  бар 

қызығы  алда  саналатын  жасөс­

пірімдерді  өмірімен  оңай  қоштасуға 

итермелейтін не нәрсе? Осы сауалға 

бас  қатырған  Ресей  мамандары 

бір  жіптің  ұшын  ұстағандай  бол­

д ы .   « С о б а ч и й   к а й ф » . . .   н е м е с е 

жасөспірімдер  арасында  «ғарышқа 

саяхат»,  «жеті  қат  көкке  самғау» 

деген  атаулармен  белгілі,  атының 

өзі  еліктіріп  әкетердей  бұл  «қатерлі 

о й ы н »   ж а с ө с п і р і м д е р д і   м о й ы н 

орағыштың  көмегімен­ақ  о  дүниеге 

шығарып салуға себепші бола алады 

екен.  Бар  болғаны  бес­алты  рет 

терең  дем  алып,  мойын  тұсынан 

қысып қалса болғаны, ұйықтап кете 

баратын  жасөспірімнің  бұдан  кейін 

тіпті мәңгілік ұйқыға аттанып кетуі де 

ғажап емес. 

Жасөспірімдерді  ынтықтырып, 

беймәлім қызық іздеуге мәжбүрлейтін 

мезет  –  қысқа  уақыт  ішінде  миға 

кислород  жетіспеуі  салдарынан  ес 

жоғалту кезеңінен кейін миға біртіндеп 

қан жүгіретін қас­қағым сәт. Осындай 

жолмен ләззат іздеген жасөспірімдер 

қатары бүгінде күн санап артып бара 

жатқан көрінеді. Ресей мамандарының 

айтуынша,  балалардың  осы  ойынға 

құныққаны  соншалық,  алғашында 

топ болып «иттің кәйпінен» дәм тат­

қандар  жалғыз  отырған  кезде  бұл 

әрекетті  қайталап  көруге  тырысады 

екен.  Ал  жалғыз  отырып  өзін­өзі 

тұншықтыру кезінде қолындағы жіпті 

шешіп  үлгермеген  жасөспірімдер 

әрекетінің  соңы  суицидке  әкеліп 

соқтыруы  әбден  мүмкін.  Қазірдің 

өзінде  Ресейде  суицидке  ұрынған 

кейбір  жасөспірімдер  әрекетінің 

дәл  осы  қатерлі  ойын  салдарынан 

болғаны анықталып отыр.

Ал қатерлі ойынның қызығушыла­

ры көбінесе 12­15 жас аралығындағы 

жасөспірімдер  көрінеді.  Бір  ғана 

Мәскеу қаласының өзінде мыңдаған 

жасөспірімнің  мұны  өздеріне  қол­

данып  көргені  де  анықталған.  Және 

күн санап оны өз­өздеріне қолданып 

көрушілер  саны  өскен  үстіне  өсе 

түсуде.  Көрші  елдің  құқық  қорғау 

органдары дәл осы қатерлі ойынның 

салдарынан жасөспірімдер суицидінің 

күрт артып отырғанын айтып, дабыл 

қағуда.  Сондықтан,  ата­аналардың 

балаларына көп уақыт бөліп, олардың 

компьютер арқылы қандай сайттарды 

қолданатынын  тексерулерін  және 

бұл ойынның олардың өмірі үшін өте 

қатерлі  екені  жайлы  әңгіме  жүргізу 

керектігі кеңінен айтылуда.

Мамандар 

неге үнсіз?

З е р т т е п   к ө р г е н і м і з д е й ,   б ұ л 

ойын  біздің  жасөспірімдерімізге  де 

бейтаныс  емес  екен.  Бірақ,  әзірге 

мамандарымыз  үнсіз.  Статистика 

көрсетіп  отырғандай,  елімізде  кісі 

қолынан  қаза  тапқандардан  гөрі, 

өзін­өзі  өлтіргендер  саны  әлде­

қайда  көп  болса  да,  мамандар 

мұның  сырына  үңілуге  тырысар 

емес.  Ал  интернетте  бұл  ойынға 

тіпті  тұтастай  форумдар  арналады. 

Онда  жасөспірімдер  форум  арқылы 

өзара  тәжірибе  алмасып,  беймәлім 

қызық сәтті ұзартудың жолдарын да 

ойласып,  оның  ережелерімен  өзара 

бөлісетін көрінеді. Бүгінде шекарасыз 

әлем  саналатын  интернеттің  біздің 

балаларымыз үшін қолжетімді дүние 

екенін  ескерсек,  жастарымыздың 

қатерлі  ойынның  шырмауына  түсіп 

кетпеуінің  алдын  алуға  ұмтылуымыз 

қажет­ақ.  Бұған  интернет  ақтарып 

отырып,  өзіміздің  де  көзіміз  жетті. 

Мәселен, мына youtube.com желісінде 

қатерлі  ойын  видео  түрінде  өріп 

жүр.  Бір  баланы  айнала  қоршап, 

қолдан  тұншықтырып,  есінен  танған 

жасөспірімге  қызыға  қараған  жас­

тардың  әрекеті  кез  келген  адамды 

еліктірердей.  Арты  өлімге  әкеліп 

соқтырар әрекетті сайттан тамашалап 

көруге еш тыйым жоқ.

Өзін­өзі  тұншықтырумен  тек 

ресейлік  жасөспірімдер  ғана  емес, 

2007  жылы  АҚШ  жасөспірімдері  де 

«ойнаған».  Олар  сол  кездің  өзінде­

ақ  мұның  интернет  арқылы  жасөс­

пірімдер арасында тарап кету қаупінің 

зор  екенін  айтқан.  Айтқандай­ақ, 

жасөспірімдер  арасындағы  бұл 

қатерлі  ойын  2009­2010  жылдары 

Ресей елін дүр сілкіндірді. АҚШ­та бір 

жылдың  өзінде­ақ  40­қа  жуық  бала 

осы  ойынның  кесірінен  о  дүниеге 

аттанған.  

Айта  кетер  жайт,  бүгінгі  күннің 

өзін де  көрші  Ресей  елінің  маман­

дары  қатерлі  ойын  салдарының 

соңы суицидке алып келген бірнеше 

жағдайды  кездестіріп  отыр.  Бір 

қалада  қайтыс  болған  қос  бірдей 

7­сынып  оқушысының  әрекеті,  яғни, 

«иттің кәйпінің» соңы ит өлімге әкеліп 

соқтырғаны  анықталған.  Алдыңғы 

оқиғаларды айтпағанда, осы жылдың 

өзінде  жасөспірімдердің  асылып 

өлуінің  бірнеше  фактісі  тіркелген. 

Бірақ,  әзірге  мамандарымыз  да, 

психологтар  да  үнсіз.  Баяғы  сол  «7­ 

сыныптағы баланы алып бара жатқан 

ненің  қайғысы?»  деп  қоя  салдық. 

Ал  олардың  осы  қатерлі  ойынның 

құрбаны  болмағанына  кім  кепіл?! 

Мұндай суицидтердің ешқайсысында 

қатерлі ойын құрбаны туралы айтыл­

ған емес. Себебі, суицидтің астары­

на  үңіліп  жатқан  ешкім  жоқ!  Тіпті, 

мамандардың  айтуынша,  еліміздегі 

суицид оқиғаларының нақты статис­

тикасы да жүргізілмейтін көрінеді.

Осылайша,  еліміздегі  өрімдей 

жеткіншектерді  өлімге  не  итерме­

лейтіні әзірге жұмбақ күйінде қалып 

отыр.  Шыны  керек,  елімізде  оны 

зерттеп  жатқан  маман  жоқ.  Тек 

жасөспірім өлімінен кейін оның өмірді 

сүйгені,  әрқашан  көңілді  жүргені, 

тіпті,  күйзелістің  ешқандай  белгісі 

байқалмағаны  жарыса  айтылып 

жатады. Ендеше, өмірді сүйе отырып, 

жасөспірімдердің  өмірмен  қош 

айтысуына итермелейтін не жағдай?! 

Балаларымыз  қатерлі  ойынның 

қармағына ілініп кетіп жатқан жоқ па?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет